"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққу
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Ертіс
  • Казталов
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қапшағай
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Комсомольское
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұр-Сұлтан
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
  • Явленка
 жеке
 кабинет
 өтінішті
 жолдау
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы
Әлемнің зейнетақы жүйелері

ӘЛЕМДЕГІ ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІ БОЙЫНША СТАТИСТИКАЛЫҚ БЮЛЛЕТЕНЬ. ЭЫДҰ-ға МҮШЕ ЕЛДЕР, СОНДАЙ-АҚ ЭЫДҚ ҚҰРАМЫНА КІРМЕЙТІН ЕЛДЕР, ОНЫҢ ІШІНДЕ - ҚАЗАҚСТАН.

Әлемдегі зейнетақы активтері бойынша статистикалық бюллетень 2020 жылдың маусым айында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) шығарған «Зейнетақы қорлары санмен» (Pension Funds in Figures) есебінің негізінде жасалды. Қазақстан сараптау жасалған елдер тізіміне кірді.


ӘЛЕМДЕГІ ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІ

Зейнетақы қорлары активтерінің мөлшері

ЭЫДҰ сарапшылары әлемдік зейнетақы қорларының активтері 2019 жылы 32 триллион АҚШ долларына дейін өсті, бірақ ғаламдық COVID-19 пандемиясының әсері бұл көрсеткіштерді төмендетеді деп отыр. 2019 жылғы алдын ала көрсеткіштер зейнетақы қорлары активтерінің ЭЫДҰ елдерінде 32,3 триллион АҚШ долларын және басқа сараптау жасалған 29 елде 0,7 триллион АҚШ долларын құрағанын көрсетті (1-кестені қараңыз). 2019 жыл соңында зейнетақы активтерінің ең көп сомасы АҚШ зейнетақы қорларында болды (18,8 триллион АҚШ доллары), сонан соң Ұлыбритания (3,6 триллион АҚШ доллары), Австралия (1,8 триллион АҚШ доллары), Нидерланды (1,7 триллион АҚШ доллары), Канада (1,5 триллион АҚШ доллары), Жапония (1,4 триллион АҚШ доллары) және Швейцария (1,0 триллион АҚШ доллары). Бұл жеті елдің зейнетақы активтері ЭЫДҰ елдеріндегі зейнетақы қорларының бүкіл активінің 90%-ынан астамын құрайды.

1-кесте. 2019 жылғы зейнетақы қорларының активтері (алдын ала деректер)

ЭЫДҰ елдері




ЭЫДҰ-ға кірмейтін басқа елдер




Зейнетақы активтерінің сомасы 2018 жылмен салыстырғанда ЭЫДҰ елдерінде 13,9%-ға және басқа елдерде 11,3%-ға артты. Ең көп өсім Армения (58,2%) мен Түркияда (37,3%), онда жуырда міндетті жеке зейнетақы бағдарламасы (Арменияда 2014 жылы) немесе автоматты түрде қосу бағдарламасы (Түркияда 2017 жылы) енгізілді. Аталған бағдарламалар жинақтау кезеңінде, қатысушылар тартылатындықтан төлемді әзірге ешкім алмаған немесе аз адам алған.

Зейнетақы қорларының активтері бес елде ЖІӨ мөлшерінен асып түсті: Австралия (132%), Исландия (167,6%), Нидерланды (191,4%), Швейцария (141,1%) және Ұлыбритания (123,3%). Бұған қрағанда зейнетақы қорларының активтері 66 сараптау жасалған елдің 44-інде ЖІӨ-ден 20% төмен болып отыр.

Зейнетақы активтерінің инвестициялық кірістілігі

Инвестициялардың жоғары табысы 2019 жылы активтердің елеулі өсуінен болып отыр. 2019 жылы зейнетақы қорларының инвестициялық көрсеткіштері жоғары болды. Зейнетақы қорларының нақты кірістілігі 2019 жылы 46 елдің 29-ында 5%-дан асып түсті, ал АҚШ (10,1%) қосылатын 13 елде тіптен 10%-дан асты (2-кестені қараңыз). Литваның зейнетақы қорлары 2019 жылы инвестициялардың ең жоғары нақты кірістілігіне қол жеткізді (16,6%). Жалпы зейнетақы қорлары 2019 жылы сараптау жасалған елдердің барлығында дерлік инвестициялаудың жақсы нәтижесін көрсетіп отыр.

2-кесте. Зейнетақы қорларының нақты кірістілігі, 2018 жылғы желтоқсан – 2019 жылғы желтоқсан (алдын ала деректер) %-бен


ЭЫДҰ сарапшылары 2019 жылғы жоғары инвестициялық көрсеткіштер 2018 жылдың соңғы тоқсанындағы елеулі шығыннан есін жиған қаржы нарықтарын қалпына келтіру нәтижесі болуы мүмкін деп отыр. 2019 жыл соңында қор нарығының негізгі индекстері 2018 жыл соңына қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейді көрсеткен (мысалы, Wall Street Journal нарықтық деректер орталығының деректері бойынша FTSE 250 үшін плюс 25%, DAX үшін плюс 26,5% және үшін S&P 500 плюс 28,9%).

Тек екі елдің зейнетақы қорлары жағымды инвестициялық нәтижеге қол жеткізе алмады: Чех Республикасы (-1,4%) және Польша (-2,7%). Чех Республикасының зейнетақы қорлары консервативтік инвестициялық стратегияны ұстанады, ол инфляция деңгейінен (3,2%) төмен инвестициялардың атаулы кірістілігін (1,7%) қамтамасыз етіп отыр. 2019 жылғы Польша ішкі бағалы қағаздарының төмен кірістілігі поляктардың зейнетақы қорларының жағымсыз инвестициялық көрсеткішіне ішінара әсер еткен.

Зейнетақы активтерінің портфелі

Зейнетақы активтері негізінен, 2019 жыл соңындағы жағдай бойынша акциялар мен облигацияларға инвестицияланған. Дерек берген 36 ЭЫДҰ елінің 16-сында және сараптау жасалған басқа 28 елдің 17-сінде зейнетақы активтері портфельдерінің 75%-дан астамы акциялар мен облигациялардан тұрады.

3-кестеде көрсетілгендей, 2019 жыл соңында екі ЭЫДҰ елінде (Литва мен Польша) және ЭЫДҰ-ға кірмейтін үш елде (Гонконг (Қытай), Малави және Намибия) зейнетақы қорлары инвестицияларының 50%-дан астамы акциялар үлесіне тиіп отыр.

3-кесте. 2019 жылғы инвестициялардың жекелеген санаттары бойынша зейнетақы активтерін бөлу (алдын ала деректер)


18 ЭЫДҰ елінде және ЭЫДҰ-ға кірмейтін 29 елдің 16-сында зейнетақы қорлары инвестицияларының жартысынан көбін облигациялар құрап отыр. 2019 жылы зейнетақы активтері облигацияларға барлығынан көп инвестицияланған елдерге Албания (94,8%), Коста-Рика (84,5%), Қазақстан (85,5%), Мексика (81,1%) және Сербия (80,9%) жатады.

Бірқатар елдерде зейнетақы қорлары өз активтерінің басым бөлігін ақшалай қаражат пен депозиттер түрінде ұстаған, мысалы, Чех Республикасында (23%) және Кореяда (39%).

Көрсеткіштерге COVID-19 пандемиясының әсері

Әлемде COVID-19 пандемиясының таралуы мен оның қаржы нарықтарына әсері ЭЫДҰ сарапшыларының бағалауынша, зейнетақы активтері бойынша көрсеткіштерді төмендетеді. Алдын ала бағалау бойынша 2020 жылдың 1-тоқсанының соңындағы жағдаймен зейнетақы қорларының активтері 29,8 трлн АҚШ долларына дейін азаяды, бұл 2019 жылдың аяғымен салыстырғанда 8%-ға аз. Зейнетақы қорлары активтерінің төмендеуі 2020 жылдың бірінші тоқсанындағы қор нарықтарындағы құлдырауға байланысты. Кірістілік, сонымен қатар дивидендтер мен құн өсімі 2020 жылдың бірінші тоқсанында MSCI World (Morgan Stanley Capital International World Index) индексі бойынша жағымсыз болды (-20%), сондай-ақ Австралия, Канада, Жапония, Нидерланды, Швейцария, Ұлыбритания және АҚШ үшін MSCI индексі бойынша -11% бен -24% арасында болды.

ЭЫДҰ сарапшылары зейнетақы қорларының иелігіндегі мемлекеттік облигациялар құнының өсуі зейнетақы қорлары 2020 жылдың бірінші тоқсанында қор нарықтарында тартқан бірқатар шығынды ішінара өтей алады деп көрсетті. АҚШ федералдық резерв жүйесі сияқты бірқатар орталық банктер экномиканы қолдау үшін 2020 жылы пайыздық мөлшерлемелерді төмендетті. Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету зейнетақы қорларының портфельдеріндегі мемлекеттік облигациялар құнының артуына алып келуі мүмкін.

Сонымен қатар ЭЫДҰ сарапшылары зейнетақы жинау үдерісінің ұзақ мерзімге есептелгенін және қаржы шығынының ұзақ мерзімді келешекте, активтер уақытынан бұрын алынбаған жағдайда ғана өтелетінін атап көрсетеді.