Сұрақ - жауап

Мысалы: Жинақтар

Зейнетақы жүйесі

Жинағымның сомасын қалай тексеруге болады?

Жинақ сомасын БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетіңізден тексеруге болады. Егер Сіз БЖЗҚ-дағы Жеке кабинетке ешқашан кірмеген болсаңыз, онда БЖЗҚ сайтына немесе ұялы қосымшаға ЭЦҚ кілтінің көмегімен не болмаса eGov mobile немесе биометрия арқылы авторланып, Жеке кабинетке өзіңізге сәйкес келетін құпиясөз орнатып алуға кеңес береміз, себебі алдағы уақытта жеке тұлғаның кабинетіне оңай және жедел кіріп, жарналардың жүйелілігі мен толықтығын, инвестициялық кірістің есептелуін және жинағыңыздың жалпы сомасын қадағалап отыруға болады.

Сонымен қатар, БЖЗҚ сайтында және мобильді қосымшасында тіркелу кезінде алдымен QR кодын пайдаланып қол қоюға арналған электрондық үкіметінің мобильді қосымшасын eGov мобильді орнату қажет екенін ескертеміз.Сондай-ақ, өз шотыңыздан үзінді көшірмені egov.kz электрондық үкімет порталындағы немесе электрондық үкімет ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде тексеруге болады.

26.03.2025
ШЖШ туралы ақпаратты қалай көруге болады?

«БЖЗҚ» АҚ-дағы жинақтардың, шартты зейнетақы шотының жай-күйі және нысаналы талаптардың сомасы туралы толық ақпаратпен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://www.enpf.kz/kz/services/pension/ups/332/21910/

26.03.2025
Зейнетақы жинақтарының құпиясы кімге ашылуы мүмкін?

БЖЗҚ ЖЗШ-дағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 55 – баптың 4 тармағында көзделген адамдарға берілуі мүмкін:

1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына - олардың іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істер бойынша;

2) соттарға - сот ұйғарымының негізінде олардың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша;

3) сот орындаушыларына - прокурор санкциялаған сот орындаушысының қаулысы негізінде олардың іс жүргізуінде жатқан атқарушылық құжаттар бойынша;

4) мемлекеттік кіріс органдарына - міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) байланысты мәселелер бойынша;

5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға - міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының өтінішіне байланысты не оның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін тексеруді жүзеге асыруына байланысты туындаған мәселе бойынша;

6) прокурорға - оның қарауында жатқан материал бойынша өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде;

7) қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға - «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен;

8) міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының өкілдеріне - нотариат куәландырған сенімхаттың немесе заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде;

9) Мемлекеттік корпорацияға - міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру және алушының зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуын есептеу үшін, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушының не нотариат куәландырған сенімхат немесе заңды күшіне енген сот шешімі бойынша оның өкілінің өтініші негізінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін;

10) уәкілетті мемлекеттік органға - міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша;

11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының жыл сайынғы міндетті аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымдарға;

12) мұрагерлерге - міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға, зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда - мұрагерлікке құқық туралы куәлікті бере отырып, сұрау салу бойынша;

13) нотариустарға және шетелдік консулдық мекемелерге - міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға, зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда, олардың іс жүргізуінде жатқан мұрагерлік істер бойынша - сұрау салу бойынша берілуі мүмкін.

26.03.2025