"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға (инвестициялық портфельді басқарушы)/бір ИПБ-дан басқа ИПБ-ға аудару/ҚРҰБ-не қайтару

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен БЖЗҚ арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде жүзеге асырады.

Инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруы БЖЗҚ мен ИПБ-ның арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт (бұдан әрі - зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт) негізінде жүзеге асырылады.

    БЖЗҚ  зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруді мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:

1) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) аударылған жеке тұлғаның БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша және құжаттарды қоса бере отырып, ИПБ-ны таңдауы (өзгертуі) туралы жазбаша өтініші болған;

2) БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан-банк арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт, сондай-ақ кастодиандық шарт болған;

3) МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берілуге жататын зейнетақы жинақтары:

- МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ-ны таңдауы (өзгертуі) туралы өтініші келіп түскен күнге осы тұлғаның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары сомасының елу пайызынан аспаған кезде жүзеге асырылады.

ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына одан кейін беру кезінде зейнетақы жинақтарының көлемі ИПБ-ның инвестициялық кірісі ескеріле отырып, бұрын берілген зейнетақы жинақтары есепке алынып айқындалады (өтініш беру зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі);

не

- сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда олардың жеке зейнетақы шоттарындағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспаған;

4) ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беруге жататын ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары ЕЗЖ есепке алуға арналған ЖЗШ-да бар зейнетақы жинақтарынан аспаған;

5) МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның өтінішінде көрсетілген ИПБ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде жүзеге асырылады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беруді Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі –Кодекс)  37-бабы 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, Кодекстің 37-бабы 5-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шектеулерді ескере отырып, осы өтініште көрсетілген зейнетақы жинақтарының сомасына сәйкес келетін сомада жүзеге асырады.

БЖЗҚ толық емес құжаттар топтамасы ұсынылған жағдайда, Кодекстің 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруден бас тартады.

ИПБ өзінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін басқа тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқығы жоқ.


Қолданыстағы ИПБ тізбесімен және олардың инвестициялық декларацияларымен танысу


МЗЖ салымшыларының, өздері үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалардың:

 ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпарат алуға;

 қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен БЖЗҚ интернет-ресурсының жеке кабинеті арқылы не БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі жеке жүгінген кезде Кодекстің 37-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында көзделген сомада зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін ИПБ-ны таңдау туралы өтінішті беруге;

 БЖЗҚ интернет-ресурсының жеке кабинеті арқылы не БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі жеке жүгінген кезде өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан басқа ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беру үшін ИПБ-ны өзгерту туралы өтініш беруге (зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға берген күннен бастап бір жылдан кейін);

 БЖЗҚ интернет-ресурсының жеке кабинеті арқылы не БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі жеке жүгінген кезде ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтаруға өтініш беруге (зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға берілген күннен бастап бір жылдан кейін) құқығы бар. Егер зейнетақы жинақтары ИПБ-ны таңдау туралы өтінішке сәйкес сол бір ИПБ-ға бірнеше рет сенімгерлік басқаруға аударылған болса, онда зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтару зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бастапқы берген күннен бастап бір жылдан кейін жүзеге асырылады;

 БЖЗҚ-дан ИПБ туралы ақпаратты және БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында көзделген өзге де ақпаратты алуға;

  БЖЗҚ интернет-ресурсының жеке кабинеті арқылы не БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі жеке жүгінген кезде ЕЗЖ есепке алуға арналған ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының нақты сомасынан аспайтын сомада ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беру үшін оны таңдау туралы өтінішті беруге құқығы бар.

Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға аударуды жүзеге асырған адамдарға мемлекет инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға аударған күннен басталатын кезең үшін белгіленген жасқа толғанға дейін жүзеге асырылған нақты енгізілген МЗЖ-ның, МКЗЖ-ның БЖЗҚ-дағы МКЖ, МКЗЖ мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

ИПБ-ның комиссиялық сыйақысының шекті шамасы инвестициялық кірістің 7,5 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.

ИПБ-ның комиссиялық сыйақысының шамасын ИПБ басқарушы органы жыл сайын бекітеді.

Зейнетақы активтері бойынша ең төменгі кірістілік пен орташа алынған кірістіліктің көрсеткіштері туралы ақпарат ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында  https://nationalbank.kz/ru/news/invest-portfel-brokery-i-dilery-cenbumagi/rubrics және жыл сайын БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында Көрсеткіштер/ Инвестициялық қызмет бөлімінде жарияланады. 


Инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы немесе инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтаруға өтініш
Инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы немесе инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтаруға өтініш