Сұрақ - жауап
Зейнетақы жүйесі
Жыл сайын «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша балаларға Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігінің инвестициялық кірісінің 50% есептеледі. Есептеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - ҚР ҰБ) жүзеге асырады. Бұл ретте Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігін инвестициялаудан алынған инвестициялық кіріс есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл бойынша орташаланады. Сонымен қатар, өткен жылдардағы балаларға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында АҚШ долларымен инвестициялануды жалғастырады. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептеледі.
Осылайша, балалардың жыл сайынғы сомасы Ұлттық қордың инвестициялық қызметінің нәтижелері бойынша айқындалатын болады.
БЖЗҚ инвестициялық кірістің жалпы сомасын (балалардың шоттарына есептеу үшін ҚР ҰБ жыл сайын айқындайтын) және Қазақстан азаматтары болып табылатын барлық балалардың санын негізге ала отырып, әрбір есепті жыл үшін Бағдарламаға қатысушы әрбір балаға нысаналы талаптардың сомасын есептейтін болады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, болашақта 18 жасқа толған әр балаға төленетін нысаналы жинақтар сомасы қандай болатынын алдын-ала нақты есептеу мүмкін емес. Ол Ұлттық қордың жинақталған активтерінің көлемімен, оның тарихи инвестициялық кірістілігі бойынша нәтижелермен және Бағдарламаға қатысушы балалардың санымен айқындалатын болады.
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы білім алу және тұрғын үй жағдайларын жақсарту мәселелерін шешуге ықпал ететін жалғыз бағдарлама емес.
2013 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі (бұдан әрі - МБЖЖ) жұмыс істейді. Оның көмегімен Қазақстанда да, шетелде де ақылы кәсіптік және жоғары білім алу үшін ақша жинауға болады.
Бұл жүйе ата-аналарға бала туылғаннан бастап оның оқу ақысын төлеуге қаражат жинауға мүмкіндік береді. Қазақстанның кез келген азаматы өзіне немесе екінші деңгейдегі банкте баланың атына білім беру салымын аша алады немесе сақтандыру компаниясымен білім беру жинақтаушы сақтандыру шартын жасаса алады, сондай-ақ, инвестициялық кіріске қоса мемлекеттің сыйақысын қосымша жыл сайын ала алады. Мемлекет МБЖЖ-ның барлық салымшылары үшін іс жүзінде білім алу шығындарын төлеуге жинақ қалыптастыруды қаржыландырады. Осылайша, МБЖЖ-дағы жинақтар «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы бойынша берілетін жинақтармен бірге оқу ақысын төлеуге және білім алуға көмектесе алады.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша нысаналы жинақтар «Отбасы Банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыруға бағытталуы немесе түрлі ипотекалық бағдарламалар бойынша қаражатқа қосылуы мүмкін.
• банктік шоттардағы ақшаны қамауға алу немесе өндіріп алу;
• банктік шоттардағы қаражаттар бойынша шығыс операцияларын тоқтату;
• жинақты алушының келісімінсіз ақшаны алу;
• банктегі ақшаға қолдануды уақытша шектеу;
• жеке табыс салығы ретінде салық салу тыйым салынады.
Ұлттық қордан нысаналы жинақтарды БЖЗҚ-ға аударғаннан кейін АҚШ долларындағы нысаналы жинақтар қаржы құралдарына инвестицияланбайды және нысаналы жинақтарды алушылардың немесе мұрагерлердің алуы үшін қолжетімді болады.
Мемлекеттік жәрдемақы алатын балалар (мысалы, мүгедектік бойынша, көп балалы отбасылар) «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына барлық балалармен тең дәрежеде қатысады.
Жақын туыстарының пайдасына тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе оқу ақысын төлеу мақсатында мақсатты жинақ төлемдерін беру қолданыстағы заңнамада көзделмеген.
Нысаналы талаптардың қатысушылары тізіміне енгізілмеген және нысаналы талаптардың қатысушыларының жалпы санын есептеу кезінде есепке алынбаған, бірақ нысаналы талаптардың қатысушысы болуға құқығы бар тұлғалар жүгінген кезде нысаналы талаптар өтініш берілген жылдан кейінгі жылы өткізіп алған (өткізіп алған) кезең (кезеңдер) үшін есептеледі.
Бұл ретте заңды өкілдерге ұсынатынымыз:
келесілерді тексеру:
балада жеке басын куәландыратын құжаттың болуын (туу туралы куәлік, 16 жастан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі);
жеке басын куәландыратын құжатта деректемелердің (аты-жөні, т. б., ЖСН, азаматтығы) болуын және олардың дұрыстығын;
«электрондық үкімет» веб-порталындағы өзінің жеке кабинетінде балалар туралы мәліметтердің болуын, тіркелуін және дұрыстығын;
егер балада:
жеке басын куәландыратын құжат, ЖСН жоқ болса, тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) жүгіну қажет;
азаматтығы жоқ немесе анықталмаған немесе дұрыс көрсетілмеген болса, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну қажет.
БЖЗҚ-ның нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтар мен нысаналы активтерді есепке алуды жүргізу тәртібін бақылауды Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
БЖЗҚ «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан (ЖТ МДҚ) алынған мәліметтер негізінде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін дербес қалыптастырады.
Нысаналы жинақтар шоты БЖЗҚ-да бала кәмелетке толған жылы нысаналы жинақтардың сомасын АҚШ долларымен есептей отырып автоматты түрде ашылады.
18 жасқа толғаннан кейін нысаналы жинақтарды алушылар жинақтарды екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайын жақсартуға және (немесе) білім беру ақысын төлеуге пайдалану құқығына ие болады.
18 жасқа толғаннан кейін не оған дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамдар нысаналы жинақтарды пайдалану құқығынан айырылады.
Уәкілетті оператор нысаналы жинақтар төлемдерін қайтару бойынша жұмысты келесідей жағдайда жүргізеді:
• нысаналы жинақтарды алушы не оның заңды өкілі уәкілетті операторға нысаналы жинақтардың барлық сомасын немесе бір бөлігін БЖЗҚ-ға қайтаруға өтініш бергенде;
• нысаналы жинақтармен толықтырылған, мемлекеттік білім берудің жинақтаушы жүйесі шеңберінде жасалған білім беру жинақтаушы салымы туралы шартты немесе білім беру жинақтаушы сақтандыру шартын бұзғанда;
• нысаналы жинақтарды алушы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім алуға ақы төлеуіне барлық қажетті құжаттарды ұсынбағанда;
• техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын екінші деңгейдегі банктерден немесе сақтандыру ұйымдарынан немесе білім беру ұйымдарынан нысаналы жинақтар төлемдері қайтарылған жағдайда.
Нысаналы талаптарға қатысушы қайтыс болған не нысаналы жинақтарды алушыны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген жағдайда, оның нысаналы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Нысаналы жинақтар төлемдерін есептеу үшін мұрагерлер АҚШ долларымен уәкілетті операторда банктік шот ашады.
Мүлікке (материалдық немесе материалдық емес) мұрагерлік құқығы жөніндегі мәселелер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 6-бөлімімен реттеледі.
Бағдарламаға қатысушы қайтыс болған не қайтыс болды деп жарияланған кезде нысаналы жинақтар мұрагерге (мұрагерлерге) БЖЗҚ-ға тиісті құжаттар ұсынылған кезде төленеді.
Бұл ретте мұрагер (мұрагерлер) қаржы нысаналы жинақтар шотына есептелгеннен кейін нысаналы жинақтар төлемін алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінеді.
Қайтыс болған Бағдарламаға қатысушылардың нысаналы жинақтарының талап етілмеген сомалары нысаналы жинақтар шоттарында есепке алынады және ерікті зейнетақы жарналарын есепке алатын жеке зейнетақы шотына аударылмайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығы он сегіз жасқа толғанға дейін немесе одан кейін тоқтатылған кезде нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы нысаналы жинақтар төлемін алу құқығынан айырылады, бұл ретте:
• Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан нысаналы талаптарға қатысушының нысаналы талаптары белгіленген тәртіппен нысаналы талаптардың басқа қатысушылары арасында бөлінуге жатады;
• нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтары нысаналы жинақтарды алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы ЖТ МДҚ-дан мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде алушының нысаналы жинақтау шотынан есептен шығарылады және БЖЗҚ-ның келесі есепті жылғы нысаналы жинақтарды алушылар алдындағы міндеттемелері ретінде есепке алынады. Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шоты жабылады.
Қайтыс болған қатысушының немесе нысаналы жинақтарды алушының мұрагері (мұрагерлері) нысаналы жинақтар төлемі үшін қайтыс болған тұлғалардың нысаналы жинақтары БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына есептелгеннен кейін ғана БЖЗҚ-ға жүгінеді.
БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғаның қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін қажетті құжаттардың өзекті тізбесі, сондай-ақ, өтініштердің бланкілері және төлем валютасының түріне байланысты оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі БЖЗҚ www.enpf.kz веб-сайтында орналастырылған.
Төлемдерді есептеу үшін мұрагерлер уәкілетті операторда АҚШ долларымен банктік шот ашады.
Бұл ретте мұрагерлер ақшаны кез келген мақсатта пайдалана алады, яғни оларды нысаналы пайдалану жөніндегі міндетті талап жойылады.
Нысаналы жинақтау шотындағы нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толған және Қазақстан Республикасының азаматтығы болған жағдайда, мақсатты пайдалануға сәйкес қолда бар нысаналы жинақтар шегінде шектеусіз рет пайдалана алады
БЖЗҚ міндетті:
1) нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттарын ашуды жүзеге асыруға;
2) нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарындағы нысаналы жинақтарды есептеуді және есепке алуды, нысаналы жинақтарды алушыға нысаналы жинақтау шотынан уәкілетті операторлардың шоттарына төлеуді, нысаналы жинақтардың қайтарылуын есепке алуды жүзеге асыруға;
3) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсы және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай мәліметтерді тегін ұсынуға міндетті:
- нысаналы талаптардың қатысушысына немесе оның заңды өкіліне нысаналы талаптардың сомасы туралы;
- нысаналы жинақтау шотын ашқан күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге нысаналы жинақтарды алушының сұрау салуы бойынша нысаналы жинақтау сомасы туралы;
4) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында нысаналы жинақтарды уәкілетті операторда ашылған алушылардың шоттарына, сондай-ақ, қайтыс болғандардың мұрагерлерінің не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушылардың немесе нысаналы жинақтарды алушылардың уәкілетті операторда ашылған банк шоттарына АҚШ долларымен төлеуді жүзеге асыруға;
5) нысаналы жинақтарды есепке алу, төлеу және қайтару мәселелері бойынша уәкілетті оператормен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
6) нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толғаннан кейін он жыл ішінде пайдаланылмаған нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шоттарынан ерікті зейнетақы жарналарын есепке алатын жеке зейнетақы шотына аударуды жүзеге асыруға.
Уәкілетті оператор (УО) міндетті:
1) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында БЖЗҚ аударатын нысаналы жинақтар төлемдерін есептеу үшін банктік шоттар ашуға және оларды жүргізуге;
2) УО интернет-ресурсы арқылы алушылардан не алушылардың заңды өкілдерінен (алушылардың әрекетке қабілетсіздігі (әрекет қабілеттілігі шектеулі) болған жағдайда) нысаналы жинақтарды төлеуге арналған өтініштерді УО мекенжайына қабылдауды жүзеге асыруға;
3) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақтар төлемдерінің нысаналы талабын растау жөніндегі құжаттарды қабылдауды және тексеруді жүзеге асыруға;
4) нысаналы жинақтарды олардың нысаналы талабы бойынша аударуға;
5) қайтару себептерін көрсете отырып, нысаналы жинақтарды төлеу сомаларын (АҚШ долларымен) БЖЗҚ-ға қайтаруды жүзеге асыруға.
Нысаналы жинақтарды төлеу сомасын айырбастауға, қайтарылған кезде қайтаруға уәкілетті оператордың қайтару сәтінде белгілеген валюта бағамы бойынша айырбасталған АҚШ долларындағы сома жатады.
Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушының БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шотына нысаналы жинақ төлемдерін аударуға (қайтаруға) байланысты айырбастауға байланысты шығыстар, банк қызметтерін төлеу нысаналы жинақтарды алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.