Филиалды таңдаңыз:
Жеке кәсіпкер – жеке кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман.
Жеке кәсіпкерлер ( бұдан әрі – ЖК) – өздерінің орналасқан (тұратын) жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарында салық агенті ретінде есепке алынуға жатады.
Міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) қандай кезде аударылады?
Ұсталған (есептелген) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) мына жағдайларда аударылады:
– қызметкерлерге төленген ЖК табысынан, - табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей;
– ЖК өз пайдасына – есептік айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей;
– патент негізінде арнайы салықтық түзім қолданатын ЖК – Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен патент құнын төлеу үшін көзделген мерзімде. Патент құнын төлеуді салық төлеуші есеп ұсынылғанға дейін жүргізеді. Ұсынылатын есеп патент құнын есептеуге арналған салықтық есептілік болып табылады. Салық есептілігін ұсыну (патент құнының есебі) 911.00 нысаны бойынша жүзеге асырылады:
1) жаңадан құрылғандар, - Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін хабарландыру берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) жалпыға ортақ тағайындалған тәртіптен немесе басқа да арнайы салықтық түзімнен ауысуды жүзеге асыратындар, - патент негізінде арнайы салықтық түзім қолданатын айдың 1-не дейін;
3) кезекті патент алу үшін патент негізінде арнайы салықтық түзім қолданатындар, - алдыңғы патенттің қолдану мерзімі өткенге дейін немесе салық есептілігін ұсынуды тоқтату мерзіміне дейін;
– оңайлатылған салық декларациясы негізінде арнайы салықтық түзім үшін, МЗЖ аудару Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен көзделген мерзім ішінде жүргізіледі. Салық есептілігін ұсыну (оңайлатылған декларация) 2018 жылғы 15 тамыздан кешіктірілмей 910.00 нысаны бойынша жүзеге асырылады.
Сондай-ақ МЗЖ ай сайын, яғни ертерек төлеуге де болады.
Мемлекеттік корпорация өз кезегінде «БЖЗҚ» АҚ-ға (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес МЗЖ аударады.
Қандай мөлшерде?
Өз пайдасына: алынатын табыстың 10% мөлшерінде, бірақ ЕТЖМ*-ның 10%-нан кем емес және 75 ЕТЖМ-ның 10%-нан көп емес;
Қызметкер үшін: қызметкерлерге төленетін табыстың 10% мөлшерінде, бірақ 75 ЕТЖМ-ның 10%-нан көп емес.
* ЕТЖМ- республикалық бюджет туралы заңмен 2018ж. белгіленген ең төменгі жалақы мөлшері 28 284 теңгені құрайды.
Қалай?
МЗЖ аударуды агент қолма-қол ақшасыз төлем жасау жолымен жүзеге асырады. Банктер мен банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – Банктер) шоттары жоқ ЖК МЗЖ-ны банкке қолма-қол ақшамен одан әрі БЖЗҚ-ға аудару үшін салады.
Қайда?
Мемлекеттік корпорацияның деректемелеріне:
Бенефициар |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ |
Бенефициар банкі |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ |
Бенефициардың БСК |
GCVPKZ2A |
Бенефициардың ЖСК |
KZ12009NPS0413609816 |
Бенефициардың БСН |
160440007161 |
ТТК (Төлем тағайындау коды) |
010 |