Сұрақ - жауап
Зейнетақы жүйесі
Егер отандастарымыз баласына "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде қаражат есептелмегенін анықтаса, оның туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің болуын, баланың жеке деректерінің дұрыстығын, сондай-ақ, олардың "Электрондық үкімет" порталындағы жеке кабинетінде тіркелгенін тексеру қажет. Құжаттар болмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға жүгіну қажет. Егер баланың азаматтығы болмаса, анықталмаса немесе дұрыс көрсетілмесе, онда тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну керек. Қателер түзетілгеннен кейін Ұлттық қордан нысаналы талаптар немесе нысаналы жинақтар және оларға есептелген инвестициялық кіріс өткізіп алған кезеңді ескере отырып, келесі жылы толық есептелетін болады.
"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде баланың нысаналы талаптарға қатысушылар тізіміне енгізілгендігі туралы ақпаратты кәмелетке толмаған тұлғаның ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтынан баланың ЖСН бойынша тексере алады. Онда бағдарламаның шарттарымен танысып, нұсқаулықтар, қызықтырған сұрақтарыңызға жауаптар алуға болады.
Сондай-ақ, ата-аналар әрбір балаға есептелген қаржы туралы деректерді egov.kz порталындағы жеке кабинетінен тексере алады.
2024 жылы 18 жасқа толатын қазақстандықтар нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) түскен қаражатты БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы жеке кабинет арқылы дербес тексере алады.
18 жасқа толған балалардың нысаналы жинақтары Ұлттық қордан БЖЗҚ-ға АҚШ долларымен аударылады және БЖЗҚ-да АҚШ долларымен сақталады.
Кәмелетке толған бағдарламаға қатысушы өз ақшасын пайдалану туралы шешім қабылдаған кезде, ол уәкілетті операторға (УО) өтініш береді, ал БЖЗҚ оның жинақтарын кейіннен уәкілетті оператор ашқан банк шотына есептеу үшін АҚШ долларымен аударады. Әрі қарай, УО жинақтарды тұрғын үйге және/немесе білім алуға пайдалану үшін аударған кезде, ақша аударым кезінде өзекті болатын бағам бойынша АҚШ долларынан теңгеге айырбасталуы мүмкін.
Егер алушы "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім алуға ақы төлеу" мақсатын таңдаса, ақшаны айырбастау талап етілмейді. Қалған мақсаттар бойынша НЖ төлемін алушы аударым жүргізілген кездегі бағам бойынша АҚШ долларынан теңгеге айырбастайды.
Ұлттық қордан нысаналы жинақтар төлеміне жеке табыс салығы (ЖТС) салынбайды. Сонымен қатар, БЖЗҚ өз қызметтері үшін ешқандай комиссия алмайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы №16 "Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақтар төлемін қалыптастыру және есепке алу, сондай-ақ, нысаналы талаптарды есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қаулысымен "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасының кәмелетке толған қатысушыларына БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында аударатын нысаналы жинақтарды (бұдан әрі - НЖ) есептеу үшін банк шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті операторлар (бұдан әрі-УО) Ұлттық пошта операторы және екінші деңгейдегі банктер бекітілді.
Осылайша, "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) және УО арасындағы өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу тәртібін белгілейтін келісімдер жасасқан Қазақстанның екінші деңгейдегі кез келген банкі бағдарламаға УО ретінде қатыса алады.
НЖ пайдалану жөніндегі уәкілетті операторлар:
тұрғын үйге - "Отбасы банкі "тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ,
білім алуға - "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ және "Қазақстан Халық банкі" АҚ.
"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына қатысушы қайтыс болған не соттың оны "қайтыс болды" деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда, нысаналы жинақтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Жинақты алған адамдар (мұрагерлер) оларды өз қалауы бойынша кез келген мақсатта пайдалануға құқылы.
Бағдарламаның шарттарымен танысып, нұсқаулықтар мен өзіңізді қызықтыратын сұрақтарға жауаптарды kids.enpf.kz сайтынан немесе БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан алуға болады. Сондай – ақ, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейінгі және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейненұсқаулық БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасында мына сілтеме бойынша орналастырылғанын ескертеміз.
Қадамдық әрекеттер алгоритмін былай ұсынуға болады:
- 18 жасқа толған бала (НЖ алушы) не оның заңды өкілі (НЖ алушының әрекет қабілеттілігі шектеулі болған жағдайда) БЖЗҚ-дан, оның ішінде БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы рұқсат етілген мақсаттарға пайдалануға болатын НЖ сомасы туралы ақпаратты дербес алады.
- НЖ алушы (не оның заңды өкілі) НЖ алушының атына АҚШ долларымен банктік шот ашатын уәкілетті операторға (УО) тізбесі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып айқындалған құжаттарды қосымша тіркеп, интернет-ресурс не УО-ның ұялы қосымшасы арқылы НЖ төлемін алуға онлайн-өтініш береді.
- Өтініш беру үшін интернет-ресурста немесе УО ұялы қосымшасында авторланып, өз жеке кабинетіңізді ашу қажет. Онда доллармен ашылған банктік шоттың нөмірін, НЖ төлемінің сомасын және пайдалану мақсатын көрсетіп, ЭЦҚ не динамикалық сәйкестендірумен куәландырып, НЖ төлеміне онлайн-өтініш толтыру қажет.
- УО төлемге өтінішті және НЖ алушы немесе оның заңды өкілі берген құжаттарды қарап, мақұлдағаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға төлемге өтініш тіркелгені туралы электрондық хабарлама жібереді.
- БЖЗҚ УО-дан электрондық хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оған өтініште көрсетілген НЖ төлемінің сомасын кейіннен НЖ алушының УО-да ашқан АҚШ долларындағы банк шотына есептеу үшін аударады не себебін көрсете отырып, бас тартатындығы туралы хабарлайды.
- НЖ алушысы немесе оның заңды өкілі НЖ сомасы банк шотына түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде УО-ға НЖ төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынады.
- УО НЖ алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оларды тексереді және НЖ төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.
- НЖ алушы немесе оның заңды өкілі құжаттарды 45 жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда, УО-дағы НЖ төлемінің сомасы БЖЗҚ-ға қайтарылады.
Егер алушы өзінің нысаналы жинақтарына кәмелетке толған күнінен бастап 10 жыл ішінде жүгінбесе, онда бұл қаражат БЖЗҚ-да оның атына автоматты түрде ашылатын ерікті зейнетақы шотына аударылады.
Қазақстаннан басқа мемлекетке тұрақты тұруға кеткендер Ұлттық қордың қаражатын пайдалану құқығынан айырылады.
Нысаналы жинақты алушы қайтыс болған жағдайда бұл қаражат заң шеңберінде мұраға қалдырылады.
Иә. Жыл сайын "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында түрлі сомалар есептелетін болады. Олар Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының алдыңғы 18 жылдағы активтері бойынша инвестициялық кірісінің орташа сомасы мен Бағдарламаға қатысушы балалардың санын негізге ала отырып айқындалады. Бұған қоса, балаларға өткен жылдары есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында АҚШ долларымен инвестициялануын жалғастыратын болады. Нәтижесінде, оларға қосымша инвестициялық табыс есептелетін болады.
18 жасқа толған балалардың нысаналы жинақтары Ұлттық қордан БЖЗҚ-ға АҚШ долларымен аударылады және БЖЗҚ-да АҚШ долларында сақталады.
Кәмелет жасқа толған бағдарлама қатысушысы өз ақшасын пайдалануға шешім қабылдаған кезде, ол уәкілетті операторға өтініш береді, бұдан соң БЖЗҚ оның жинақтарын уәкілетті операторда ашылған банктік шотына АҚШ долларында аударады.
Бірақ әрі қарай, уәкілетті оператор тұрғын үй мен білім алуға жинақты аударған кезде ақша аударым кезінде өзекті болатын бағам бойынша АҚШ долларынан теңгеге айырбасталады.
Нысаналы жинақтарды төлеу сомасын айырбастауға, қайтарылған кезде қайтаруға уәкілетті оператордың қайтару сәтінде белгілеген валюта бағамы бойынша айырбасталған АҚШ долларындағы сома жатады. Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушының БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шотына нысаналы жинақ төлемдерін аударуға (қайтаруға) байланысты айырбастауға байланысты шығыстар, банк қызметтерін төлеу нысаналы жинақтарды алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мен инвестициялық кіріс мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептелетін болады. Естеріңізге сала кетейік, кәмелетке толған кезде алушы жинақталған соманы тек білім алуға немесе тұрғын үйге пайдалануға құқылы.
Қазақстаннан басқа мемлекетке тұрақты тұруға кеткен балалар Ұлттық қордың қаражатын пайдалану құқығынан айырылады.
Бала 18 жасқа дейін немесе одан кейін қайтыс болған жағдайда жинақтар ҚР азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Жинақтар баланың мұрагерлері үшін уәкілетті операторда ашылған банктік шотқа аударылады. Мұрагер ретінде баланың жақын туыстары немесе заңды өкілі танылады. Қаражатты кез-келген мақсатта пайдалануға болады.
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға сәйкес он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматы нысаналы талаптарға қатысушы болып табылады.
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін бала «Ұлттық қор – балаларға» жобасына қатыса алады.
egov.kz порталындағы жеке кабинетте бала туралы деректер болмаған жағдайда ХҚКО-ға жүгіну қажет.
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау үшін тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметі бөліміне жүгіну және қажетті құжаттардың тізімін алу қажет.
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңда (бұдан әрі - Заң) уәкілетті операторларға кімнің жататыны туралы ұғым ғана және «БЖЗҚ» АҚ-ға уәкілетті операторлармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру бойынша міндеттердің бекітілгені белгіленген.
Осылайша, Заңда екінші деңгейдегі банктерге ешқандай шектеу қойылмаған, Қазақстанның кез келген екінші деңгейдегі банкі қатыса алады.
Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе оның заңды өкілдері есептеулерді egov.kz порталындағы жеке кабинетінен, сондай-ақ enpf.kz сайтынан қарай алады. Есептеулер бойынша есептер enpf.kz сайтында да орналастырылатын болады.
Бала он сегіз жасқа толғанда оған «БЖЗҚ» АҚ-да нысаналы жинақтарды алушының (кәмелетке толған баланың) өзі ғана қол жеткізе алатын нысаналы жинақтау шоты ашылады.
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға сәйкес нысаналы жинақтары бар нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда, мұндай нысаналы жинақтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін қайтыс болған не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушылардың немесе нысаналы жинақтарды алушылардың мұрагерлері уәкілетті операторда банктік шот ашады.
Мүлiкке мұрагерлiк құқығы жөнiндегi мәселелер (материалдық немесе материалдық емес) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Ерекше бөлiм) 6-бөлiмiнде реттелген.
- банктегі ақшаға билік етуді уақытша шектеуді қоса алғанда, қолсұғушылықтың кез келген түрінен қорғалған.
Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне (ҚР Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне, ҚР Азаматтық процестік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚРЗ, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚРЗ, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚРЗ) қандай да бір шектеулер белгілеуге тыйым салатын нормалар енгізілді.
Салымдар:
- банк шоттарындағы ақшаға тыйым салуды;
- банк шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануды;
- банк шоттарындағы ақша қаражаты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды;
- клиенттің (жинақты алушының) келісімінсіз ақшаны алып қоюды;
Салық кодексіне нысаналы жинақ төлемдерін салық салудан босату, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотына жіберу бөлігінде толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға (бұдан әрі - Заң) сәйкес нысаналы талаптар мен нысаналы жинақты есепке алу АҚШ долларында жүргізіледі.
Нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шотына есепке алу және есепке жатқызу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында нысаналы жинақтау шоттарын ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Нысаналы жинақ төлемдері нысаналы жинақтарды алушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті операторларда АҚШ долларында өздері ашатын банктік шоттарына есепке жатқызылады.
Сондай-ақ Заңның 7-6-бабының 3-тармағына сәйкес нысаналы талаптарға қатысушының не нысаналы жинақтарды алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы нысаналы жинақтарды төлеуден бас тартуға негіз болып табылатынын назарыңызға жеткіземіз.
Әлеуметтік кодекске және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры нысаналы жинақты алушы он сегіз жасқа толғаннан кейін он жыл ішінде пайдаланылмаған нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтарын нысаналы жинақтау шоттарынан ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударады.
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға сәйкес нысаналы жинақ тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында төленеді.
Нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану жөніндегі неғұрлым егжей-тегжейлі шарттар әзірленетін тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларында көрсетілетін болады.
«Ұлттық қор - балаларға» (Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы) 2023 жылғы 16 қарашадағы № 40-VIII Заңының (бұдан әрі - Заң) 3-бабында осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін туған қатысушылар үшін есепке жазылатын жыл сайынғы нысаналы жинақтар саны олар он сегіз жасқа толғанға дейін қалған жылдар санына тең деп белгіленген.
Осы Заңның 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толмаған азаматтарында осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап нысаналы талаптарға құқық пайда болады.