"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
Зенетақы қызметтерін тұтынушыларға ақпарат

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚҚА (ЕАЭО) МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЕҢБЕКШІЛЕРІНЕ

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚҚА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЕҢБЕКШІЛЕРІН ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ТУРАЛЫ

01.01.2021 ж. бастап Қазақстан Республикасы 07.12. 2020 ж. ратификациялаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 20.12.2019 ж. келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді.

Келісім халықаралық шарт болып табылады, еңбекшілер мен отбасы мүшелеріне қатысты қолданылады және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қатынастарды реттеуге бағытталған.

Келісімнің негізгі мақсаты – жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарына қолданылатын шарттарда және тәртіппен еңбекшілердің (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарының) зейнетақы құқықтарын қалыптастыру болып табылады. Бұл дегеніміз ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыруға арналған құқықтардың ұқсас шарттарда өз азаматтарына берілетін құқықтар көлеміне тең көлемде кепілдік беруі тиіс дегенді білдіреді.


Нені білу қажет?


Армения Республикасы;
Беларусь Республикасы;
Қазақстан Республикасы;
Қырғыз Республикасы;
Ресей Федерацисы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ УӘКІЛЕТТІ ОРГАНДАР МЕН ҚҰЗЫРЕТТІ ОРГАНДАР

Қазақстан Республикасында Келісімді іске асыру бойынша:
уәкілетті органдар:
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.
құзыретті органдар:еңбекшілерді (отбасы мүшелерін), зейнетақы жинақтарының мұрагерлерін (құқықтық мирасқорларын) не олардың өкілдерін және олардан алынған құжаттарды қабылдау, мәліметтер мен құжаттарды дайындау, өңдеу бойынша, зейнетақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту туралы) туралы шешімдер қабылдау, зейнетақы төлеуді (жеткізуді) ұйымдастыру, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшілерінің еңбек өтілін растау бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы және оның филиалдары;
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбек өтілін растау бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері.


ЕАЭО-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЕҢБЕКШІЛЕРІНІҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Қазақстан Республикасында зейнетақы жарналарына БЖЗҚ-дағы зейнетақы жарналары жатады

ЕАЭО-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЕҢБЕКШІЛЕРІНЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ҚҰҚЫҒЫН ІСКЕ АСЫРУ


 «2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді іске асыру бойынша құзыретті органның Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 4 наурыздағы № 62, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №249 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2024.06.05 № 366)

 «2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономиқалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді іске асыру бойынша құзыретті органның Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 4 наурыздағы №62, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №249 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2023.26.05 №304)

 Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы КЕЛІСІМ (Санкт-Петербург, 2019 жылғы 20 желтоқсанда)

 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді іске асыру бойынша құзыретті органның Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл регламенті
 Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің еңбек етуші азаматы, оның мұрагері үшін) ӨТІНІШ (шетел валютасында)
 Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің еңбек етуші азаматы, оның мұрагері үшін) ӨТІНІШ (ұлттық валютасында)
 Сенім білдірілген тұлғаның/заңды өкілдің зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің еңбек етуші азаматы, оның мұрагері үшін) ӨТІНІШІ (шетел валютасында)
 Сенім білдірілген тұлғаның/заңды өкілдің зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің еңбек етуші азаматы, оның мұрагері үшін) ӨТІНІШІ (ұлттық валютасында)

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар


1. Түсіндіріп беруіңізді сұраймын, қай кезеңнен бастап Қазақстан Республикасында еңбек шарты немесе тұруға ықтиярхатсыз азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде жұмыс істейтін ЕАЭО елдерінің азаматтары ҚР-ға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуі тиіс? ▼

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 196-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының, сол сияқты, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
Мұнымен қоса, еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында ЕАЭО-ның басқа елдерінің аумағында уақытша жүрген ЕАЭО елдерінің азаматтарына Қазақстан Республикасымен 2020 жылғы 7 желтоқсанда ратификацияланған Келісімнің нормалары қолданылады.
Келісім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді, сондықтан еңбек шарты не азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде ЕАЭО елдерінен (атап айтқанда Армения Республикасынан, Беларусь Республикасынан, Ресей Федерациясынан және Қырғыз Республикасынан) еңбек етушіні тартқан жұмыс беруші 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-ға еңбекшінің ай сайынғы табысының 10% мөлшерінде (ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспайтын) міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударады.

2. Қазақстан Республикасында уақытша жұмыс істейтін (тұруға ықтиярхатсыз/бейрезидент) Ресей Федерациясының азаматы 01.01.2021 ж. бастап БЖЗҚ-мен МЗЖ/МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасауға міндетті ме? ▼

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 196-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Келісім халықаралық шарт болып табылады, оның нормалары еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында ЕАЭО-ның басқа елдеріне уақытша келетін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне, азаматтарына қолданылады.
Бұл ретте ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің еңбекшісінің жұмысқа орналастырушы мемлекеттің аумағында уақытша болу (тұру) мерзімі мүше мемлекеттің еңбекшісінің жұмыс берушімен немесе жұмыстарға (қызметтерге) тапсырыс берушімен жасаған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шартының қолданылу мерзімімен анықталады.
Келісімнің 2-бабына сәйкес ЕАЭО елдері еңбекшілерінің - азаматтарының зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарының зейнетақы құқықтарын қалыптастыру сияқты шарттарда және тәртіппен зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылады. Келісімнің 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында зейнетақы жарналарына БЖЗҚ-дағы зейнетақы жарналары жатады.
Осылайша Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында уақытша жүрген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары ҚР азаматтары сияқты міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен аудару арқылы өз зейнетақы құқықтарын қалыптастыруға міндетті.
Бұл ретте қызметкерге (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің азаматына) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ төлеу үшін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаудың қажеті жоқ, өйткені жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) болмаған жағдайда, ЖЗШ деректері «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан келіп түскен, пайдасына МЗЖ және (немесе) МКЗЖ аударылатын жеке тұлғалардың тізімі негізінде автоматты түрде ашылады;

3. Мен Ресей Федерациясында 2020 жылға дейін 4 жылдан астам уақыт жұмыс істедім, жұмыс беруші ай сайын РФ Әлеуметтік қорына сақтандыру жарналарын аударып отырды. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ескере отырып, Ресейдің Әлеуметтік қорынан ҚР БЖЗҚ-ға жинақталған сақтандыру жарналарын аудару арқылы осы жинақтарды алуыма бола ма? ▼

29.05.2014 жылғы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 98-бабының 3-тармағының ережелеріне сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру тұрақты тұратын мемлекеттің заңнамасымен, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттері арасындағы жекелеген халықаралық шартқа сәйкес реттеледі. Мұндай халықаралық шарт 01.01.2021 жылы күшіне енген Келісім болып табылады.
Келісімнің негізгі мақсаты – жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарына қолданылатын шарттарда және тәртіппен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшілерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру болып табылады, яғни ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыруға арналған құқықтардың ұқсас шарттарда өз азаматтарына берілетін құқықтар көлеміне тең көлемде кепілдік беруі тиіс.
Мысалы, Ресей Федерациясының (РФ) заңнамасының шарттары бойынша жұмыс істейтін азаматтар үшін, оның ішінде шетелдіктер - ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары үшін жұмыс берушілер міндетті түрде өз қаражаттары есебінен РФ зейнетақы жүйесіне сақтандыру жарналарын аударады, алайда Келісім күшіне енгенге дейін жинақталған жұмыс өтілі үшін Ресей Федерациясында тұрақты тұрмайтын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарының зейнетақы алу құқығы жоқ.
Егер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің азаматы Келісім күшіне енгеннен кейін РФ-да жұмысын жалғастырса немесе Келісім күшіне енгеннен кейін еңбек немесе азаматтық-құқықтық шартқа отырса, онда Келісімнің 2-бабы шеңберінде РФ тағайындайтын зейнетақы түрлеріне құқық осы азаматта тек Келісім нормаларын қолдану арқылы РФ заңнамасының шарттары бойынша пайда болады.
Бұл ретте Келісім күшіне енгенге дейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарының пайдасына жұмыс берушілер жүзеге асырған барлық зейнетақы аударымдары РФ зейнетақы жүйесінде қалады.
Келісімнің нормалары Келісім күшіне енгеннен кейінгі (01.01.2021 ж. бастап) кезеңде еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасау, жұмысқа орналастырушы мемлекеттің зейнетақы жүйесіне сақтандыру (зейнетақы) жарналарын міндетті төлеу арқылы ресми жұмысқа орналасу шартымен еңбекшілердің жиналған жұмыс өтіліне ғана қолданылатынын атап өткен жөн.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жұмыс берушілер Сіздің пайдаңызға РФ Әлеуметтік қорына төлеген зейнетақы (сақтандыру) жарналарын БЖЗҚ - ға аудару мүмкіндігі РФ және Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылмағанын хабарлаймыз.
Бұдан бөлек, ЕАЭО елдерінің зейнетақы жүйелері арасында зейнетақы жарналарын аудару да Келісім нормаларында қарастырылмаған.
Мысалы, ЕАЭО-ға мүше мемлекетте еңбек қызметі тоқтатылған кезде азаматтың зейнетақы тағайындау құқығы болмаса, онда бұл жағдайларда зейнетақы жарналары жұмысқа орналастырушы елдің зейнетақы жүйесінде жұмысқа орналастырушы елдің шарттары бойынша зейнетақы алу құқығы туындағанға дейін және азамат зейнетақы алу үшін ЕАЭО елінің құзыретті органына жүгінгенге дейін қалады.

4. Мен ҚР азаматтығын алдым (бұрын Қырғызстан азаматы болғанмын). Қырғызстанда 2010 жылдан бастап 2015 жылға дейін 5 жыл ресми еңбек өтілім бар. Маған Қазақстанға аудару арқылы Қырғызстандағы еңбек өтілі үшін зейнетақы ресімделеді ме? ▼

Өтпелі ережелерді қамтитын Келісімнің 12-бабында зейнетақыны тағайындау және төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылатыны көзделген:
- Келісім күшіне енгеннен кейін жинақталған жұмыс өтілі үшін зейнетақыны аумағында тиісті жұмыс өтілі жиналған ЕАЭО мүше мемлекеті тағайындайды және төлейді;
- Келісім күшіне енгенге дейін жинақталған жұмыс өтілі үшін зейнетақы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына және 1992 жылғы 13 наурыздағы зейнетақымен қамсыздандыру аясында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтарының құқықтарының кепілдігі туралы келісімге сәйкес тағайындалады және төленеді.
Демек, Келісімнің нормалары Келісім күшіне енгеннен кейінгі (01.01.2021 ж. бастап) кезеңде еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасау, жұмысқа орналастырушы мемлекеттің зейнетақы жүйесіне сақтандыру (зейнетақы) жарналарын міндетті төлеу арқылы ресми жұмысқа орналасу шартымен еңбекшілердің жинақталған жұмыс өтіліне ғана қолданылады.

5. БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарын қалыптастырған ЕАЭО елінің еңбекшісі, азаматы қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасында жинақталған жарналарының жағдайы не болмақ? Оның жинақтары мұрагерлерге беріледі ме? ▼

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар ЕАЭО елінің еңбекшісі, азаматы қайтыс болған жағдайда, БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған құқық белгілейтін құжаттар ұсынылған кезде, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары арқылы зейнетақы жинақтарын біржолғы алу құқығы оның мұрагерлеріне ауысады.

6. БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару үшін жұмыс беруші қызметкерден қандай құжаттарды сұратуы тиіс? ▼

Қызметкердің табысынан зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару үшін жұмыс беруші қызметкерден қосымша құжаттарды сұрамайды, өйткені қажетті деректер (ТАӘ/ТК) жұмыс берушіде бұрын ұсынылған (қызметкер жұмысқа тұрған кезде) жеке басты куәландыратын құжаттың (шетелдіктің, ЕАЭО елі азаматының шетелдік паспортының), сондай-ақ бейрезиденттің ЖСН негізінде бар болуы тиіс.

7. Егер қызметкер БЖЗҚ-мен 2021 жылғы 1 ақпанда шарт жасаған болса, 2021 жылғы қаңтар айы үшін жарна ұсталуы керек пе? Егер қызметкер БЖЗҚ-мен 2021 жылғы 15 ақпанда шарт жасаса, жарна қалай ұсталады? 15 ақпанға дейінгі кезеңде ақпан айындағы жарнаны ұстап қалу керек пе? Шетелдік қызметкердің БЖЗҚ-мен қашан шарт жасағанына байланысты жарнаны ұстап қалу тәртібі өзгере ме? ▼

Зейнетақы жарналарын есептеу және ұстап қалу кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1116 қаулысымен бекітілген «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері» қағидасының (бұдан әрі - Қағида) талаптарын басшылыққа алу керек.
Келісімнің 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгенін назарға ала отырып, жұмыс берушінің 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-ға еңбек етушінің ай сайынғы табысының 10% мөлшерінде (ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспайтын) міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аудару міндеті Қағидамен көзделген мерзімде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап алынған еңбекшінің табысы үшін туындайды.

8. Еңбек қатынастарының тоқтатылуына байланысты еңбекші жұмысқа орналастырушы мемлекеттен тұрғылықты мемлекетке оралған кезде, еңбекшінің БЖЗҚ-дан МЗЖ есебінен қалыптастырылған өзінің зейнетақы жинақтарын алуға құқығы бар ма? Оларды алу тәртібі қандай? ▼

Келісімнің 2-бабында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілері, азаматтары ала алатын зейнетақы түрлері айқындалған.
Қазақстан Республикасында - бұл зейнеткерлік жасқа толған кезде, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, 1 және 2 топтағы мүгедектік белгіленген кезде БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері.
Келісімнің 3-бабына сәйкес еңбекшілерге зейнетақы тағайындау және төлеу құқығын іске асыру жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарына қолданылатын шарттарда жүзеге асырылады.
Зейнетақы ЕАЭО елдерінің құзыретті органдары арқылы ресімделетін болады.

9. Егер шетелдік қызметкер БЖЗҚ-мен шарт жасамаған жағдайда жұмыс беруші жауапты бола ма? ▼

Келісіммен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерінің – азаматтарының зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарының зейнетақы құқықтарын қалыптастыру сияқты шарттарда және тәртіппен зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылатыны айқындалған.
МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да ЖЗШ-ның жұмыс берушіден МЗЖ және (немесе) МКЗЖ бастапқы сомасы келіп түскен кезде автоматты түрде ашылатынын ескерсек, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің қызметкеріне - азаматына шарттың осындай түрін жасаудың қажеті жоқ.
Демек, жұмыс беруші Қазақстан Республикасында 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары болып табылатын қызметкерлер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты МЗЖ, МКЗЖ-ны БЖЗҚ-ға уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есебіне жазуға) және төлеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес әрбір қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есебіне жазылған) және аударылған МЗЖ, МКЗЖ-ны бастапқы есепке алуды жүргізуге міндетті.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 248-бабының 11-тармағына сәйкес Кодекстің 256-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген МЗЖ, МКЗЖ және (немесе) өсімпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.




МЗЖ – міндетті зейнетақы жарналары есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыстың 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

МКЗЖ – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын агенттер (жұмыс берушілер) еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасына өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен расталған зиянды еңбек жағдайлары жойылған жағдайда агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асырмайды.

ЖЗШ – жеке зейнетақы шоты

ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ