Құрметті салымшылар! "БЖЗҚ" АҚ қашықтан қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында қазіргі уақытта Қордың байланыс орталығының ақпараттық жүйелерін баптау бойынша жұмыстар жүргізуде.
13.01.2026
Осыған байланысты ұялы байланыс операторларының мобильді нөмірлерінен 1418 қысқа нөмірі бойынша, сондай-ақ +7 (727) 356-10-60; +7 (727) 331-66-99 нөмірлері бойынша қашықтықтан қызмет көрсету уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін.
Бұл ретте БЖЗҚ-ның консультациялық қызметтерін келесі әдістермен қосымша алуға болатынына назар аударамыз:
-
"БЖЗҚ" АҚ корпоративтік сайтында және мобильді қосымшасында орналастырылған онлайн-чат арқылы;
- Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ ресми парақшаларында;
- "БЖЗҚ" АҚ корпоративтік сайтында және мобильді қосымшасында орналастырылған "бізге жазыңыз" сервисі арқылы.