Филиалды таңдаңыз:
1. 50 жасқа толғандар; 2. Мүгедектер. |
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының төлемін алуға құқығы бар тұлғалар |
Құжаттарды өткізу тәсілі |
Қажетті құжаттардың тізбесі |
1) 50 жасқа толған тұлғалар; 2) Мүгедек болып табылатын тұлғалар. |
БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі жүгінген кезде |
1) алушының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы; 2) алушының банк шоты туралы деректері. |
сенімді тұлға/заңды өкіл арқылы (қамқоршы/тәрбиелеуші) (құжаттар БЖЗҚ кеңсесіне сенімді тұлға/қамқоршы (тәрбиелеуші) жүгінген кезде қабылданады) |
1) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; 2) БЖЗҚ-ға алушының мүддесін көрсету үшін алушының атынан қол қою және барлық қажетті құжаттарды тапсыру құқығымен нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі не болмаса қамқоршы/тәрбиелеуші жүгінген жағдайда – қамқоршының/тәрбиелеушінің жеке куәлігі/қамқоршы (тәрбиелеуші) тағайындау туралы анықтама/қамқоршы/тәрбиелеуші статусын растайтын басқа құжат; 3) сенімді тұлғаның/қамқоршының(тәрбиеленушінің) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі* және салыстыру үшін олардың түпнұсқалары; 4) алушының банк шоты туралы деректері. |
|
Пошталық байланыс арқылы |
1) БЖЗҚ белгілеген нысанға сәйкес алушының өз бетінше толтыратын зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініші (өтініш бланкісінің маңызды нысаны - №9 Қосымша, БЖЗҚ веб-сайтында орналасқан – Бланкілердің нысандары), бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініште алушының қолы нотариалды куәландырылады (тұрып жатқан мемлекетінде нотариалды куәландырылған жағдайда); 2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; 3) алушының банк шоты туралы деректері |
* Қазақстан Республикасының «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңының 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжаты шетелдік төлқұжат болып табылады. Тиісінше, егер шетел азаматы сенімді тұлға болып табылса, онда БЖЗҚ-ға шетелдік төлқұжатты ұсыну қажет (шетел азаматының ішкі төлқұжаты, соның ішінде Ресей Федерациясы азаматының ішкі төлқұжаты қарауға жатпайды).
Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 326 бабының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері зейнетақы төлемдері түрінде салық салуға жататын табысқа кіреді.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде жеке табыс салығын ұстау тәртібі туралы толық ақпарат «Алушыларға» - «Зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібі» бөлімінде орналастырылған.