Сұрақ - жауап
Зейнетақы жүйесі
Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі екі жыл қатарынан өзгерген жоқ. 2025 жылы да сол 24-ші және 23-ші жылдардағы деңгейінде қалады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Әдістемеге сәйкес жеткілікті шекті есептеу кезінде ең төменгі жалақы, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер пайдаланылады.
Бұған қоса, бірқатар өзге де өлшемдер - зейнетақы активтері кірістілігінің жылдық пайыздық мөлшерлемесі, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі, міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жасы және басқалар ескеріледі. Кейбір көрсеткіштердің өсуі басқа өлшемдермен өтеледі немесе теңестіріледі.
2025 жылға арналған шектерді есептеу кезінде ең төменгі жалақы мөлшері және зейнетақы жинақтары кірістілігінің болжамды жылдық пайыздық мөлшерлемесі сияқты өлшемдер маңызды рөл атқарды.
Зейнетақы шотында кем дегенде шекті деңгейдегі қаржы қалу не үшін қажет? Тағы да еске сала кетейік, ең төменгі жеткіліктілік шегі - бұл ай сайынғы зейнетақы төлемін ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмайтындай мөлшерде қамтамасыз етуге қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері. Бірақ бұл есеп болашақта міндетті жарналар тұрақты болады деген болжаммен жасалған. Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі - шотта қалуы тиіс ең аз қаржы, себебі салымшы зейнет жасына жеткенде ең төменгі базалық төлем есебімен бірге ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес көлемдегі зейнетақы ала алатын болуы керек.
Зейнетақының жинақтаушы бөлігінің мөлшері Қордағы жинақтың көлеміне тікелей байланысты. Сондықтан зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдаланған кезде болашақта алатын зейнетақыңыздың мөлшері қандай болатыны туралы ойланғаныңыз жөн.
Ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеу ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 521 қаулысымен бекітілген айқындау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
Осы Әдістемеге сәйкес ЕТЖ есептеу кезінде ең төменгі жалақы мөлшері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері, зейнетақының ең төменгі мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер, сондай - ақ бірқатар өзге көрсеткіштер-зейнетақы активтері кірістілігінің жылдық пайыздық мөлшерлемесі, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі, міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі, зейнетақы жарналарын жүзеге асыру жасы және басқалар ескеріледі. Бұл ретте Әдістемеде пайдаланылатын көрсеткіштер шектердің мөлшеріне әртүрлі әсер етеді. Ал кешенді түрде салымшының әр кездегі жасында талап етілетін зейнетақы жинақтарының қажетті сомасын есептеуге мүмкіндік береді.
Осылайша, бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді және зейнетақы жинақтарының жылдық кірістілік мөлшерлемесі бойынша болжамды деректерді ескере отырып жүргізілген есептеулер нәтижесінде 2024 жылға арналған ЕТЖ шегі 2023 жылғы деңгейде сақталды. Әр жасқа арналған ЕТЖ шегі туралы ақпарат enpf.kz сайтында орналастырылған.