Филиалды таңдаңыз:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға (тұрақты тұруға) кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың БЖЗҚ-ға өтініш жасау тәсіліне байланысты құжаттар тізбесі:
Өтініш беру тәсілі |
Қажетті құжаттар тізбесі |
БЖЗҚ кеңсесіне өзі өтініш білдірген кезде |
1) шетелдік төлқұжат түпнұсқасы (шетелдік үшін) не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын, шет мемлекет берген және азаматтығы жоқ адамның құқықтық мәртебесін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін); 2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның банктік шоты туралы мәліметтер. |
Сенім білдірілген адам/заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) арқылы Құжаттар БЖЗҚ кеңсесіне сенім білдірілген адам/заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) өзі өтініш берген кезде ғана қабылданады. |
1) шетелдіктің шетелдік төлқұжаттың нотариат куәландырған көшірмесі не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын шет мемлекет берген және азаматтығы жоқ адамның құқықтық мәртебесін растайтын құжаттың нотариат куәландырған және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңдастырылған көшірмесі (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда); 2) cенім білдірілген адамның/заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының) жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін); 3) нотариат куәландырған сенімхат түпнұсқасы (сенімхат үлгісі БЖЗҚ интернет-ресурсындағы «Қызметтер» - «Салымшыларға» - «Әмбебап сенімхат үлгісі» бөлімінде орналастырылған) немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі. Заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) өтініш берген жағдайда – заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының) куәлігі/заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының) тағайындалғаны туралы анықтама/заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының) мәртебесін растайтын басқа құжат, қажеттілігіне қарай заңдастырылған; 4) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның банктік шоты туралы мәліметтер. |
Пошта байланысы арқылы |
1) бекітілген нысанға сай зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш, оны шетелдік/азаматтығы жоқ адам өзі толтырады (өтініш бланкілерінің өзекті нысандары жарналардың түріне және валюта түріне қарай БЖЗҚ интернет-ресурсында «Бланкілердің үлгілері» бөлімінде орналастырылған). Шетелдіктің/азаматтығы жоқ адамның зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі қолын нотариат куәландырады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда) 2) шетелдіктің шетелдік төлқұжатының нотариат куәландырған көшірмесі не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын шет мемлекет берген және азаматтығы жоқ адамның құқықтық мәртебесін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда); 3) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның банктік шоты туралы мәліметтер. |
БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды БЖЗҚ-ның «Төлемге құжаттарды алдын ала тексеру» электрондық қызметін қолдану арқылы алдын ала тексеруге болады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған кезде БЖЗҚ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен өтініш жасаған шетелдікте немесе азаматтығы жоқ адамда Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке басты куәландыратын құжаттарды не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар-жоғы және олардың жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады.
Өтініш берген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатының күшінің жойылуына байланысты не Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер алынған жағдайда, БЖЗҚ зейнетақы төлемін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттардың не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар екендігі және жарамдылығы туралы мәліметтер алынған жағдайларда БЖЗҚ өтінішті қабылдаудан не орындаудан бас тартады.
Зейнетақы жинақтарының төлемі шетелдіктің/ азаматтығы жоқ адамның банктік шотына, оның ішінде әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына ғана жүзеге асырылады. Заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршысының), сондай-ақ сенім білдірілген адамның банк шотына зейнетақы жинақтарын төлеуге рұқсат берілмейді.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 326-бабының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа жатады.
БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде жеке табыс салығын ұстап қалу тәртібі туралы толық ақпарат «Алушыларға» - «Төлемдеріне салық салу тәртібі» бөлімінде берілген.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зейнетақы төлемдері белгіленген құжаттар БЖЗҚ-ға қабылданған не келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бір рет жүзеге асырылады.
«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 13-тармақшасына сәйкес шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжат – шетелдік төлқұжат. Сәйкесінше, егер сенім білдірілген адам шетелдік болса, онда БЖЗҚ-ға шетелдік төлқұжатты ұсынуы керек (шетелдіктің, оның ішінде Ресей Федерациясы азаматының ішкі төлқұжаты қаралмайды).
Егер тұрғылықты тұратын мемлекетте шетелдік төлқұжаттар мен өзге де құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландырмайтын болса, растаушы құжаттар берілуі тиіс (нотариустың құжаттың көшірмесін куәландырудан бас тарту туралы қаулысы не осы деректі растайтын уәкілетті мемлекеттік органның анықтамасы, не басқа құжат). Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішке шетелдік төлқұжаттың нотариат куәландырған көшірмесі қажет барлық жағдайда, егер нотариустың куәландыру жазбасында «құжат түпнұсқасымен/төлнұсқасымен көшірменің дұрыстығын куәландырамын» деген сөздер болса, негізгі деректемелер, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжат нөмірі, күні және берген орган, қолданылатын мерзімі көрсетілген беттері ғана бар шетелдік төлқұжаттың нотариат куәландырған көшірмесін беруге болады. Шетелдік төлқұжаттан алынған нотариат куәландырған үзінді көшірме қаралмайды!
Егер БЖЗҚ-ға ұсынылған құжаттар шетелдік ұйымдар мен мекемелерден берілген, сондай-ақ құжаттың көшірмесі түпнұсқамен дұрыстығын, шетелдіктің/азаматтығы жоқ адамның өтініштегі қолының түпнұсқалылығын куәландыру, сенімхатты куәландыру бөлігіндегі нотариаттық іс-әрекеттер шетел мемлекетінде жасалған болса, онда көрсетілген құжаттар, сондай-ақ куәландыру жазбалары және олардың мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуы «Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін реттейтін құжаттарды заңдастыру қағидаларына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған өзге де халықаралық шарттарға сәйкес жасалады.
Шетелдік төлқұжат алатын кезде шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның деректемелері, атап айтқанда, тегі, аты, бар болса әкесінің аты өзгерген жағдайда, Құжаттар тізбесіне қосымша негізгі деректемелердің өзгеру фактісін растайтын, шетелдік құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар сақталып ресімделген, төменде көрсетілген құжаттардың біреуінің түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін беру қажет:
➤ Қазақстан Республикасы уәкілетті органының анықтамасы;
➤ шетел мемлекетінің уәкілетті органының анықтамасы;
➤ тегі/аты/әкесінің аты ауыстыру туралы куәлік/анықтама;
➤ неке қию/бұзу туралы куәлік;
➤ деректемелердің өзгеру фактісін растайтын өзге құжат.
Квазимемлекеттік аумақтарда берілген құжаттар бойынша ҚР СІМ-нің түсіндірмелері |