Филиалды таңдаңыз:
№49[1] қағиданың 12-тармағына сәйкес салымшылардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) ЖЗШ-дан сомаларды есептен шығару операциялары бойынша инвестициялық кірісті есептеу, есептен шығару тәртібін қоса алғанда, салымшылардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) ЖЗШ-да зейнетақы жинақтарын және төлемдерді жеке есепке алу жөніндегі операциялардың тізбесі және оларды жүргізу тәртібі БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалады.
«БЖЗҚ» АҚ Басқармасының 29.06.2023 ж. №47 хаттамасымен бекітілген «БЖЗҚ» АҚ жеке зейнетақы шоттардағы операцияларды есепке алуды және зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидасына сәйкес қате аударылған ерікті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - ЕЗЖ) қайтару үшін мынадай құжаттар ұсыну қажет:
ЕЗЖ салымшысы |
Құжаттарды беру тәсілі |
Қажетті құжаттар тізбесі |
Өз пайдасына ЕЗЖ аударатын жеке тұлға
|
БЖЗҚ сайтындағы (enpf.kz) жеке кабинетте «Қызметтер» бөлімінде – «ЖЗШ-дан қате есептелген ЕЗЖ сомаларын қайтаруға өтініш беру» | Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе QR-кодпен растау. |
БЖЗҚ кеңсесіне өзі өтініш жасаған кезде |
1) алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); 2) қате аударылған ЕЗЖ қайтару туралы өтініш. |
|
Пошта байланысы арқылы |
1) ЕЗЖ салымшысының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі; 2) қате аударылған ЕЗЖ қайтару туралы өтініш; 3) ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның ЖЗШ-дан қате аударылған ЕЗЖ сомасын есептен шығаруға келісетіні туралы нотариат куәландырған өтініші. |
|
Үшінші тұлға пайдасына ЕЗЖ аударатын жеке немесе заңды тұлға
|
БЖЗҚ кеңсесіне өзі өтініш жасаған кезде |
1) қате аударылған ЕЗЖ қайтару туралы өтініш; 2) ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның ЖЗШ-дан қате аударылған ЕЗЖ сомасын есептен шығаруға келісетіні туралы нотариат куәландырған өтініші. |
Пошта байланысы арқылы |
||
Сенім білдірілген адам арқылы (сенімхат бойынша) |
БЖЗҚ кеңсесіне өзі өтініш жасаған кезде |
1) сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы; 2) нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы; 3) қате аударылған ЕЗЖ қайтару туралы өтініш; 4) ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның ЖЗШ-дан қате аударылған ЕЗЖ сомасын есептен шығаруға келісетіні туралы нотариат куәландырған өтініші. |
ЖЗШ-да зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда ЖЗШ-дан қате аударылған ЕЗЖ-ны есептен шығару операциялары БЖЗҚ-да құжаттар тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде не ЖЗШ-да зейнетақы жинақтары жеткілікті болған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Төлем құжаттарының деректемелері не ұсынылған құжаттарда өзі үшін ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның деректемелері БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелеріндегі деректерге сәйкес келмеген жағдайда не қайтарылуға жататын, қате есептелген ЕЗЖ ЖЗШ-да болмаған (түспеген) жағдайда не болмаса, егер бұрын өтініште көрсетілген ЕЗЖ қайтарылған жағдайда, не теріс инвестициялық кірістің есептелуі себебінен қате есептелген ЕЗЖ қайтару үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда БЖЗҚ ЕЗЖ салымшысына бас тарту себебін көрсете отырып, қате есептелген ЕЗЖ қайтаруларды орындаудан бас тарту туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Қате есептелген жарнаны қайтару ЖЗШ-ға түскен жарна мөлшерінде не ЕЗЖ салымшысының өтінішінде белгіленген мөлшерде, бірақ салымшының ЖЗШ-ға түскен жарна сомасынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.
[1]Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 49 Қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алу қағидалары