Филиалды таңдаңыз:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы («БЖЗҚ» АҚ) 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғамы негізінде құрылды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы «БЖЗҚ» АҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері болып табылады.
«БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерін басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады.
31.12.2023 жылғы жағдай бойынша шығарылған және айналымдағы «БЖЗҚ» АҚ жарғылық капиталы жалпы сомасы 7 114 244 мың теңгеге 9489 248 орналастырылған жай акциялардан құрылған. «БЖЗҚ» АҚ-да орналастырылмаған акциялар жоқ.«БЖЗҚ» АҚ Жарғысына сай жай акция Жалғыз акционерге «БЖЗҚ» АҚ Жалғыз акционерінің қарауына шығарылатын шешімдерді қабылдауға құқық береді. «БЖЗҚ» АҚ Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады, оған акциялардың 100 %-ы тиесілі.
«БЖЗҚ» АҚ-ның 01.01.2024 ж. штаттық саны 1 495 бірлікті құрайды.
Зейнетақы жинақтарын сенімді есепке алу және әрбір салымшыға қолжетімді, сапалы зейнетақы қызметтерін көрсету
Жинақтаушы зейнетақыны қалыптастыру мен жоспарлаудың дербес тәсілімен жоғары технологиялық қаржы институты
Адамды және тұтынушыны бағдар тұту
Қор үшін өзіне тән даралығымен адам бірінші кезекте. БЖЗҚ клиенттерінің мүддесі аса маңызды, Қор зейнетақы қызметтерінің қолжетімді, түсінікті, уақытылы, тұтынушылардың қазіргі және келешектегі қажеттіліктеріне сай болуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды.
Сапаға бейімділік
белгіленген сапа стандарттарын сақтайтын Қор мақсаттары мен құндылықтарын бөлісетін кәсіпқойлар командасының үйлестірілген жұмысы.
Технологиялылық
Қор өз қызметінде заманауи технологияларды қолданады, Қор қызметкерлерінің құрамы үнемі ізденіс үстінде және уақыт талғамы мен талабына дайын болу үшін жаңа білім мен дағдылар қолданады.
Сенімділік
Қор корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын сақтауды мақсат тұтады, өз қызметін қатаң түрде Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған аяда жүзеге асырады.
Жауапкершілік
БЖЗҚ басшылығы мен қызметкерлері салымшылар және зейнетақы жинақтарын алушылар алдында Қор қызметін үнемі жетілдіріп отыруға, ресурстарды үнемді әрі ұтымды пайдалануға жауапты.
Ашықтық
Қор жұртшылықпен қарым-қатынас жасау үшін ашық, зейнетақы жинақтарының жай-күйі мен өзінің ағымдағы қаржылық жағдайы жайлы мəліметтерді ашық ақпарат көздерінде әрдайым жариялап отырады.
Үздік әлемдік тәжірибені ескеріп зейнетақы қызметтерін көрсету мен әрбір қатысушымен қарым-қатынас жасаудың дербес тәсілі
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері және БЖЗҚ қызметінің басқа бағыттары бойынша жұртшылықпен және БЖЗҚ контрсеріктестерімен тиімді қарым-қатынас жасау
Мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасау
БЖЗҚ-ның басқа контрсеріктестерімен қарым-қатынас жасау
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және заңнаманы іске асыру
Ақпараттық-статистикалық база қалыптастыру, ЖЗЖ-ны әрі қарай дамыту бағыттары бойынша сараптау жүргізіп, ұсыныстар әзірлеу үшін актуарлық үлгілеу құралдарын жетілдіру
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жаңа компонентін – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын ендіру
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім аясында Құзыретті орган ретіндегі БЖЗҚ қызметтерін жүзеге асыру
Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру өлшемдері мен тетіктерін жетілдіру