Филиалды таңдаңыз:
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 17-бабының 1-тармағына сәйкес БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды қайтару «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) құзыретіне кіреді.
Міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – МКЗЖ) есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және аудару тәртібі мен мерзімдері №525 Қағидада[1] және №84 Қағидада[2] айқындалған.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - ЖМЗЖ) есептеу (есепке жазу) және БЖЗҚ-ға аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдері №540 Қағидада[3] айқындалған.
Қате аударылған МЗЖ, МКЗЖ және (немесе) өсімпұлды қайтару үшін агент (жұмыс беруші) №525 Қағиданың 4-қосымшасына сай нысан бойынша қате аударылған МЗЖ, МКЗЖ және (немесе) өсімпұлды қайтару туралы өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға жүгінуі тиіс. Қате аударылған МЗЖ, МКЗЖ және (немесе) өсімпұлды қайтару туралы өтінішке №525 Қағиданың 5-қосымшасына сай нысан бойынша МЗЖ салымшысының, өздері үшін МКЗЖ аударылған тұлғалардың өздерінің жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы нотариалды куәландырылған өтініші қоса беріледі.
Көрсетілген құжаттар топтамасын Астана қаласы, Кравцов көшесі, 18-үй мекенжайы бойынша Мемлекеттік корпорацияның Орталық филиалына жолдау қажет.
№84 Қағидаға сәйкес мемлекеттік қызмет аясында қате аударылған МЗЖ, МКЗЖ және (немесе) өсімпұлды электрондық үкіметтің egov.kz веб-порталы арқылы (https://egov.kz/cms/ru/services/pension/passP6-72_mtszn) қайтаруға болады.
Қате аударылған ЖМЗЖ және (немесе) өсімпұлды қайтару үшін агент (жұмыс беруші) №540 Қағиданың 1-қосымшасына сай нысан бойынша қате аударылған ЖМЗЖ және (немесе) өсімпұлды қайтару туралы өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға жүгінуі тиіс. Қате аударылған ЖМЗЖ және (немесе) өсімпұлды қайтару туралы өтінішке №540 Қағиданың 2-қосымшасына сай нысан бойынша жеке тұлғаның өзінің шартты зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы нотариалды куәландырылған өтініші қоса беріледі.
Көрсетілген құжаттар топтамасын Астана қаласы, Кравцов көшесі, 18-үй мекенжайы бойынша Мемлекеттік корпорацияның Орталық филиалына жолдау қажет.
Жарналарды қайтару бойынша сұрақтар туындаған жағдайда 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады
[1] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері
[2] Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
[3] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 шiлдедегi № 540 қаулысымен бекітілген Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері