Филиалды таңдаңыз:
Жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді көшірме салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты көрсетеді, оған мына мәліметтер кіреді:
1. сұрау салынып отырған кезеңнің басы мен соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы; 2. сұрау салынып отырған кезеңнің басы мен соңындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық табыс сомасы; 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен және сұрау салынып отырған кезеңнің соңында әрекет еткен инвестициялық табыс және зейнетақы активтерінен болған комиссиялық сыйақы шамасы; 4. сұрау салынған кезең ішіндегі күндері көрсетілген зейнетақы жарналарының, өсімпұлдардың, аударымдардың, зейнетақы жинақтары төлемдерінің және (немесе) ұсталған жеке табыс салықтарының сомалары; 5. салымшының (алушының) ЖЗШ-сында көрініс табатын, сұрау салынып отырған кезең ішіндегі күндері көрсетілген басқа операциялар сомасы. |
ЖЗШ-дан үзінді көшірме тегін беріледі.
ЖЗШ-дан үзінді көшірме алу тәсілдері
1. электрондық: электрондық пошта арқылы, БЖЗҚ-ға ұсынылған мекенжайға; электрондық цифрлық қолтаңбаны не пайдаланушы логині мен паролін қолдана отырып, жеке кабинет арқылы; 2. міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, ол үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылып отырған жеке тұлға немесе зейнетақы төлемдерін алушы БЖЗҚ-ға тікелей өзі келіп өтініш жасаған кезде; 3. пошта байланысы қызметтері арқылы. |
Егер міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарландыру тәсілін таңдамаған болса, ақпарат беру БЖЗҚ-ға өзі келіп, өтініш жасаған кезде ғана жүзеге асырылады.
Өз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты салымшы (алушы) сондай-ақ арнайы ENPF ұялы қосымшасы арқылы да көре алады. Авторизациялану үшін ЖСН және БЖЗҚ сайтына кіру үшін қолданылған пароль пайдаланылады.
ЖЗШ-дан үзінді көшірме беру тәсілін белгілеу және өзгерту
Егер ол бұрын белгіленбеген болса, БЖЗҚ-ға салымшы (алушы) немесе сенім білдірілген тұлға келіп өтініш жасаған кезде хабарландыру тәсілін таңдауға немесе өзгертуге болады. Салымшы (алушы) өзімен бірге міндетті түрде ЖСН көрсетілген жеке басын куәландыратын құжатты алып баруы тиіс.
БЖЗҚ-ға сенім білдірілген тұлға өтініш жасаған жағдайда, төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:
- нотариат куәландырған сенімхат не оның нотариат куәландырған көшірмесі;
- салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
- сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа).
Сенім білдірілген тұлға салымшыны толық сәйкестендіруге мүмкіндік беретін сенімхат ұсынған жағдайда, салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін беру қажет емес. Сенімхатта салымшыны (алушыны) сәйкестендіретін қандай да бір деректер болмаған жағдайда, салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін беру міндетті болып табылады.
БЖЗҚ салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты төмендегі жағдайларда жібермейді:
1. салымшының (алушының) ЖЗШ-сында ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы не келісімде көрсетілген кезең аяқталғаннан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша ақша болмаған кезде; 2. салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға тұрғылықты мекенжайының өзгергендігі туралы хабарламаған және ол туралы көрсетілген мекенжайда оның болмауы себебі бойынша алдыңғы жылдағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараттың БЖЗҚ-ға қайтарылуы нәтижесінде анықталған кезде; 3. БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен және (немесе) басқа көздерден: БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғандығы туралы; Қазақстан Республикасынан тыс тұрғылықты тұратын жерге кеткендігі туралы мәлімет алған кезде; 4. пошта және электрондық мекенжайдың толық болмауы (қате болуы), оны зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараттың БЖЗҚ-ға қайтарылуы нәтижесінде анықталуы; 5. хабарландырудың БЖЗҚ-ға тікелей өзі келіп өтініш білдіру және жеке кабинет арқылы тәсілдерін таңдаған кезде. |