"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
 жеке
 кабинет
 бізге
 жазыңыз
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы
Қызметтер

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделуге ақы төлеуге қалай пайдалану керек

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін емделуге және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ақы төлеу үшін пайдалануға құқықтары бар.

Азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын тұрғын үй алуға, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға қолжетімді сомасы шегінде шектеусіз рет пайдалана алады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен айқындалған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін нысаналы пайдалану жөніндегі уәкілетті операторлар:
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй бойынша да, емделу бойынша да уәкілетті оператордың функцияларын орындайды.
Екінші деңгейлі банктер («Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ) тұрғын үй бойынша келесі жағдайларда уәкілетті оператордың қызметін орындайды:
- тұрғын үйді және (немесе) бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жұмыстары қоса есептелген тұрғын үйді сатып алу мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу;
- тұрғын үйді және (немесе) бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жұмыстары қоса есептелген тұрғын үйді сатып алуға алынған ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу;
- ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру.

БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар төмендегі адамдар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін өзінің, жұбайының (зайыбының) жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өздері немесе жұбайы (зайыбы) не жақын туыстары үшін емделу ақысын төлеу үшін пайдалану құқығын қолдана алады:

1) олардың зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинағының белгіленген ең аз жеткіліктілік шегінен асып түсуі керек.

Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы мен уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күнге Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомасынан аспауы тиіс.

2) зейнетақы мөлшері (отставкадағы судьялар үшін зейнетақы мен ай сайынғы қамту сомасы) алушының Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленетін 40 пайыздан төмен емес деңгейдегі орташа айлық табысын алмастыру коэффициентін қамтамасыз ете алуы керек.

Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан бастапқы электрондық хабарламаны алған күнге салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс.

3) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқандар.

Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен жинақталған зейнетақы жинағының мөлшерінен аспауы қажет.

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының дербестендірілген есебін жүргізеді және уәкілетті органның сұранысы бойынша электронды хабарлама түрінде алынған көрсетілген мақсаттар үшін бір реттік төлемдер жүргізеді. Мақсатты пайдалану үшін жинақ мөлшерін алуға қолжетімді сома шегінде азаматтар өздері анықтайды.


Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу


Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақтаушы зейнетақы қаражатының бір бөлігін алу тәртібін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеп бекітеді.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емдеуге алу тәртібін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеп бекітеді.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын іске асыру үшін азаматтар, ең алдымен, өздерінің зейнетақы жинақтарын тексеріп, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында алуға болатын соманың бар екеніне көз жеткізулері тиіс.

Қордың корпоративтік сайтындағы Жеке кабинетте, БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасы арқылы онлайн режимінде біржолғы зейнетақы төлемдерінің пайдалану үшін қолжетімді сома туралы ақпаратты тексеру мүмкіндігі берілген. 

Алушылардың өтініштерін қараудың және төлемдерді жүзеге асырудың тәртібі:

Осылайша азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мәселелері бойынша барлық өтініштері уәкілетті операторға «бір терезе» қағидаты бойынша келіп түседі және қаралады. Азаматтар тарапынан БЖЗҚ-ға жеке өтініш беру талап етілмейді. Тек салымшылар БЖЗҚ-дан алуға болатын зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметтерді өз бетінше онлайн тәртібімен алулары керек.