Филиалды таңдаңыз:
БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін деректемелері зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініште көрсетілетін алушының не зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің немесе жерлеуді жүзеге асырған адамның банк шотына аударады.
БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін:
1) Қазақстан Республикасының аумағында екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – ЕДБ), тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен (KZT) жүргізеді;
2) шетел банктеріне төлемдер валюталардың мынадай түрлері бойынша: АҚШ долларымен (USD), евромен (EURO), фунт стерлингпен (GBP), Ресей рублімен (RUB) жүзеге асырылады.
Зейнетақы жинақтарын аударуға, есептеуге және төлеуге байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу, оларды айырбастау және алушылардың шетел банктерінде ашылған банк шоттарына аударуды қоспағанда, БЖЗҚ-ның өз меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ЕДБ-дан және шетелдік банктерден зейнетақы төлемдерін қайтаруды болдырмау үшін алушылар банктік шоттың (ашық немесе жабық шот) өзектілігін, шоттың түрін (ағымдағы шот, карточкалық шот, арнайы мақсаттағы шот) нақтылауы қажет;
зейнетақы төлемдері ЕДБ-дағы арнайы мақсаттағы шоттарға аударылмайды;
Егер зейнетақы төлемдерін алушы әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болып табылған жағдайда, зейнетақы жинақтарын төлеу алушының (мұрагердің) банк шотына ғана жүзеге асырылады. Заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының), сондай-ақ сенім білдірілген адамның банк шотына зейнетақы жинақтарын төлеуге жол берілмейді;
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! БЖЗҚ-дан ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІН АЛУШЫЛАРҒА
АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы - Office of Foreign Assets Control (OFAC) SDN (Specially Designated Nationals List) тізіміне енгізілген бірқатар банктерге, атап айтқанда ВТБ, Альфа-Банк, Сбербанк, Новикомбанк және т.б. қатысты бұғаттаушы санкцияларды енгізді.
Осыған байланысты, БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделерін қорғау мақсатында, атап айтқанда, шетел валютасында (USD, EUR, GBP) ақша аудару кезінде сомалардың бұғатталу ықтималдығына байланысты БЖЗҚ-ға халықаралық санкцияларға жатпайтын банктерде ашылған шоттардың банктік деректемелерін беруді ұсынады.
Банктерге қатысты халықаралық санкцияларды енгізу туралы ақпаратпен келесі сілтемелер бойынша танысуға болады:
https://sanctionssearch.ofac.treas.gov/
https://eur-lex.europa.eu/legal-content/EN/TXT/?uri=OJ:L:2022:111:TOC