Сұрақ - жауап

Мысалы: Жинақтар

Зейнетақы жүйесі

Сақтандыру (зейнетақы аннуитеті) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшін өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарына зейнетақы жинақтарының сомаларын аудару кезінде салық қалай ұсталынады?

Әлеуметтік Кодекстің1 220-бабының 3-тармағына сәйкес БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады. Көрсетілген тәртіп пен талаптар №521 қағидада2 айқындалған. Сонымен қатар, Салық кодексінің3 351-1- бабында үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу ерекшеліктері көзделген. Сонымен, Салық кодексінің3 351-1-бабының 6-тармағына сай жеке тұлғаның жасалған жинақтаушы сақтандыру (зейнетақы аннуитеті) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшін өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарына зейнетақы жинақтарының сомаларын аудару кезінде салық агенті біржолғы зейнетақы төлемінен ұстап қалмаған және аудармаған жеке табыс салығының сомасы Салық кодексінің 351-бабында көзделген тәртіппен зейнетақы жинақтары сомасынан бір рет ұстап қалуға және аударуға жатады.

Жеке табыс салығы бойынша жеңілдік басқа мемлекеттердің (Ауғанстан) аумағындағы әскери қимылдар ардагерлеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе қорғанысы күштерінің қызметкерлеріне біржолғы зейнетақы төлемдеріне қолданылады ма?

БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын кірістің мөлшеріне «Салық және бюджетке төленетін төлемдер туралы» Қазақтан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 346-бабының 1-тармағының 2) және 3)-тармақшаларында көрсетілген тәртіппен және мөлшерде стандартты шегерім қолданылады. 

Салық кодексінің 346-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес осы тармақшаны қолдану күніне мұндай адамның:

  1. Ұлы Отан соғысына қатысушы, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адам және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері;
  2. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адам;
  3. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам;
  4. бірінші, екінші немесе үшінші топтардағы мүгедектігі бар адам;
  5. мүгедектігі бар бала болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері стандартты шегерім болып табылады. 

Жеке тұлғаның осы тармақшаны қолдануға бірнеше негіздері болған жағдайда, кірістерді алып тастау осы тармақшада белгіленген кіріс шегінен аспауға тиіс.

«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдардың ардагерлері болып төмендегілер танылатыны белгіленген:

  1. бұрынғы КСР Одағының үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда);
  2. оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілер;
  3. Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері;
  4. бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілері;
  5. Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер;
  6. 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
  7. 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
  8. 1986–1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.

«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер болып төмендегілер танылады:

  1. жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:
    • майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгіленген жеңілдікті шарттармен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
    • Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгіленген жеңілдікті шарттармен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамының адамдары;
    • Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк балалары (тәрбиеленушілері) және юнгалар ретінде болған адамдар;
    • Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шет елдердің аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар;
    • бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделері үшін міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында еріксіз ұсталған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері;
    • Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтар;
    • Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар;
    • 1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдар;

  2. жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

    • бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер;
    • қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
    • басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілер;
    • 1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар;
    • Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары.

Салық кодексінің 346 - бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес осы тармақшаны қолдану күніне мұндай адамның:

  • он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай мүгедектігі бар бала үшін - мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
  • өмір бойына әрбір осындай адам үшін - «бала кезінен мүгедектігі бар адам» деген себеппен мүгедектігі бар адам деп танылған адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
  • асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін - бала асырап алушылардың бірі;
  • жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде әрбір осындай адам үшін - жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына қабылдап алған ата-аналардың бірі болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері стандартты шегерім болып табылады. 

Осы тармақшаның ережелері:

  • қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшіліктерінің жұмыскерлеріне қатысты олардың осындай ұйымдарымен еңбек қатынастарында болуына байланысты;

Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеге тұратын (ерлі-зайыптылықта болатын) адамдарға қатысты қолданылмайды.

Осылайша, Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген адамдарға қатысты БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының табысына 882 еселенген АЕК мөлшерінде стандартты шегерім қолданылады.

Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің қызметкерлері болып табылатын БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының табысына стандартты шегерімдерді қолдану Салық кодексінде көзделмеген.

Ерікті зейнетақы жарналарының салықтық артықшылықтары бар ма? Оларды инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) қанша көлемде аударуға болады және ол қалай жүзеге асырылады?

Қазақстанда ерікті зейнетақы жарналары салықтық артықшылықтарға ие. Мысалы, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына аударған ЕЗЖ жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды, жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегеруге жатады. Яғни, бұл жағдайда жұмыс беруші салық салу кезінде жеңілдіктер алады.

Ерікті зейнетақы жарналары да міндетті зейнетақы жарналарының барлық түрлері сияқты инвестицияланады және салымшыларға табыс әкеледі. Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады. Алайда, салымшылар зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) аударуға құқылы, олар кірістілік пен тәуекелдің әртүрлі деңгейлері бар түрлі инвестициялық стратегияларды ұсынады. Егер міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға 50% дейін аударуға болатын болса, онда ерікті зейнетақы жинақтарын басқаруға толық көлемде беруге болады. Жинақтарды ИПБ-ға аудару салымшының өтініші бойынша жүргізіледі, оны Қор сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның кез келген филиалында электрондық форматта беруге болады. Инвестициялау нәтижелері бойынша басқарушы компанияны да өзгертуге болады. Бірақ оны жылына көп дегенде бір-ақ рет ауыстыруға болады. Осылайша, зейнетақы активтерін басқаруға қатысу ЕЗЖ-ның тағы бір артықшылығы болып табылады.

Жарналардың барлық түрлері есебінен зейнетақы жинақтарының сомасын enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте 24/7 режимінде оңай бақылауға болады.

"БЖЗҚ" АҚ салымшының ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) аудару туралы уақытылы шешім қабылдауы оған өз зейнетақы капиталын едәуір толықтыруға және сол арқылы болашақта жоғары төлемдер алуға септігін тигізетіндігін ескертеді.

БЖЗҚ-дан берілетін жерлеуге арналған біржолғы төлемге салық салу бар ма?

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ-дан берілетін жерлеуге арналған біржолғы төлемге салық салу "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ) қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарынан жүзеге асырылатын жерлеуге арналған біржолғы төлемге салық салу тәртібі туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік кодексінің 242-бабының 3-тармағына сәйкес, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелеріне қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары есебінен республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 94 еселенген мөлшері шегінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан артық емес көлемдегі жерлеуге арналған біржолғы төлем беріледі. Бұл біржолғы төлемге жеке табыс салығы салынбайды. Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраса, бұл қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлеммен бірге қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне төленеді. Бұл ретте "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 341-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен 94 еселенген АЕК мөлшеріндегі сома шегінде жерлеуге арналған төлем алынып тасталатындықтан, қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары қалдығының сомасына оны төлеу кезінде жеке табыс салығының 10 пайызы стандартты мөлшерлемесі бойынша салық салынады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ  сайтында).