"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
Алушыларға

ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІНЕ
 САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері ҚР Салық кодексіне[1] сай 10% мөлшерлемемен жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын табысқа жатады. ЖТС ұстау міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен салымшыға (алушыға) жасалатын төлемдердің барлық сомасынан жиынтық жүргізіледі.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар мынадай тұлғаларға: 

· зейнет жасына толуға байланысты алушыларға;

· мерзімсіз белгіленген 1-ші немесе 2-топтардағытоптағы мүгедектігі бар;

·Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары тұрақты тұратын жерге кеткен салымшыларға (алушыларға);

·мұраға қалған зейнетақы жинақтары түрінде жеке тұлғаларға;

·қайтыс болған тұлғаны жерлеуге біржолғы төлем түрінде жеке тұлғаларға;

·тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емдеу ақысын төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін алушыларға жасалады.


ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ ТҮРІНДЕГІ ТАБЫСҚА САЛЫҚТЫҚ ШЕГЕРІМДЕР 


Салық кодексінің 353-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сай зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын табыс мөлшері мынадай тәртіппен анықталады: 

 
      салық салуға жататын, зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс сомасы,
 алу
     *Салық Кодексінің 341-бабының 1-тармағында көзделген, жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы
 алу
    **Салық Кодексінің 345-бабының 1-тармағында және 346-бабы 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген тәртіппен және мөлшерлерде салықтық шегерімдер сомасы.
 

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 85-VII [2] заңымен Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін ескертеміз.

Сонымен, Салық кодексінің 346-бабына енгізілген өзгерістерге сай стандарт шегерімдер – республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі есептік көрсеткіштің (ТЕК) 14 еселенген мөлшері. Стандарт шегерім әрбір күнтізбелік айға қолданылады. Күнтізбелік жыл үшін жалпы стандарт шегерім сомасы республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 168 еселік ТЕК мөлшерінен аспауы тиіс. 


Бұл ретте,

* ЖТС бойынша түзетуге:
-  қайтыс болу туралы анықтама немесе қайтыс болу туралы куәлік болған кезде жерлеуге төлемдер 94 еселік ТЕК мөлшерінің шегінде жатады; 

** салықтық шегерімдер зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа: 

- МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен – зейнетақы төлемі жасалатын әрбір ай үшін 14 еселенген ТЕК мөлшерінде; 

- зейнет жасына толған және Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары тұрақты тұратын жерге кеткен Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғаларға 168 еселік ТЕК мөлшерінде қолданылады.


Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларымен көзделген стандарт салықтық шегерімдер зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа 882 еселік ТЕК мөлшерінде осы тармақша қолданылған күні мұндай тұлғаның: 


САЛЫҚТЫҚ ШЕГЕРІМДЕР ҚОЛДАНБАЙ ЖТС САЛЫНАТЫН ТАБЫС

Жеке тұлғалардың мынадай табысына салықтық шегерім қолданбай 10% мөлшерлемемен ЖТС салынады: 

Бұдан басқа, Салық кодексінің 341 және 343-баптарының ережелеріне сәйкес жеке тұлға осындай табыстан ЖТС ұстау күнінен кеш өтініш жасағандықтан, салық агенті жеке тұлғаның табысына (жерлеуге төлемдер кезінде) табысты түзету немесе салықтық шегерімдер қолданбаған жағдайда, жеке тұлға осындай табыстан ЖТС ұстауды жүргізген салық агентіне өтініш пен растаушы құжаттар ұсынуға құқылы, салық агенті олардың негізінде табысқа Салық кодексінің 48-бабының 2-тармағымен көзделген талап қою мерзімінің шегінде, атап айтқанда тиісті салықтық кезең аяқталған соң 3 жыл ішінде қайта есептеу жүргізеді.

Артық ұсталған ЖТС-ты өтету құқығы алушыда зейнетақы төлемі, оның ішінде біржолғы жерлеуге төлем жасалған күннен кейін 3 жыл ішінде сақталатындықтан, алушы артық ұсталған ЖТС-ты өтету үшін БЖЗҚ филиалдарына өтініш және растаушы құжаттар беруге құқылы.



БІРЖОЛҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ КЕЗІНДЕ САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ

БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасына салық салу тәртібін анықтау мақсатында Салық кодексінің 351-1 бабымен Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емдеу ақысын төлеу мақсатында жасалатын біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС есептеу, ұстау және төлеу ерекшеліктері көзделген. 

Салық кодексінің 351-1 бабының 2-тармағына сай біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасынан ЖТС ұстау мен аударуды БЖЗҚ жеке тұлғаның төмендегі тәсілдердің бірі арқылы ЖТС ұстау туралы өтінішіне сәйкес: 

1) Салық кодексінің 351-бабымен көзделген тәртіппен біржолғы зейнетақы төлемі жасалған күннен кешіктірмей бірден;

2) зейнетақы төлемдері үшін БЖЗҚ белгілеген кесте бойынша 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен жүргізеді.

ЖТС ұстау зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы уәкілетті орган келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген нысанда БЖЗҚ арқылы салық агентіне жеке тұлға берген ЖТС ұстау туралы өтініш негізінде жүргізіледі.

Осылайша, жеке тұлға Салық кодексінің 351-1 бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сай біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС ұстау туралы өтініш берген кезде ЖТС ұстау мен аударуды БЖЗҚ зейнет жасына толған кезде зейнетақы төлемдері үшін БЖЗҚ белгілеген кесте бойынша жүзеге асырады.

Біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын есептеу, ұстау және төлеу ерекшеліктерін анықтайтын Салық кодексінің 351-1 бабымен салықтық шегерімдер көзделмегеніне назар аудартамыз.

Сонымен қатар зейнетке шыққан кезде салымшының БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері жасалған кезде Салық кодексінің 345-бабының 1-тармағымен және 346-бабы 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларымен белгіленген тәртіппен және мөлшерде салықтық шегерімдер қолдануға құқығы бар екенін түсіндіреміз. 


Баяндалғанның негізінде жеке тұлға Салық кодексінің 351-1 бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сай ЖТС-ты бірден ұстау туралы өтініш берген кезде: БЖЗҚ біржолғы зейнетақы төлемін жасаған кезде ЖТС-ты біржолғы зейнетақы төлемінің сомасынан бірден ұстап қалады. 

 
 Мысалы:
 салымшы ЖЗШ-ындағы зейнетақы жинақтарының сомасы = 8 500 000,00 теңге
 жеткіліктілік шегі[7] = 3 500 000,00 теңге

 жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтарының сомасы

 8 500 000,00 - 3 500 000,00 = 5 000 000,00 теңге
 толық көлемде бірден ЖТС ұстап, біржолғы зейнетақы төлемі түрінде алуға болатын зейнетақы жинақтарының сомасы  

 5 000 000,00 – 500 000,00 = 4 500 000,00 теңге, мұнда

 500 000,00 теңге – ұсталуы және бюджетке аударылуы тиіс ЖТС сомасы (5 000 000,00 * 10%) 
 


Жеке тұлға Салық кодексінің 351-1 бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сай ЖТС ұстау туралы өтініш берген кезде: БЖЗҚ біржолғы зейнетақы төлемін жасаған кезде ЖТС сомасын ұстамай және мемлекеттік бюджетке аудармай есептейді. Есептелген ЖТС-ты ұстау мен аудару жеке тұлға зейнет жасына толған кезде зейнетақы төлемдері үшін БЖЗҚ белгілеген кесте бойынша 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде тең үлестермен жүргізіледі.

 
 Мысалы::
 салымшы ЖЗШ-ындағы зейнетақы жинақтарының сомасы = 8 500 000,00 теңге
 жеткіліктілік шегі = 3 500 000,00 теңге
 жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтарының сомасы = 5 000 000,00 теңге 
 зейнет жасына толуға байланысты БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдерінің кестесіне сай тең үлестермен ай сайын ЖТС ұстап, біржолғы зейнетақы төлемі түрінде алуға болатын зейнетақы жинақтарының сомасы = 5 000 000,00 теңге 

 бұл ретте, есептелген ЖТС сомасы = 500 000,00 теңге (5 000 000,00 * 10%)

 БЖЗҚ зейнет жасына толған кезде зейнетақы төлемдері үшін БЖЗҚ белгілеген кесте бойынша мемлекеттік бюджетке аударады.

       



[1] Салық кодексі – Қазақстан Республикасының 25.12.2017ж. № 121-VІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» заңы

[2] Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №85-VІІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы