Жалпы мәліметтер және құжаттар
Корпоративтік басқару
Қорда корпоративтік басқару әділдік, шыншылдық, жауапкершілік, есеп берушілік, айқындылық, кәсіпқойлық және құзыреттілік негізінде құрылады.
Қор акционерлердің құқықтарын сақтаудың сөзсіз басымдықтарымен қатар Қордың клиенттері мен инвесторларының құқықтарын сақтау да аса маңызды деп есептейді.
Корпоративтік басқару қағидаттары Қорды басқаруға байланысты орын алатын қарым-қатынастарға сенім тудыруға бағытталған және барлық қағидалар мен ұсынымдардың негізі болып табылады.
«БЖЗҚ» АҚ-ның жалғыз акционері: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» мемлекеттік мекемесі корпоративтік басқаруға жауапты.
«БЖЗҚ» АҚ Корпоративтік хатшыcы Косакова Айгуль Алмасбековна
«БЖЗҚ» АҚ Ішкі аудит департаментінің директоры – Кошербаева Айгуль Меирбековна.
«БЖЗҚ» АҚ корпоративтік басқаруға жауапты тұлғаларға өтініш білдіру тәртібі
- Заңды немесе жеке тұлғалардың (бұдан әрі – мүдделі тұлға) «БЖЗҚ» АҚ-ға (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) БЖЗҚ корпоративтік басқаруына байланысты өтініштері (сұраныстары) туындаған жағдайда, мүдделі тұлға өтінішті жазбаша нысанда (сұранысты) Қордың Басқарма төрағасының атына мына мекенжайға жібереді: Қазақстан Республикасы, A25C9X9, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Самал-2 шағын ауданы, №97 үй, №13 тұрғын емес үй-жай.
- Келіп түскен өтініштердің (сұраныстардың) мазмұнын Корпоративтік хатшы шағымның кімге жолданғандығына қарай Басқарма төрағасына не Директорлар кеңесінің төрайымына баяндайды.
- Корпоративтік хатшы қажет болғанда мүдделі тұлғалардан құжаттарды беру мерзімін көрсете отырып, өтініштерді (сұраныстарды) қарауға қажетті қосымша құжаттарды сұратуға құқылы. Сұратылған құжаттар көрсетілген мерзімде берілмеген жағдайда, Корпоративтік хатшы өтініштерді (сұраныстарды) қолда бар құжаттар негізінде қарауға не өтініштерді (сұраныстарды) қараудан негізді бас тартуды жіберуге құқылы.
- Басқарма төрағасы сұраныстың сипатына қарай оны Қордың корпоративтік басқаруына жауапты тұлғаға жібереді.
- Сұраныстар мәні көрсетіліп, жазбаша түрде қабылданады.
- Сұранысқа оны растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.
- Сұраныста тұлға туралы ақпарат қамтылу керек:
- тегі, аты, әкесінің аты – жеке тұлға үшін;
- толық атауы – заңды тұлға үшін;
- жауапты жіберу үшін заңды/нақты мекенжай.
Мүдделі тұлғаның тегі (ұйымдар үшін - атауы), пошталық мекенжайы көрсетілмеген және қолы қойылмаған сұраныстар белгісіз деп танылады және Қор оларды қарамайды. - Сұраныстарды қабылдау және тіркеу Қордың іс жүргізу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарында көзделген жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.