Филиалды таңдаңыз:
Міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) салымшылары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) төленген жеке тұлғалар және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушылар (бұдан әрі - алушы):
1) БЖЗҚ міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы, олар басталған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде растайтын құжаттарды ұсына отырып, БЖЗҚ-ға хабарлауға міндетті.
БЖЗҚ міндеттемелерін орындауға әсер ететін өзгерістерге келесілер жатады:
- БЖЗҚ-ға бұрын берілген ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірінің, электрондық мекенжайының (e-mail) өзгеруі;
- зейнетақы төлемдерін алушының БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдерін алу мақсатында ұсынған банктік деректемелерінің өзгеруі;
2) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу үшін қолданылатын жеке параметрлердің (логин, пароль, электрондық мекенжай, телефон нөмірі және басқалар) сақталуын және конфендициалдығын қамтамасыз етуге міндетті;
3) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу үшін қолданылатын жеке параметрлерге (логин, пароль, электрондық мекенжай, телефон нөмірі және басқалары) қасақана және/немесе байқаусызда жасалған әрекеттер нәтижесінде қол жеткізген үшінші тұлғалардың, оларды пайдаланғаны үшін жауапты болуға міндетті;
4) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: БЖЗҚ сенім білдірілген тұлға БЖЗҚ-ға зейнетақы қызметтері бойынша жүгінген кезде, сенім білдірушінің өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге берген келісімі міндетті түрде сенімхатта көрсетілуі қажет екендігі туралы хабарлайды! Әмбебап сенімхат үлгісін қараңыз!
1) атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты көрсете отырып (жеке басын сәйкестендіру үшін) БЖЗҚ-ға жеке жүгінуі;
2) сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін), нотариатлды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін, атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсына отырып, сенім білдірілген тұлғаның БЖЗҚ-ға жүгінуі;
3) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін қоса бере отырып, атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның электрондық пошта арқылы жүгінуі;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның пошта байланысы арқылы жүгінуі.
Егер БЖЗҚ-ға ұсынылған құжаттарды, оның ішінде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерде қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәлікті, мұрагерлік құқығы туралы куәлікті шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген жағдайда, сондай-ақ құжат көшірмесінің түпнұсқамен дұрыстығын, алушының өтініштегі қолының түпнұсқалығын куәландыру жөніндегі нотариаттық іс-әрекеттер және сенімхатты куәландыру шет мемлекетте жүргізілетін болса, онда көрсетілген құжаттар, сондай-ақ куәландырушы жазбалар мен олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармалары мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін «Құжаттарды жария ету» қағидаларына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған өзге де халықаралық шарттарға сәйкес жария етуге жатады.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзу мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қамтамасыз етiледi.
БЖЗҚ-ға келесі құжаттарды: нотариалды куәландырылған сенімхатты/шетелдік паспортты/азаматтығы жоқ тұлға куәлігінің және басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесін тапсырған кезде, құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы, оның ішінде шетелдік нотариустың немесе өзге де уәкілетті тұлға мен аудармашының, алушы тұратын мемлекетте шет тілінде жасалған (оның ішінде нотариустың зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініште алушының қолының түпнұсқалығын куәландырғаны туралы) барлық куәландырушы жазбалардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармалары болуы қажет,.
Бұл ретте, егер алушы тұратын мемлекет заңнамасында өзгеше көзделмесе, аударма тігілуі (аударма жасалған құжатпен бірге бекітілуі) тиіс, ал құжаттардың тігілген немесе бекітілген жері нотариустың немесе өзге де уәкілетті тұлғаның мөрімен куәландырылуы қажет. Сондай-ақ, шетелдік нотариустың жасаған барлық нотариаттық іс-әрекеттері, оның ішінде алушының, аудармашының қолын, құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын және сенімхатты куәландыру кезінде жасалған нотариаттық іс-әрекеттер заңдастыруға немесе апостиль қоюға жатады. Заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында аударылған жағдайда, аудармашының қолы немесе нотариус не өзге уәкілетті тұлға жасаған аударманың дұрыстығы нотарииалды куәландырылады.