Сұрақ - жауап

Мысалы: Жинақтар

Зейнетақы жүйесі

Зейнетақы аннуитеті шарты жасалуы мүмкін?

Сақтанушының қалауы бойынша зейнетақы аннуитеті шарты (бұдан әрі - ЗАШ) сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтандырушының интернет-ресурсын немесе сақтандыру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі - БСДҚ) – "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ-ның (бұдан әрі - МКБ) қатысуымен құрылған интернет-ресурсты пайдалана отырып сақтанушы мен сақтандырушы арасында ақпарат алмасу жолымен жасалуы мүмкін.

Осылайша, жаңашылдықтарға сәйкес, 01.01.2024 ж. бастап сақтандыру ұйымдарымен ЗАШ жасасқан салымшыларға (алушыларға) БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы өтінішпен жүгінбеуге болады.

Бұл ретте сақтандыру ұйымдары МКБ иесі болып табылатын бірыңғай сақтандыру дерекқорына (БСДҚ) жасалған ЗАШ туралы мәліметтерді беру арқылы БЖЗҚ-мен жасалған ЗАШ бойынша деректер алмасуға міндетті болады.

Өз кезегінде МКБ БЖЗҚ-мен жасалған тиісті келісім негізінде БЖЗҚ-ға сақтандыру ұйымдарынан алынған, жасалған ЗАШ туралы мәліметтерді беретін болады. Жасалған ЗАШ бойынша МКБ арқылы деректер алмасу тәртібі мен мерзімдері № 44 Қағидаларда реттелген.

БЖЗҚ № 44 Қағидаларға сәйкес МКБ-дан мәліметтер алған кезде ҚР заңнамасының талаптары сәйкес келген жағдайда, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына МКБ-дан жасалған ЗАШ туралы мәліметтерді алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде аударады.

Сонымен қатар, өтініш берушінің зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын ұсына отырып, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы өтініш беру мақсатында БЖЗҚ-ға жүгіну құқығы сақталады.

«БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың аталған өзгерістер туралы түсініктемесі Қордың You-tube арнасында жарияланған және мына сілтеме бойынша қолжетімді:   https://www.youtube.com/watch?v=YgvNjhZB38A (қазақ тілінде)

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ж.Б. Құрмановтың аталған өзгерістер туралы түсініктемесі Қордың You-tube арнасында жарияланған және мына сілтеме бойынша қолжетімді:   https://www.youtube.com/watch?v=jyJKlHbLvVY (орыс тілінде)