Филиалды таңдаңыз:
Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына аудару тәртібі:
Бенефициар |
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын аудару тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актінің атауы |
БЖЗҚ-дан аударылуға тиісті зейнетақы жинақтары құрылған зейнетақы жарналарының түрі |
БЖЗҚ-дан аудару мерзімдері |
Шығыстарды төлеу |
Жеке зейнетақы шотын (бұдан әрі – ЖЗШ) жабу тәртібі |
Сақтандыру ұйымы |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 32 қаулысымен бекітілген Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аудару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) |
Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары |
Құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімдерде |
БЖЗҚ меншікті қаражаты есебінен |
Аударылған зейнетақы жинақтарының қайтарылуы және зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда зейнетақы жинақтары аударылған күннен бастап 12 (он екі) күнтізбелік ай өткен соң |
Міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) есебінен құралған зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына (бұдан әрі – СҰ) аударуға құқығы бар тұлғалар:
|
1. зейнет жасына толған тұлғалар: 63 жасқа толған ерлер, 58 жасқа толған әйелдер (әйелдер: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқа толғанда) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 21.06.2013 жылғы заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 1-тармағы (1-тармақшасы); |
2. егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектер (Заңның 31-бабының 1-тармағы (3-тармақшасы); | |
3. зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болған кезде 55 жасқа толған ерлер мен 50 жасқа толған әйелдер (әйелдер 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50,5 жасқа; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51 жасқа; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51,5 жасқа; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52 жасқа; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52,5 жасқа; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53 жасқа; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53,5 жасқа; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54 жасқа; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54,5 жасқа; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 55 жасқа толғанда) (Заңның 31-бабының 1-тармағы (2-тармақшасы). |
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен құралған зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан СҰ-ға аударуға құқығы бар тұлғалар:
|
1. республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде күнтізбелік алпыс ай төленген, 50 жасқа толған тұлғалар (Заңның 32-бабының 1-тармағы (1-тармақшасы); |
2. зейнет жасына толған тұлғалар: 63 жасқа толған ерлер, 58 жасқа толған әйелдер (әйелдер: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқа толғанда) «Заңның 32-бабының 1-тармағы (2-тармақшасы); | |
3. егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектер (Заңның 31-бабының 1-тармағы (3-тармақшасы). |
Зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған кезде осы құжаттың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген адамдар ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЕЗЖ) есебінен құралған зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан СҰ-ға аударуға құқығы бар тұлғалар болып табылады (Заңның 59 бабының 1-тармағы).
Егер осы құжаттың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың зейнетақы жинақтарының сомасы СҰ-мен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асатын болса, осы айырма салымшыға (алушыға) Заңда белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде төленеді не салымшы (алушы) оны қолданыстағы зейнеақы аннуитеті шартына зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері мен сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін арттыру бөлігінде өзгерістер енгізу үшін не СҰ-мен басқа зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін пайдаланады.
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын СҰ-ға аудару салымшының (алушының) БЖЗҚ-ға өтініш жасау тәсіліне қарай төменде көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттар ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын аударуға құқығы бар тұлғалар |
Құжаттарды беру тәсілі |
Қажетті құжаттар тізбесі |
1) МЗЖ және МКЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтары жеткілікті болғанда: зейнет жасына толғанда: 63 жасқа толған ерлер, 58 жасқа толған әйелдер (әйелдер 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқа толғанда); 2) МЗЖ: 55 жасқа толған ерлер мен 50 жасқа толған әйелдер (әйелдер 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50,5 жасқа; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51 жасқа; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51,5 жасқа; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52 жасқа; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52,5 жасқа; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53 жасқа; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53,5 жасқа; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54 жасқа; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54,5 жасқа; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 55 жасқа толғанда) 3) МКЗЖ: өздері үшін МКЗЖ жиынтығында кемінде күнтізбелік алпыс ай төленген, 50 жасқа толған ерлер және әйелдер |
БЖЗҚ кеңсесіне өзі келгенде |
1) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және қарап тексеру үшін түпнұсқа; 2) салымшының (алушының) СҰ-мен жасаған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасы. |
Сенім білдірілген тұлға арқылы (сенім білдірілген тұлға БЖЗҚ кеңсесіне өзі келгенде ғана құжаттар қабылданады) |
1) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі; 2) зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасы/салымшының (алушының) СҰ-мен жасаған қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісімнің түпнұсқасы; 3) егер сенімхат сенім білдірушінің бір уақытта бірнеше ұйымда мүдделерін білдіруге өкілеттігі болса, сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі; 4) сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және қарап тексеру үшін түпнұсқа. |
|
МЗЖ және МКЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болғанда егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектер |
БЖЗҚ кеңсесіне өзі келгенде |
1) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және қарап тексеру үшін түпнұсқа; 2) зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасы/салымшының (алушының) СҰ-мен жасаған қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісімнің түпнұсқасы. |
Сенім білдірілген тұлға арқылы (сенім білдірілген тұлға БЖЗҚ кеңсесіне өзі келгенде ғана құжаттар қабылданады) |
1) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі; 2) зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасы/салымшының (алушының) СҰ-мен жасаған қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісімнің түпнұсқасы; 3) егер сенімхат сенім білдірушінің бір уақытта бірнеше ұйымда мүдделерін білдіруге өкілеттігі болса, сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі; 4) сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және қарап тексеру үшін түпнұсқасы. |
.pdf форматындағы файлдарды қарау үшін Adobe Acrobat Reader бағдарламасын пайдаланыңыз. |
![]() |