Филиалды таңдаңыз:
Агент міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жүргізеді.
Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) шоттары жоқ жеке практикамен айналысатын тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар МЗЖ кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін оларды банкке қолма-қол ақшамен енгізеді.
МЗЖ қолма-қол ақшамен не қолма-қол емес тәсілмен төлеу банктер арқылы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Ұсталған (есепке жазылған) МЗЖ, МКЗЖ Мемлекеттік корпорацияға мына деректемелер бойынша аударылады:
Атауы |
Деректемелер |
Бенефициар |
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ |
Бенефициар банкі |
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ |
Бенефициар БСК |
GCVPKZ2A |
Бенефициар ЖСК |
KZ12009NPS0413609816 |
Бенефициар БСН |
160440007161 |
ТМК:
ТМК |
Төлем мақсатының код атауы |
ТМК 010 |
міндетті зейнетақы жарналары |
ТМК 015 |
міндетті кәсіптік зейнетаөы жарналары |
ТМК 019 |
міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл |
ТМК 009 |
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының уақтылы аударылмағаны үшін өсімпұл |