Филиалды таңдаңыз:
Вопросы физлиц (92)
|
Біржолғы зейнетақы төлемі - Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларында белгіленген тәртіппен салымшы (алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан алып қоятын, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сай, азаматтар тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға құқығы бар. Өз пайдасына немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының пайдасына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) емделуіне ақы төлеу үшін өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану құқығына БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бар адамдар мынадай шарттардың бірі болған кезде ие болады:
1) егер салымшының ЖЗШ-дағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асатын жағдайда. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы мен уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күнге Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін анықтау әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомадан аспауы тиіс;
2) зейнетақы мөлшері, ал отставкадағы судьялар үшін зейнетақы мен ай сайынғы қамтылым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіппен белгіленетін 20 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық табысын алмастыру коэффициентін қамтамасыз еткен жағдайда. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан бастапқы электрондық хабарлама алған күнге салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауы тиіс; Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кіріс есепке алынады;
3) егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса, ие болады. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауы тиіс. «Жеткіліктілік шегі» дегеніміз белгілі бір жастағы салымшы үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі қажетті сомасы, ол оның табысынан БЖЗҚ-ға келешектегі жүйелі зейнетақы жарналарының 10% есебімен (ең төменгі жалақыдан төмен емес) ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етеді. «Жеткіліктілік шегі» әйелдер мен ерлерге бірдей белгіленеді және әр жасқа есептеледі. Бұл ретте ол жаңа алушылар үшін қалыптасқан параметрлерге (кірістілік, құнсыздану, ең төменгі төлем мөлшері және т.б.) қарай қайта есептелетін болады.
Зейнетақы жинақтарының «жеткіліктілік шегі» есебімен Сіз БЖЗҚ-ның сайтынан мына төмендегі сілтеме арқылы біле аласыз: мұнда. БЖЗҚ-ның сайтында және мобильді қосымшасында, Telegram-да онлайн түзімде алуға/аударуға болатын қолжетімді сома туралы ақпаратты тексеру мүмкіндігі іске асырылған. Қордың корпоративтік сайтындағы Жеке кабинетте және мобильді қосымшасында авторизацияланудың екі тәсілі бар: ЖСН мен пароль енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолдану. Сондай-ақ мобильді қосымшаға қайта кіру кезінде ұялы құрылғыда бар болса, Touch ID немесе Face ID пайдалануға болады. Қолайлы болу үшін пайдаланушы қызмет көрсету тілін таңдай алады: қазақ немесе орыс тілдері.
Бұдан басқа, алу/аудару үшін қолжетімді сома туралы ақпаратты электрондық үкіметтің порталында және мобильді қосымшасында тексеруге болады. БЖЗҚ-да өз зейнетақы жинақтарын тексергеннен кейін тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану туралы шешім қабылдаған салымшылар (алушылар) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген уәкілетті операторға оның интернет-ресурсындағы электрондық өтініштерді толтыру және оларға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қою арқылы өтініш беруі тиіс. Өзінің өтінішінде салымшы (алушы) біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсатын және арнайы пайдалануға бағытталған қолжетімді соманы көрсетеді. Уәкілетті оператор салымшылардың (алушылардың) өтініштерін қарайды және мақұлдау туралы шешімді қабылдайды, уәкілетті операторда ашылған өтініш берушілердің арнайы шоттарына БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерін аудару бойынша БЖЗҚ-мен өзара әрекет етеді, біржолғы зейнетақы төлемдерінің мақсатты пайдаланылуын мониторингілейді.
БЖЗҚ-ға Уәкілетті оператордан келіп түскен БЗТ өтінімнің мәртебесін, БЖЗҚ сайтындағы «Төлемдерге/аударымдарға менің өтініштерім» электрондық қызмет көрсету арқылы салымшы өзі тексереді, БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасында.
Орындау мерзімі - қабылданған өтініш туралы УО-дан электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; бас тарту мерзімі - мынадай жағдайларда бас тарту себебін көрсете отырып, қабылданған өтініш туралы УО-дан электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
·мемлекеттік органдардың АЖ-да салымшының (алушының) жеке басты куәландыратын құжатының жарамсыздығы және (немесе) қайтыс болуы туралы мәліметтердің болуы;
· салымшының (алушының) БЖЗҚ-да ЗЖ-ның болмауы;
· салымшының (алушының) құқығының болмауы;
· салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен ЗЖ сомасы УО-дан электрондық хабарлама алған күні Зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес ЗЖ ең аз жеткіліктілік шегінен аспайды;
· жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушының зейнетақы төлемдерінің мөлшері жиынтығында Алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесіне сәйкес алушының орташа айлық кірісін 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етпейді.
Міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттары есебінен өтініш беруге болады.
Міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, жұмыс істейтін азаматтар өтініш беруге құқылы. Мақсатты пайдалану құқығы белгілі бір жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар азаматтар үшін қарастырылған. - Қалыптасқан зейнеткерлер (әлеуетті құрылымдар қатарындағы зейнеткерлерді қоса алғанда) – БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қалған сомасының 50%-ынан аспайтын шекте. Олардың зейнетақысының жиынтық мөлшері (жасы немесе еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыны, базалық зейнетақыны қоса алғанда) жоғалған табысты халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейде (кемінде 40%) алмастыруды қамтамасыз еткен жағдайда. - Сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан, оларға өмір бойғы аннуитеттік төлемдер қамтамасыз етілген тұлғалар.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) ережелеріне сәйкес біржолғы зейнетақы төлемі – салымшы (алушы) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан алатын МЗЖ және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы.
Зейнетақы жинақтары - салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотында ескерілетін, оған МЗЖ, МКЗЖ және ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық табыс, өсімпұл және шарттарға, Заңға, ҚР заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер кіретін ақшасы.
БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомаларына салық салу тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық Кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №382-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VI кодексі (бұдан әрі - Салық кодексі) «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемімен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу ерекшеліктері» 351-1-баппен толықтырылды. Салық кодексінің 351-1 бабының 1, 7-тармақтарына сай БЖЗҚ атынан салық агенті Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес есептелген біржолғы зейнетақы төлемін алушының уәкілетті операторда ашылған арнайы банктік шотына аударған кезде жеке табыс салығын (бұдан әрі - ЖТС) есептеуді жүргізеді.
Бұл ретте БЖЗҚ ЖТС-ын Салық кодексінің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді (10%) біржолғы зейнетақы төлемінің сомасына қолдану арқылы есептейді.
ЖТС сомасын ұстап қалу мен аударуды Салық кодексінің 351-1-бабының 2-тармағына сай мемлекеттік бюджетке жеке тұлғаның таңдауы бойынша келесі тәсілдердің бірі арқылы БЖЗҚ жүргізеді:
1) Салық кодексінің 351-бабында көзделген тәртіппен біржолғы зейнетақы төлемі жүзеге асырылған күннен кешіктірілмей бір рет;
2) БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесі бойынша он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен жүзеге асырылады.
Салық кодексінің 321-бабының 9) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның жылдық табысына оның табыстарының барлық түрлері, оның ішінде зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі табыс кіреді.
Бұл ретте, салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа келесі мөлшерлерде салықтық шегерім қолданылады:
1) Салық Кодексінің 345-бабының 1) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы төлемі жүзеге асырылатын әрбір ай үшін зейнетақы төлемі түріндегі табысты есептеу күніне қолданыста болатын 14 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) Салық Кодексінің 326-бабының 2) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы төлемі түрінде табысты есептеу күні қолданыста болатын 168 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (Салық кодексінің 345-бабының 1-тармағы Енгізу туралы заңның 33-бабында жазылған редакцияда).
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің 08.01.2021 жылғы № КГД-07-2-9-КГ/39514-КГД түсіндірмесіне сай, БЖЗҚ салық агенті деп танылып, біржолғы зейнетақы төлемімен ЖТС есептеуді жүргізетінін ескере келгенде, Салық кодексінің 345-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген салықтық шегерімдер, сондай-ақ Салық кодексінің 346-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген стандартты салықтық шегерімдер біржолғы зейнетақы төлеміне қолданылмайды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына (1-баптың 15-1) тармақшасы) сәйкес зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі – бұл Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес айқындалған, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері.
Басқаша айтқанда, ең төмен жеткіліктіліктің шегі - бұл болашақ зейнетақы жарналарымен жиынтықта зейнет жасына жеткен сәтте ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес жиынтық ай сайынғы төлемді қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төмен деңгейін қамтамасыз ететін зейнетақы жинақтарының сомасы (жарналарды да, инвестициялық табысты да қоса алғанда). Жиынтық ай сайынғы төлем деп БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемінің сомасы және базалық мемлекеттік төлемнің ең төмен мөлшері түсініледі. Болашақ зейнетақы жарналарын есептеу кезінде салымшы міндетті зейнетақы жарналарын жылына 12 рет ең төменгі жалақыдан зейнет жасына толғанға дейін жүзеге асыруды жалғастырады деп болжанады. Осылайша, ең төменгі жеткіліктілік шектерінің мөлшерін есептеу белгілі бір жасқа қарай адамның қанша табыс таба алатынына емес, зейнет жасына қарай жинақталған зейнетақы жинағының сомасы жоғарыда көрсетілген ең төменгі талаптарға сәйкес келуіне негізделеді
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес «зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақымен қамсыздандыру үшін қажетті, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері».
Ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен бекітілген (2021 жылғы 6 қаңтардағы өзгерістерімен және толықтыруларымен).
Көрсетілген Әдістемеге сәйкес ЕЖШ шамасы әр жас үшін есептеледі және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді. Бұл ретте әлеуметтік көрсеткіштер – «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы (ЕТЖ), ең төменгі зейнетақы (ЕТЗ), ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТК) пайдаланылады. Осыған байланысты ЕЗШ мөлшерін есептеу жыл сайын аталған көрсеткіштердің өсуін ескере отырып жүргізіледі.
* Ең төменгі жеткіліктілік шегін анықтау әдістемесі - зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін есептеуге қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларының 32-тармағының ережелеріне сәйкес қайтару:
1) алушы уәкілетті операторға алушының арнаулы шотына есепке жазылған біржолғы зейнетақы төлемінің бүкіл сомасын немесе оның бір бөлігін БЖЗҚ-ға қайтаруға өтініш берген;
2) алушы уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделуге ақы төлеуге пайдаланылғанын растайтын құжаттарды ұсынбаған;
3) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында аударылған біржолғы зейнетақы төлемдері басқа мақсатта пайдаланылған жағдайларда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда уәкілетті оператор алушыға уәкілетті оператордың интернет-ресурсы арқылы 5 (бес) жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануды растайтын құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы электрондық хабарлама жібереді. Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда алушы тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында өзі алған біржолғы зейнетақы төлемінің бүкіл сомасын немесе оның бір бөлігін уәкілетті оператордан ашылған өзінің арнаулы шотына қайтарады. Уәкілетті оператор алушы қайтаратын сома түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды БЖЗҚ-ға қайтаруды жүзеге асырады.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, уәкілетті оператор алушыдан қайтаруға өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға біржолғы зейнетақы төлемдерін қайтаруды жүзеге асырады
БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама шеңберінде келіп түсетін, уәкілетті операторға интернет-ресурс арқылы жеке тұлға беретін біржолғы зейнетақы төлеміне электрондық өтініштің негізінде жүзеге асырылады. БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін нысаналы пайдалану жөніндегі уәкілетті операторлар болып айқындалды:
- тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу мақсатында – «Отбасы Банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ;
- бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғын үйді және (немесе) тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту; бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғын үйді және (немесе) тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу; ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру мақсатында - екінші деңгейдегі банктер («Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ).
Алып қою үшін қолжетімді зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметтерді Сіз веб-сайттағы не БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасындағы Жеке кабинеттен, электрондық үкімет веб-порталынан 24/7 түзімінде ала аласыз.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 24 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларының 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы №ҚР ДСМ-18 бұйрығымен бекітілген Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларының 24-тармағына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 30-бабының 1-тармағында, 31-бабының 1-1-тармағында және (немесе) 32-бабының 1-1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде, БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының тұрғын үй жағдайларын жақсартуға алып қоюға немесе емделуге ақы төлеуге қолжетімді сомасы шегінде шектеусіз рет пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларының, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесінің, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесінің, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесінің 32-тармағына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсаттарына біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын мониторингілеуді уәкілетті оператор жүзеге асырады.
Заңның 31-бабының 1-1-тармағының және 32-бабының 1-1-тармағының ережелеріне сай БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғалар, оның ішінде салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан болса, өз пайдасына немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының емделуіне ақы төлеу үшін МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен біржолғы зейнетақы төлеміне құқығы бар.
Бұл ретте Заңның 30-бабының 1-тармағының ережесіне сәйкес аталған адамдарға МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен төленетін біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) ЖЗШ-сындағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен төленетін зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауы тиіс.
Осылайша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аударған адамдар жеке табыс салығын ескере отырып, МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының қалдығы шегінде біржолғы зейнетақы төлемін алуға құқылы.
Ең төменгі жеткіліктілік шегінің (ЕЖШ) мәндері әрбір жылға ағымдағы құндық мәнде теңгемен ұсынылады.
Алайда ЕЖШ айқындау әдістемесіне сай есептеулерде әлеуметтік көрсеткіштердің жыл сайынғы өсуін ескере отырып, болашақ зейнетақы жарналары мен төлемдерінің ұлғаюы ескеріледі. Ең төменгі зейнетақы мөлшері және ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер инфляцияны есепке алу үшін жыл сайын индекстеледі. Болашақ зейнетақы жарналары мен төлемдерін есептеу кезінде Әдістемеде пайдаланылатын әлеуметтік көрсеткіштерді индекстеу мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайынғы негізде айқындайды.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес ең төменгі жеткіліктілік шегін (ЕЖШ) есептеу кезінде ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер пайдаланылады, олар Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес жыл сайын индекстеледі. Осыған байланысты, ЕЖШ мөлшері көрсетілген көрсеткіштердің артуымен жыл сайын өзгеретін болады
Әйелдердің зейнет жасын көтеру 2018 жылдан бастап 2027 жыл аралығында 10 жыл ішінде жыл сайын 6 ай бойынша жүзеге асырылады. Мысалы, 1960 жылғы 1 қаңтарда дүниеге келген әйел 2018 жылғы 1 шілдеде зейнетке шыға алады, яғни 58,5 жасқа толғанда шығады. Егер әйел 1960 жылғы 1 шілдеде дүниеге келсе, оның зейнет жасы 59 жасқа келеді, себебі оның 58,5 жасқа толған күніне (2019 жылғы 1 қаңтарға) заңнамамен жалпы белгіленген зейнет жасы 59 жасты көздейді. Зейнет жасын кезең-кезеңмен көтеру кестесі: Жылы Зейнет жасы Туған күні 2018 жылғы 1 қаңтар 58 жас 6 ай – 1960 жылғы 1 қаңтардан бастап 1960 жылғы 30 маусым аралығы, 2019 жылғы 1 қаңтар 59 жас – 1960 жылғы 1 шілдеден 1960 жылғы 31 желтоқсанға дейін 2020 жылғы 1 қаңтар 59 жас 6 ай – 1961 жылғы 1 қаңтардан бастап 1961 жылғы 30 маусымға дейін 2021 жылғы 1 қаңтар 60 жас – 1961 жылғы 1 шілдеден бастап 1961 жылғы 31 желтоқсанға дейін 2022 жылғы 1 қаңтар 60 жас 6 ай – 1962 жылғы 1 қаңтардан бастап 1962 жылғы 30 маусымға дейін 2023 жылғы 1 қаңтар 61 жас – 1962 жылғы 1 шілдеден бастап 1962 жылғы 31 желтоқсанға дейін 2024 жылғы 1 қаңтар 61 жас 6 ай – 1963 жылғы 1 қаңтардан бастап 1963 жылғы 30 маусымға дейін 2025 жылғы 1 қаңтар 62 жас – 1963 жылғы 1 шілдеден бастап 1963 жылғы 31 желтоқсанға дейін 2026 жылғы 1 қаңтар 62 жас 6 ай – 1964 жылғы 1 қаңтардан бастап 1964 жылғы 30 маусымға дейін 2027 жылғы 1 қаңтар 63 жас – 1964 жылғы 1 шілдеден бастап 1964 жылғы желтоқсанға дейін.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабына сәйкес БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғалардың:
1) Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген шарттар басталған кезде (зейнет жасына толған кезде);
2) салымшы 45 жасқа толған кезде Заңның 59-бабының 1-тармағына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен емес төлеммен қамтамасыз етуге зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде;
3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 32-бабына сәйкес БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғалардың:
1) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде күнтізбелік алпыс ай төленген, республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде, қырық жасқа толған тұлғалардың;
2) Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде (зейнет жасқа толған кезде);
3) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектердің;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ) есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар. МКЗЖ есебiнен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 33-бабына сәйкес БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар:
1) елу жасқа толған;
2) мүгедек болып табылатын;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған; Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ЕЗЖ мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомалары шегінде кемінде бес жыл зейнетақы жинақтары бар адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды. БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін алушы БЖЗҚ зейнетақы қағидаларына (ЕЗЖ есепке алу үшін) сәйкес өз бетінше айқындайды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 50-бабының 5-тармағына сәйкес алушы, сондай-ақ БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем (бұдан әрі – жерлеуге арналған төлем) төлейді. Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтары қалдығының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.
12.10.2020 жылдан бастап «Қайтыс болуды тіркеуге қатысты қызметтерді көрсетудің оңтайландырылған үрдісін пилоттық режимде жүзеге асыру кезінде уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 314, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 569, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 359, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 441, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 346, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 113, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 184, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 321/НҚ және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 635 Бірлескен бұйрығы (бұдан әрі – Бірлескен бұйрық) қолданысқа енгізілді. Бірлескен бұйрықтың қолданылу кезеңінде қайтыс болған адамның жерлеуге арналған біржолғы төлемін тағайындау, зейнетақы жинақтарын алу кезінде 12.10.2020 (қоса алғанда) бастап қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) қайтыс болуы туралы куәліктерін қағаз тасымалдағышта ұсыну (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген қайтыс болу туралы куәліктерді ұсыну жағдайларын қоспағанда) талап етілмейді. Бұл ретте БЖЗҚ қайтыс болған адамдар туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелерді интеграциялау не «электрондық үкімет» порталында қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы электрондық анықтамаларды тексеру арқылы алады.
Қайтыс болған адам мен өтініш берушінің арасындағы туыстық байланыстар туралы ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, оларды сәйкестендіру мақсатында өтініш берушінің қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттарды ұсынуына жол беріледі. Бірлескен бұйрықты орындау шеңберінде, 12.10.2020 ж. бастап қайтыс болған салымшылардың (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген қайтыс болу туралы куәліктерді ұсыну жағдайларын қоспағанда) зейнетақы жинақтарының мүрагерлері болып табылатын және (немесе) жерлеуге арналған біржолғы төлемді алушылар өтініш білдірген кезде, БЖЗҚ «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінде (ЖТ МДҚ) бар қайтыс болу туралы мәліметтерді басшылыққа алады. ЖТ МДҚ-да қайтыс болу туралы мәліметтер болмаған жағдайда, БЖЗҚ тиісті бас тарту себебін көрсете отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бере отырып, өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Заңның[1] 33-бабының 1-тармағына сай сот орындаушысы борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға міндетті:
1) мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттың талабы үш айдан астам мерзімде орындалмаған жағдайларда;
2) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 40 АЕК-ке тең не одан асатын сомаға атқарушылық құжаттың талаптары орындалмаған жағдайларда.
Осылайша, егер борышты орындау туралы сот шешімі болған кезде, борышкер оны орындамаған жағдайда ғана Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға тыйым салынуы мүмкін.
Сонымен бірге, біржолғы зейнетақы төлемін жүзеге асыру кезінде есептелген және салымшының (алушының) үзінді көшірмесінде көрсетілген жеке табыс салығы бойынша берешек сомасы борышкер үшін Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу белгілеу туралы ұсыныспен сот орындаушысы сотқа өтініш білдірмеген немесе қаулы болмаған жағдайда шетелге шығуға шектеу қоймайтынын атап өтеміз.
Мәлімет үшін, Салық кодексінің [2] 351-1-бабының 4-тармағына сай жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен кезде салық агенті біржолғы зейнетақы төлемінен ұстап қалмаған және аудармаған жеке табыс салығының сомасы Салық кодексінің 351-бабында көзделген тәртіппен зейнетақы төлемінің сомасынан бір рет ұсталуға және аударылуға жататынын хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 30-бабының 1-тармағына сай БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан белгіленген график бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес зейнетақы жинақтары есебінен сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдері түрінде, сондай-ақ осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында аталған адамдарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде жүзеге асырылады. Заңның 31-бабының 1-1 тармағымен және 32-бабының 1-1 тармағымен өз пайдасына немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының пайдасына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының емделуіне ақы төлеу үшін МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен біржолғы зейнетақы төлемдері құқығына БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдар мынадай шарттардың бірі болған кезде:
· егер салымшының ЖЗШ-дағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асатын болса;
· егер зейнетақы мөлшері, ал отставкадағы соттар үшін зейнетақы мен ай сайынғы қамтылым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе, ие болады.
Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кірісі есепке алынады; егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса, ие болады. Бұдан бөлек, МЗЖ салымшыларына, өзіне МКЗЖ аударылған жеке тұлғаларға өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушының (бұдан әрі - ИПБ) сенімгерлік басқаруына беруге Заңмен құқық берілген.
Заңның 35-1 бабының 5-тармағына сәйкес БЖЗҚ зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруді бір мезгілде мынадай шарттар орындалған кезде жүзеге асырады:
1) өзіне МКЗЖ аударылған салымшының, жеке тұлғаның БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша және құжаттарды қоса бере отырып, ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы жазбаша өтінішінің болуы;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ИПБ және кастодиан-банк арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың, сондай-ақ кастодиандық шарттың болуы;
3) өзіне МКЗЖ аударылған салымшының, жеке тұлғаның ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берілуге жататын зейнетақы жинақтары: өзіне МКЗЖ аударылған салымшының, жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының нақты сомасы мен өзіне МКЗЖ аударылған салымшының, жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайды; не болмаса сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда, олардың жеке зейнетақы шоттарындағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспайды;
4) өзіне МКЗЖ аударылған салымшының, жеке тұлғаның өтінішінде көрсетілген ИПБ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келеді.
Осылайша, әскери қызметкер өзінің зейнетақы жинағының бір бөлігін (бар болса) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделу ақысын төлеуге пайдалануға, ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруге құқылы болады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 31-33 бабының ережелеріне сай БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар заңнамада белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 1039-бабының 1-тармағында мұрагерлік өсиет бойынша және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады, яғни өсиет болмаған жағдайда, мұрагерлер нотариусқа жүгінген кезде, оларға заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік беріледі деп айқындалған.
Зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларында, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесінде, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесінде, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесінде көзделген құжаттар БЖЗҚ-ға келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
БЖЗҚ деректемелері өтініште көрсетілетін алушының банк шотына зейнетақы төлемдерін аударады. Алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, БЖЗҚ бас тарту себебін көрсете отырып, құжаттарды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама жіберу арқылы өтінішті орындаудан бас тартады.
Пенсионное обеспечение трудящихся государств-членов ЕЭАС и членов семьи регулируется Соглашением, которое вступило в силу с 01.01.2021г.
В соответствии с пунктом 1 статьи 3 Соглашения формирование пенсионных прав трудящихся осуществляется за счет пенсионных взносов на тех же условиях и в том же порядке, что и формирование пенсионных прав граждан государства трудоустройства. Следовательно, граждане стран ЕАЭС, временно находящиеся в Казахстане с целью осуществления трудовой деятельности, обязаны формировать свои пенсионные права, как и граждане РК путем перечисления ОПВ, ОППВ в ЕНПФ по ставкам и в порядке, установленным пенсионным законодательством Республики Казахстан.
В соответствии с подпунктом 2) пункта 2 статьи 24 Закона от уплаты ОПВ в ЕНПФ освобождаются физические лица, имеющие инвалидность первой и второй групп, если инвалидность установлена бессрочно (по законодательству Казахстана). Уплата ОПВ осуществляется по заявлению указанных лиц. Если трудящийся, гражданин страны ЕАЭС имеет инвалидность, установленную по месту своего постоянного проживания, то для выяснения вопроса о принадлежности данного гражданина к лицам, имеющим инвалидность первой и второй групп, если инвалидность установлена бессрочно по законодательству Казахстана, в целях освобождения от уплаты ОПВ, рекомендуем обратиться в Комитет труда, социальной защиты и миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.
Налогообложение физических лиц осуществляется на основании Налогового кодекса РК, согласно которому налоговые вычеты при налогообложении дохода физических лиц к нерезидентам не применяются.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы 29.05.2014 жылғы шарттың 98-бабының 3-тармағына сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерін және олардың отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру тұрақты тұратын мемлекеттің заңнамасымен, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы жеке халықаралық шартқа сәйкес реттеледі.
Мұндай халықаралық шарт 01.01.2021 жылы күшіне енген Келісім болып табылады. Келісімнің негізгі мақсаты – жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарына қолданылатын шарттарда және тәртіппен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшілерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру болып табылады, яғни ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыруға арналған құқықтардың ұқсас шарттарда өз азаматтарына берілетін құқықтар көлеміне тең көлемде кепілдік беруі тиіс.
Өтпелі ережелерді қамтитын Келісімнің 12-бабында зейнетақыны тағайындау және төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылатыны көзделгенін атап өткен жөн:
Келісім күшіне енгеннен кейін жиналған жұмыс өтілі үшін зейнетақыны аумағында тиісті жұмыс өтілі жиналған ЕАЭО мүше мемлекеті тағайындайды және төлейді;
Келісім күшіне енгенге дейін жинақталған жұмыс өтілі үшін зейнетақы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына және 1992 жылғы 13 наурыздағы зейнетақымен қамсыздандыру аясында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтарының құқықтарының кепілдігі туралы келісімге сәйкес тағайындалады және төленеді.
Келісімнің нормалары Келісім күшіне енгеннен кейінгі кезеңде еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасау, жұмысқа орналастырушы мемлекеттің зейнетақы жүйесіне сақтандыру (зейнетақы) жарналарын міндетті төлеу арқылы ресми жұмысқа орналасу шартымен еңбекшілердің жиналған жұмыс өтіліне ғана қолданылады.
Келісімнің 2-бабында ЕАЭО елдерінің еңбекшілері, азаматтары ала алатын зейнетақы түрлері айқындалған.
Қазақстанда бұл - зейнетақы жасына жеткен кезде, 1 және 2 топтардағы мүгедектік белгіленген кезде, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері.
Келісімнің 3-бабына сәйкес еңбекшілерге зейнетақы тағайындау және төлеу құқығын іске асыру жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтары үшін жасалған шарттарда жүзеге асырылады. Зейнетақыны ресімдеу ЕАЭО елдерінің құзыретті органдары арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте еңбекшінің зейнетақы тағайындау және төлеу үшін тұрып жатқан мемлекеттің құзыретті органына және (немесе) жұмысқа орналастырушы мемлекеттің құзыретті органына жүгінуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасында Келісімді іске асыру бойынша құзыретті орган болып БЖЗҚ белгіленді. ЕАЭО елдерінің жұмыскер азаматтарының БЖЗҚ-да зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасының нормаларына сәйкес (яғни жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жас басталған кезде (2021 жылы ерлер 63 жасқа/ әйелдер 60 жасқа толған кезде, жарты жылға әйелдердің зейнет жасын жыл сайын ұлғайту арқылы, 2027 жылы 63 жасқа жеткенге дейін) пайда болады.
Мысалы, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарын қалыптастырған Ресей Федерациясының (РФ) еңбек етуші азаматы РФ-ға оралған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша зейнеткерлік жасқа жеткен кезде зейнетақы тағайындау үшін БЖЗҚ-ға РФ Зейнетақы қоры (бұдан әрі - РЗҚ, бұл РФ-дағы құзыретті орган) арқылы жүгініп, РЗҚ БЖЗҚ-ға жіберетін Қазақстан заңнамасы бойынша құжаттарды ұсына алады. Егер зейнетақы алушының банктік шоты Ресей Федерациясының аумағында ашылатын болса, онда БЖЗҚ тоқсан сайын зейнетақы төлемдерін РЗҚ-ның ағымдағы шотына рубльмен аударады (экспорттайды), оны РЗҚ алушының банктік шотына аударады.
БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар ЕАЭО елінің еңбекшісі, азаматы қайтыс болған жағдайда, БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған құқық белгілейтін құжаттар ұсынылған кезде, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары арқылы зейнетақы жинақтарын біржолғы алу құқығы оның мұрагерлеріне ауысады.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерін және отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру 01.01.2021 ж. бастап күшіне енген Келісіммен реттеледі.
Келісімнің нормалары Келісім күшіне енгеннен кейінгі кезеңде еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасау, жұмысқа орналастырушы мемлекеттің зейнетақы жүйесіне зейнетақы (сақтандыру) жарналарын міндетті төлеу арқылы ресми жұмысқа орналасу шартымен еңбекшілердің жиналған жұмыс өтіліне ғана қолданылады.
Келісімнің 2-бабының 2-тармағының 2.3-тармақшасында Қазақстан Республикасында Келісім БЖЗҚ-дан зейнетақы жарналары есебінен құрылған зейнетақы төлемдеріне қолданылатыны белгіленген:
1) зейнет жасына толуына байланысты;
2) егер мүгедектігі мерзімсіз болса, бірінші және екінші топтағы мүгедектікті белгілеу кезінде;
3) мұрагерлерге төленетін біржолғы төлем. Ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап ҚР аумағында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілері үшін:
1. жұмыс беруші табысты есептеу кезінде БЖЗҚ-ға МЗЖ ұстап қалуға және соманы аударуға міндетті, бұл ретте МЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ БЖЗҚ-да жұмыс берушіден түскен МЗЖ алғашқы сомасы түскен кезде автоматты түзімде ашылатын болады;
2. МКЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашу, қосымша деректемелерге өзгерістер енгізу, хабарлау тәсілін өзгерту БЖЗҚ-ның ішкі нормативтік құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады, бұл ретте ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарының - еңбек мигранттарының жеке басын куәландыратын құжат ретінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген шетелдіктің шетелдік паспорты және бейрезиденттің ЖСН көшірмесі (ЖЗШ ашу туралы өтінішті ресімдеу кезінде) ұсынылады. ЕАЭО елдері азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттардың тізбесі мен үлгілері мына мекенжайда орналасқан: www.eurasiancommission.org docs.aspx;
3. жұмыс берушімен еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық шарт бұзылған жағдайда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбек мигранттары – азаматтарында БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы Келісімнің 2-бабы 2-тармағының 2.3. тармақшасында көзделген жағдайлар басталған кезде пайда болады (жоғарыдан қараңыз). ЭЦҚ алу тәртібі БЖЗҚ құзыретіне жатпайды.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 20.12.2019 жылғы келісім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді, сондықтан еңбек шарты не азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде ЕАЭО елдерінен (атап айтқанда Армения Республикасынан, Беларусь Республикасынан, Ресей Федерациясынан және Қырғыз Республикасынан) еңбек етушіні тартқан жұмыс беруші 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-ға еңбек етушінің ай сайынғы табысының 10% мөлшерінде (ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспайтын) МЗЖ-ны және еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын қызметкерлердің пайдасына өз қаражаты есебінен МКЗЖ есептеу үшін қабылданатын қызметкердің ай сайынғы табысының 5% мөлшерінде МКЗЖ-ны тұрақты түрде аударуға міндетті.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабына сәйкес, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 20.12.2019 жылғы Келісім (бұдан әрі – Келісім) халықаралық шарт болып табылады, оның нормалары еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында ЕАЭО-ның басқа елдеріне уақытша келетін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне, азаматтарына қолданылады. Бұл ретте ЕАЭО-ға мүше мемлекет еңбекшісінің жұмысқа орналастырушы мемлекеттің аумағында уақытша болу (тұру) мерзімі мүше мемлекеттің еңбекшісінің жұмыс берушімен немесе жұмыстарға (қызметтерге) тапсырыс берушімен жасасқан еңбек немесе азаматтық-құқықтық шартының қолданылу мерзімімен айқындалады.
Келісімнің 2-бабына сәйкес ЕАЭО елдері еңбекшілерінің - азаматтарының зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарының зейнетақы құқықтарын қалыптастыру сияқты шарттарда және тәртіппен зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылады. Келісімнің 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында зейнетақы жарналарына БЖЗҚ-дағы зейнетақы жарналары жатады. Осылайша Қазақстанда еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында уақытша жүрген ЕАЭО елдерінің азаматтары ҚР азаматтары сияқты міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен аудару арқылы өз зейнетақы құқықтарын қалыптастыруға міндетті. Бұл ретте қызметкерге (ЕАЭО елінің азаматына):
· МЗЖ төлеу үшін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасудың қажеті жоқ, өйткені жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) болмаған жағдайда, 2019 жылдың қаңтар айынан бастап ЖЗШ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан келіп түскен пайдасына МЗЖ аударылатын жеке тұлғалардың тізімі негізінде ашылады;
· МКЗЖ төлеу үшін жұмыс берушімен бірлесіп БЖЗҚ-ға МКЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашу туралы өтініш беру қажет (ҚР азаматтарына арналғаны сияқты тәртіппен және құжаттар тізбесін ұсыну арқылы). МКЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашу туралы өтініш беру тәртібі және құжаттар тізбесі БЖЗҚ сайтында келесі сілтеме бойынша орналастырылған.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 20.12.2019 жылғы келісіммен ЕАЭО елдері еңбекшілерінің – азаматтарының зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарының зейнетақы құқықтарын қалыптастыру сияқты шарттарда және тәртіппен зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылатыны айқындалған.
Міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – МЗЖ) есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотының (бұдан әрі - ЖЗШ) жұмыс берушіден МЗЖ бастапқы сомасы келіп түскен кезде автоматты түрде ашылатынын ескерсек, ЕАЭО елінің қызметкеріне-азаматына Шарттың осындай түрін жасаудың қажеті жоқ.
Мұнымен қоса, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – МКЗЖ) аудару үшін қызметкер жұмыс берушімен бірлесіп, БЖЗҚ-ға МКЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашу туралы өтінішті уақтылы беруі қажет. Демек, жұмыс беруші Қазақстан Республикасында 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО елдерінің азаматтары болып табылатын қызметкерлер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты МЗЖ, МКЗЖ-ны БЖЗҚ-ға уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есебіне жазуға) және төлеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес әрбір қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есебіне жазылған) және аударылған МЗЖ, МКЗЖ-ны бастапқы есепке алуды жүргізуге міндетті. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 24-бабының 8-тармағына сәйкес Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген МЗЖ, МКЗЖ және (немесе) өсімпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
2019 жылдан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін салық режимінің жаңа түрі - Бірыңғай жиынтық төлем (бұдан әрі - БЖТ) енгізілді.
Салық кодексіне 01.01.2019 жылдан бастап жаңа бөлім қосылды, оған сәйкес осы режимнің төлеушілері, сондай-ақ БЖТ есептеу және төлеу тәртібі айқындалады.
БЖТ келесі азаматтар санатына арналған:
1. жеке қосалқы шаруашылық жұмыскерлері;
2. отбасылық кәсіпорынның жалақысы төленбейтін қызметкерлері;
3. жылына 1 175 АЕК-тен аз болатын айналымымен, қызметкерлері жоқ кәсіпкерлер.
БЖТ төлеушілер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра отырып, жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке тұлғалар ретінде өзін бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп тануға құқылы.
БЖТ тек мынадай қызмет түрлері үшін қолданылады:
1. тек жеке тұлғаларға қызмет көрсету;
2. жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін тек жеке тұлғаларға сату.
Маңызды! Бірыңғай жиынтық төлемнің төлеушісі болу үшін не істеу керек: салық органдарында тіркелу қажет емес; тек бірыңғай жиынтық төлемнің белгіленген сомасын төлеу керек. Келесілер бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер ретінде танылмайды: коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің, сондай-ақ сауда объектілерінің кәсіпкерлік қызметте қолданылатын (қолданылуға жататын) қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар; тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті мүлiктiк жалға беретін адамдар; жеке практикамен айналысатын адамдар; қандастарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар.
Төлем мөлшері - Бірыңғай жиынтық төлемнің ай сайынғы мөлшері: республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК; басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін - 0,5 АЕК құрайды.
Төлем екінші деңгейдегі банктер арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының шотына бір сомамен жүргізіледі. Төлемді жүзеге асыру үшін банкте есеп айырысу шотын ашу талап етілмейді. Бірыңғай жиынтық төлемнің сомасын Мемлекеттік корпорация мынадай пропорцияда бөледі: 10% - жеке табыс салығы (ЖТС); 20 % - әлеуметтік аударымдар (ӘА); 30 % - міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ); 40 % - міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымы (ӘМСҚ). Зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар үшін төлемнің барлық сомасы жеке табыс салығы деп танылады, әлеуметтік төлемдерге бөлу жүргізілмейді.
Бұл мәселе бойынша Сізге «Азаматтарға арналған үкімет» МК» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жүгіну қажет.
Үзінді көшірмеде барлық түсімдер ЖЗШ-ға есепке алынған күні бойынша көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 4 «Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 8-тармағына сәйкес: Мемлекеттік корпорация қаражат түскен күннен бастап операциялық үш күн ішінде БЖТ сомасын бөледі.
БЖТ төлемдері жеке тұлғаның төлем қабілеттілігін растамайды.
Тиісінше, тұрақты жұмыс орнының болмауы ипотекалық қарызды өз уақытында өтемеу қаупін тудырады.
«Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорында мәліметтердің болмауы немесе БЖТ төлеу кезінде қателердің болуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» қаулысының (Қағиданың) 18-тармағына сәйкес салымшының (алушының) деректемелерінде міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды аудару кезінде жіберілген қателер анықталған жағдайда салымшы (алушы) қателерді түзету туралы өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.
Салымшы (алушы) өтініш жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша агент беретін растау-анықтама немесе салымшының (алушының) деректемелерінде орын алған өзгерістерді растайтын жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі өтінішке қоса берiледi.
Міндетті зейнетақы жарналарын банк шотын пайдаланбай аудару кезінде растау-анықтаманың орнына қолма-қол ақшаның міндетті зейнетақы жарналарын төлеу есебіне енгізілгенін растайтын түбіртек-хабарламалардың көшірмелері қоса беріледі. Мемлекеттік корпорация ұсынылған құжаттардың негізінде салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында көрсетілген деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшының (алушының) өтінішінің электрондық көшірмесін қоса бере отырып, БЖЗҚ-ға электрондық өтінімді ресімдейді.
БЖЗҚ-ға салымшының (алушының) мүдделерін білдіретін жеке тұлға жүгінген кезде Хабарлау тәсілін өзгерту (айқындау) туралы келісімге «БЖЗҚ» АҚ-да қол қою құқығын көрсете отырып, нотариат куәландырған сенімхат негізінде хабарлау тәсілін өзгертуге немесе айқындауға болады.
Қазақстан Республикасының 21.06.2013 жылғы № 105-V «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 57-бабының 1-тармағына сай зейнетақы жинақтарының құпиясы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары және олардың қозғалысы туралы мәліметтерді қамтиды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының құпиясына кепілдік береді. Дәл осы себептен электронды (e-mail) мекенжайға, телефон нөміріне, сондай-ақ хабарлау тәсіліне өзгерістер/толықтырулар:
- салымшы (алушы)/сенім білдірілген тұлға/заңды өкіл БЖЗҚ кеңселеріне жеке келіп өтініш жасаған кезде енгізіледі. Егер салымшы (алушы) БЖЗҚ дерекқорындағы ұялы телефон нөмірін өзгерткісі келсе, онда жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне бару керек. Салымшы (алушы) өзі жүгінген кезде «ЕgovMobile» мобильдік қосымшасындағы Жеке кабинетте қалыптастырылатын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің электрондық (цифрлық) нұсқасын ұсынуға жол беріледі..
- www.enpf.kz веб-сайты арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, Жеке кабинетте енгізіледі. ЭЦҚ-ның өзекті кілті болған жағдайда, Қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген өз деректемелеріңіздің (жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, тұрғылықты жерінің мекенжайы, электрондық мекенжайы (e-mail), телефон нөмірлері) өзектілігін тексеруге және «Жеке кабинет»/ «Жеке тұлғаның кабинеті» бөліміндегі, «Қызметтер»/ «Деректемелерге өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізу» шағын бөлімінде деректемелерді өзгерту туралы өтінішке қол қоюға болады. Жұмыс тәртібі мен түзімі туралы, сондай-ақ біздің филиалдарымыздың орналасқан жері туралы өзекті ақпаратпен Интернеттегі біздің www.enpf.kz web-сайтында, «Байланыстар» бөлімінде танысуға болады.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 39-бабының 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы осындай өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлауға міндетті.
БЖЗҚ-ға пошталық мекенжайдың өзгергені туралы хабарлауға болады:
- БЖЗҚ-ға жеке өзі келгенде (өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат немесе «egovMobile» мобильдік қосымшасындағы Жеке кабинетте қалыптастырылатын Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің электрондық (цифрлық) нұсқасы болуы қажет);
- пошта байланысы арқылы не электрондық пошта арқылы (жеке куәлігінің көшірмесін міндетті түрде қоса бере отырып, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсету арқылы);
- www.enpf.kz веб-сайтында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, Жеке кабинетте хабарлауға болады;
- сенім білдірілген тұлға сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын, нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасын не оның нотариат куәландырған көшірмесін, салымшының (алушының)жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсына отырып, өтініш жасаған кезде;
ЭЦҚ-ның өзекті кілті болған жағдайда, Қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген өз деректемелеріңіздің (жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, тұрғылықты жерінің мекенжайы, электрондық мекенжайы (e-mail), телефон нөмірлері) өзектілігін тексеруге және «Жеке кабинет», одан әрі «Жеке тұлғаның кабинеті» бөліміндегі, «Қызметтер», одан әрі «Деректемелерге өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізу» шағын бөлімінде деректемелерді өзгерту туралы өтінішке қол қоюға болады.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 39-бабының 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы осындай өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлауға міндетті.
Мұнымен қоса БЖЗҚ Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан алады. Бұл ретте көрсетілген мәліметтерді жеткізуші Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі болып табылады.
Егер зейнетақы жарналары аударылатын салымшы (алушы), жеке тұлға жеке куәлік негізінде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жағдайда, таңдалған хабарлау тәсіліне ҚР төлқұжаты негізінде (ЖСН міндетті түрде болуы тиіс) өзгерістер енгізуге жол беріледі.
ҚР азаматының төлқұжатында «әкесінің аты» деректемесі болмаған және ол БЖЗҚ дерекқорында болған кезде салымшының (алушының) қосымша деректемелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар салымшының (алушының) әкесінің атының Қордың дерекқорында және жеке басын куәландыратын құжатта алшақтықтары ескерілмей енгізіледі.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының талап етілмеген сомаларына жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты және туған күнінде деректемелері дұрыс көрсетілмеген, БЖЗҚ-да сәйкестендірілмеген салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы сомалар жатады.
Жоғарыда көрсетілген салымшыларды (алушыларды) сәйкестендіруді БЖЗҚ келесі тәртіппен жүзеге асырады:
1) сәйкестендірілмеген салымшылардың (алушылардың) деректемелерін фонетикалық іздестіру жолымен (айтылуы бойынша ұқсас), сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде тектерді, аттарды және әке аттарын жазу кезінде транслитерация белгісін ескере отырып, БЖЗҚ ақпараттық жүйесіндегі салымшылардың (алушылардың) деректемелерімен салыстыру жүргізіледі;
2) салымшылардың (алушылардың) деректемелерін (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні) «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқормен, оның ішінде жеке сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғына салыстырып тексеру жүргізіледі. Салымшылардың (алушылардың) деректемелері дұрыс болмаған жағдайда, БЖЗҚ оларды «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорына сәйкес келтіреді.
Салымшы (алушы) жүгінген жағдайда, ұсынылған құжатпен Қордың дерекқорындағы деректемелердің сәйкессіздігі анықталған кезде салымшы (алушы) келесі құжаттар топтамасын ұсынуы қажет:
· салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
· Мемлекеттік корпорацияның зейнетақы аударымдары туралы анықтамасы (айналым-транзиттік ведомость);
· қажет болған жағдайда (бар болса) ӘЖК, зейнетақы шарты, төлем құжаттарының көшірмелері (растау-анықтама) немесе басқа құжаттар.
Айта кету керек, қайтыс болған/ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен (ұсынылған құжаттарда ЖСН болмаған/құжаттар топтамасы толық болмаған/негізгі деректемелер сәйкес келмеген/өзгелері) салымшылардың (алушылардың) негізгі деректемелеріне өзгерістер енгізу рәсімін БЖЗҚ әрбір салымшы (алушы) бойынша жеке жүзеге асырады және қарайды.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен/кететін, шетелдік азаматтар/азаматтығы жоқ адамдар болып табылатын салымшылардың (алушылардың) негізгі деректемелеріне өзгерістер енгізу рәсімін БЖЗҚ әрбір салымшы (алушы) бойынша жеке жүзеге асыратынын және қарайтынын қосымша атап өтеміз. Өйткені өзгерістердің сипаты басқа мемлекеттің құжатын алуға байланысты тегінің өзгеруінде де, сондай-ақ агенттердің жарналарды аудару кезінде жіберілген қателігінде де болуы мүмкін.
Тиісінше, бір жағдай үшін осы өзгерістерді негіздейтін, қажетті құжаттар топтамасы керек, екінші жағдай үшін басқа құжаттар топтамасы қажет. Осыған байланысты деректемелердегі қателерді/өзгерістерді анықтаған шетелдік азаматтар/азаматтығы жоқ адамдар болып табылатын салымшыларға (алушыларға) сәйкессіздік сипатына қарай қажетті құжаттар топтамасын ұсыну бойынша толыққанды кеңес алу үшін БЖЗҚ кеңсесіне жеке келіп, жүгінуге кеңес береміз.
БЖЗҚ-да қандай комиссиялық сыйақы бар
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 53-бабына сәйкес:
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шамасы зейнетақы активтерінің айына 0,01 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысының шекті шамасы инвестициялық кірістің 2,0 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.
3. Инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысының шекті шамасы инвестициялық кірістің 7,5 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №114 қаулысына сәйкес 2022 жылға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысының шамасы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша инвестициялық табыс сомасының 1,8 пайызы мөлшерінде бекітілген.
2022 жылға инвестициялық портфельді басқарушы бойынша комиссиялық сыйақының шамасы мынадай мөлшерде белгіленген:
«BCC Invest» АҚ – инвестициялық кірістің 7,0%-ы мөлшерінде;
«Halyk Global Markets» АҚ - инвестициялық кірістің 3,5%-ы мөлшерінде;
«FirstHeartland Jysan Invest» АҚ - инвестициялық кірістің 5%-ы мөлшерінде;
«Сентрас Секьюритиз» АҚ - инвестициялық кірістің 7,5%-ы мөлшерінде.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 27 қаулысымен бекітілген Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы (бұдан әрі - ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүзеге асырады.
Зейнетақы жинақтары - салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) ЖЗШ-да ескерілетін, оған МЗЖ, МКЗЖ және ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық табыс, өсімпұл және шарттарға, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға, ҚР заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер кіретін ақшасы.
№27 Қағидаға сай салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес апта сайынғы негізде (аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша) қайта есептеледі және қайта бағаланады. ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарын қайта бағалау нәтижесінде инвестициялық кіріс оң да, теріс те болуы мүмкін.
Есепке алуды БЖЗҚ жүргізетін, ЖЗШ-ға түсетін зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - ҚРҰБ) түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды. ҚРҰБ зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне және БЖЗҚ-ның Инвестициялық декларациясына сәйкес инвестициялау лимиттеріне сәйкес инвестициялайды.
Инвестициялау нәтижесінде туындайтын инвестициялық кіріс тұрақты емес шама болып табылады, яғни белгілі бір кезеңге сыйақы мөлшері нақты айқындалған банктердің депозиттік шарттарында көзделгендей, қатаң белгіленген шама болып табылмайды және көптеген факторларға, оның ішінде бағалы қағаздардың нарықтық құнына және валюта бағамының өзгеруіне байланысты болады.
Зейнетақы жинақтары - бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық кірістің мөлшерін кемінде 1 (бір) жылдағы кезең үшін талдау орынды болмақ. Қысқа мерзімді деректер (күнделікті, ай сайынғы және т. б.) – көрсеткіш болып табылмайды, өйткені олар күнделікті нарықтық жағдайға байланысты болады.
Инвестициялық басқару мен зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық болып табылады: әрбір салымшының өз инвестициялық кірісін enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе мобильді қосымшадан көруге мүмкіндігі бар, сонымен қатар БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпаратты алуына болады, ақпарат БЖЗҚ ресми сайтында (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.
Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына (бұдан әрі - ЖЗШ) сома түскен кезде, түскен сома шартты бірліктердің баламалы санына (бұдан әрі – ШБ) қайта есептеледі.
ШБ - бағамы есептелген инвестициялық кіріске (залалға) байланысты болатын, активтерді инвестициялау нәтижесінде олардың өзгеруін сипаттау үшін пайдаланылатын зейнетақы активтері құнының үлестік шамасы.
Есептелген инвестициялық кіріс қатаң белгіленген шама (белгілі бір кезеңге сыйақы мөлшері нақты айқындалған банктердің депозиттік шарттарында көзделгендегідей) болып табылмайды, бірақ бағалы қағаздардың нарықтық құнына, қаржы құралдары номинацияланған шетел валюталары бағамдарының өзгеруіне байланысты болады. Осылайша бұл шама ұлғаю жағына да, азаю жағына да өзгереді.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 12 ақпандағы № 27 қаулысына сәйкес зейнетақы жинақтарын есепке алуды БЖЗҚ аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтері құнының үлестік шамасы ретінде айқындалатын зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнын апта сайын қайта бағалау жолымен жүзеге асырады. БЖЗҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері және әрбір инвестициялық портфельді басқарушы шегінде сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері бойынша шартты бірліктің құнын жеке есептейді.
Бұл ретте инвестициялық кіріс апта сайын салымшының (алушының) ЖЗШ-сына нақты түскен: жарналар, аударымдар, жарналар бойынша өсімпұл сомаларына ғана есептеледі. Зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің ағымдағы құны бойынша төлемдер, аударымдар кезінде есептелген инвестициялық кірісті қамтитын зейнетақы жинақтарының сомасы айқындалады, содан кейін ол салымшыға (алушыға) төленеді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін басқарумен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айналысады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижелерімен Қордың www.enpf.kz ресми сайтында Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет/Инвестициялық қызметке шолу бөлімдерінде танысуға болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №984 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларының 16-тармағымен БЖЗҚ-ның салымшыға (алушыға) ұсынатын зейнетақы жинағының жай-күйі туралы ақпаратта қамтылған мәліметтерге қойылатын талаптар белгіленген. Бұл ақпаратта:
1) сұратылып отырған кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы;
2) сұратылып отырған кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс сомасы;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы бекіткен және сұратылып отырған кезеңнің соңында қолданыстағы инвестициялық кірістен және зейнетақы активтерінен түсетін комиссиялық сыйақының шамасы;
4) сұратылып отырған кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, зейнетақы жарналарының, өсімпұлдың, аударымдардың, зейнетақы жинақтары төлемдерінің және (немесе) ұсталған жеке табыс салығының сомасы;
5) сұратылып отырған кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, мiндеттi зейнетақы жарналарын немесе мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотында көрсетілетін өзге де операциялардың сомасы туралы мәліметтер қамтылады.
Айларға бөлінген инвестициялық кірісті көрсете отырып, ЖЗШ-дан үзінді көшірмені келесі тәсілдердің бірімен алуға болады:
1. БЖЗҚ бөлімшесіне тікелей жеке өзіңіз келіп өтініш жасаған кезде – бұл ретте БЖЗҚ қызметкерінен әрбір қажетті ай үшін жеке-жеке ЖЗШ-дан үзінді көшірмені шығаруды сұрату керек;
2. «Электронды пошта арқылы» хабарландыру тәсілін таңдаған кезде, БЖЗҚ-ның веб-сайтынан (https://www.enpf.kz/ru/elektronnye-servisy/send.php) «ЖЗШ-дан үзінді көшірмені e-mail-ға алу»электронды қызметін пайдалана отырып, Сізге қажет кезең үшін ЖЗШ-нан үзінді көшірмені өз бетіңізше шығарып ала аласыз, бұл ретте БЖЗҚ дерекқорында тіркелген электронды мекенжайды көрсету қажет және әрбір қажетті ай үшін жеке үзінді көшірмені шығару кезеңін көрсету қажет;
3. «Электрондық цифрлық қолтаңбаны және (немесе) логин мен парольді пайдалана отырып, ғаламтор арқылы жеке өзі жүгінген кезде» хабарландыру тәсілі таңдалғанда, ЖЗШ-дан үзінді көшірмені өз бетіңізше шығарып алуға болады, ол үшін Қордың www.enpf.kz веб-сайтында «Жеке кабинет» бөлімінде «ЖЗШ-дан үзінді көшірме» жолын басу қажет және жеке әрбір қажетті ай үшін кезеңді көрсету қажет. Үзінді көшірмені қарау кезеңін өзгерту үшін «үзінді көшірмені алу кезеңі» өрісіне қажетті кезеңді көрсету қажет, сол кезде парақша автоматты түрде жаңартылып, Сізге көрсетілген кезеңнің деректерін береді;
4. Сіз enpf@enpf.kz электронды мекенжайына сұрату жолдай аласыз, оған жауап ретінде ЖЗШ ашу туралы өтініш берген кезде не болмаса «Электрондық пошта арқылы» хабарландыру тәсілін таңдау мүмкін болғанда, хабарландыру тәсілін өзгерту/анықтау туралы жеке келісімге қол қойған кезде БЖЗҚ-ға өзіңіз берген электронды мекенжайға сұратылған кезең үшін ЖЗШ-дан үзінді көшірмені БЖЗҚ-ның жауапты бөлімшесі жолдайтын болады;
5. электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болса, «электронды үкімет» веб-сайтының «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысының (алушысының) зейнетақы жинағының (инвестициялық кіріс ескерілген) жай-күйі туралы ақпаратты беру» бөлімінен ЖЗШ-дан үзінді көшірмені алуға болады, бұл ретте жеке әрбір қажетті ай үшін ЖЗШ-дан үзінді көшірмені шығарып алу керек;
6. БЖЗҚ мобильді қосымшасын пайдалана отырып, сіз ЖЗШ-дан үзінді көшірмені өздігіңізден ала аласыз.
Тарату аясында жеке зейнетақы шотынан (бұдан әрі - ЖЗШ) Сізге ұсынылған үзінді көшірмені қарап шығу мүмкіндігіне қатысты келесіні хабарлаймыз.
Егер Сіз html форматында ЖЗШ-дан үзінді көшірмесі бар алынған файлды аша алмасаңыз немесе файл қатемен ашылатын болса, келесі әрекеттерді орындауды ұсынамыз:
1. Салынған файлды компьютерге сақтаңыз;
2. Сақталған файлды іске қосыңыз және Internet Explorer параметрлерін Арылту диалогтық терезеде «Арылту» батырмасын басыңыз;
3. Қарау журналын, іздеу қызметтерін, үдеткіштерді, үй парақтарын, ActiveX бақылауын және сүзгілерін жою үшін «Жеке параметрлерді жою» жалаушасын қойыңыз;
4. Internet Explorer ұйғарым бойынша параметрлерді қалпына келтіргенде, «Жабу» батырмасын басыңыз, содан кейін «Жабу» батырмасын тағы бір рет басыңыз;
5. Internet Explorer браузерін жабыңыз және қайта іске қосыңыз.
Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме электрондық түрде:
1) өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын салымшының (алушының), жеке тұлғаның сұратуы бойынша алынуы мүмкін. Бұл ретте жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме БЖЗҚ ААЖ дерекқорында электрондық мекенжайы мен ТАӘ, ЖСН толық сәйкес келген жағдайда, электрондық пошта арқылы хабарлау тәсілін анықтаған салымшының (алушының) электрондық мекенжайына жіберіледі;
2) пайдаланушының тіркелген логині мен паролін / электрондық цифрлық қолтаңбаны (БЖЗҚ сайты, БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы) пайдалана отырып, Интернет арқылы алынуы мүмкін;
3) электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен egov.kz электрондық үкіметінің порталы арқылы алынуы мүмкін.
«ЭЦҚ-ны немесе пайдаланушының логинін және паролін пайдалану арқылы жеке кабинеттің көмегімен» зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілі кезінде,
ЖЗШ-дан үзінді көшірмені ЭЦҚ-ны не логинді (логин ретінде ЖСН пайдаланылады) және парольді пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде (online) БЖЗҚ веб-сайтында тікелей салымшы (алушы) қарайды немесе салымшының (алушының) ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, салымшы (алушы)ЭЦҚ-мен қол қойған немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрату жіберу арқылы қарайды.
ЭЦҚ пайдалануды көздейтін веб-сайт бөлімінде жұмыс істеу үшін қосымша компоненттер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы міндетті. Бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ ЭЦҚ алу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының сайтында сипатталған (http://pki.gov.kz/index.php/ru/ncalayer).
ЭЦҚ КІЛТІНІҢ КӨМЕГІМЕН АВТОРИЗАЦИЯЛАУ
Егер ЭЦҚ кілті пайдаланушының компьютерінде файл түрінде (файлдық сертификат деп аталатын) болса, онда «Cіздің компьютеріңіз» тармағын таңдағаннан кейін файлды таңдау диалогтық терезесін шақыра отырып, осы файлға жолды көрсету қажет. Веб-сайтта авторизациялау үшін аутентификациялауға арналған ЭЦҚ кілттерін пайдалану қажет (файлдың атауы AUTH_RSA_ деп басталады). Файлды таңдап, диалогтық терезені жапқаннан кейін «Кіру» батырмасын басу керек. Файлға java - апплетке кіру үшін пайда болған диалогтық терезеде кіру паролін – PIN енгізіп, «Кіру» батырмасын басу керек.
Біздің Интернеттегі www.enpf.kz web-сайтымызда ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпарат алу үшін «Жеке кабинет» бөлімінде, әрі қарай «Жеке тұлғаның кабинеті» арқылы, қажет болған жағдайда Сізге қайта тіркеуден өту қажет.
Ол үшін сілтемені пайдалану керек: www.enpf.kz, «Жеке кабинет» бөлімі, одан әрі «Жеке тұлғаның кабинеті», «Тіркеу/Парольді ұмыттыңыз ба», ЖСН өрісін толтырып, «Мен робот емеспін» қанат белгісін басу қажет. Ашылған «Байланысты таңдау» терезесінде бір реттік пароль жіберілетін, Қордың дерекқорында тіркелген электрондық мекенжайды немесе ұялы телефон нөмірін таңдау қажет.
Енгізілетін деректемелер ЖЗШ ашу туралы өтініште не хабарлау тәсілін өзгерту (айқындау) туралы келісімде көрсетілгендермен толық сәйкес келуі тиіс екенін есте ұстаған жөн. Көрсетілген электрондық мекенжайға / ұялы телефон нөміріне бір реттік парольді алғаннан кейін «Парольді ауыстыру» қосымша бетін пайдалану қажет. Жіберілген бір реттік парольді Қор жіберген сәттен бастап 15 минут ішінде енгізу керек және ағылшын тіліндегі әріптерді және сәйкесінше, хабарламадағыдай цифрларды енгізу керек. Жеке кабинетке кіру үшін е-mail арқылы алынған бір реттік парольді енгізіңіз және өзіңіздің жаңа пароліңізді тіркеңіз.
Жүйеде авторизациялау кезінде парольге жаңа талаптар белгіленді:
- парольдің ұзындығы кемінде 8 таңбадан тұруы және 20 таңбадан аспауы керек;
- таңбалар құрамында кіші және үлкен әріптерді, цифрларды және арнайы таңбаларды пайдалану ұсынылады. Қажетті кезең үшін ЖЗШ-дан үзінді көшірмені көру үшін «Қызметтер» бетбелгісіне өтіп, «ЖЗШ-дан үзінді көшірмені алу» жолын шерту қажет, онда соңғы үш айда ұйғарым бойынша кезең көрсетілген немесе кезеңнің басы мен соңын таңдау арқылы үзінді көшірмені (бір күннен бірнеше жылға дейін) қалыптастыру үшін қажетті кезеңді белгілеу қажет.
Егер сайтқа кірген кезде қиындықтар туындаса, туындаған мәселелерді сипаттап, enpf@enpf.kz электрондық мекенжайына Сіздің мониторыңыздың экранына шығатын скриншотты жіберулеріңізді сұраймыз. Сізден ақпарат алғаннан кейін біздің мамандар ақаулықтың себебін анықтай алады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 57-бабына сәйкес зейнетақы жинақтарының құпиясы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары туралы және олардың қозғалысы туралы мәліметтерді қамтиды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары және Мемлекеттік корпорация зейнетақы жинақтарының құпиясына кепілдік береді.
Кез келген үшінші тұлғаға ақпаратты ашу тек нотариалды куәландырылған сенімхат болған жағдайда ғана мүмкін болады.
Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мынадай азаматтары қатысуға құқылы:
1-1) салық агенттері болып табылмайтын, жеке тұлғалармен жасалған, мәні жұмысты орындау (қызмет көрсету) болып табылатын, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар;
2) Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін азаматтар;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде жұмыс істейтін азаматтар. МЗЖ аудару тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінің 3-тарауында анықталған.
Агент міндетті зейнетақы жарналарын «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының заңында анықталған тәртіппен банктер арқылы қолма-қол ақшасыз төлем арқылы аударады.
Зейнетақы мөлшерін өз бетіңізше көбейту үшін Сіз БЖЗҚ-мен ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасай аласыз. Бұл ретте ЕЗЖ мөлшерлемесі – жеке тұлғаның өзі анықтап, өз қалауына орай өзгерте алатын БЖЗҚ-ға төлем мөлшері.
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңының 40-бабының 3-тармағына сәйкес ЕЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотын ашу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ЕЗЖ аудару кезінде жеке тұлғадан өз пайдасына немесе үшінші тұлғаның пайдасына БЖЗҚ-ға келіп түскен бастапқы жарна негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңының 40-бабының 4-тармағына сай салымшы (алушы) ЕЗЖ сомасы түскен күннен бастап ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылды деп саналады.
Заңның 24-бабының 9-тармағына сай міндетті зейнетақы жарналарын басқа тұлғаның пайдасына төлеуге болмайды. Заңның 24-бабының 1-тармағына сай бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын агенттер Заңда анықталған мөлшерлемелер бойынша төлеуі тиіс.
Зейнетақы жарналарын, оның ішінде зейнетке шыққан соң, өз бетіңізше салу үшін Сіз БЖЗҚ-мен ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасай аласыз.
Бұл ретте ЕЗЖ мөлшерлемесі – жеке тұлғаның өзі анықтап, өз қалауына орай өзгерте алатын БЖЗҚ-ға төлем мөлшері. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңының 40-бабының 3-тармағына сәйкес ЕЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотын ашу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ЕЗЖ аудару кезінде жеке тұлғадан өз пайдасына немесе үшінші тұлғаның пайдасына БЖЗҚ-ға келіп түскен бастапқы жарна негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңының 40-бабының 4-тармағына сай салымшы (алушы) ЕЗЖ сомасы түскен күннен бастап ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылды деп саналады.
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес еңбек ету қабiлетiнен айырылған және (немесе) жұмысынан айырылған, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда берiлетiн әлеуметтiк төлемдерден Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталып қалады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жiберiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қаулының 3-тармағына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жүзеге асырады.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 24-бабының 1-тармағына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын Заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша агенттер төлеуі тиіс. Сондай-ақ, Заңның 29-бабының 1-тармағында «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлейтін жеке тұлғаларды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, агенттердің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталынған (есебіне жазылған) сомалары жөнiндегі мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзімде тоқсан сайын тапсыратыны көзделген. Декларацияның нысанын және оны жасау тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияда Заңның 24-бабының 2-4-тармақтарына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдарға қатысты міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бөлігінде мәліметтер көрсетілмейді.
3. Агенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталынған (есебіне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзуге мiндеттi.
4. Агент мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшыларына және өздерінің пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлерге тиісті кезең үшін тиесілі жалақының құрамды бөліктері туралы ай сайынғы хабарламада бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептелген және ұсталған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері туралы» қаулысының 19-тармағына сай агент мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды есептеу, аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған немесе салымшының (алушының) қателердің анықталғаны туралы жазбаша өтінішін алған жағдайда қателерді міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың кейінгі аударымдарын реттеу жолымен түзетеді. Мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың кейінгі аударымдарын реттеу жолымен қателерді түзету мүмкін болмаған кезде агент қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтару туралы өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация (бұрынғы - ЗТМО) жүгінеді.
Қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтару туралы өтінішке салымшының (алушының) өзінің жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы нотариат куәландырған өтініші қоса беріледі. Агенттің өтініші негізінде Мемлекеттік корпорация қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға электронды түрде өтінім құрады және БЖЗҚ-ға жібереді. БЖЗҚ қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға электронды түрдегі өтінімді Мемлекеттік корпорациядан алғаннан кейін қайтаруды жүзеге асырады.
Зейнетақы жарналарын салуға міндетті қазақстандықтар мұны бірнеше тәсілмен жүзеге асыра алады.
Бірінші. Егер адам жалданып жұмыс істесе, оның жұмыс берушісі (агенті) ай сайын жұмыс үшін төлейтін соманың 10%-ы мөлшерінде МЗЖ ұстап, аударуы керек.
Екінші. Азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарт бойынша жұмыс істейтін қазақстандық салық агенті болып табылатын тұлғамен серіктес болады. Бұл агент БЖЗҚ-ға МЗЖ түрінде аударылатын ай сайынғы табыстың 10%-ын ұстап қалады.
Үшінші. Адам салық агенттеріне қатысы жоқ адаммен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейді делік. Бұл жағдайда қазақстандықтың өзі БЖЗҚ-ға ай сайынғы табыстың кемінде 10%-ын, бірақ ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 50 еселенген мөлшерінің 10%-нан аспайтын мөлшерін аударады. Мұны банктер немесе «Қазпошта» арқылы жасауға болады, деп нақтылады БЖЗҚ-да.
Төртінші. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар да осындай жарналарды сала алады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға жататын Қазақстан тұрғындары Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеуі тиіс. Қазір ол республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында тұратындар үшін 3 063 теңгені құрайды. Барлық қалған аймақтар үшін БЖТ 1 531,50 теңгеге тең.
Бесінші. Жеке кәсіпкерлер үшін бәрі біршама қарапайым, бірақ төлем жүйесі бойынша емес, мөлшерін анықтау бойынша ғана. Жеке практикамен айналысатын ЖК иесі салық кезеңінің әрбір айы үшін МЗЖ мөлшерін есептейді, содан кейін алынған соманы БЖЗҚ-дағы өз шотына аударады.
Салымшының (алушының) БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоты зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда 1 (бір) ай өткеннен кейін жабылады.
ЖЗШ бар екенін растайтын құжатты ұсыну қажет болған жағдайда, БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне келген кезде Сізге белгіленген нысанда «Ашық жеке зейнетақы шотының болуы туралы анықтама» беріледі.
Сондай-ақ «Жеке кабинетке» кіру рұқсаты болған кезде немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммесақтандыру сыйлықақырциялық емес акционерлік қоғамынан алуға болатын электрондық цифрлық қолтаңбаның өзекті кілті болған кезде, Сіз біздің сайттағы «Жеке кабинет», әрі қарай «Жеке тұлғаның кабинеті» бөлімінде, «Қызметтер» шағын бөлімінде, әрі қарай «ЖЗШ болуы туралы анықтама алу» бөлімінде ашық шоттың болуы туралы анықтама ала аласыз.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар жеке басын куәландыратын құжаты (шетелдік үшін – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі) болған кезде Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандырылу құқығына ие болады.
2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 37-бабының 2-тармағына сай МЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да ЖЗШ ашу автоматты режимде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәріппен МЗЖ аудару кезінде БЖЗҚ-ға агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімі негізінде жүзеге асырылады. Егер жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу үшін ашық ЖЗШ болмаған жағдайда, МЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан келіп түскен, электронды төлем тапсырмасында көрсетілген жеке тұлғаның деректемелеріне агенттің БЖЗҚ-ға аударған бастапқы МЗЖ сомасының негізінде ашылады. Осыған байланысты 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап МЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашу үшін жеке тұлғалардың БЖЗҚ-ға өтініш беруі талап етілмейді.
2021 жылдың 1 мамырынан бастап ЕЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да ЖЗШ ашу: - ЕЗЖ аудару кезінде БЖЗҚ-ға агенттер (заңды тұлғалар) ұсынатын жеке тұлғалардың тізімі негізінде; - ЕЗЖ аудару кезінде өзінің немесе үшінші тұлғаның пайдасына жеке тұлғадан БЖЗҚ-ға келіп түскен алғашқы жарнаның негізінде; - Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдікті жүзеге асырған ұйымдардан БЖЗҚ-ға келіп түскен алғашқы талап етілмеген кепілдікті өтем сомасының негізінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты, 01.05.2021 ж. бастап БЖЗҚ-да ЕЗЖ есепке алу үшін жеке тұлғалардың ЖЗШ ашуы үшін шарт жасасу талап етілмейді. БЖЗҚ-ға ЕЗЖ төлеуді екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) немесе «Қазпошта» АҚ арқылы жүзеге асыруға болады. Жекелеген ЕДБ жарналарды онлайн аудару мүмкіндігін (мобильді қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы) ұсынады.
26.10.2021 ж. бастап "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 2-тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде жүзеге асырылады. БЖЗҚ-да жеке тұлғаның МКЗЖ есепке алу үшін ашық ЖЗШ болмаған жағдайда, жеке зейнетақы шоты электрондық төлем тапсырмасында көрсетілген жеке тұлғаның деректемелеріне агент БЖЗҚ-ға аударған, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан келіп түскен бастапқы МКЗЖ сомасының негізінде ашылады.
Осыған байланысты, 26.10.2021 ж. бастап жеке тұлғалардың БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашуға өтініш беруі талап етілмейді. Жеке тұлғаның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін ашылған жеке зейнетақы шоты болған жағдайда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын қайта ашу жүзеге асырылмайды. Бұл ретте жеке тұлғаның пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеген агент міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бұрын ашылған жеке зейнетақы шотына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есепке алынған күннен бастап міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.
2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 37-бабының 2-тармағына сай МЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да ЖЗШ ашу автоматты режимде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәріппен МЗЖ аудару кезінде БЖЗҚ-ға агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімі негізінде жүзеге асырылады.
Егер жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу үшін ашық ЖЗШ болмаған жағдайда, жеке зейнетақы шоты «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан келіп түскен, электронды төлем тапсырмасында көрсетілген жеке тұлғаның деректемелеріне агенттің БЖЗҚ-ға аударған бастапқы МЗЖ сомасының негізінде ашылады. Осыған байланысты 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап МЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашу үшін жеке тұлғалардың БЖЗҚ-ға өтініш беруі талап етілмейді.
2021 жылдың 1 мамырынан бастап ЕЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да ЖЗШ ашу:
- ЕЗЖ аудару кезінде БЖЗҚ-ға агенттер (заңды тұлғалар) ұсынатын жеке тұлғалардың тізімі негізінде;
- ЕЗЖ аудару кезінде өзінің немесе үшінші тұлғаның пайдасына жеке тұлғадан БЖЗҚ-ға келіп түскен алғашқы жарнаның негізінде;
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдікті жүзеге асырған ұйымдардан БЖЗҚ-ға келіп түскен алғашқы талап етілмеген кепілдікті өтем сомасының негізінде жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, 01.05.2021 ж. бастап БЖЗҚ-да ЕЗЖ есепке алу үшін жеке тұлғалардың ЖЗШ ашуы үшін шарт жасасу талап етілмейді.
Егер салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын аудару күніне зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген зейнетақы жинақтарының сомасынан аз болса, БЖЗҚ салымшыға (алушыға) зейнетақы жинағын аудару туралы өтінішті орындау мүмкін еместігінің себептерін көрсете отырып, оның зейнетақы жинағын аудару туралы өтінішін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда дәлелді жауап жібереді.
БЖЗҚ аталған өтінішті орындағанға дейін, яғни зейнетақы жинақтарын ЖЗШ-дан есептен шығарғанға дейін сақтандыру ұйымына аударуға арналған өтініштің күшін жоюға болады.
Салымшы (алушы) сақтандыру ұйымына аударуға өтініштің күшін жою туралы өтінішті беру мақсатында БЖЗҚ филиалының кеңсесіне жеке өтініш жасаған кезде, өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын әкелуі қажет. Сенім білдірілген тұлға жүгінген кезде, салымшыдан (алушыдан) сенімхаттың болуы және сенімхатта күшін жою туралы өтініш беруге өкілеттігінің болуы қажет.
Зейнетақы аннуитеті шартын жасай отырып, салымшы өзінің сақтандыру сыйлықақысы түріндегі зейнетақы жинақтарын өмірді сақтандыру компаниясына (бұдан әрі - ӨСК) беретінін, орнына ӨСК-дан өмір бойғы төлемдерді алу құқығын алатынын мәлімет ретінде хабарлаймыз. Бұл ретте Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 60-бабының 6-тармағына сәйкес зейнетақы аннуитеті шартын басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда сақтанушының бастамасы бойынша ғана, зейнетақы аннуитеті шартын бұзуға, бірақ ол жасалған күннен бастап екі жылдан ерте емес мерзімде мүмкін болады.
Тиісінше зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымынан БЖЗҚ-ға аудару қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 34-бабының 9-тармағының 9) тармақшасында БЖЗҚ салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымына аударуға міндетті екені белгіленген. Аталған тәртіп, сондай-ақ қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 жылғы №32 қаулысымен бекітілген Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару қағидаларында (бұдан әрі - Қағида) айқындалған. Осылайша Қағиданың 2-тармағында салымшылар (алушылар) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару мақсатында өздері жүгінген кезде БЖЗҚ-ға мынадай құжаттарды ұсынатыны белгіленген:
1) БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініш;
2) сәйкестендіру үшін салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжат;
3) салымшының (алушының) сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасы.
Салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтінішпен жеке жүгінуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, салымшы (алушы) сенімхатта сақтандыру ұйымының атауын көрсете отырып, зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтінішпен жүгінуге нотариат куәландырған сенімхатты жеке немесе заңды тұлғаға (бұдан әрі - сенім білдірілген адам) береді.
Қағиданың 4-тармағына сай сенім білдірілген адам зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару мақсатында Қағиданың 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа БЖЗҚ-ға қосымша ұсынады:
1) егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымда мүддені білдіруге өкілеттігі болса, нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;
2) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
3) сәйкестендіру үшін сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаты.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 62-бабының 1-тармағына сай зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуды БЖЗҚ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 31 және 59-баптарының ережелеріне сәйкес, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күнінде қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жеткілікті болған кезде МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына (СҰ) аударуға құқығы бар тұлғалар келесілер болып табылады:
1. зейнет жасына жеткен адамдар: ерлер – 63 жасқа толғанда; әйелдер – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқатолғанда, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқа толғанда);
2. 45 жасқа толған адамдар;
3. егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер.
Заңның 32 және 59-баптарының ережелеріне сәйкес, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күнінде қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жеткілікті болған кезде МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан СҰ-ға аударуға құқығы бар тұлғалар келесілер болып табылады;
1. зейнет жасына жеткен адамдар: ерлер – 63 жасқа толғанда; әйелдер – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқатолғанда, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқа толғанда);
2. өздеріне МКЗЖ жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 ай төленген, 40 жасқа толған адамдар;
3. егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер.
МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары пайдаланылуы мүмкін.
Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 ай МКЗЖ төленген, 40 жасқа толған адамдар МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқылы. СҰ-дан айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күніне қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болмауы тиіс.
Сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдерін деректемелері зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілетін сақтанушының банктік шотына аударады. Сақтандыру төлемдерінің сомаларын аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу сақтандыру ұйымының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
БЖЗҚ-ға беру тәсіліне қарай зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару үшін қажетті құжаттардың өзекті тізбесі БЖЗҚ-ның www.enpf.kz веб-сайтында орналастырылған.
Инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы немесе инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтару туралы өтініштің күшін БЖЗҚ көрсетілген өтінішті орындағанға дейін, яғни зейнетақы жинақтарын ЖЗШ-дан есептен шығарғанға дейін жоюға болады.
Күшін жою туралы өтініш негіздемені көрсетуді талап етпейді, яғни негіздеме - салымшының өз шешімі. Айта кету керек, орындалған өтініш қате берілсе де, оның күшін жою мүмкін емес.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аударуға берілген өтініштің дәрежесін БЖЗҚ веб-сайтындағы жеке кабинетте «Менің төлемдерге/аударымдарға берген өтінішім» бетбелгісінде қадағалауға болады және мобильді қосымшасында.
ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берілген зейнетақы жинақтары туралы мәліметтер ЖЗШ-дан үзінді көшірменің титулдық парағында да, қосалқы шоттан үзінді көшірмеде де көрсетіледі. Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына аударылған аударым бойынша зейнетақы жинақтарына есептелген инвестициялық кіріс туралы ақпарат тиісті кезең ішінде сенімгерлік басқаруға берілген міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алу үшін қосалқы шоттың (- тардың) үзінді көшірмесінде көрсетіледі.
ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтары жеке қосалқы шотта есепке алынады және ЖЗШ-дан үзінді көшірменің титулдық парағында да, қосалқы шоттан үзінді көшірмеде де көрсетіледі.
Иә, БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы тиісті өтініш беру арқылы (ИПБ-ға аудару) немесе уәкілетті оператордың платформасында (тұрғын үй жағдайларын жақсарту):
- зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру құқығы бар болған жағдайда немесе тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында жүзеге асыра алады;
- электрондық цифрлық қолтаңба бар болған жағдайда жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларының 32-тармағының ережелеріне сәйкес біржолғы зейнетақы төлемін қайтару:
1) алушы уәкілетті операторға алушының арнаулы шотына есепке жазылған біржолғы зейнетақы төлемінің бүкіл сомасын немесе оның бір бөлігін БЖЗҚ-ға қайтаруға өтініш берген жағдайда;
2) алушы уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделуге ақы төлеуге пайдаланылғанын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда;
3) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында аударылған біржолғы зейнетақы төлемдері басқа мақсатта пайдаланылған жағдайларда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда уәкілетті оператор алушыға уәкілетті оператордың интернет-ресурсы арқылы 5 (бес) жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануды растайтын құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы электрондық хабарлама жібереді.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда алушы тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында өзі алған біржолғы зейнетақы төлемінің бүкіл сомасын немесе оның бір бөлігін уәкілетті оператордан ашылған өзінің арнаулы шотына қайтарады. Уәкілетті оператор алушы қайтаратын сома түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды БЖЗҚ-ға қайтаруды жүзеге асырады.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, уәкілетті оператор алушыдан қайтаруға өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға біржолғы зейнетақы төлемдерін қайтаруды жүзеге асырады. БЖЗҚ уәкілетті оператор қайтарған біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасын БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шотына аударады.
Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы корпустың беткі жоғарғы жағында сенсорлық экраны бар монолитті корпус болып табылады. Корпус ішінде жүйелік блок, үздіксіз қоректендіру көзі (UPS), А4 форматты құжаттарды басып шығаруға арналған принтер орналасқан. Бет жағында принтерден басып шығарылған құжаттарды шығаруға арналған саңылау мен тартпа, сондай-ақ жеке куәліктен ЭЦҚ-ны, USB-тасығыштардан оқуға арналған картридер қарастырылған.
Қазіргі уақытта Қордың филиалы жанындағы, Түркістан облыстық филиалынан басқа, әрбір бөлімшеде 1 (бір) терминалдан 18 (он сегіз) өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы жұмыс істейді. Зейнетақы қызметтерін көрсету «онлайн» түзімінде, пайдаланушыны төмендегілер арқылы сәйкестендіргеннен кейін жүзеге асырылады:
1. ҚР ҰКО шығарған, жеке куәлікте сақталған және Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларын сәйкестендіруді тіркеу куәліктерін қолдану саясаты бар ЭЦҚ кілті;
2. ЖСН мен парольді енгізу.
Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы келесі зейнетақы қызметтерін алуға болады:
1. Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;
2. Жеке зейнетақы шоттарының бар екендігі туралы анықтама алу;
3. Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру (мерзімсіз уақытқа І, ІІ топ мүгедектері);
4. Салымшының (алушының) деректемелеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге өтініш беру;
5. (Салымшының (алушының) хабарландыру тәсілін анықтау туралы келісімі;
6. «БЖЗҚ» АҚ-ға зейнетақы төлемдерін тағайындау және (немесе) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін тексеру.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен адамдардың осы Заңның 11-бабының 1-тармағында және 32-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген жасқа толуы кезінде, инфляция деңгейiн ecкepe отырып, сондай-ақ 31-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.
Мемлекет Заңның 31-бабының 1-1-тармағында және 32-бабының 1-1-тармағында аталған, сондай-ақ Заңның 35-1-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударуды жүзеге асырған адамдарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарын алып қойған күннен не зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударылған күннен бастап Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейінгі кезең ішінде жүзеге асырылған, инфляция деңгейі ескеріле отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді.
Зейнетақы жинақтарының төлеміне банк қызметтерін көрсету туралы шарттарға сәйкес алушылардан комиссиялық сыйақыны ұстамай, зейнетақы жинақтарының төлеміне қызметтер көрсететін екінші деңгейдегі банктердің тізімі:
1. «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ;
2. «ҚАЗПОШТА» АҚ;
3. «БАНКЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ;
4. "FORTEBANK» АҚ;
5. «ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК» АҚ;
6. «FIRST HEARTLAND JYSAN BANK» АҚ.
БЖЗҚ-ның қатысуы жоқ елдің шалғай елдімекендерінде трансфер-агенттік қызмет көрсетуді дамыту, сондай-ақ зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында Қор «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп, БЖЗҚ қызметтеріне «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшесін қосымша қосу бойынша жұмыс жүргізді. Осылайша бүгінгі таңда БЖЗҚ қызметтерін «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшесінен алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, «БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның бірлескен жобасының арқасында ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде Қордың салымшылары (алушылары) келесі операция түрлерін жүргізе алады:
1) Хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісім;
2) Салымшының (алушының) қосымша деректемелеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу.
БЖЗҚ қызметтерін алуға болатын «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің тізімі - enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» - «Қазпошта» АҚ-мен серіктестік» бөлімінде.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне (ЖЗЖ) өтуге байланысты күштік құрылым қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақымен қамсыздандырылуы осы уақытта түрлі сипатқа ие және 1998 жылғы 1 қаңтарға еңбек сіңірген жылдарының болуына байланысты:
· бірінші санат – 01.01.1998 жылғы жағдай бойынша еңбек сіңірген жылы 10 жыл және одан көп мерзімді құрайтын күштік құрылым қызметкерлері бюджет қаражаты есебінен толық көлемде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға құқылы (ЖЗЖ қатысушылары емес);
· екінші санат - 01.01.1998 жылғы жағдай бойынша еңбек сіңірген жылы 10 жылдан аз уақытты құрайтын күштік құрылым қызметкерлері толық емес көлемде республикалық бюджет есебінен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға құқылы және бір уақытта олар ЖЗЖ қатысушылары болады (мемлекеттік бюджет есебінен 20% міндетті зейнетақы жарналары төленеді);
· үшінші санат – қызметке алғаш 01.01.1998 жылдан кейін түскен күштік құрылым қызметкерлері тек ЖЗЖ-дан зейнетақы төлемдеріне құқылы (мемлекеттік бюджет есебінен оларға 20% міндетті зейнетақы жарналары төленеді). Ортақ зейнетақы жүйесі бойынша еңбек сіңірген жылдарына зейнетақыға құқылы емес. ЖЗЖ қатысушыларына жыл сайын бюджет қаражаты есебінен ақшалай үлестен 20% мөлшерде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі - БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда теңдей талаптармен әр жылдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шыққан адамдардың зейнетақыларының мөлшерінде аздаған айырмашылық байқалады. Әскери қызметшілердің, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің зейнетақымен қамсыздандырылуында негізгі мәселе күштік құрылым қызметкерлерін ұдайы өсетін ақшалай қамтылымы мен бұрын алған кірістеріне зейнетақы төлемдері мөлшерінің сәйкессіздігі болып табылады, ол:
- зейнетке (отставка) жеңілдікпен (жасы бойынша) шығумен;
- ЖЗЖ-ға қатысудың қысқа өтіліне қатысты жинақтарының жеткіліксіз көлемімен байланысты.
Осылайша, республикалық бюджеттен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек сіңірген жылдарын қысқартумен байланысты толық емес көлемде тағайындалады. ЖЗЖ аясында оларға көзделген төлем ЖЗЖ-ға қатысудың қысқа өтіліне байланысты аз ғана мөлшерде. Ерекше мәртебесіне қарай және әлемдік тәжірибе мен халықаралық және отандық сарапшылар ұсынымы есебімен күштік құрылым қызметкерлерін дұрыс зейнетақымен қамсыздандыру қажеттілігіне қарай, 2016 жылдан бастап оларды толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстыру арқылы күштік құрылым қызметкерлерінің зейнетақымен қамсыздандыруларын қайта реформалау көзделді. Бұл ретте еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеудің қолданыстағы тәртібі сақталады: зейнетақы мөлшері ақшалай қамтылымның (АҚ) 50% есебінен белгіленеді, бұл ретте 25 жылдан жоғары еңбек сіңірген әр жыл үшін зейнетақы мөлшері 2% артады, еңбек өтілінің әр жылы үшін АҚ-дан 1%-ға артады, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 109 АЕК-тен аспайды. Осылайша, 01.01.2016 жылдан бастап 01.01.1998 жылға еңбек сіңірген жылының болуына байланыссыз барлық күштік құрылым қызметкерлеріне зейнетақымен қамсыздандыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Бұл ретте республикалық бюджет есебінен әскери қызметшілер пайдасына 20% міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тоқтатылады. Бұл күштік құрылым қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандырудың дұрыс деңгейін құруға және әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері құқығына еңбек өтілі жиырма бес жыл және одан көп, оның ішінде кемінде жиырма жыл және алты айды үздіксіз әскери қызмет, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет және әскери қызметте, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толған немесе денсаулығына немесе штат қысқаруына байланысты жұмыстан босатылғандар құрайтын күштік құрылым қызметкерлері ие.
Бұл ретте еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқық БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шотынан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасынан 50 пайызды қайтарғанда пайда болады. Сондай-ақ қалыптасқан зейнеткерлер үшін толық емес көлемде бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін, оларды толық мөлшерге дейін жеткізуді ескере отырып, зейнетақы ісіндегі еңбек сіңірген жылдары мен қызметтен шығарылған күнгі еңбек өтілін есепке ала отырып, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50%-ы қайтарылған жағдайда, бір жолғы қайта есептеуді жүргізу көзделген. Бұдан басқа, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға жауапты уәкілетті мемлекеттік органдар республикалық бюджетке қайтаруға жататын міндетті зейнетақы жарналары сомасын көрсете отырып, ерікті түрді өтініш берген қызметкерлер тізімін жасау және хабарлау бойынша жұмысты, сондай-ақ жеке зейнетақы шоттарынан міндетті зейнетақы жарналарының сомасын есептен шығару бойынша іс-шаралар жүргізеді. Зейнетақы жинақтарының қалғанын пайдалануға құқық зейнетақы заңнамасының нормаларына сәйкес іске асырылады, яғни жалпыға белгіленген зейнет жасына толғанда іске асырылады.
БЖЗҚ-ға біржолғы зейнетақы төлемдерін қайтару мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.10.2013 жылғы №1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 32-тармағына сәйкес уәкілетті оператор тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсаттарына біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырады. Біржолғы зейнетақы төлемдерін қайтару бойынша уәкілетті оператор мен БЖЗҚ арасындағы өзара іс-қимыл Қағиданың 27-тармағында көрсетілген тиісті келісімде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар Қағиданың 32-тармағының ережесінде алушының уәкілетті операторға алушының арнайы шотына есептелген біржолғы зейнетақы төлемінің бүкіл сомасын немесе сомасының бір бөлігін БЖЗҚ-ға қайтаруға өтініш берген жағдайда да қайтарудың жүзеге асырылатыны белгіленген. Уәкілетті оператор алушыдан қайтаруға өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шотына есептейтін біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын БЖЗҚ-ға қайтаруды жүзеге асырады. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемімен төленген ЖТС сомасы қайтарылған біржолғы зейнетақы төлемінің сомасына бара-бар салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-сында қалпына келтірілуге жатады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларының 32-тармағының ережесімен біржолғы зейнетақы төлемін қайтару алушының уәкілетті операторға алушының арнайы шотына есептелген біржолғы зейнетақы төлемінің бүкіл сомасын немесе сомасының бір бөлігін БЖЗҚ-ға қайтаруға өтініш берген жағдайда да жүзеге асырылатыны белгіленген.
Бұл ретте уәкілетті оператор алушыдан қайтаруға өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ның салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шотына есептейтін біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын БЖЗҚ-ға қайтаруды жүзеге асырады. Осылайша, алушының арнайы шотына аударылған біржолғы зейнетақы төлемінің бүкіл сомасын немесе сомасының бір бөлігін БЖЗҚ-ға қайтару мақсатында уәкілетті операторға жүгіну қажет.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
Қазақстан Республикасының «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңының 1-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктің жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғанын растайтын құжат тұруға ықтиярхат болып табылады, ал көрсетілген Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтығы жоқ адамның куәлігі Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, он алты жасқа толған, азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
Демек, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің Қазақстан Республикасында тұрақты тұру фактісін растайтын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында, сондай-ақ заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін пайдалануға құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 12-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы шегінен тыс тұрақты тұру жеріне (бұдан әрі – ҚР шегінен тыс ТТЖ-ға кету) кетумен байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті қарау кезінде БЖЗҚ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен өтініш жасаған шетелдікте немесе азаматтығы жоқ адамда Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар-жоғы және оның жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады.
Өтініш берген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатының күшінің жойылуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер алынған жағдайда, БЖЗҚ зейнетақы төлемін Қағидаларда белгіленген мерзімдерде жүзеге асырады.
Өтініш берген шетелдіктің Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуына байланысты Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер алынған жағдайларда БЖЗҚ өтінішті қабылдаудан не Қағидаларда белгіленген мерзімдерде орындаудан бас тартады, бұл ретте шетелдікті Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге рұқсатты ресімдеу мақсатында Қазақстан Республикасындағы соңғы тіркелген жері бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшесіне жүгіну қажеттігі туралы хабардар етеді. Қажет болған жағдайда шетелдік азамат Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдегеннен кейін БЖЗҚ-ға қайтадан өтініш береді. Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар екендігі және жарамдылығы туралы мәліметтер алынған, сондай-ақ өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткені туралы мәліметтер болмаған не шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатының күші жойылған жағдайларда БЖЗҚ өтінішті қабылдаудан не Қағидаларда белгіленген мерзімдерде орындаудан бас тартады. Мысалы, егер алушының БЖЗҚ-ға ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру мәселесі бойынша жүгінген кезде, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу себебі бойынша Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген алушының жеке куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер болса, бұл ретте ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету туралы мәліметтер болмаса, БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл туралы алушыға бас тарту себебін көрсете отырып, тиісті қолхат береді.
Кейіннен алушы ҚР-нан тыс ТТЖ-ға кетуге рұқсатты белгіленген тәртіппен ресімдеу үшін одан арғы әрекеттерді нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасындағы соңғы тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшесіне жүгінуі қажет. БЖЗҚ өз тарапынан БЖЗҚ-ның және ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің қатысуымен құрылған жұмыс тобының өзара іс-қимылы шеңберінде, қажет болған жағдайда алушылардың ҚР аумағынан тыс ТТЖ-ға кету фактісін нақтылау және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар болған жағдайда мәліметтерді өзектендіру бөлігінде соңғысына сұратулар жібереді.
Қызметкердің табысынан зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару үшін жұмыс беруші қызметкерден қосымша құжаттарды сұрамайды, өйткені қажетті деректер (Т АӘ/ТК) жұмыс берушіде бұрын ұсынылған (қызметкерді жұмысқа орналастырған кезде) жеке басын куәландыратын құжаттың (шетелдіктің, ЕАЭО елі азаматының шетелдік паспортының), сондай-ақ бейрезиденттің ЖСН негізінде болуы тиіс.
Цифрлық қызметті алу үшін Egovmobile мобильді қосымшасында жеке куәліктің цифрлық (электрондық) нұсқасының болуы жеткілікті.
БЖЗҚ бөлімшесіне жеке жүгінген кезде Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің электрондық нұсқасымен:
1) жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмелер алуға;
2) деректемелерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуге;
3) зейнетақы жинағының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгертуге (анықтауға).
4) жеке куәліктің электрондық нұсқасын пайдалану арқылы зейнетақы жинағын сақтандыру ұйымына аударуға болады.
Зейнетақы қызметтерін ұсынуды жақсарту мақсатында БЖЗҚ жұмыс берушінің қызметкерлердің зейнетақы аударымдарын жеңіл және оңай аударуына мүмкіндік беретін «Заңды тұлғаның кабинеті» деген жаңа жобаны іске қосты.
Аталған сервис салық агенттері болып табылатын жұмыс берушілерге арналған, олардың міндеттеріне қызметкерлердің зейнетақы жарналарын аудару кіреді және сервис пайдаланушыға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша төлем тапсырмаларын құруға, редакциялауға және баспаға жіберуге мүмкіндік береді.
Аталған сервистің аясында редакциялау (қызметкерлерді алып тастау және қосу) мүмкіндігімен бірге БЖЗҚ-ға төлемдері жіберілуі тиіс қызметкерлердің тізімін көруге болады. Бұдан бөлек, сервис төлемдер тарихынан бұрын құрылған төлем тапсырмалары бойынша барлық деректерді көруге мүмкіндік береді.
Заңды тұлғаның кабинетіне кіру рұқсаты қол қоюға құқығы бар заңды тұлғаның бірінші басшысына немесе заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде ғана қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген тұлғаға берілген.
2022 жылға арналған жеткіліктілік шегі:
· 20 жас - 3 140 000 теңге;
· 21 жас - 3 250 000 теңге;
· 22 жас - 3 370 000 теңге
· 23 жас - 3 490 000 теңге;
· 24 жас - 3 610 000 теңге;
· 25 жас - 3 730 000 теңге;
· 26 жас - 3 860 000 теңге;
· 27 жас - 3 980 000 теңге;
· 28 жас - 4 110 000 теңге;
· 29 жас - 4 240 000 теңге;
· 30 жас - 4 370 000 теңге;
· 31 жас - 4 510 000 теңге;
· 32 жас - 4 640 000 теңге;
· 33 жас - 4 780 000 теңге;
· 34 жас - 4 920 000 теңге;
· 35 жас - 5 060 000 теңге;
· 36 жас - 5 200 000 теңге;
· 37 жас - 5 350 000 теңге;
· 38 жас - 5 490 000 теңге;
· 39 жас - 5 640 000 теңге;
· 40 жас - 5 790 000 теңге;
· 41 жас - 5 950 000 теңге;
· 42 жас - 6 100 000 теңге;
· 43 жас - 6 260 000 теңге;
· 44 жас - 6 420 000 теңге;
· 45 жас - 6 580 000 теңге;
· 46 жас - 6 750 000 теңге;
· 47 жас - 6 920 000 теңге;
· 48 жас - 7 090 000 теңге;
· 49 жас - 7 260 000 теңге;
· 50 жас - 7 430 000 теңге;
· 51 жас - 7 610 000 теңге;
· 52 жас - 7 790 000 теңге;
· 53 жас - 7 970 000 теңге;
· 54 жас - 8 150 000 теңге;
· 55 жас - 8 340 000 теңге;
· 56 жас - 8 530 000 теңге;
· 57 жас - 8 720 000 теңге;
· 58 жас - 8 920 000 теңге;
· 59-62 жас - 9 120 000 теңге.