"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
Корпоративтік басқару

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ЖӘНЕ КОМИТЕТТЕР

Директорлар кеңесі


Директорлар кеңесі - Қордың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын «БЖЗҚ» АҚ-ның басқару органы. Ол Акционердің және салымшылардың (алушылардың) мүдделерінің іске асырылуын қамтамасыз етуге, Қор қызметінің қағидалары мен нормаларын белгілеуге, Қор Басқармасының қызметін бақылауға және Қор қызметінің оны құру мақсаттарына сәйкес келуіне жауап береді. Директорлар кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Жарғысын, Кодексін, осы Ережені және Қордың басқа да ішкі құжаттарын басшылыққа алады.


ТУТУШКИН
     «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары – ҚР Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы Тұрақты өкілдігінің басшысы

Туған күні: 19 желтоқсан 1976 жыл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Директорлар кеңесіне сайлау күні, Директорлар кеңесі мүшесінің мәртебесі мен функциялары:

2022 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өкілі ретінде Директорлар кеңесі құрамына сайланды (29.06.2023 жылы қайта сайланды).

2022 жылғы 17 мамырда «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды (08.08.2023 жылы қайта сайланды).

Қазақстан Республикасының заңнамасына, «БЖЗҚ» АҚ Жарғысына, Директорлар кеңесі туралы ережеге және басқа да ішкі құжаттарға сәйкес Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады.

       Білімі:

1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Экономика және менеджмент» (Бакалавр) мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Макро-микроэкономика және математикалық модельдеу» (Экономика магистрі) мамандығы бойынша бітірген. 

2014 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Executive management» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

Өзінің еңбек жолын В.А.Тутушкин 1998 жылы мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Зерттеулер және статистика департаментінің экономикалық зерттеулер басқармасының экономисі ретінде бастады.

1998 жылғы шілдеден бастап 2010 жылғы желтоқсан аралығы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Зерттеулер және статистика департаментінің экономисі, жетекші талдаушы, бас талдаушы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, директор орынбасары.

2010 жылғы желтоқсаннан бастап 2011 жылғы мамыр аралығы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық тұрақтылық басқармасының бастығы.

2011 жылғы мамырдан бастап 2014 жылғы маусым аралығы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық тұрақтылық департаменті директорының орынбасары.

2014 жылғы маусымнан бастап 2014 жылғы қараша аралығы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару департаменті директорының орынбасары.

2014 жылғы қарашадан бастап 2015 жылғы желтоқсан аралығы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры.

2015 жылғы желтоқсаннан бастап 2016 жылғы ақпан аралығы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Зерттеулер және стратегиялық талдау департаментінің директоры.

2016 жылғы ақпаннан бастап 2019 жылғы мамыр аралығы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Зерттеулер және статистика департаментінің директоры.

2019 жылғы мамырдан бастап 2020 жылғы маусым аралығы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры.

2020 жылғы маусымнан бастап 2022 жылғы наурыз аралығы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы Тұрақты өкілдігі Қаржы нарығымен өзара әрекет ету департаментінің директоры.

2022 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің №285 өкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының 2022 жылғы 14 наурыздағы бұйрығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы Тұрақты өкілдігінің басшысы болып тағайындалды.

Басқа лауазымдары: 

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі


ШЕГАЙ ВИКТОРИЯ ВИЛЬГЕЛЬМОВНА
     «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ,
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру департаментінің директоры

Туған күні: 24 қаңтар 1981 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар кеңесіне сайлау күні, Директорлар кеңесі мүшесінің мәртебесі және функциялары:

2024 жылғы 5 шілдеде «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі болып сайланды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына, «БЖЗҚ» АҚ Жарғысына, Директорлар кеңесі туралы ережеге және басқа ішкі құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесі мүшесінің функцияларын жүзеге асырады.

«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің құрамына кіреді.

       Білімі:

2001 жылы Х.Я. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Экономика және құқық негіздері» мамандығы бойынша (бакалавр) бітірген.

2003 жылы «Мирас» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша (бакалавр) бітірген.

2016 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ «Іскерлік әкімшілік» мамандығы бойынша (экономика және бизнес магистрі) бітірген.


Жұмыс тәжірибесі:

Еңбек жолын 2004 жылы «БЖЗҚ» АҚ Зейнетақы активтерін есепке алу және операциялар басқармасының жетекші маманы ретінде бастаған.

2004 жылдан 2017 жылға дейін «БЖЗҚ» АҚ-да әртүрлі лауазымда жұмыс істеген: Зейнетақы активтерін есепке алу және операциялар департаментінде жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, директордың орынбасары, директор.

2017 жылдың қазан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ штаттан тыс қызметкері болып жұмыс істеген.

2018 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаментінде басқарма басшысы, директор болып жұмыс істеген.

2022 жылдың тамыз айынан 2023 жылдың қараша айына дейін «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК реттеу саясаты секторында аға ғылыми қызметкер, басшы болып жұмыс істеген.

2023 жылдың қараша айынан қазірге дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру департаментінің директоры қызметін атқарады.


ЕЛЕМЕСОВ
    

«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор

Туған күні:
17 қазан 1968 жыл
Азаматтығы:
Қазақстан Республикасы
Директорлар кеңесіне сайлау күні, Директорлар кеңесі мүшесінің мәртебесі мен функциялары:

2019 жылғы 02 шілдеде тәуелсіз директор ретінде «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды (20.07.2020 жылы, 29.06.2023 жылы қайта сайланды).

Қазақстан Республикасының заңнамасына, «БЖЗҚ» АҚ Жарғысына, Директорлар кеңесі туралы ережеге және басқа да ішкі құжаттарға сәйкес Директорлар кеңесінің мүшесі-тәуелсіз директор қызметін атқарады.

«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесі Аудиторлық комитетінің төрағасы және «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер бойынша комитетінің мүшесі болып табылады.

«БЖЗҚ» АҚ тәуелсіз директоры лауазымын иеленуге «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарында және Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

      Білімі:

1990 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Саяси экономика», 1994 жылы – Сент-Луистегі Вашингтон университетін «Іскерлік басқару» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. 

Жұмыс тәжірибесі:

Өзінің еңбек жолын А.Р.Елемесов 1990 жылы «Казахинторг» РБ-де экономист ретінде бастады.

1991 жылғы тамыздан бастап 1992 жылғы тамызға дейін «Корус Интернейшнл Ко ЛТД» фирмасының Өкілдігінің бас директорының орынбасары лауазымын атқарды.

1994 жылдан бастап 1996 жылға дейінгі кезеңде «Казкоммерцбанк» АҚ-да жұмыс атқарды.

1996 жылғы сәуірден бастап 1998 жылғы тамызға дейін «Каспий Банк» АҚ, «Банк ТуранАлем» АҚ, «Қазақстанның халық жинақтаушы банкі» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары лауазымын иеленді.

1998 жылғы тамыздан бастап 2004 жылғы ақпанға дейін немістің Deutsche Bank еншілес компаниясының «ДБ Секьюритиз (Казахстан)» ААҚ Вице-президенті, инвестициялық компаниясында президент.

2004 жылғы ақпаннан бастап 2006 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары.

2006 жылғы ақпаннан бастап қарашаға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.

2000-2003 жж., 2007 жылдары «Қазақстан қор биржасы» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына кірді.

2006 жылғы желтоқсаннан бастап 2008 жылғы сәуірге дейінгі кезеңде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма төрағасының Кеңесшісі, Директорлар кеңесінің мүшесі.

2008 жылғы маусымнан бастап 2013 жылғы қарашаға дейін «Тройка Диалог Казахстан» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, Директорлар кеңесінің төрағасы.

2013 жылғы қыркүйектен бастап 2016 жылғы маусымға дейін «Атамекен» ҰКП президиумының қаржы секторы комитетінің төрағасы.

2014 жылғы маусымнан бастап 2016 жылғы сәуірге дейін «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ Директорлар кеңесінің төрағасы.

2014-2016 жж. – «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ-да Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор.

2016-2018 жж – «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ Директорлар кеңесінде тәуелсіз директор.

2017-2018 жж -  «Казкоммерцбанк» АҚ-да Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор.

2018-2021 жж – «Даму» КДҚ» АҚ Директорлар кеңесінде тәуелсіз директор.

2019-2022 жж – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-да Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор.

2019 жылғы қыркүйектен бастап 2024 жылғы желтоқсанға дейін (02.12.2024 ж.) «Астана» Халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) Аналитикалық кредиттік рейтингтік агенттігінің АКРА филиалының басшысы.

2020 жылғы мамырдан бастап 2024 жылғы желтоқсанға дейін (01.12.2024 ж.) дейін «Bereke Bank» АҚ (бұрын - «Ресей Жинақбанкі» АҚ ЕБ) Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор.

Басқа лауазымдары:

2016 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін «SkyBridge Invest» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан қор биржасы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Samanea Limited» Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор.

ПРАСАД
     «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор
Туған күні: 13 тамыз 1968 жыл
Азаматтығы: Канада
Директорлар кеңесіне сайлау күні, Директорлар кеңесі мүшесінің мәртебесі мен функциялары:

2020 жылғы 20 шілдеде тәуелсіз директор ретінде «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды (29.06.2023 жылы қайта сайланды).

Қазақстан Республикасының заңнамасына, «БЖЗҚ» АҚ Жарғысына, Директорлар кеңесі туралы ережеге және басқа да ішкі құжаттарға сәйкес Директорлар кеңесінің мүшесі-тәуелсіз директор қызметін атқарады.

«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Аудиторлық комитет және «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер бойынша комитетінің құрамына кіреді, «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің төрағасы болып табылады.

«БЖЗҚ» АҚ тәуелсіз директоры лауазымын иеленуге «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарында және Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

       Білімі:

1989 жылы Пуны Университетін (Үндістан) бітірген. Өнеркәсіптік инжиниринг саласында бакалавр дәрежесі бар.

1992 жылы Торонто Университетінде (Канада) оқуды үздік бітірген, біліктілігі – инжиниринг магистрі.

2003 жылы Гарвард университетін (АҚШ) «Экономика және қор нарықтары» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі – басқару магистрі.

Жұмыс тәжірибесі:

Өзінің еңбек жолын Прасад Бхамре 1993 жылы Imperial Oil Ltd (Канада) қаржы кеңесшісі ретінде бастады.

1998-2003 жылдары – PriceWaterhouseCoopers (АҚШ) бас кеңесшісі.

2004-2007 жылдары – «Маркетингтік-Аналитикалық Зерттеулер Орталығы» АҚ Бас директорының кеңесшісі.

2007-2010 жылдары - «Kun Renewables» АҚ Президенті.

2011-2013 жылдары – «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарушы директоры.

2013-2018 жылдары - «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президентінің кеңесшісі.

2015-2018 жылдары - «Capital Bank Kazakhstan» АҚ тәуелсіз директор

2019-2023 жылдары – «Астана» Халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тәуелсіз директор, «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» LTD жеке компаниясында тәуелсіз директор, Инвестициялар бойынша комитет мүшесі.  

АРИФХАНОВ
         

«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор

Туған күні: 28 қараша 1974 жыл

Азаматтығы:
Қазақстан Республикасы  

Директорлар кеңесіне сайлау күні, Директорлар кеңесі мүшесінің мәртебесі мен функциялары:

2022 жылғы 15 шілдеде тәуелсіз директор ретінде «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды (29.06.2023 жылы қайта сайланды).

Қазақстан Республикасының заңнамасына, «БЖЗҚ» АҚ Жарғысына, Директорлар кеңесі туралы ережеге және басқа да ішкі құжаттарға сәйкес Директорлар кеңесінің мүшесі-тәуелсіз директор қызметін атқарады.

«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Аудиторлық комитетінің, «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер бойынша комитетінің және «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің құрамына кіреді.

«БЖЗҚ» АҚ тәуелсіз директоры лауазымын иеленуге «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарында және Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

          

Білімі:

1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, біліктілігі – экономист.

2000 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген, біліктілігі – халықаралық қатынастар саласындағы маман.

2008 жылы Колумбиялық университеттің магистратурасын «Экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі – іскерлік басқару магистрі.

2016 жылы Лондон бизнес мектебін бітірген, біліктілігі – іскерлік басқару магистрі.

Жұмыс тәжірибесі:

Өзінің еңбек жолын А.А.Арифханов 1995 жылы КРАМДС банктің Алматы қаласы Совет ауданы филиалының валюталық операциялар бойынша маманы ретінде бастады.

1996-2004 жылдары  - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бақылаушы-ревизор, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары,

2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.

2004-2007 жылдары – «Оңалту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

2004-2006 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

2006 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау вице-министрі.

2009 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі.

2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және  байланыс агенттігі төрағасының орынбасары.

2009-2010 жылдары – «Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2010-2011 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры.

2011 жылғы мамырдан бастап 2015 жылға дейін «Казатомпром» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2015 жылғы қарашадан бастап 2017 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.

2017 жылғы қаңтардан бастап желтоқсанға дейін «Байтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.  

2017 жылғы желтоқсаннан бастап 2022 жылғы ақпанға дейін «Байтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы.

2017-2019 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2017-2020 жылдары - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.

2017-2022 жылдары – «Казэкспорт Гарант» ЭКСК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2017-2018 жылдары – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

2021-2022 жылдары – «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

2021-2022 жылдары – «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.

Басқа лауазымдары:

2022 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін – «50 North Capital Limited» жеке компаниясында Директорлар кеңесінің мүшесі.

2024 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Teniz Capital Investment Banking» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор. 

ХАЙРУЛЛАЕВ
     «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор
Туған күні: 03 мамыр 1972 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Директорлар кеңесіне сайлау күні, Директорлар кеңесі мүшесінің мәртебесі мен функциялары:

2022 жылғы 15 шілдеде тәуелсіз директор ретінде «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды (29.06.2023 жылы қайта сайланды).

Қазақстан Республикасының заңнамасына, «БЖЗҚ» АҚ Жарғысына, Директорлар кеңесі туралы ережеге және басқа да ішкі құжаттарға сәйкес Директорлар кеңесінің мүшесі-тәуелсіз директор қызметін атқарады.

«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер бойынша комитетінің төрағасы және «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Аудиторлық комитетінің мүшесі болып табылады.

«БЖЗҚ» АҚ тәуелсіз директоры лауазымын иеленуге «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарында және Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

      

Білімі:

1993 жылы Новосібір Мемлекеттік Университетін «Математика, қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітірген.

2008 жылы Халықаралық Бизнес академиясын «Менеджмент» (магистр) мамандығы бойынша бітірген.

2008 жылы Маастрихт менеджмент мектебін бітірген, біліктілігі – іскерлік басқару магистрі (МВА). 

Жұмыс тәжірибесі:

Өзінің еңбек жолын Р.Х.Хайруллаев 1993 жылы «Казахстанимпэкс» Республикалық Сыртқы экономикалық Бірлестігінің менеджері («Казахстанимпэкс» Мемлекеттік сыртқы сауда компаниясы) ретінде бастады.

1994-1997 жылдары – «Казахстанимпэкс» Мемлекеттік сыртқы сауда компаниясының валюталық-қаржы бөлімінің бастығы, қаржы директоры.

1998-1999 жылдары - «Сонар» фирмасы» ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы.

1999-2000 жылдары -  «Континент» ЖШС директоры.

2000-2002 жылдары - «EuroAsia Group» ЖШС Бас директоры.

2002-2007 жылдары - «Каспийнефть-ТМЕ» АҚ қаржы департаментінің директоры, Қаржы және экономика бойынша Басқарма төрағасының орынбасары, Қаржы және экономика бойынша вице-президенті.

2007-2012 жылдары - «MH INDUSTRY» ЖШС бас директоры;

2010-2016 жылдары - «KazPetroDrilling» ЖШС бас директоры, Президенті.

2017 жылғы қаңтардан бастап 2020 жылғы тамызға дейін - «Intelligent Consulting Solutions» ЖШС директорының лауазымын иеленді. 

2020 жылғы қыркүйектен бастап 2022 жылғы шілдеге дейін - «KazPetroDrilling» АҚ Президенті лауазымын атқарды.

2023 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін - «Premier Management» ЖШС бас директоры.

Басқа лауазымдары: 

2023 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Joint Resources» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

КУРМАНОВ
    

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы

«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
Туған күні: 22 ақпан 1962 жыл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Директорлар кеңесіне сайлау күні, Директорлар кеңесі мүшесінің мәртебесі мен функциялары:

2019 жылы 31 мамырда атқарушы орган өкілі ретінде «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды (20.07.2020 жылы, 29.06.2023 жылы қайта сайланды).

Қазақстан Республикасының заңнамасына, «БЖЗҚ» АҚ Жарғысына, Директорлар кеңесі туралы ережеге және басқа да ішкі құжаттарға сәйкес Директорлар кеңесінің мүшесі қызметін атқарады.

«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер бойынша комитеттің және «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің құрамына кіреді.

      

Білімі:

1985 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін физика мамандығы бойынша бітірген (Алматы қаласы).

1996 жылы Біріккен ядролық зерттеулер институтында диссертация қорғаған (Дубна қаласы, Ресей Федерациясы), ғылыми дәрежесі – физика-математика ғылымдарының кандидаты, мамандығы – ядро және бөлшектер физикасы.

1996 жылы Экономика, менеджмент және құқық институтын экономика мамандығы бойынша тәмамдады (мамандану – банк ісі) (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы).

2017 жылы Оксфорд университетін бітірген (Оксфорд қаласы, Ұлыбритания). Бизнес мектебі бағдарламасы бойынша диплом қорғаған.

Жұмыс тәжірибесі:

Өзінің еңбек жолын Ж.Б.Құрманов 1985 жылы ҚазССР Ғылым академиясы Ядролық физика институтында инженер болып бастады.

1988-1996 жылдары Біріккен ядролық зерттеулер институтында жұмыс жасады.

1994-1995 жылдары Пенсильвания штатының (АҚШ) университетінде теориялық ядролық физика бойынша зерттеулер жүргізді.

1996 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды.

1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасының қаржы нарығында жұмыс істеп келеді.

1999 жылғы желтоқсаннан бастап 2002 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сақтандыруды қадағалау және Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменттерінде басшылық лауазымын атқарды.

2002 жылғы тамыздан бастап 2007 жылғы ақпанға дейін «ГНПФ» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Бас директоры, Бас директорының орынбасары болып қызмет істеді.

2007 жылдан бастап 2016 жылғы қаңтарға дейін банк пен сақтандыру секторында, бағалы қағаздар нарығында бірқатар қаржы және инфрақұрылымдық ұйымдардың директорлар кеңестерінің мүшесі болды. 2010 жылғы маусымнан бастап директорлар кеңесінің мүшесі және 2015 жылғы мамырдан бастап 2019 жылғы наурызға дейін «Қазақстан қор биржасы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

2016 жылғы ақпаннан бастап 2017 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сақтандыруды қадағалау департаментін, Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаментін басқарды.

2017 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.



Директорлар кеңесінің комитеттері


«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің үш комитетін құрды. Қордың Директорлар кеңесінің комитеттері - бұл Директорлар кеңесінің шешімдері мен олардың жұмыс жоспарларына (бар болса) сәйкес шешімдермен бекітілген өз қызметін жүзеге асыратын консультациялық-кеңесші органдар. Комитеттер.

Стратегиялық жоспарлау комитетінің негізгі міндеттері: басым бағыттарды, стратегиялық мақсаттарды дамыту және Қор қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар, ұсынымдар мен қорытындылар дайындау. Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырыстарында ұсынылған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы Қордағы корпоративтік басқаруды жетілдіру.

Аудит жөніндегі комитеттің негізгі міндеттері: тәуекелдерді басқару жүйелерінің сәйкестігі мен тиімділігін тәуелсіз, объективті бағалау, ішкі бақылау және Қор қызметінің барлық аспектілерінде корпоративтік басқару. Сыртқы және ішкі аудиттің тәуелсіздігін бақылау. Комитет отырыстарында ұсынылған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы Қордағы корпоративтік басқаруды жетілдіру.

Кадрлар, еңбекке ақы төлеу және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің басты мақсаты: Директорлар кеңесі мен Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің сыйақысы, әлеуметтік мәселелер саласындағы басым бағыттарды дамыту бойынша қордың Директорлар кеңесіне ұсыныстар әзірлеу және ұсыну, әлеуметтік мәселелер.



008.png Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің құрамы ▼

Елемесов Асқар Раушанұлы – тәуелсіз директор, Комитет төрағасы;
Арифханов Айдар Абдразахович – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;
Прасад Бхамре – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;
Хайруллаев Рахмет Хибадуллаевич – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі.

008.png Директорлар кеңесінің кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің құрамы ▼

Хайруллаев Рахмет Хибадуллаевич – тәуелсіз директор, Комитет төрағасы;
Арифханов Айдар Абдразахович – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;
Елемесов Асқар Раушанұлы – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;
Прасад Бхамре – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;
Құрманов Жанат Бостанұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет мүшесі.

008.png Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің құрамы ▼

Прасад Бхамре – тәуелсіз директор, Комитет төрағасы;
Арифханов Айдар Абдразахович – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;
Құрманов Жанат Бостанұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет мүшесі;
Шегай Виктория Вильгельмовна – Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет мүшесі;
Иралимов Батырхан Мирамканович – сарапшы, Комитет мүшесі;
Хаджиева Мария Жамаловна – сарапшы, Комитет мүшесі;
Хасенова Баян Зарлыковна – сарапшы, Комитет мүшесі (В.В. Шегай жоқ болған жағдайда дауыс беруге қатысу құқығымен);
Дәулетбақ Айдын Бақытқанұлы – сарапшы, Комитет мүшесі (М.Ж. Хаджиева жоқ болған жағдайда дауыс беруге қатысу құқығымен).



Корпоративтік хатшысы: Косакова Айгуль Алмасбековна
E-mail: a.kossakova@enpf.kz