Сұрақ - жауап
Зейнетақы жүйесі
Әлеуметтік кодекстің нормаларына сәйкес жұмыс беруші БЖЗҚ-ға төмендегі тұлғалар үшін ЖМЗЖ төлеуден босатылады:
- 1975 жылғы 1 қаңтарға дейін туған адамдар;
- Әлеуметтік кодекске сәйкес зейнет жасына толған адамдар;
- егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
- әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім кию құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
- зейнетақы төлемдерін еңбек сіңірген жылдары үшін алушылар;
- Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған, ай сайынғы өмір бойы қамтуды алатын Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьялары, ай сайынғы ақшалай қамтуды алатын отставкадағы судьялар.
Әлеуметтік Кодексте жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын тек өз қаражаты есебінен төлеу міндеті нақты айқындалғанын қосымша хабарлаймыз. Салымшылар жарналардың осы түрінің түсуін жарналардың барлық түрлері бойынша ақпарат берілетін жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмеден көре алады.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы және толық төлеуін бақылау Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) жүктелген. Жұмыс беруші жоғарыда көрсетілген нормаларды бұзған жағдайда, қызметкерге МКК-ге жүгіну керек.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуден мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар босатылады. Сонымен қатар, жұмыс берушіге жоғарыда аталған адамдардың өтініші негізінде БЖЗҚ-ға МЗЖ ұстап қалуға және аударуға рұқсат етіледі. Осылайша, мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар отандастарымыз жұмыс орны бойынша БЖЗҚ-ға МЗЖ ұстап қалуға келісім беру туралы өтініш беруге құқылы.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде алуға құқылы. БЖЗҚ Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңына сәйкес ұсынылатын салымшының (алушының) келісімімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" ақпараттық жүйесінен мүгедектікті белгілеу туралы мәліметтерге сұранысты дербес жасай алады.
Зейнетақы жинақтары төлеміне өтінішті БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі немесе сенім білдірілген тұлға арқылы, enpf.kz интернет-ресурсы, сондай-ақ пошта байланысы арқылы беруге болады.
2024 жылғы 01 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің шамамен 96,5% мөлшері міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) уақытылы аудару есебінен қалыптасты.
БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен МЗЖ немесе өсімпұлды аудару кезінде БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеу жөніндегі агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде жүзеге асырылады. Осылайша, қызметкерге ЖЗШ ашу үшін БЖЗҚ-ға өз бетінше жүгінудің қажеті жоқ.
Әлеуметтік Кодексте БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және аударуды, олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті мемлекеттік орган әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетіндігі көзделген.
Агенттің МЗЖ аударуы
Әлеуметтік кодекстің нормаларына сәйкес, МЗЖ төлеу жөніндегі агент (агент) — Қазақстан Республикасындағы қызметін шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен МЗЖ есептейтін, ұстап қалатын (есепке жазатын) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға.
Бұл ретте агенттерге МЗЖ-ны БЖЗҚ-ға уақытылы есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және төлеуді төмендегі тұлғалардың табыстарынан жүзеге асыру міндеті жүктелген:
- өзге де ақылы жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген), оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін жұмыскерлер, адамдар;
- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын, салық агенттерімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар.
Агенттер МЗЖ-ны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы аударады, ол өз кезегінде МЗЖ-ны жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес БЖЗҚ-ға аударады. Аударым деректемелерін enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөлімінен табуға болады.
МЗЖ-ны дербес төлеу
Әлеуметтік кодекстің нормаларына сәйкес БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеуді мына тұлғалар дербес жүзеге асыра алады:
- жеке кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалығының басшылары, олардың он сегіз жасқа толған мүшелері, сондай-ақ, өз пайдасына жеке практикамен айналысатын адамдар;
- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар;
- Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар.
Төлем жасаушылардың түріне қарай МЗЖ төлеудің егжей-тегжейлі тәртібі, мөлшерлемесі мен мерзімдері enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөлімінде көрсетілген.
Атап кетейік, Әлеуметтік кодекске сәйкес агент уақытылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған МЗЖ сомаларын, егер олар нақты төленген және қызметкер табыс алған болса, Мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе агент МЗЖ салымшыларының пайдасына әрбір кешіктірілген күн (Мемлекеттік корпорацияға төлем күнін қосқанда) үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен бірге аударуы тиіс.
БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден төмендегі адамдар босатылады:
- Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған адамдар;
- егер мүгедектік мерзімсіз уақытқа белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар босатылады. БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;
- әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
- еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар.
Қате есептелген соманы қайтару үшін салық агенті (жұмыс беруші) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын қайтару туралы өтініш беруі керек. Осы өтінішке салымшының (алушының) қате есептелген сомаларды оның жеке зейнетақы шотынан есептен шығаруға келіскені туралы нотариалды куәландырылған өтініші де қоса беріледі.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі аясында Қазақстанда жарналардың мынадай түрлері жүзеге асырылады: міндетті (қызметкер табысының жұмыс беруші ай сайын аударатын 10%), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (зиянды және қауіпті мамандықтарда еңбек етіп жүрген қызметкерлер табыстарының 5%, оны жұмыс беруші өз бюджетінен төлейді), сондай-ақ, 2024 жылдан бастап енгізілген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), 1975 жылы және одан кейін дүниеге келген барлық жұмыскерлер үшін (2024 жылы 1,5% басталып, біртіндеп өсірумен 2028 жылы 5% дейін). Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) да бар. Жеке тұлғалар ерікті зейнетақы жарналарын өздері және (немесе) жақындары үшін өз табысы есебінен, ал заңды тұлғалар – өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына аударады. Бұл жарналардың осы түрінің басты артықшылықтарының бірі.
Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер, Қазпошта арқылы, сондай-ақ, жұмыс берушіге өтініш беру жолымен аударуға болады. Жұмыс беруші осы өтініш негізінде ЕЗЖ-ны БЖЗҚ-ға мәлімделген адамның пайдасына аударады. ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін БЖЗҚ зейнетақы ережелеріне сәйкес алушы дербес айқындайды.
Шарт жасасу және ЕЗЖ бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ. ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ ашу өтінішсіз тәртіппен мынадай негізде жүзеге асырылады:
- БЖЗҚ-ға агенттер ЕЗЖ аудару кезінде ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері;
- жеке тұлғадан өз пайдасына немесе үшінші тұлғаның пайдасына ЕЗЖ аудару кезінде БЖЗҚ-ға түскен бастапқы жарна.
Пайдасына зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаны сәйкестендіру ЕЗЖ аудару кезіндегі төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күні) арқылы жүзеге асырылады. БЖЗҚ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді және өзге де мәліметтерді мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.
ҚР Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 248-бабының 3-тармағына сай:
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден келесі тұлғалар босатылады:
- Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 61 жасқа толғанда (жас бойынша бұл норма 2028 жылға дейін қолданыста болады, 2028 жылдан бастап 2031 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы 63 жасқа толғанға дейін жыл сайын 0,5 жасқа артып отырады));
- егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;
- әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
- еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар.
МЗЖ Әлеуметтік кодексте[1], Салық кодексінде[2] және №525 Қағидада[3] белгіленген тәртіппен және мерзімдерде БЖЗҚ-ға төленеді.
ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабының 4-тармағының
1) тармақшасына сай МЗЖ төлеуді, ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР, оның ішінде шаруа және фермер қожалығының басшылары, олардың он сегіз жасқа толған мүшелері, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдар ӨЗ ПАЙДАСЫНА, ӨЗ БЕТІНШЕ ТӨЛЕЙДІ.
Бұл ретте ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабының 1-тармағына сәйкес БЖЗҚ-дағы МЗЖ ҚР Әлеуметтік кодексінде анықталатын мөлшерлемелер бойынша төленуі тиіс.
МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ есептеуге арналған кіріске еңбекке ақы төлеудің ақшалай түрдегі барлық түрлері және өзге де кірістер енгізіледі (ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабының 8-тармағы).
МЗЖ төлеуден келесі тұлғалар босатылатынына назарыңызды аударамыз:
1) зейнет жасына жеткен адамдар (ҚР Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағына сәйкес);
2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар. БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеу аталған тұлғалардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;
3) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар.
ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабының 11-тармағына сай, ҚР Әлеуметтік кодексінің 256-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жазылған МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ және (немесе) өсімпұлдарды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
[1] Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
[2] Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)» кодексі
[3] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №525 «МЗЖ, МКЗЖ есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және БЖЗҚ-ға аудару және олар бойынша өндіріп алу (11, 12-тармақтар) қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қаулысына сай Мемлекеттік корпорацияға МЗЖ, оның ішінде берешек аударылады, Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес МЗЖ аударады.
МЗЖ салымшыларының МЗЖ сомасы Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен БЖЗҚ-ға аударылады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, МЗЖ салымшыларының МЗЖ сомасы БЖЗҚ-ға үш жұмыс күні ішінде аударылатынын хабарлаймыз.
Аударылған зейнетақы жарнасы болмаған жағдайда, ақпаратты нақтылау үшін зейнетақы қызметтерін тұтынушыларға Мемлекеттік корпорацияға жүгінуге кеңес беру қажет. Сондай-ақ, 1418 телефоны бойынша қоңырау шалуға болады (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 248-бабының 9-тармағына сәйкес, ұсталған (есепке жазылған) МЗЖ, МКЗЖ Қазақстан Республикасының Үкімет анықтаған тәртіпте Мемлекеттік корпорацияға аударылады. МЗЖ, МКЗЖ төлеуді:
- жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын тұлғалар, қызметкерлерге төленген табыстардан, сондай-ақ мәні жұмысты орындау (қызмет көрсету) болып табылатын, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғаларға төленген табыстардан - табыстар төленген айдан кейiнгi айдың 25-күнінен кешiктiрмей жүзеге асырады;
- жеке кәсiпкерлер (осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жеке кәсіпкерлерден басқа), шаруа немесе фермерлік қожалықтар, жеке практикамен айналысатын тұлғалар өзінің пайдасына - есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады;
- патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын жеке кәсiпкерлер - Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)» кодексінде патент құнын төлеу үшiн көзделген мерзiмде жүзеге асырады;
- Мемлекеттік корпорация - әлеуметтiк төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады;
- сақтандыру ұйымы - жалақыдан (табыстан) айырылумен байланысты залалды өтеу ретінде сақтандыру төлемін жүзеге асыратын айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады;
- осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдар - егер Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)» кодексінде өзгеше көзделмесе, кірістер төленетін айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының «Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер (Салық кодексі)» кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде жүзеге асырады.
МЗЖ аудару бойынша ақпаратпен Қордың сайтында (www.enpf.kz) «Қызметтер» бөлімінде танысуға болатынын қосымша хабарлаймыз.