ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ЖАЗЫЛУ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУҒА ЖАЗЫЛУ

КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ АРҚЫЛЫ КЕЛІП ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕРІН ҚАРАУ

Құрметті сайт пайдаланушылары!

Ресми сайттың бұл сервисі азаматтар тарапынан БЖЗҚ-ға өтініш жасауға арналған қосымша құрал. Сіз осы қызметтің көмегімен жеке өзіңіз немесе топ болып Қор басшылығына жинақтаушы зейнетақы жүйесі, сондай-ақ БЖЗҚ жұмысына қатысты тікелей сұрақ қоя аласыз.

Сұрақ қою үшін «Қоғамдық қабылдауға жазылу» немесе «Жеке қабылдауға жазылу» жолын таңдап, қысқаша сауалнаманы толтыру қажет. Осы қарапайым әрекеттерді жасаған соң, сауал тиісті бөлімшеге өңдеуге жіберіледі және оған заңнамада көрсетілген мерзім аясында жауап қайтарылады.

Азаматтарды топтық қабылдауға өтінімдер әр айдың 20 жұлдызына дейін топтастырылады. Өтінімдер тақырыбы бойынша тиісті топтар құрылады, ал жауаптар (қабылдауды өткізу уақыты мен орны қоса беріледі) айдың 25 жұлдызына дейін қайтарылады. Азаматтарды жеке қабылдау бойынша жауап өтінім қабылданған күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде беріледі. Айта кетелік, демалыс және мереке күндері келіп түскен өтінімдер келіп түскен күннен кейінгі жұмыс күні тіркеледі.


Қоғамдық қабылдау азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдануын ұйымдастыру, оларға тікелей Қор басшылығына өтініш білдіру мүмкіндігін беру мақсатында құрылған.

Мақсаты мен міндеттері:

Қоғамдық қабылдау құру мақсаттары:

- Қор басшылығының және құрылымдық бөлімшелер басшыларының салымшылармен және алушылармен тұрақты және тікелей тілдесу жүйесін жетілдіру;
- Қор қызметіне байланысты анағұрлым өзекті мәселелерді анықтау және оларды шешу бойынша шұғыл шараларды қабылдауға көмек беру.

Қоғамдық қабылдаудың негізгі міндеттері:
- азаматтарды жеке қабылдау барысында түскен өтініштерді қарау;
- азаматтарды жеке қабылдау барысында түскен арыздар мен өтініштер бойынша шұғыл шаралар қабылдауды ұйымдастыру;
- азаматтарға қолданыстағы зейнетақы заңнамасын түсіндіру, туындаған сауалдар мен мәселелер бойынша кеңес беру;
- азаматтардың бұрын Қорға жіберген өтініштерінің жедел қаралуына көмектесу;
- азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелері туралы хабарлау;
- Қоғамдық қабылдаудың жұмысын Қордың ресми интернет сайтында жариялау.


calendar

* - Жұлдызшамен белгіленген өрістерді толтыру міндетті.

АО "ЕНПФ" құзіретіне кірмейтін мәселелер бойынша өтініштер, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қарастырылмайды.


Қабылдайтын адам Қабылдайтын күндері* Қабылдау уақыты Мекенжайы Байланыс
Қабылдайтын адам Курманов Жанат Бостанұлы
«БЖЗҚ» АҚ Басқармасының Төрағасы
Қабылдайтын күндері* Әр апта сайын Сейсенбі күндері Қабылдау уақыты сағ. 17:00-ден 18:00-ге дейін Мекенжайы Алматы қ., Медеу ауданы, Самал-2 шағын ауданы, №97 үй, 13 т.е.ү. Байланыс +7 727 331 66 99 ішкі 5223
m.ahmetkalieva@enpf.kz
Қабылдайтын адам Егеубаева Сауле Аскаровна
«БЖЗҚ» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары
Қабылдайтын күндері* Апта сайын бейсенбі күндері Қабылдау уақыты сағ. 11:00-ден 12:00-ге дейін Мекенжайы Алматы қ., Медеу ауданы, Самал-2 шағын ауданы, №97 үй, 13 т.е.ү. Байланыс +7 727 331 66 99 ішкі 5223
m.ahmetkalieva@enpf.kz
Қабылдайтын адам Мадиева Айжан Маратовна
«БЖЗҚ» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары
Қабылдайтын күндері* Апта сайын дүйсенбі күндері Қабылдау уақыты сағ. 17:00-ден 18:00-ге дейін Мекенжайы Алматы қ., Медеу ауданы, Самал-2 шағын ауданы, №97 үй, 13 т.е.ү. Байланыс +7 727 331 66 99 ішкі 5223
m.ahmetkalieva@enpf.kz
Қабылдайтын адам Мухатов Арман Тимурович
«БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры
Қабылдайтын күндері* Апта сайын сәрсенбі күндері Қабылдау уақыты сағ. 17:00-ден 18:00-ге дейін Мекенжайы Алматы қ., Медеу ауданы, Самал-2 шағын ауданы, №97 үй, 13 т.е.ү. Байланыс +7 727 331 66 99 ішкі 5223
m.ahmetkalieva@enpf.kz
Қабылдайтын адам Тулегенова Жанар Корганбековна
«БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры
Қабылдайтын күндері* Апта сайын жұма күндері Қабылдау уақыты сағ. 11:00-ден 12:00-ге дейін Мекенжайы Алматы қ., Медеу ауданы, Самал-2 шағын ауданы, №97 үй, 13 т.е.ү. Байланыс +7 727 331 66 99 ішкі 5223
m.ahmetkalieva@enpf.kz
Қабылдайтын адам Бозжанов Нурсеит Сеилович
«БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры
Қабылдайтын күндері* Апта сайын бейсенбі күндері Қабылдау уақыты сағ. 11:00-ден 12:00-ге дейін Мекенжайы Алматы қ., Медеу ауданы, Самал-2 шағын ауданы, №97 үй, 13 т.е.ү. Байланыс +7 727 331 66 99 ішкі 5223
m.ahmetkalieva@enpf.kz

Азаматтардың жеке қабылдау мәселелері бойынша ақпарат алу мүмкіндігін беретін уәкілетті тұлға және олардың өтініштері мен сұрауларын қарастыру, сондай-ақ шағымдарды қарау тәртібі – құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің бастығы Ахметкалиева Мадина Нұрғалиқызы.

* Объективті себептермен келушілерді қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, келушілерді қабылдау келесі аптаға қабылдау кестесіне сәйкес ауыстырылады.
Қазақстан Республикасында төтенше жағдай/карантин енгізілген жағдайда, келушілерді қабылдау шектелген/айына бір рет жүргізіледі.