Сұрақ - жауап

Мысалы: Жинақтар

Зейнетақы жүйесі

Биыл азаматтар ала алатын біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) ең төменгі және ең жоғары мөлшері қандай?

БЗТ мөлшері зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты және әр азамат үшін дербес есептеледі. ҚР Әлеуметтік Кодексінің 224-бабына (4-тармақ) сай МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігіне жинақтары ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын салымшылар (жинағының жасына сәйкес ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдалана алады), зейнетақы мөлшері зейнетке дейінгі табысының кемінде 40% құрайтын зейнеткерлер (жинақтарының 50% дейін пайдалана алады), зейнетақы төлемдерін еңбек сіңірген жылдары үшін алушылар, сондай-ақ, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшылар (өз жинақтарының 100% дейін пайдалана алады) ие.



Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін мерзімінен бұрын алу болашақ зейнетақымның мөлшеріне әсер ете ме?

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі, ең алдымен, азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін қамтамасыз етуге бағытталған. Азаматтардың зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналары, сондай-ақ, зейнетақы активтері бойынша түскен инвестициялық кіріс есебінен қалыптастырылады. Осылайша болашақ зейнетақы көлеміне жарналардың жүйелілігі мен мөлшері, сондай-ақ, зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі әсер етеді.

БЖЗҚ-дан ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын зейнетақы жинақтарын алу болашақ зейнетақы төлемдері мөлшерінің азаюына себеп болады. Сондықтан жоғарыда атағандарды ескере отырып, зейнетақы қаражатын алу туралы шешім қабылдамас бұрын, зейнет жасына жеткенде қаншалықты көлемде зейнетақы алғыңыз келетінін шешіп, өзіңіз үшін маңызды басымдықтарды анықтап алғаныңыз жөн. 

Естеріңізге сала кетейік, ең төменгі жеткіліктілік шегі (ТЖШ) - бұл ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес (ең төменгі базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) ай сайынғы төлемдерді қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері. Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі - бұл салымшының зейнет жасына толған кезінде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес деңгейдегі зейнетақы төлемдерін (мемлекеттік бюджеттен ең төменгі базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) алуы үшін шотта қалуы тиіс ең төменгі көрсеткіш. 

Егер Қырғызстан немесе Ресей азаматы Қазақстанда жұмыс істесе, ол зейнетақы ала ма?

Қазақстанда жұмыс істеген жылдары үшін зейнетақыны Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің азаматтары ала алады. Бұл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімнің арқасында мүмкін болды. Оны 2021 жылы барлық қатысушы мемлекет ратификациялаған болатын. Бұл құжатқа сәйкес, өзге елдегі еңбек өтілі үшін зейнетақы төлемдерін алуға рұқсат етіледі. Яғни, егер ЕАЭО-ға кіретін елдің азаматы Қазақстанда жұмысқа орналасса, онда зейнетке шыққаннан кейін ол біздің республикамызда еңбек еткен уақытындағы жинағы есебінен зейнетақы төлемдерін ресімдей алады. ЕАЭО-ға кіретін мемлекеттерде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарына да осындай жағдай жасалуда: олар осы елдерде жұмыс істеген жылдары үшін сол елдің азаматтарымен тең дәрежеде зейнетақы алатын болады. 

Басқа мемлекетте еңбек еткен кезіңіз үшін зейнетақы алудың басты шарты - ресми жұмысқа орналасу. Зейнетақыны ресімдеу кезінде Қазақстандағы 1998 жылдан кейінгі жұмыс өтілін БЖЗҚ-да, ал оған дейінгіні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінде растауға блоады.

2025 жылы зейнет жасына қатысты өзгеріс болады ма?

2025 жылы зейнет жасы ерлер үшін де, әйелдер үшін де өзгермейді. Ерлер зейнетке 63 жаста, әйелдер 61 жаста шығады.

2028 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы осы деңгейде сақталады, содан кейін зейнетақы реформасы аясында біртіндеп көтеріле бастайды:

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап -61,5 жас;

2029 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жас;

2030 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жас.

2031 жылдан бастап әйелдер үшін зейнет жасының ең жоғары деңгейі – 63 жас болады.  

2025 жылы 1962 жылы туған ер азаматтар мен 1964 жылғы әйелдер зейнетке шығады.

Болашақ зейнетақымның мөлшерін қалай есептесем болады?

БЖЗҚ салымшылары ыңғайлы құрал – зейнетақы калькуляторын пайдалана алады. Олар мұны пайдалану арқылы өздерінің болжамды болашақ зейнетақысын дербес есептеп қана қоймай, Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістерге сәйкес сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемін есептеу бойынша ақпаратты ала алады.

Калькулятордың екі түрі ұсынылған. "Ағымдағы" -- бұл неғұрлым жеңілдетілген нұсқа, оның көмегімен зейнетке алдағы жылы шығатын адамдар міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан берілетін төлем мөлшерін есептей алады. "Болжамды" -- болашақтағы зейнетақының болжамды мөлшерін есептеп қана қоймай, оның құрамдас бөліктерін, сондай-ақ оның қалыптасуының пессимистік, шынайы және оптимистік 3 сценарийді көрсетеді. Ол салымшыға нақты инвестициялық кірістіліктің болжамды деңгейін ескеретін барлық мүмкін нұсқаларды көруге мүмкіндік береді.

Есептеу кезінде калькулятор барлық құрамдауыштарды - базалық және ортақ зейнетақыны; 10% мөлшеріндегі МЗЖ; 5% мөлшеріндегі МКЗЖ және ерікті зейнетақы жарналарын ескереді.

Болашақ зейнетақының мөлшерін болжамды калькуляторда білу үшін бірнеше қарапайым әрекеттерді орындау қажет: барлық өрістерді толтыру: туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі, бүгінгі күнге жинақ сомасын және соңғы уақыттағы орташа жалақыны енгізу. Нәтиже алу үшін - "Есептеу" батырмасын басу керек. Калькуляторды Жеке кабинет арқылы пайдаланған кезде барлық дерлік өрістер автоматты түрде толтырылады және есептеу дәлірек болады. Зейнетақы жинақтарының болжамды сомасы жеткіліктіліктің ең төменгі шегінен асып кеткен жағдайда, оларды тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге пайдалану мүмкіндігі туралы хабарлама пайда болады.

Сондай-ақ, зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда салымшылар үшін зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін "Жинақтарды Өмірді сақтандыру компанияларына (ӨСК) аудару" функциясы көзделген. Зейнетақыны есептеу нәтижелері ағымдағы күнтізбелік жылға алдын ала жасалатынын, ал түпкілікті есеп сақтандыру ұйымына жүгінген кезде жүргізілетінін есте ұстаған жөн.

"Зейнетақы калькуляторы" қызметімен "БЖЗҚ"АҚ сайтында толығырақ танысуға болады: Зейнетақы калькуляторы (enpf.kz)

Қазақ және орыс тілдеріндегі бейнематериал мына сілтемелер бойынша қолжетімді: https://youtu.be/lt6g9fOo7Qs, https://youtu.be/fuXzZxKKPbs

Зейнетақы жинақтарын балама мақсаттарға кім және қалай пайдалана алады?

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі төмендегі шарттардың бірі болған кезде БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеуге пайдалануға құқық береді:

  • егер МЗЖ салымшысының жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асып кетсе;
  • егер зейнетақы төлемдерін алып жүрген зейнеткерлердің зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық кірісін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын, алушының орташа айлық кірісін 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз еткен жағдайда. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнетке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын табысы ескеріледі (бұл жағдайда зейнетақы жинақтарының 50% мөлшеріне дейін пайдалануға болады);
  • егер міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасса (бұл жағдайда ЖЗШ-да бар жинақты түгел пайдалануға болады);
  • егер салымшы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болса. Зейнетке еңбек сіңірген жылдары бойынша шыққан зейнеткерлер тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге МЗЖ есебінен қалыптастырылған өздерінің зейнетақы жинақтарының барлық сомасын пайдалана алады (еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығы бар адамдардың толық тізбесі әлеуметтік Кодекстің 212-бабында айқындалған).

Әрбір салымшы мен алушы өз жинақтарына қалай иелік ету керектігін өзі анықтауға құқылы: оларды бүгінгі күннің мәселелерін шешу үшін жұмсаған жөн бе, әлде зейнет жасында қамсыз болу үшін қалдырған абзал ма?. Бұл, ең алдымен, жинақтары ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын салымшыларға қатысты. Ең төменгі жеткілікті шек деген ұғымның астарында ай сайынғы зейнетақыны ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес мөлшерде қамтамасыз ету үшін қажетті МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері қарастырылатынын түсіну қажет. Бұл әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, сондай-ақ, болашақ зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірістіліктің болжамды есептеулеріне сүйене отырып айқындалатын зейнетақы жинақтарының бағалау сомасы. Осылайша, ТЖШ - бұл салымшы зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін алуы үшін шотта қалуы керек ең төменгі көрсеткіш.

Болашақ зейнетақыңыздың мөлшері туралы білу үшін, зейнетақының неден тұратынын көрсететін болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана аласыз. Ол үш сценарий бойынша есептеледі: пессимистік, шынайы және оптимистік. Бұл салымшыға нақты инвестициялық кірістің болжамды деңгейін ескеретін барлық мүмкін нұсқалармен танысуға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл құрал әрбір салымшыға зейнетақының мөлшері жинақтың бір бөлігін мерзімінен бұрын алған жағдайда және мерзімінен бұрын пайдаланбаған кезде қандай болатынын есептеуге көмектеседі. "Зейнетақы калькуляторы" қызметімен "БЖЗҚ"АҚ сайтында толығырақ танысуға болады:Зейнетақы калькуляторы (enpf.kz)

Зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтары төлемін (жерлеуге) қалай онлайн түрде өтініш беруге болады?

Зейнетақы жинақтары салымшының немесе алушының меншігі болып есептеледі. Тиісінше, оларды мұраға қалдыруға болады. Бірақ мұра құқығы өз күшіне енгенге дейін, салымшының/алушының отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері шегінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) бар қаражаттан аспайтын көлемде зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен жерлеуге біржолғы төлем жүргізіледі. 

Жаңа сервистің қолданысқа енгізілуіне байланысты, әр отбасына ауыртпалық түсіретін қиын жағдайларда жерлеуге берілетін тиісті соманы алуға өтініш беру рәсімін, енді, онлайн-форматта да іске асыруға болады. Ол үшін қайтыс болған адамның жақын туыстарына сайттағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетке кіріп, "Қызмет" бөліміндегі "Жерлеуге жәрдемақы алуға өтініш беру" ішкі бөлімін таңдау қажет. Бұдан әрі ашылған терезеде қайтыс болған адамның ЖСН енгізу қажет, онда мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде (МО АЖ) қайтыс болу туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеру және туыстық байланыстарды растау рәсімі өтеді. Егер МО АЖ-да жеке тұлғаның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаса – тиісті хабарлама шығады. Егер қайтыс болу дерегі расталса, туыстық байланыстардың бар-жоғын тексеру жүзеге асырылады. Расталған жағдайда, келесі кезеңге – алушының банктік деректемелерін енгізуге көшу орын алады. Толтырылғаннан кейін көрсетілген банктік деректемелердің дұрыстығын "тексеру" батырмасын басу арқылы тексеру және электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою қажет.

Ұялы қосымшаны пайдаланған кезде өтінішке "eGOV mobile" қосымшасы арқылы ЭЦҚ-ның көмегімен қол қою қажет.

МО АЖ-да жерлеуге ақы төлеуге өтініш білдірген адамның қайтыс болған адаммен туыстық байланыстары туралы мәліметтер болмаған жағдайда, өтініш беруші растаушы құжаттарымен БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесіне жүгінуі тиіс.

Жерлеуге арналған төлемді ресімдеуге қажетті құжаттар тізбесі enpf.kz сайтындағы "Қызметтер"/Алушыларға бөлімінде орналастырылған.

Отбасы банкіндегі депозиттер бойынша БЗТ-ді пайдалануға тағы қандай жаңалықтар әсер етті?

Қазақстанда артық зейнетақыны пайдалану ережелері өзгерді. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақыны пайдалану бөліміне түзетулер енгізілді.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрық осы жылдың 29 шілдесінде күшіне енді.

Не өзгерді:

  1. Отбасында жинақтау мерзімі екі есеге ұлғайды.
  2. Енгізілген түзетулерге сәйкес, Отбасы банкіндегі депозитте жинақтау мерзімі 6 жылға дейін ұзартылды. Ол бұрын 3 жыл болған.

    Бұл дегеніміз, енді жеткілікті шектен асқан зейнетақы жинақтарын Отбасы банкіне депозитке аударып, 6 жыл ішінде тұрғын үй құнының 50%-ын  жинақтауға болады. Егер осы уақыт аяқталғанға дейін заем ресімделмесе, ақша БЖЗҚ-ға қайтарылады.

    Бұл түзету өте маңызды. Жинақтау мерзімі туралы көптеген шағымдар болды, көбісі 3 жыл ішінде пәтер немесе үй құнының 50%-ын жинай алмайды. Енді жинау мүмкіндігі екі есеге артты.

    Айтпақшы, бір қызығы, бұрын депозит мерзімін 8 жылға дейін ұлғайту жоспарланған болатын.

  3. Депозитті табыстауға болады.

Енді артық зейнетақымен толықтырылған Отбасы банкіндегі депозитті жақын туыстарына табыстауға болады.

Табыстауға болатын адамдар:

  • ерлі-зайыптылар;

  • ата-аналар;

  • балалар, оның ішінде асырап алынғандар;

  • бала асырап алушылар;

  • асырап алынғандар;

  • аға және қарындас, оның ішінде бірге тумаған;

  • аталар мен әжелер;

  • немерелер.

Депозитті үшінші тұлғаларға табыстауға тыйым салынады!


Бірыңғай зейнетақы қорынан зейнет жасына жеткен тұлғалар , мүгедектігіне және ерікті зейнетақы жарналарына зейнетақы төлемдерін алуға қалай өтініш беруге болады?

БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар және жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен адамдар, сондай-ақ егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар БЖЗҚ-дан белгіленген зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша алуға құқылы.

БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты зейнетақы төлемдерін зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы жасына байланысты зейнетақыны жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толған адамдар ала алады: ерлер 63 жасқа, әйелдер 61 жасқа толғанда. Зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Өтініш пен қажетті құжаттардың ХҚКО-да тіркелген күні өтініш берілген күн болып есептеледі (алушы зейнет жасына толған жағдайда, ал зейнет жасына толмаған болса - зейнет жасына толған күн өтініш берілген күн болып есептеледі). Осыған байланысты ХҚКО-ға өтінішпен уақытылы жүгінуге кеңес береміз. Өйткені бұл төлемдерді бюджеттен алу үшін өте маңызды. Оны тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру талап етіледі. 

Бұған қоса, телефон нөмірлері еgov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге (әлеуетті алушыларға) зейнет жасына толғанға дейін 2 ай қалғанда 1414 нөмірінен зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі қызметтерді алу үшін Мемлекеттік корпорацияның жақын жердегі бөлімшесіне уақытылы жүгіну мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберілетініне назар аударамыз. Онда egov.kz сайтындағы қажетті құжаттар тізіміне сілтеме беріледі. Яғни, мемлекеттік органдар зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде ресімдеу үшін тиісті хабарламалар жібереді. Себебі, өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды.

Сонымен қатар, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша проактивті қызмет көрсету мақсатында зейнет жасына толған, Қорда зейнетақы жинақтары бар, бірақ төлем алуға өтініш білдірмеген тұлғалар бойынша БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп, осындай азаматтарда жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоқтығын жыл сайын салыстырып, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Жыл сайынғы салыстыру нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған кезде БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен жасалған тиісті келісім шеңберінде оларға зейнетақы төлемдерін өтінішсіз-ақ аударады.

Мерзімсіз уақытқа бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты төлем алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне не электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып БЖЗҚ сайтындағы (enpf.kz) немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы жеке кабинет арқылы жүгіну қажет.

БЖЗҚ-да мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін барып көрсетілетін қызмет ұйымдастырылғанына назар аударамыз. Бұл ретте алдын ала кеңес беру, оның ішінде қызметтерді қашықтан, ешқайда шықпай-ақ алу мүмкіндігіне тексеру жүргізіледі.

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен төлемдер алуға өтініш те БЖЗҚ-ға: enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы жеке кабинетте онлайн-форматта, сондай-ақ Қордың кез келген бөлімшесінде беріледі. Естеріңізге сала кетейік, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін 50 жастан бастап, яғни жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына дейін алуға болады. Бұдан басқа, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ЕЗЖ есебінен төлемдер мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жүзеге асырылады.

Атап кеткен жөн, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Зейнеткерлер үй сатып алу үшін БЖЗҚ-дағы ақшаны ала алады ма?

Зейнет жасына жеткен зейнеткерлердің зейнетақы төлемдері зейнетке шыққанға дейін алған жалақысының кем дегенде 40%-ын құраған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары есебінен құралған өзінің жинаған жинағының 50%-ға дейінгі бөлігін тұрғын үй және емделуге пайдалана алады. Бұл коэффициент автоматты түрде есептеледі.

Пайдалануға болатын соманың бар-жоғын білу үшін enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетке кіру қажет. Басты бетте тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге пайдалануға болатын сома мөлшері бірден көрсетіледі.

Зейнеткер БЖЗҚ-дағы қаражатын өзінің тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін ғана пайдалана алмайды – ол оларды жақын туысына бере алады. Бұл жағдайда ол өтінішке туыстығын растайтын құжаттарды (туу туралы куәлік/ неке туралы куәлік) қоса беруі керек.

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кім ала болады/пайдалана алады?
  1. МЗЖ бойынша зейнетақы жинақтары ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын салымшылар.
  2. Жиынтық зейнетақысы кемінде 40% деңгейінде жоғалған табыстың орнын толтыруды қамтамасыз ететін зейнеткерлер жинақтарының 50%-на дейін пайдалана алады.
  3. Сақтандыру ұйымдарымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдар.

Зейнетақы жинақтарын толық алу/ пайдалану мүмкіндігі мынадай жағдайларда көзделген:

  1. Зейнет жасына толуына байланысты немесе 1 және 2-топтағы мерзімсіз белгіленген мүгедектікке байланысты төлемдерді алу кезінде зейнетақы жинақтарының мөлшері ең төменгі зейнетақы мөлшерінің 12 еселенген мөлшерінен аспаса. Бұл 2024 жылы – 694 236 теңге.
  2. Салымшы немесе алушы елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен (ТТК) болса
  3. Қайтыс болған салымшының немесе алушының мұрагерлері
  4. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер баспанаға және емделуге
  5. Өмірді сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан қазақстандықтар баспана мен емделуге.

Басқа жағдайларда зейнетақы жинақтарын толық алу немесе пайдалану мүмкіндігі заңда көзделмеген.

Өтініш білдірген адамның туыстық байланысын растайтын адамның қайтыс болуы туралы куәліктің/мұрагерлік құқығы туралы куәліктің/Моңғолия мемлекеті азаматының туу туралы куәлігінің түпнұсқаларына/нотариат куәландырған көшірмелеріне апостиль қойыла ма?

Қазақстан Республикасының заңнамасында органдар мен лауазымды адамдардан шығатын ресми құжаттарды шет мемлекет берген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, онда бұл құжаттар заңдастыру болған кезде қаралуға жатады деп көзделген.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығымен бекітілген Құжаттарды заңдастыру қағидаларының 2-тармағына сәйкес құжаттарды заңдастыру құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатында лауазымды адамның қойған қолы мен құжаттардағы мөрдің төлнұсқалығын белгілеу және куәландыру болып табылады. Заңдастыру жазбасы құжатқа, ал құжатта орын болмаған жағдайларда, ол жазба қоса тiркелетiн, заңдастыруды жасаған адамның мөрi мен қолы қойылған жеке парақта жасалады.

1961 жылғы 05 қазандағы Гаага Конвенциясына (бұдан әрі – Конвенция) сәйкес Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің ресми органдарына ұсынуға арналған құжаттар апостиль қою арқылы жеңілдетілген тәртіппен куәландырылады.

Апостиль – бұл құжаттарды уағдаласушы мемлекеттердің аумағында ұсынылатын шетелдік ресми құжаттарды дипломатиялық немесе консулдық заңдастыру қажеттілігінен босату мақсатында Конвенцияға сәйкес оған қатысушы мемлекеттердің құжаттарына қойылатын арнайы мөртаңба.

Конвенцияның 1-бабында оның қолданылу аясына қатысты ресми деп саналатын құжаттардың толық тізбесі, атап айтқанда:

  1. прокуратурадан, соттың хатшысынан немесе соттың атқарушысынан шығатын құжаттарды қоса алғанда мемлекеттің құзырына бағынатын органнан немесе лауазымды тұлғадан шығатын құжаттар;
  2. әкiмшiлiк құжаттар;
  3. нотариалдық актiлер;
  4. тiркеу туралы белгi сияқты ресми белгiлер; белгiлi бiр күндi растайтын визалар; нотариуста расталмаған құжаттағы қолды растау қарастырылады.

Моңғолия Конвенцияға қатысушы мемлекет екенін ескере отырып, осы елдің органдары мен лауазымды адамдарынан шығатын ресми құжаттар заңдастырудан босатылады және апостиль қоюға жатады.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы»
1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзу мемлекеттік тiлде және орыс тілінде қамтамасыз етiлетіні белгіленген.  Осыған байланысты БЖЗҚ-ға ұсынылатын, шет тілінде жасалған барлық құжаттар, оның ішінде нотариустардың құжат көшірмесінің, алушының және (немесе) аудармашының қолының дұрыстығын куәландыру кезінде жасаған куәландыру жазбалары мемлекеттік не орыс тіліне аударылуы тиіс. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, аударма шет мемлекеттің аумағында жасалған жағдайда, ол да заңдастырылуы тиіс.

ҚР азаматтары басқа елге тұрақты тұруға көшкен жағдайда, олардың зейнетақы жинақтары қайтарыла ма?

БЖЗҚ-да міндетті, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МЗЖ, МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан аумағынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан заңнамасына сай қажетті құжаттарды өткізген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын пайдалана алады.

Құжаттарды алған кезде БЖЗҚ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен жүгінген шетелдікте немесе азаматтығы жоқ адамда Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарының не шетелдіктің Қазақстанда тұруға ықтиярхатының не уәкілетті қазақстандық орган берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуы және олардың жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады.

Егер бұл құжаттар (өтініш білдірген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсатының күшін жоюына не Қазақстан азаматтығынан айырылуына/шығуына байланысты) жарамсыз болса, БЖЗҚ зейнетақы төлемін жүзеге асырады.

БЖЗҚ-ға құжаттарды тапсырудың 3 тәсілі бар:

  1. Сіз БЖЗҚ кеңсесіне шетелдік паспортпен және банктік шот туралы мәліметтермен жеке жүгіне аласыз.
  2. Тұрақты тұруға кететін өкіл (сенім білдірілген тұлға) БЖЗҚ кеңсесіне құжаттар топтамасымен жеке өзі жүгіне алады.
  3. Қажетті құжаттарды БЖЗҚ облыстық (өңірлік) филиалдарының бірінің пошталық мекенжайына жіберуге болады.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін жіберілетін құжаттарды Қордың "Төлемдерге құжаттарды алдын ала тексеру" электрондық қызметін пайдалана отырып алдын ала тексеруге болады.

Зейнетақы жинақтарын төлеу тек алушының банктік шотына, оның ішінде зейнетақы төлемдерін алушы әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болған жағдайда ғана жүзеге асырылатындығына назар аударамыз. Зейнетақы жинақтарын заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршысының), сондай-ақ сенім білдірілген тұлғаның банктегі шотына төлеуге жол берілмейді. Осылайша, басқа елде тұрақты тұруға өтініш берген адам өзінің зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына немесе басқа адамдарға бере алмайды.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысының 14-тармағы, 2-параграфы, 2-тарауы), Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-ға белгіленген құжаттар қабылданған немесе түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бір рет біржола жүзеге асырылады.

Мәлімет үшін хабарлаймыз, БЖЗҚ сайтында құжаттарды БЖЗҚ-ға беру тәсіліне қарай қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған.

Зейнетақыны рәсімдеу үшін қалай, қайда және қашан жүгіну керек?

«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) Қорда міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар және жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен адамдардың, сондай-ақ, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша алуға құқықтары бар екенін еске салады. 

Қордан зейнетақы төлемдерін зейнет жасына толуына байланысты тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО), ал бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты төлем алу үшін Қор бөлімшелеріне, электрондық цифрлық қолтаңбасы бар болса БЖЗҚ сайты арқылы уақытылы жүгінулері қажет. Алушы зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын ХҚКО-ға өтінішпен бірге қажетті құжаттарын өткізуі керек. Біз осы мерзімді қатаң сақтауға кеңес береміз. Себебі, бұл мемлекеттік зейнетақыны алу үшін өте маңызды, оны тағайындау үшін ұсынылған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру қажет. Оған қоса, заңнамаға сәйкес жасына байланысты зейнетақы және мемлекеттік базалық төлем тағайындау өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Өтініш пен қажетті құжаттар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында (Мемлекеттік корпорация) тіркелген күн осындай күн болып есептеледі.

Естеріңізге сала кетейік, жасы бойынша зейнетақыны жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толған адамдар: ерлер 63 жасқа, әйелдер 2024 жылы 61 жасқа толғанда ала алады. БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтар таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша проактивті қызмет көрсету мақсатында зейнет жасына толған, Қорда зейнетақы жинақтары бар, бірақ төлем алуға өтініш білдірмеген тұлғалар бойынша БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп, осындай азаматтарда жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоқтығын жыл сайын салыстырып, тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Жыл сайынғы салыстыру нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған кезде БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен жасалған тиісті келісім шеңберінде оларға зейнетақы төлемдерін аударады.

Өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қалай пайдалануға болады?
 Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 220-бабының 3-тармағына сәйкес өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері (бұдан әрі - БЗТ) мынадай шарттардың бірі болған кезде:

  1. егер МЗЖ салымшысының жеке зейнетақы шотындағы (бұдан әрі - ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) есебінен жинақталған зейнетақы жинақтарының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асса, жүргізіледі.
  2. Бұл ретте МЗЖ есебінен қалыптастырылған БЗТ мөлшері:

    уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомасынан аспауы тиіс.

    Жеткіліктілік шегі ретінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болмайтын ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес анықталған, МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері қарастырылады.

    Жеткіліктілік шегі әйелдер мен ерлер үшін бірдей болады және әрбір жас үшін есептеледі. Жеткіліктілік шегінің есептеулерімен Сіз БЖЗҚ сайтында келесі сілтеме бойынша таныса аласыз: https://www.enpf.kz/ru/services/withdrawal/withdrawal-check.php;

  3. егер Кодекстің 207-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген адамдардың зейнетақы мөлшері, сондай-ақ Кодекстің 207-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдардың ай сайынғы қамтылым мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен анықталатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін қамтамасыз еткен жағдайда, жүргізіледі. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кірісі есепке алынады.
  4. Бұл ретте Кодекстің 207-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілген адамдар үшін БЗТ уәкілетті оператордан (УО) бастапқы электрондық хабарламаны алған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауы тиіс.

  5. егер МЗЖ салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда, жүргізіледі;
  6. егер салымшы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болған жағдайда, жүргізіледі.

Бұл ретте МЗЖ салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса немесе МЗЖ салымшысы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болса, онда БЗТ мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауы тиіс. БЗТ есептеу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен БЖЗҚ алатын келесі мәліметтер қолданылады:

  • жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдар үшін – зейнетақы тағайындау күніне белгіленген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасы бойынша зейнетақы төлемінің мөлшері туралы мәліметтер қолданылады;
  • еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдар үшін, отставкадағы судьялар үшін – көрсетілген адамдар санаттарына тиесілігі туралы мәліметтер қолданылады.

БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасында тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында алып қоюға қолжетімді, МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты онлайн түзімінде тексеру мүмкіндігі іске асырылды.

Қордың www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте және мобильді қосымшада авторизациялаудың екі тәсілін қолдануға болады: ЖСН мен пароль енгізу не болмаса электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдану керек. Сондай-ақ, мобильді құрылғыда бар болса, мобильді қосымшаға кезекті кіру кезінде Touch ID немесе Face ID қолдануға болады. Ыңғайлы болу үшін пайдаланушы қызмет көрсету тілін: қазақ немесе орыс тілін таңдай алады.

Бұдан бөлек, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында алып қоюға қолжетімді, МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты «электрондық үкімет» порталында және мобильді қосымшасында тексеруге болады.

БЗТ алуға құқығы бар және тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану туралы шешім қабылдаған МЗЖ салымшылары (зейнетақы төлемдерін алушылар) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған УО-ға УО-ның интернет-ресурсы арқылы ЭЦҚ-мен қол қоя отырып, БЗТ алуға өтінішпен жүгінуі тиіс.

МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында өз өтінішінде БЗТ пайдалану мақсаттарын және нысаналы пайдалануға жіберілетін соманы көрсетеді. УО МЗЖ салымшыларының (зейнетақы төлемдерін алушылардың) өтініштерін қарайды және мақұлдау туралы шешім қабылдайды, БЖЗҚ-дан УО-да ашылған алушылардың арнайы шоттарына БЗТ аудару бойынша БЖЗҚ-мен өзара іс-қимыл жасайды, БЗТ-ның нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізеді.

БЖЗҚ мен УО электрондық ақпарат алмасу арқылы және тиісті өзара іс қимыл туралы келісімдер негізінде өзара іс-қимыл жасайды.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен (https://enpf-otbasy.kz), «Қазақстан Халық банкі» АҚ-мен, «Altyn Bank» АҚ-мен, «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ-мен өзара іс-қимыл туралы келісім жасады.  

Бұл ретте МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) ЭЦҚ-мен қол қойылатын өтінішті беру кезінде ЖТС ұстап қалудың екі тәсілінің бірін көрсете отырып, БЗТ кезінде (естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-ға аударылатын зейнетақы жарналары сомасынан ЖТС алынбайды) өз бетінше жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдауы тиіс:

  1. төлеу сәтінде бірден толық көлемде ұстап қалу,
  2. не болмаса

  3. кейінге қалдырылған кезеңде ЖТС (БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесі бойынша он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен) ұстап қалу.  

БЗТ алушы жұбайын (зайыбын) және (немесе) жақын туыстарын пайдаланған жағдайда, тараптар УО-ның интернет-ресурсында өздерінің жеке кабинеттерінде БЗТ-ны басқаға беру туралы келісім жасайды, ол тараптардың ЭЦҚ-сымен куәландырылады, оған некені (ерлі-зайыптылықты) немесе туыстық қатынастарды растайтын құжаттар қоса беріледі.

УО 2 (екі) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді, онда төлемге қабылданған өтініш туралы мәліметтер, оның ішінде алып қою мақсаты, ТАӘ, ТК, ЖСН, МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) айқындаған мөлшердегі БЗТ сомасы, ЖТС ұстап қалу тәсілі туралы деректер қамтылады, электрондық хабарламаға МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) ЭЦҚ-мен қол қойылған, ЖТС ұстап қалу туралы өтініш қоса беріледі.

УО-дан электрондық хабарлама алғаннан кейін БЖЗҚ 5 жұмыс күні ішінде МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) БЗТ сомасын УО-ға аударады, ол өз кезегінде оны МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) арнайы шотына аударады.

Тұрғын үй сатып алу немесе жеке тұрғын үй салу (жеке тұрғын үй салу деген нысаналы мақсаты бар жер телімін сатып алуды қоса алғанда) мақсатында одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салынатын салымды толықтыруды қоспағанда, БЗТ сомасы ол түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) Отбасы банкінде ашылған арнаулы шотында бола алады.

Бұл жағдайда алушы Отбасы банкіне БЗТ келіп түскен күннен бастап 3 жыл ішінде БЗТ-ның нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды ұсынады. Қалған УО-да БЗТ сомасы ол келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бола алады.

Осы мерзім ішінде МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) УО-ға нысаналы мақсаты бойынша құжаттарды ұсынуы тиіс не құжаттар көрсетілген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда УО БЗТ сомасын БЖЗҚ-ға қайтарады, БЖЗҚ оларды МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) ЖЗШ-на аударады.

Осылайша, азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мәселелері бойынша барлық өтініштері «бір терезе» қағидаты бойынша келіп түседі және оларды УО қарайды және азаматтар тарапынан БЖЗҚ-ға жеке өтініш жасау талап етілмейді, бұған зейнетақы жинақтарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында алып қоюға қолжетімді, МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы БЖЗҚ-дан мәліметтерді өз бетінше, онлайн түрде алу жағдайы кірмейді.

Назар аударыңыз, УО-дан электрондық хабарлама келіп түскеннен кейін бұл сома Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инвестициялық басқаруынан алынады, тиісінше оған инвестициялық кіріс есептелу тоқтатылады, содан кейін МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) БЖЗҚ-дан сұратқан зейнетақы жинақтарының сомасы УО-ның арнайы шотына аударылады.

Бұдан бөлек, инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуы бойынша Кодексте көзделген мемлекет кепілдігі арнайы шотқа аударылған зейнетақы жинақтарына қолданылмайды. Сондай-ақ БЖЗҚ-дан БЗТ сомасынан салымшы таңдаған және оның өтінішінде көрсетілген тәсілге сәйкес ЖТС есептеу және ұстап қалу жүргізіледі.

Осыған сүйене отырып, БЖЗҚ-ға қаражаттың қайтарылуын, инвестициялық кірістің және мемлекет кепілдігінің жоғалуын, сондай-ақ ЖТС мерзімінен бұрын есептелуін болдырмау үшін МЗЖ салымшыларына (зейнетақы төлемдерін алушыларға) БЗТ-ны пайдалануды жауапкершілікпен және мұқият жоспарлауды ұсынамыз.

Өтініш бергенге дейін зейнетақы жинақтарының нысаналы пайдаланылуын растау үшін қажетті құжаттардың тізімін мұқият зерделеп, олардың УО-ға уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету қажет.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы жинақтары төлеміне кімнің құқығы бар?Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы жинақтары төлеміне кімнің құқығы бар?

Әлеуметтік кодекстің 212-бабының 9-тармағының ережелеріне сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған жағдайда туындайды.

Бұл ретте қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) пайдасына 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасынан 50 пайызды қайтару №472 Қағидада анықталған тәртіппен жүзеге асырылады.

№472 Қағидаға сай қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қызметкердің (әскери қызметшінің) өтініші негізінде жүзеге асырылады.

№472 Қағидаға сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдегі әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарындағы қызмет кезеңдері үшін әрбір қызметкер (әскери қызметші) бойынша республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсетіп, өтініш берген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін жасайды, содан кейін қайтарылуы тиіс соманы көрсете отырып, тізімді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) береді.

Мемлекеттік корпорация уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған мәліметтер негізінде электрондық хабарламалар қалыптастырады және БЖЗҚ-ға жібереді.

БЖЗҚ қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарынан (бұдан әрі – ЖЗШ) Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламаларына сәйкес қайтарылуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының (бұдан әрі – МЗЖ) сомасын есептен шығаруды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы №472 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қағидалары.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы жинақтары төлеміне кімнің құқығы бар?

Әлеуметтік кодекстің 212-бабының 9-тармағының ережелеріне сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған жағдайда туындайды.

Бұл ретте қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) пайдасына 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасынан 50 пайызды қайтару №472 Қағидада анықталған тәртіппен жүзеге асырылады.

№472 Қағидаға сай қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қызметкердің (әскери қызметшінің) өтініші негізінде жүзеге асырылады.

№472 Қағидаға сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдегі әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарындағы қызмет кезеңдері үшін әрбір қызметкер (әскери қызметші) бойынша республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсетіп, өтініш берген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін жасайды, содан кейін қайтарылуы тиіс соманы көрсете отырып, тізімді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) береді.

Мемлекеттік корпорация уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған мәліметтер негізінде электрондық хабарламалар қалыптастырады және БЖЗҚ-ға жібереді.

БЖЗҚ қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарынан (бұдан әрі – ЖЗШ) Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламаларына сәйкес қайтарылуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының (бұдан әрі – МЗЖ) сомасын есептен шығаруды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы №472 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қағидалары.

Зейнеткерлерге еңбек сіңірген жылдары үшін біржолғы зейнетақы төлемдері қалай төленеді?

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 220-бабының 3-тармағының бесінші азат жолында көрсетілген, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын адамдар өз пайдасына немесе жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының емделуіне ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспайтын мөлшерде БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі - БЗТ) алу құқығына ие болады.

Бұл ретте жеке табыс салығы (бұдан әрі - ЖТС) сомасын ұстап қалу мен аударуды Салық кодексінің351-1-бабының 2-тармағына сай БЗТ сомасынан жеке тұлғаның таңдауы бойынша келесі тәсілдердің бірі арқылы БЖЗҚ жүргізеді:

  1. Салық кодексінің 351-бабында көзделген тәртіппен БЗТ жүзеге асырылған күннен кешіктірілмей, бір рет;
  2. БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесі бойынша он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен жүзеге асырылады.

ЖТС ұстап қалу зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жеке тұлға БЖЗҚ атынан салық агентіне ұсынған, ЖТС ұстап қалу туралы өтініштің негізінде жүргізіледі.

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар БЗТ алу үшін төмендегі шарттардың біріне сәйкес болса, жеткілікті екенін атап өткен жөн:

  • егер алушының жеке зейнетақы шотындағы міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асқан жағдайда;
  • егер зейнетақы мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен анықталатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін (бұдан әрі - ОКАК) қамтамасыз еткен жағдайда. Бұл ретте, Әдістемеге сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін алушының ОКАК ай сайынғы зейнетақымен 40 пайызға тең болып қабылданды;
  • егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда.

Сонымен қатар, егер еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға бұрын БЗТ төленген болса және бұл ретте МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен БЗТ-дан ЖТС бойынша салық міндеттемелері болса, онда 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап БЗТ сомасынан ЖТС сомасын ұстап қалу және аударуды Салық кодексінің 351-1 бабының 2-тармағына сәйкес БЖЗҚ жүргізетін болады.

Өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының емделу ақысын төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қалай пайдалануға болады?
 Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 220-бабының 3-тармағына сәйкес өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының емделу ақысын төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) мынадай шарттардың бірі болған кезде:

  1. егер МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотындағы (бұдан әрі - ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) есебінен жинақталған зейнетақы жинақтарының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен (бұдан әрі - ЕЖШ) асса, жүргізіледі.
  2. Бұл ретте МЗЖ есебінен қалыптастырылған БЗТ мөлшері:

    уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары сомасы мен ЕЖШ арасындағы айырма сомасынан аспауы тиіс.

    ЕЖШ ретінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болмайтын ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес анықталған, МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері қарастырылады.

    ЕЖШ жынысына қарамастан әрбір жас үшін жеке есептеледі. ЕЖШ мөлшерлерімен Сіз БЖЗҚ сайтында келесі сілтеме бойынша таныса аласыз: https://www.enpf.kz/ru/services/withdrawal/withdrawal-check.php;

  3. егер Кодекстің 207-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген адамдардың зейнетақы мөлшері, сондай-ақ Кодекстің 207-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдардың ай сайынғы қамтылым мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен анықталатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін қамтамасыз еткен жағдайда, жүргізіледі. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кірісі есепке алынады.
  4. Бұл ретте Кодекстің 207-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілген адамдар үшін БЗТ уәкілетті оператордан (бұдан әрі - УО) бастапқы электрондық хабарламаны алған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы төлемдерін алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауы тиіс;

  5. егер МЗЖ салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда, жүргізіледі;
  6. егер МЗЖ салымшысы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болған жағдайда, жүргізіледі.

Бұл ретте МЗЖ салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса немесе ол еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болса,  онда БЗТ мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы МЗЖ салымшысының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауы тиіс.

БЗТ есептеу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен БЖЗҚ алатын келесі мәліметтер қолданылады:

  • жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдар үшін – зейнетақы тағайындау күніне белгіленген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасы бойынша зейнетақы төлемінің мөлшері туралы мәліметтер қолданылады;
  • еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдар үшін, отставкадағы судьялар үшін – көрсетілген адамдар санаттарына тиесілігі туралы мәліметтер қолданылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.01.2021 жылғы №1 қаулысына сай БЖЗҚ-дан емделуге ақы төлеу мақсатында БЗТ-ны нысаналы пайдалану бойынша УО ретінде «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Отбасы банк) айқындалды.

БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте және БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасында емделу ақысын төлеу мақсатында алып қоюға қолжетімді, МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты онлайн түзімінде тексеру мүмкіндігі іске асырылды.

Авторизациялаудың екі тәсілін қолдануға болады: ЖСН мен пароль енгізу не болмаса электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдану керек. Сондай-ақ, мобильді құрылғыда бар болса, мобильді қосымшаға кезекті кіру кезінде Touch ID немесе Face ID қолдануға болады. Ыңғайлы болу үшін пайдаланушы қызмет көрсету тілін: қазақ немесе орыс тілін таңдай алады.

БЗТ-ны емделу ақысын төлеуге пайдалану ҚР азаматтарына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы №ҚР ДСМ-18 «Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сай медициналық қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

БЗТ алуға құқығы бар және емделу ақысын төлеу мақсатында МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану туралы шешім қабылдаған МЗЖ салымшылары (зейнетақы төлемдерін алушылар) Отбасы банкіне Отбасы банкінің интернет-ресурсы арқылы БЗТ алуға өтінішпен (бұдан әрі - Өтініш) жүгіне алады.

БЖЗҚ мен Отбасы банк электрондық ақпарат алмасу арқылы және тиісті өзара іс қимыл туралы келісімдер негізінде өзара іс-қимыл жасайды.

МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) Отбасы банкінде арнайы шот ашып, Отбасы банкінің интернет-ресурсында ЭЦҚ арқылы авторизацияланып, өзінің жеке кабинетінде өзінің ЭЦҚ-мен куәландыра отырып, емделу ақысын төлеу үшін пайдалану мақсаттарын және нысаналы пайдалануға жіберілетін соманы көрсете отырып, Өтініш беруі тиіс.

Бұл ретте МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) ЭЦҚ-мен қол қойылатын Өтінішті беру кезінде ЖТС ұстап қалудың екі тәсілінің бірін көрсете отырып, БЗТ кезінде (естеріңізге сала кетейік, ЖТС сомасы МЗЖ сомасын шегере отырып, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кірістен ұсталуы тиіс, яғни БЖЗҚ-ға аударылатын МЗЖ сомасына ЖТС салынбайды, осыған байланысты ЖТС зейнетақы төлемдерінің сомасынан ғана ұсталады) өз бетінше жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдауы тиіс:

  1. төлеу сәтінде бірден толық көлемде ұстап қалу,
  2. не болмаса

  3. кейінге қалдырылған кезеңде ЖТС (БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесі бойынша зейнет жасына жеткен кезде ай сайын тең үлестермен он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде) ұстап қалу.

Отбасы банк Өтінішті қарастырғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді.

Отбасы банкінен электрондық хабарлама алғаннан кейін БЖЗҚ 5 (бес) жұмыс күні ішінде МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) БЗТ сомасын Отбасы банкіне аударады, ол өз кезегінде оны МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) Отбасы банкінде ашылған арнайы шотына аударады.

Осылайша, азаматтардың емделу ақысын төлеу мәселелері бойынша барлық өтініштері «бір терезе» қағидаты бойынша келіп түседі және оларды Отбасы банк қарайды және азаматтар тарапынан БЖЗҚ-ға жеке өтініш жасау талап етілмейді, бұған емделу ақысын төлеу мақсатында МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының алып қоюға қолжетімді сомасы туралы БЖЗҚ-дан мәліметтерді өз бетінше, онлайн түрде алу жағдайы кірмейді.

Инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуы бойынша Кодексте көзделген мемлекет кепілдігі арнайы шотқа аударылған зейнетақы жинақтарына қолданылмайды. БЖЗҚ-ға қаражаттың қайтарылуын, инвестициялық кірістің және мемлекет кепілдігінің жоғалуын, сондай-ақ ЖТС мерзімінен бұрын есептелуін болдырмау үшін МЗЖ салымшыларына (зейнетақы төлемдерін алушыларға) БЗТ-ны пайдалануды жауапкершілікпен және мұқият жоспарлауды ұсынамыз.

Өтініш бергенге дейін МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының нысаналы пайдаланылуын растау үшін қажетті құжаттардың тізімін мұқият зерделеп, олардың Отбасы банкіне уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету қажет.

Зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтары төлемін қалай алуға болады?

 Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 220-бабының 4-тармағына, 221-бабының 3-тармағына және 223-бабының 2-тармағына сай БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

Кодекстің 242-бабының 3-тармағымен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда БЖЗҚ оның отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері (2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап: 3692*94 = 347 048 теңге) шегінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлем жүргізетіні белгіленген.

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне төленеді.

Зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне жерлеуге арналған біржолғы төлем алу үшін БЖЗҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде келесі құжаттар ұсынылады:

  1. зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  2. мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаған жағдайда, адамның қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады;
  3. МО-ның АЖ-да өтініш берген адамның қайтыс болған адаммен туыстық байланысын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, өтініш жасаған адамның қайтыс болған адаммен туыстық байланысын растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады;
  4. зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің банктік шоты туралы мәліметтер.

Бұл ретте назар аударыңыз, жерлеуге арналған біржолғы төлем зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшесі БЖЗҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде ғана төленеді, яғни БЖЗҚ-ға пошта байланысы арқылы немесе үшінші тұлға (сенім білдірілген өкіл) арқылы жүгінген кезде өтініш орындауға қабылданбайды.

Жерлеуге арналған біржолғы төлем құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде төленеді;

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын мұрагерлердің алуы үшін жеке өзі жүгінген кезде келесі құжаттар ұсынылады:

  1. мұрагердің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  2. МО-ның АЖ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаған жағдайда, адамның қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады;
  3. мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұрагерлік мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;
  4. мұрагердің банктік шоты туралы мәліметтер.

Зейнетақы жинақтары мұрагердің өзінің банктік шотына ғана, оның ішінде әрекетке қабілетсіз / әрекетке қабілеті шектеулі, кәмелетке толған адам зейнетақы төлемдерінің мұрагері болған жағдайда ғана төленеді. Заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының), сондай-ақ сенім білдірілген өкілдің банктік шотына зейнетақы жинақтарын төлеуге жол берілмейді.

Егер БЖЗҚ-ға ұсынылған құжаттарды, оның ішінде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерде қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәлікті, мұрагерлік құқығы туралы куәлікті шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген жағдайда, сондай-ақ құжаттың көшірмесінің дұрыстығын түпнұсқамен куәландыру, алушының өтініштегі қолының түпнұсқалығын, сенімхатты куәландыру бөлігінде нотариаттық іс-әрекеттер шет мемлекетте жүргізілген жағдайда көрсетілген құжаттар, сондай-ақ куәландырушы жазбалар мен олардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармалары «Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін құжаттарды заңдастыру қағидаларына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған өзге де халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға жатады.

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлемнің мұрагері немесе қайтыс болған адамның мұрагері шетелдік, оның ішінде сенім білдірілген тұлға, мұрагердің заңды өкілі болып табылған жағдайда, мұрагердің/сенім білдірілген тұлғаның/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат ретінде БЖЗҚ-ға мемлекеттік не орыс тіліне аударылған және қажет болған жағдайда нотариат куәландырған және заңдастырылған шетелдік паспорт ұсынылады, бұған Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайлар қосылмайды;

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 326-бабының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа жатады.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде жеке табыс салығын ұстау тәртібі туралы толық ақпарат «Алушыларға» - «Зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібі» бөлімінде орналастырылған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес, егер өсиетхат бойынша да, заң бойынша да мұрагерлер болмаса немесе олардың ешқайсысының мұраға құқығы болмаса немесе олардың барлығы мұрадан бас тартса, мұра иесіз қалған мүлік деп танылады.

Иесіз қалған мүлік мұраның ашылу орны бойынша коммуналдық меншікке өтеді. Коммуналдық меншікке өткен иесіз мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган жүзеге асырады.

Зейнетақы жинақтарын иесіз қалған мүлік деп тану туралы, заңды күшіне енген сот актісі болған жағдайда, БЖЗҚ-ға мынадай құжаттар ұсынылады:

  • заңды күшіне енген сот актісі;
  • банктік шот туралы мәліметтер.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылған зейнетақы жинақтарын алу үшін сот актісі бойынша жүгінген адамдарға зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде төленеді.