Сұрақ - жауап
Зейнетақы жүйесі
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (уәкілетті мемлекеттік орган ретінде) зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат берілген барлық инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) ерекше талаптар қойды.
ИПБ-лардың инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы, салымшылардың активтерін басқаруда табысты тәжірибесі, бірнеше жылдық жұмыстарының қорытындылары бойынша оң нәтижелері, зейнетақы активтерін инвестициялау кезінде ықтимал шығындарды жабу үшін жеткілікті меншікті капиталы және т.б. болуы тиіс. Бұдан басқа, олар БЖЗҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт, сондай-ақ, БЖЗҚ және кастодиан банкпен үш жақты кастодиандық шарт жасасуға міндетті.
Қазір зейнетақы активтерін басқару үшін барлық талаптарға сай келетін ИПБ тізіліміне бес компания кіреді: "Jusan Invest" АҚ, "BCC Invest" АҚ, "Сентрас Секьюритиз" АҚ, "Halyk Finance "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ" АҚ, "Halyk Global Markets"АҚ.
ИПБ-лардың өзіндік инвестициялық стратегиялары бар және инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес анықтайды. Олар зейнетақы активтерін қандай қаржы құралдарына инвестициялау керектігін Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында (ҚРҰБ Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген) рұқсат етілген тізбе шеңберінде шешеді.
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудармас бұрын БЖЗҚ сайтындағы олардың инвестициялық декларацияларын, инвестициялық портфельдерінің құрылымын, инвестициялық қызметтерінің көрсеткіштерін зерделеу ұсынылады. ИПБ-лар, олардың стратегиясы, сондай-ақ, комиссиялық сыйақысы (ол инвестициялық кірістің 7,5%-нан аспауы тиіс) туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" - "Инвестициялық портфельді басқарушылар тізбесі" бөлімінде орналастырылған. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру бойынша толық статистика "Көрсеткіштер" - "Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру" бөлімінде қолжетімді.
БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударып, зейнетақы аннуитеті шартын жасаса алады.
Негізгі шарттар:
- Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеушілердің жасы 45-тен асуы қажет
- Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) төлеушілердің жасы 40-тан жоғары болуы тиіс
- Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% төмен емес мөлшерінде төлемдерді қамтамасыз ететін зейнетақы жинақтарының жеткілікті сомасы болуы керек. Нақты есептеуді сақтандыру ұйымы жасайды.
Маңызды дәйектер:
- Шарт жасасу үшін таңдалған сақтандыру ұйымына жүгіну қажет
- Аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын, бірақ белгілі бір жастан ерте емес: ерлерге 55 жастан, 2024 жылы әйелдерге - 53 жастан жүргізіледі.
Егер шарт МКЗЖ есебінен жасалған болса, онда бұл адамдар үшін төлемдер олар 50 жасқа толған кезде жүзеге асырылады.
- Егер жинақ жеткіліксіз болса, ерікті зейнетақы жарналарын пайдалануға болады
- Шарт ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар болып табылатын екі сақтанушымен бірігіп жасалуы мүмкін
- Сақтандырылған тұлғалар шарт жасалғаннан кейін екі жылдан кейін төлем мөлшерін азайтып, ақшаны БЖЗҚ-ға қайтару арқылы оның талаптарын өзгерте алады
- Сақтандыру төлемдері өмір бойы жүзеге асырылады
- Шарт талаптарын, оның ішінде зейнетақы жинақтарының мұрагерлігі бөлігін мұқият зерделеуді ұсынамыз.
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына аударуға берілген өтініштің мәртебесін БЖЗҚ-ның веб-сайтындағы жеке кабинетте және БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасында «Менің төлемдерге/аударымдарға өтініштерім» деген бетбелгіде қадағалауға болады.
МЗЖ есептеу және аудару тәртібі туралы толық ақпаратпен Қордың www.enpf.kz сайтында танысуға болады.
Кодекстің 226-бабының 13-тармағына сай зейнетақы аннуитеті шартын жасаған адамдар оны жасаған күннен бастап екі жылдан кейін сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту бөлігінде шарттың талаптарын өзгерту және БЖЗҚ-ға ақшаны қайтару туралы өтінішпен сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.
БЖЗҚ-ға қайтарылуы тиіс ақша сомасы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сатып алу сомасы мен зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні Кодекстің 225-бабының 2-тармағында айқындалған төлем мөлшеріне қарай есептелген сақтандыру сыйлықақысы сомасының арасындағы айырмаға тең.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің әрі сәйкес:
міндетті зейнетақы жарналары әрі есебінен қалыптастырылған жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына аударуға құқығы бар тұлғалар келесілер болып табылады:
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 225-бабының 1-тармағына сәйкес:
- міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына (бұдан әрі - СҰ) аударуға құқығы бар тұлғалар келесілер болып табылады:
- зейнет жасына жеткен адамдар:
ерлер – 63 жасқа толғанда;
әйелдер – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 61,5 жасқа толғанда; 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 62 жасқа толғанда; 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап 62,5 жасқа толғанда; 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда;
- 45 жасқа толған адамдар, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті болған кезде;
- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан СҰ-ға аударуға құқығы бар тұлғалар келесілер болып табылады:
- зейнет жасына жеткен адамдар:
ерлер – 63 жасқа толғанда;
әйелдер – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 61,5 жасқа толғанда; 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 62 жасқа толғанда; 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап 62,5 жасқа толғанда; 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда;
- өздеріне МКЗЖ жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 ай төленген, 40 жасқа толған адамдар, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті болған кезде.
МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары пайдаланылуы мүмкін.
Зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 ай МКЗЖ төленген, 40 жасқа толған адамдар МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқылы.
Сақтандыру ұйымынан төленетін айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасау күнінде қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының (екі тұлға зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда күнкөріс деңгейінің 1,4 еселенген мөлшері) 70 пайызынан төмен болмауы тиіс.
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандырылғандардың бірі қайтыс болған жағдайда, екінші сақтандырылушы үшін СҰ-дан айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күні қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болмауы тиіс.
Кодекстің 35-бабының 2-тармағының 15) тармақшасымен БЖЗҚ Кодексте және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіпте МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның (зейнетақы төлемдерін алушының) зейнетақы жинақтарын СҰ-ға аударуға міндетті екені белгіленген.
БЖЗҚ-ға беру тәсіліне қарай зейнетақы жинақтарын СҰ-ға аудару үшін қажетті құжаттардың өзекті тізбесі БЖЗҚ-ның www.enpf.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында орналастырылған.
Бұл ретте Кодекстің 226-бабының 11-тармағына сай СҰ сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеуді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген әдістемеге сәйкес жүзеге асырады.
БЖЗҚ өтініш берушіге және (немесе) алушыға немесе сенім білдірілген адамға зейнетақы жинағын аудару туралы өтінішті қабылдау және орындау мүмкін еместігінің себептерін көрсете отырып, келесі жағдайларда жазбаша нысанда дәлелді жауап жібереді:
- құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда;
- өтініш берушінің және (немесе) алушының жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) зейнетақы аннуитеті шартында және (немесе) БЖЗҚ-ның дерекқорында көрсетілген тегіне, атына, әкесінің атына (бар болса), туған күніне, ЖСН-ге сәйкес келмеген жағдайда;
- өтініш берушінің және (немесе) алушының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары болмаған не өтініш берушінің және (немесе) алушының атына ашылған жеке зейнетақы шоты болмаған жағдайда;
- зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініш берген күнге өтініш берушінің және (немесе) алушының немесе сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжат жарамсыз болған жағдайда;
- зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтінішпен жүгінген күнге сенімхаттың қолданылу мерзімі өткен жағдайда не сенімхат Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген, өтініш берушінің және (немесе) алушының атынан зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтінішке қол қою жөніндегі өкілеттік болмаған жағдайда (сенім білдірілген өкіл арқылы жүгінген жағдайда);
- міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) ерікті зейнетақы жарналарын (бар болса) есепке алу үшін өтініш берушінің және (немесе) алушының жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтінішті берген күні зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген зейнетақы жинақтарының сомасынан аз болған жағдайда;
- егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адам өтініш беруші және (немесе) алушы болып табылса, өтініш берушіде және (немесе) алушыда мүгедектігі мерзімсіз белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектігінің белгіленгені туралы мәліметтер болмаған жағдайда;
- егер өтініш беруші және (немесе) алушы қырық жасқа толған тұлға болып табылса, зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініш берген күні жиынтығында 60 (алпыс) күнтізбелік айдан кем МКЗЖ төленген жағдайда.
Кодекстің 228-бабының 1-тармағына сай БЖЗҚ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға міндетті.
Зейнетақы активтерін ИПБ сенімгерлік басқаруына бастапқы бергеннен кейін салымшы жылына бір реттен жиі емес мерзімде өзінің зейнетақы жинақтарын ИПБ-ден екіншісіне басқаруға беру үшін БЖЗҚ-ға өтініш беруге құқылы. Егер сіз жинақтарды ҚРҰБ қайтару туралы шешім онда мұны ҚРҰБ-дан ИПБ-ге жылдан жүзеге асыруға болады.
Зейнетақы активтерін ИПБ-ге сенімгерлік бір ИПБ-ден екінші зейнетақы жинақтарын ИПБ-ді басқарудан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне басқаруға қайтару мақсатында салымшы БЖЗҚ-ға электрондық цифрлық қолтаңбамен не қол қойылған жеке өтініш жолымен БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы береді.
Салымшы зейнет жасына жеткенге дейін жұмыс күні бұрын салымшының МЗЖ және МКЗЖ есебінен барлық зейнетақы жинақтары Ұлттық Банктің инвестициялық басқаруына автоматты түрде қайтарылатынын атап өтеміз.
Өзіңіздің зейнетақы жинағыңыздың бір бөлігін бір немесе бірнеше басқарушы компанияларға (инвестициялық портфельді басқарушыларға - ИПБ) аударуға шешім қабылдай отырып, ең алдымен www.enpf.kz сайтында «Қызметтер» - «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару» бөлімінде не болмаса https://www.enpf.kz/ru/services/Invest/ сілтемесі бойынша жұмыс істеп тұрған ИПБ тізбесімен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеп шығуға кеңес береміз.
Сондай-ақ салымшы БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтында «Қызметтер» - «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару» бөлімінде, әрі қарай «Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі» шағын бөлімінде не болмаса https://www.enpf.kz/ru/services/Invest/register.php сілтемесі бойынша жұмыс істеп тұрған ИПБ тізбесімен және олар ұсынатын инвестициялық декларациялармен таныса алады.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 37-бабының 5-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ) аударылған жеке тұлғаның ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берілуге жататын зейнетақы жинақтары:
- - МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ таңдау (өзгерту) туралы өтініші келіп түскен күнге осы тұлғаның жеке зейнетақы шотындағы (бұдан әрі - ЖЗШ) зейнетақы жинақтары сомасының елу пайызынан (50%) аспауы тиіс.
ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына одан кейін беру кезінде зейнетақы жинақтарының көлемі ИПБ-ның инвестициялық кірісі ескеріле отырып, бұрын берілген зейнетақы жинақтары есепке алынып анықталады (өтініш беру зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі); не болмаса - сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда олардың ЖЗШ-дағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауы тиіс.
ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруге жататын ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары ЕЗЖ есепке алуға арналған ЖЗШ-да бар зейнетақы жинақтарынан аспайды.
Әрі қарай зейнетақы жинақтарын аудару үшін немесе ИПБ-ның сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚР ҰБ) сенімгерлік басқаруына қайтару үшін салымшы БЖЗҚ-ға инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы немесе инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтінішпен (өтініш) жүгінуі тиіс, өтінішті enpf.kz сайтында Жеке кабинет арқылы не болмаса БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне жеке өзі келгенде бере алады.
Жеке өзі жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжатты не болмаса цифрлық құжаттар сервисі арқылы оның цифрлық (электрондық) нұсқасын көрсетіп, тиісті өтінішке қол қою қажет.
Біздің филиалдарымыздың жұмыс тәртібі мен түзімі, сондай-ақ орналасқан жері туралы өзекті ақпаратпен Интернеттегі www.enpf.kz web-сайтында, «Байланыстар», әрі қарай «Өңірлік желі» бөлімінде не болмаса келесі https://www.enpf.kz/ru/contacts/regionalnaya-set/index.php сілтемесі бойынша танысуға болады.
Www.enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы өтініш беру кезінде келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:
-
Жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен не болмаса логин мен пароль бойынша авторизациялану. Жеке кабинетке сайттың бас парақшасынан не болмаса «Электрондық сервистер» бөлімінде кіруге болады.
-
Жеке кабинеттің басты бетінде зейнетақы жинақтарының сомасын тексеру және ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін қолжетімді, МЗЖ және (немесе) МКЗЖ және (немесе) ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары сомасының бар-жоғына көз жеткізу.
-
БЖЗҚ-ның сайтында Жеке кабинетте авторизациядан өткеннен кейін «Қызметтер» бөлімінде «Инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы немесе инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру» қосымша бетіне өту.
-
Өтініштің электрондық нысанын толтырар алдында «Иә» немесе «Жоқ» деген батырмаларды басу арқылы зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударуды растауды талап ететін хабарлама шығады. Салымшының жеке басын куәландыратын құжат, мекенжайы және байланыс деректері туралы мәліметтер БЖЗҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорынан автоматты түрде пайда болады, олар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорымен салыстырылады. Егер осы мәліметтердің кез келгені (мысалы, мекенжайы немесе телефоны) өзгерсе, түзетулер енгізуге болады.
-
«Аудару шарттары» блогында:
- операция түрін (ИПБ таңдау не ИПБ өзгерту, не ҚР ҰБ-ға қайтару) көрсету қажет;
- зейнетақы жинақтарын (МЗЖ немесе МКЗЖ немесе ЕЗЖ) аударғыңыз келетін, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелерін таңдау;
- ұсынылып отырған ИПБ Анықтамалығынан зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аударғыңыз келетін ИПБ атауын немесе ҚР ҰБ (зейнетақы жинақтарын ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруына қайтарған жағдайда) таңдау;
- «ИПБ өзгерту» немесе «ҚР ҰБ-ға қайтару» операциясының түрін таңдаған жағдайда аударым мөлшерін («Ішінара аудару» немесе «Қосалқы шоттағы қаражат мөлшерінде») таңдау;
- ішінара аудару кезінде сенімгерлік басқаруға аударылуға не ҚР ҰБ-ға қайтарылуға жататын соманы көрсету;
- ұсынылған ақпаратпен танысу және келісетінін/келіспейтінін білдіру.
- Өтініштің барлық өрістерін толтырғаннан кейін барлық деректемелердің дұрыстығын тексеру қажет. Қажет болған жағдайда ЭЦҚ кілтімен қол қойылғанға дейін зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару туралы өтініштің күшін жоюға болады.
-
Жеке кабинеттің Басты бетінде «Менің төлемдерге / аударымдарға өтініштерім» деген шағын бөлімде өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау. БЖЗҚ салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударады. Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі (бар болса) Ұлттық банктің басқаруында болады. ИПБ-ның инвестициялық басқаруына берілген зейнетақы жинақтары алып қоюға болатын біржолғы зейнетақы төлемдеріне жатпайды және ИПБ-ға аудару сәтінде оларға жеке табыс салығы салынбайды.
БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген және ИПБ-ның инвестициялық декларациясында көзделген, Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген, рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.
Кодекске сәйкес ИПБ инвестициялық басқару үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ-ның сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық кірістің 7,5%-нан аспауы тиіс. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқару органы бекітетін болады және жылына бір реттен жиілетпей, өзгеруі мүмкін.
Зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына бастапқы бергеннен кейін салымшы:
-
жылына бір реттен жиілетпей, өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беру үшін БЖЗҚ-ға өтініш беруге;
-
ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚР ҰБ-ның сенімгерлік басқаруына қайтару үшін БЖЗҚ-ға өтініш беруге (зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап бір жылдан ерте болмайтын мерзімде) құқылы.
Салымшы зейнет жасына жеткеннен бастап 10 жұмыс күні ішінде салымшының зейнетақы жинақтары ҚР ҰБ-ның инвестициялық басқаруына қайтарылады.
Кодекстің 217-бабына сәйкес салымшы зейнетақы жасына жеткенге дейін зейнетақы жинақтары ҚР ҰБ басқаруында болған кезеңде инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік қолданылады. Зейнетақы жинақтары ИПБ-ның басқаруына аударылған кезде мемлекеттің кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта жұмыс істейтін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігінен есептелетін болады. Зейнетақы активтері бойынша ең төменгі кірістілік және орташа алынған кірістілік көрсеткіштері туралы ақпарат ай сайын жарияланатын болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен БЖЗҚ арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады.
БЖЗҚ мен ИПБ арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт (бұдан әрі – зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт) негізінде инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруді бір мезгілде келесі шарттар орындалған кезде жүзеге асырады:
- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) аударылған жеке тұлғаның БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша және құжаттарды қоса бере отырып, ИПБ таңдау (өзгерту) туралы жазбаша өтініші болған кезде;
- зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт, сондай-ақ БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан банк арасында жасалған кастодиандық шарт болған кезде;
- МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берілуге жататын зейнетақы жинақтары: МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ таңдау (өзгерту) туралы өтініші келіп түскен күнге осы тұлғаның жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтары сомасының елу пайызынан аспаған жағдайда.
- ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруге жататын, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары ЕЗЖ есепке алуға арналған ЖЗШ-да бар зейнетақы жинақтарынан аспаған жағдайда;
- МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның өтінішінде көрсетілген ИПБ Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда.
ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына әрі қарай беру кезінде зейнетақы жинақтарының көлемі ИПБ-ның инвестициялық кірісі ескеріле отырып, бұрын берілген зейнетақы жинақтары есепке алынып анықталады (өтініш беру зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі);
не болмаса сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда олардың ЖЗШ-дағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспаған жағдайда;
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 37-бабының 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы өтініште көрсетілген зейнетақы жинақтарының сомасына сәйкес сомада, Кодекстің 37-бабының 5-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шектеулерді ескере отырып, БЖЗҚ зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына береді.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда БЖЗҚ Кодекстің 37-бабының 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруден бас тартады.
ИПБ өзінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін басқа тұлғаның сенімгерлік басқаруына беруге құқылы емес.
Жұмыс істеп тұрған ИПБ тізімімен және олардың инвестициялық декларацияларымен БЖЗҚ-ның сайтында (www.enpf.kz) «Қызметтер» бөлімінде танысуға болады.