ҚОР ТУРАЛЫ

Келушілерді қабылдау тәртібі және азаматтардың қоғамдық қабылдау арқылы келіп түскен өтініштерін қарау

Бұл сайт қызметі азаматтардың ЕНПФ-ға өтініш беруіне арналған қосымша құрал. Осы функцияның көмегімен сіз Қор басшылығымен кездесіп, жинақтаушы зейнетақы жүйесімен және ЕНПФ қызметіне қатысты сұрақтарыңызды қоюыңызға болады, топ болып немесе жеке.

Сұрақ қою үшін «Қоғамдық қабылдауға жазылу» немесе «Жеке қабылдауға жазылу» опциясын таңдап, қысқаша сауалнаманы толтыру қажет. Осы қарапайым әрекеттерді орындағаннан кейін, сұрау тиісті бөлімшеге өңдеуге жіберіледі, және жауап заңнамада көрсетілген мерзімдерге сәйкес беріледі.

Азаматтарды топтық қабылдауға өтінімдер әр айдың 20 жұлдызына дейін қабылданады, өтініш тақырыптарына сәйкес топтар құрылады, жауап (қабылдаудың уақыты мен орны көрсетілген) айдың 25 жұлдызына дейін беріледі. Азаматтарды жеке қабылдау бойынша жауап өтінім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде беріледі.

*Пандемия және карантин шаралары кезінде Қоғамдық қабылдауға жіберілген сұрақтарға жазбаша жауап берілуі мүмкін.

Мақсаттар мен міндеттер:

    Қоғамдық қабылдауды құрудың негізгі мақсаттары:
  • Қор басшылығының және құрылымдық бөлімшелер басшыларының салымшылармен және алушылармен тұрақты және тікелей байланыс жүйесін жетілдіру;
  • Қор қызметіне байланысты өзекті мәселелерді анықтау және оларды шешу бойынша жедел шаралар қабылдауға көмек көрсету.
    Қоғамдық қабылдаудың негізгі міндеттері:
  • Азаматтарды жеке қабылдау барысында түскен өтініштерді қарау;
  • Азаматтарды жеке қабылдау барысында түскен арыздар мен өтініштер бойынша шұғыл шаралар қабылдауды ұйымдастыру;
  • Азаматтарға қолданыстағы зейнетақы заңнамасын түсіндіру, туындаған сауалдар мен мәселелер бойынша кеңес беру;
  • Азаматтардың бұрын Қорға жіберген өтініштерінің жедел қаралуына көмектесу;
  • Азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелері туралы хабарлау;
  • Қоғамдық қабылдаудың жұмысын Қордың ресми интернет сайтында жариялау.