"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
Алушыларға

КЕСТЕ БОЙЫНША ТӨЛЕМДЕР

БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен төленетін зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға және:

1)  зейнеткерлік жасқа жеткендерге, атап айтқанда ерлерге 63 жасқа толғанда,

әйелдерге –2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда (2028 жылғы 1-қаңтардан бастап -61,5 жасқа толғанда, 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда; 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда; 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда;

2) егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға:

- егер БЖЗҚ-дан төленетін төлем жүзеге асырылатын күні зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын болса, бір рет төленеді.

 - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде төленеді. 

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерінің мөлшері мен кезеңділігін зейнетақы төлемдерін алушы дербес белгілейді.


ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ МӨЛШЕРІН ЕСЕПТЕУ


1. МЗЖ/МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемінің ай сайынғы мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметі  бекіткен Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

2021 жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептеледі – 6,5 % (зейнетақы жинақтарының сомасы * 6,5% / 12 = бірінші жылдағы ай сайынғы төлемнің мөлшері).

Зейнетақы төлемдері жүзеге асырылған кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне ұлғайту жолымен айқындалады – 5%.


Мысал келтірейік:

Зейнетақы жинақтарының сомасы = 6 000 000 теңге

Бірінші жылдағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы: 6 000 000 * 6,5% = 390 000 теңге;

Бірінші жылдағы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері: 390 000/12 ай = 32 500 теңге;

Екінші жылға арналған ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері: 32 500 + 32 500 * 5% = 34 125 теңге.

Бұл ретте ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің есептелген мөлшерінің төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің кемінде 70 %  мөлшерінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте зейнеткерлік жасқа жеткен және (немесе) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін алу құқығын іске асырған адамдар бойынша:

зейнетақы төлемдері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының кемінде отыз еселенген, бірақ зейнетақы төлемдерін алушының жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады;

зейнетақы төлемдерін алу құқығы бұрын белгіленген мерзімділікке сәйкес сақталады.

Егер кезекті зейнетақы төлемі жүзеге асырылғаннан кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аз соманы құрайтын болса, бұл қалдық кезекті зейнетақы төлемнің сомасымен бірге төленеді.

2. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы, егер жеке тұлға төмендегі шарттардың бірін қанағаттандыратын болса, осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген түзету коэффициентіне көбейтіледі:

1) мерзімсіз белгіленген бірінші топтағы мүгедектігінің болуы;

2) мерзімсіз белгіленген екінші топтағы мүгедектігінің болуы;

3) зейнеткерлік жастың басталуы және жиынтығында кемінде алпыс ай МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының болуы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шарттардың біреуден артығын қанағаттандыратын адамдарға мәні ең үлкен түзету коэффициенті қолданылады.


Мысал келтірейік:

Жеке тұлғаның мерзімсіз белгіленген 1-топтағы мүгедектігі бар:

ЗЖ сомасы = 6 000 0000 теңге

Бірінші жылдағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы: 6 000 000 * 6,5% = 390 000*1,69 = 659 100 теңге, мұнда 1,69 – 63 жасқа арналған түзету коэффициенті.

Бірінші жылдағы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері: 659 100/12 = 54 925 теңге;

Екінші жылдағы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері: 54 925 * 105% = 57 671,25 теңге.

 Егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар өтініш берген жағдайда, БЖЗҚ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның «МОДБ» АЖ-дан өтініш берушіге мүгедектіктің белгіленгені туралы мәліметтерді сұратады.

«МОДБ» АЖ-да өтініш берушінің бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігінің мерзімсіз болып белгіленгені туралы мәліметтер болмаған жағдайда БЖЗҚ өтініш берушінің өтініш берген күні БЖЗҚ-ның ішкі құжатында бекітілген нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы бас тарту себебі көрсетілген қолхат табыстап, өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында және 221-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдардан мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі алып тасталған жағдайда, БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері «МОДБ» АЖ-дан мүгедектікті алып тастау туралы мәліметтер алынған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

Мүгедектіктің алып тасталғаны туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімі БЖЗҚ және уәкілетті орган арасында жасалған тиісті келісімде белгіленген.

БЖЗҚ Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 221-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес зейнетақы төлемдері тағайындалған және Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен зейнетақы төлемдерін алушыларға мүгедектікті алып тастау туралы «МОДБ» АЖ-дан мәліметтерді алған жағдайда, БЖЗҚ зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін есепке алмай, осы Әдістеменің 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес зейнетақы төлемдерін қайта есептеуді жүзеге асырады.

Зейнетақы төлемдерін қайта есептеу «МОДБ» АЖ-дан мүгедектікті алып тастау туралы мәліметтер алынған айдан кейін жүзеге асырылады.



БЖЗҚ-ДАН ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ


2018 жылғы 11 қазаннан бастап зейнеткерлік жасқа толуына байланысты бірыңғай өтініш беру бойынша «бір терезе» қағидатын пайдалана отырып, өтініш беру бойынша композиттік қызмет енгізілді, оның аясында зейнеткерлік жасқа толған зейнетақы төлемдерін алушы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация  (Мемлекеттік корпорация) бөлімшелеріне жүгінеді.

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топ мүгедектігі бар адамдарға БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін БЖЗҚ-ға жүгіну қажет.

БЖЗҚ:

• егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген 1 немесе 2-топтағы мүгедектігі бар адам болып табылатын зейнетақы төлемдерін алушыларға – БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде;

• зейнеткерлік жасқа толған зейнетақы төлемдерін алушылар үшін – Мемлекеттік корпорацияның зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес Мемлекеттік корпорацияға зейнетақы төлемдерінің сомасын аударады.

Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын зейнетақы төлемдерін алушылардың жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындаған кезде Мемлекеттік корпорацияға зейнетақы төлемдерін алушылардың бұрын ұсынған банктік шоттарына Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдерінің кестесіне сәйкес, бірақ ерте дегенде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне құқық туындаған күні аударады.

Өтініш берушіде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда не ол БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің белгіленген кестесі бойынша зейнетақы төлемдерін алушы болып табылса, Мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдаған кезде өтініш берушіні осы фактілер туралы хабардар етеді.

Бұл ретте зейнетақы төлемдерін алушылардың дербес деректерін жинау және өңдеу жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындаған кезде Мемлекеттік корпорацияға ұсынылған келісімдер негізінде жүзеге асырылады.

БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Зейнетақы төлеміне өтініш берген күн:

1) зейнеткерлік жасқа толған зейнетақы төлемдерін алушылар үшін – зейнетақы төлемдерін алушының өтініші Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн, бұл ретте егер өтініш:

•зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін тіркелген болса – өтініш Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн өтініш берілген күн болып есептеледі;

• зейнеткерлік жасқа толғанға дейін – зейнеткерлік жасқа толған күн өтініш берілген күн болып есептеледі;

2)  2018 жылғы 1 қаңтарға дейін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын іске асырған зейнетақы төлемдерін алушылар үшін және мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адам болып табылатын зейнетақы төлемдерін алушылар үшін – БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не түскен күн болып табылады.

Мемлекет зейнетақы төлемдерін алушыларға БЖЗҚ-дағы МЗЖ-ның, МКЗЖ-ның Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен инфляцияның деңгейін ескере отырып, МЗЖ, МКЗЖ нақты енгізілген мөлшерде сақталуына кепілдік береді. Мемлекеттік кепілдік төлемінің сомасын есептеуді жүзеге асыру үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгіну қажет.

БЖЗҚ жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген ережелерді ескере отырып, белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеуді дербес жүргізеді.


Зейнетақы төлемдерін алушы өтініш берген жеріне және тәсіліне қарай төмендегі құжаттар тізбесін ұсынады:

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары төлемдерін алу құқығына ие адамдар

Құжаттарды беру тәсілі

Қажетті құжаттар тізбесі

Ерлер – 63 жасқа толғанда

әйелдер – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда (2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда; 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда; 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда; 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқа толғанда)

Мемлекеттік корпорацияға өзі жеке өтініш жасағанда

1) зейнетақы төлемдерін алушының жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін);
2) зейнетақы төлемдерін алушының банктік шоты туралы мәліметтер.

Сенім білдірілген тұлға/заңды өкіл/(қорғаншы/қамқоршы) арқылы (құжаттар Мемлекеттік корпорацияға сенім білдірілген адам/заңды өкіл өзі жеке өтініш жасаған кезде ғана қабылданады)

1) зейнетақы төлемдерін алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
2) нотариат куәландырған сенімхат (сенімхаттың үлгісі БЖЗҚ интернет-ресурсында «Қызметтер» - «Салымшыларға» - «Әмбебап сенімхат үлгісі» бөлімінде орналастырылған) немесе зейнетақы төлемдерін алушының атынан өтінішке қол қою және барлық қажетті құжаттарды беру құқығын көрсете отырып, зейнетақы төлемдерін алушының мүддесін Мемлекеттік корпорацияда білдіру үшін оның нотариат куәландырған көшірмесі не заңды өкіл өтініш жасаған жағдайда – заңды өкілдің куәлігі/заңды өкілдің тағайындалғаны туралы анықтама/басқа құжат;
3) сенім білдірілген адамның/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін);
4) зейнетақы төлемдерін алушының банктік шоты туралы мәліметтер.

Егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар

БЖЗҚ-ға өзі жеке келіп өтініш жасағанда

1) зейнетақы төлемдерін алушының жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін);

2) зейнетақы төлемдерін алушының банктік шоты туралы мәліметтер.

Сенім білдірілген адам/заңды өкіл/(қорғаншы/қамқоршы) арқылы (құжаттар БЖЗҚ-ға сенім білдірілген адам/заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) өзі өтініш жасаған кезде ғана қабылданады)

1) зейнетақы төлемдерін алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
2) нотариат куәландырған сенімхат (сенімхаттың үлгісі БЖЗҚ интернет-ресурсында «Қызметтер» - «Салымшыларға» - «Әмбебап сенімхат үлгісі» бөлімінде орналастырылған) немесе зейнетақы төлемдерін алушының атынан өтінішке қол қою және барлық қажетті құжаттарды беру құқығын көрсете отырып, зейнетақы төлемдерін алушының мүддесін Мемлекеттік корпорацияда білдіру үшін оның нотариат куәландырған көшірмесі не заңды өкіл өтініш жасаған жағдайда – заңды өкілдің куәлігі/заңды өкілдің тағайындалғаны туралы анықтама/басқа құжат;
3) сенім білдірілген адамның/заңды өкілдің (қорғаншы/қамқоршы)* жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін);
4) алушының банктік шоты туралы мәліметтер.
Назар аударыңыз!Зейнетақы төлемдерін алушы еңбекке жарамсыз/еңбекке жарамдылығы шектеулi кәмелетке толған тұлға болса, зейнетақы жинақтарының төлемі тек зейнетақы төлемдерін алушының банк шотына жасалады. Зейнетақы жинақтарының төлемін заңды өкілдің (қорғаншының/ қамқоршының) банк шотына жасауға рұқсат етілмейді.

Пошта байланысы арқылы

1) зейнетақы төлемдерін алушы өз бетімен толтыратын, белгіленген нысанға сай өтініш (өтініш бланкісінің өзекті нысаны интернет-ресурста – «Қызметтер» - «Алушыларға» - «Бланкілердің үлгілері» бөлімінде орналастырылған), бұл ретте өтініштегі зейнетақы төлемдерін алушының қолы нотариатта куәландырылады (нотариаттық куәландыру тұрғылықты тұратын мемлекетте жүргізілген жағдайда);
2) зейнетақы төлемдерін алушы өз бетімен толтыратын, БЖЗҚ белгілеген нысанға сай табысты түзету немесе салық шегерімін қолдану туралы өтініш (өтініш бланкісінің өзекті нысаны БЖЗҚ интернет-ресурсында «Қызметтер» - «Алушыларға» - «Бланкілердің үлгілері») бөлімінде орналастырылған), бұл ретте табысты түзетуге немесе салық шегерімін қолдануға арналған өтініштегі зейнетақы төлемдерін алушының қолы нотариатта куәландырылады (нотариаттық куәландыру тұрғылықты тұратын мемлекетте жүргізілген жағдайда);
3) зейнетақы төлемдерін алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
4) зейнетақы төлемдерін алушының банктік шоты туралы мәліметтер.

Интернет-ресурс арқылы

1) электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырылған өтініш;
2) зейнетақы төлемдерін алушы өз бетімен ЭЦҚ қолдана отырып толтыратын белгіленген нысандарға сай табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануға өтініші.

* «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының ережелеріне сай, шетелдік паспорт шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Тиісінше, егер сенім білдірілген тұлға шетелдік азамат не азаматтығы жоқ тұлға болса, онда БЖЗҚ-ға шетелдік паспорт ұсыну қажет (шетелдіктің, соның ішінде Ресей Федерациясы азаматының ішкі паспорты бар құжаттар топтамасы қаралмайды).

**Құжаттарды пошта байланысы арқылы берген жағдайда қажетті құжаттар топтамасын БЖЗҚ-ның облыстық (өңірлік) филиалдарының бірінің мекенжайына жолдауға болады


Назар аударыңыз! БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының төлемі «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырылатын жеке табыс салығы түріндегі ұстап қалу ескеріле отырып, МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптастырылған, зейнетақы төлемдерін алушыда бар зейнетақы жинақтары шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Салық кодексінің 326-бабының ережелеріне сәйкес, БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері салық салуға жататын, зейнетақы төлемдері түріндегі кіріске жатады.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде жеке табыс салығын ұстап қалу тәртібі туралы толық ақпарат «Алушыларға» - «Зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібі» бөліміне орналастырылған.