Филиалды таңдаңыз:
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға (бұдан әрі – салымшы) зейнетақы активтерін ИПБ сенімгерлік басқаруға, бір ИПБ-дан басқа ИПБ-ға аудару, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқарудан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтару мақсатында БЖЗҚ-ға Қордың ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша және құжаттарды қоса бере отырып жеке өтініш жасау арқылы немесе БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған өтініш береді.
БЖЗҚ интернет-ресурсындағы Жеке кабинет арқылы өтініш берген кезде төмендегі әрекеттерді орындау қажет:
Қадам 1
Жеке кабинетте авторизациялау. SMS-хабарламаның көмегімен жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісімге қол қою (ол болмаған жағдайда).
Қадам 2
Жеке кабинеттегі «Қызметтер» бөлімшесіне өту.
Қадам 3
«Инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы немесе инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтаруға өтініш беру» қызметін таңдау. Салымшының жеке басын куәландыратын құжат, мекенжайы және байланыс деректері туралы мәліметтер БЖЗҚ ақпараттық жүйесінен автоматты түрде пайда болады, олар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорымен салыстырылады. Егер осы деректердің біреуі (мысалы, мекенжайы немесе телефоны) өзгерсе, түзетулер енгізуге болады.
Қадам 4
«Аудару талаптары» бөлімінде:
1) операция түрін көрсету (ИПБ немесе ИПБ өзгертуді, немесе ҚР ҰБ-ға қайтаруды таңдау);
2) зейнетақы жинақтарын (МЗЖ немесе МКЗЖ немесе ЕЗЖ) аударуға ниет білдірген зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелерін таңдау;
3) ұсынылып отырған ИПБ анықтамалығынан зейнетақы жинақтарын сенімгерлікпен басқаруға аударғыңыз келетін ИПБ атауын немесе ҚР ҰБ (зейнетақы жинақтарын ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруға қайтарған жағдайда) таңдау;
4) «ИПБ өзгерту» немесе «ҚР ҰБ-ға қайтару» операция түрін таңдаған жағдайда аударым мөлшерін таңдау («Ішінара аударым» немесе «Қосалқы шоттағы қаражат мөлшерінде»);
5) ішінара аударылған жағдайда сенімгерлік басқаруға аудару немесе ҚР ҰБ-ға қайтару үшін қолжетімді соманы көрсету;
6) ұсынылған ақпаратпен танысу және оған келісу/келіспеушілік білдіру қажет.
Қадам 5
Өтінішке жеке ЭЦҚ арқылы қол қою.
Қадам 6
Жеке кабинеттің Басты бетіндегі «Менің төлемдер/аударымдар туралы өтініштерім» бөлімшесінде өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін бір ИПБ-ден басқа ИПБ-ге беруді ИПБ-ні өзгерту туралы өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде салымшының зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруында болатын ИПБ-ні зейнетақы активтерін беру күніне дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала хабардар ете отырып, ИПБ-ні өзгерту туралы өтініште көрсетілген зейнетақы активтерінің тиісті сомасына сәйкес келетін сомада жүзеге асырады.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруынан ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына беруді зейнетақы жинақтарының ИПБ-ні таңдау туралы өтініште көрсетілген сомасына сәйкес келетін сомада ИПБ-ні таңдау туралы өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырады.