Филиалды таңдаңыз:
БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алу құқығына БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар төмендегі адамдар ие:
1. ерлер 63 жасқа толғанда;
әйелдер – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда (2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда; 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда; 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда; 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқа толғанда) («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы және 32-бабы 1-тармағы 2) тармақшасы);
2.егер мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалған болса, бірінші және екінші топ мүгедектігі бар тұлғалары (Заңның 31-бабы 1-тармағы 3) тармақшасы және 32-бабы 1-тармағы 3) тармақшасы).
Ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.10.2013 жылғы № 1042 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.
2021 жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептеледі – 6,5 % (зейнетақы жинақтарының сомасы * 6,5% / 12 = бірінші жылдағы ай сайынғы төлемнің мөлшері).
Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне жыл сайын арттыру жолымен қайта есептелетін болады – 5%.
Мысал келтірейік:
Зейнетақы жинақтарының сомасы = 6 000 000 теңге
Бірінші жылдағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы: 6 000 000 * 6,5% = 390 000 теңге;
Бірінші жылдағы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері: 390 000/12 ай = 32 500 теңге;
Екінші жылға арналған ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері: 32 500 + 32 500 * 5% = 34 125 теңге.
Бұл ретте ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің есептелген мөлшерінің төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің кемінде 70 пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады (2023 жылдың 01 қантарынан бастап – 28 396,9 теңге = 70% * 40 567).
Өтініш берілген күндегі зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, аталған сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленеді (2023 жылдың 01 қантарынан бастап – 636 912 теңге = 12 * 53 076).
Егер ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының қалдығы кезекті ай сайынғы төлемді жүзеге асырғаннан кейін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен соманы құраса, бұл қалдық кезекті төлемнің сомасымен бірге төленеді.
Мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2-топтағы мүгедектігі болған кезде сондай-ақ және Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған кезде және жиынтығында кемінде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары болған кездегі зейнетақы төлемдерінің ай сайынғы сомасын есептеу:
Зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы, егер жеке тұлға мынадай шарттардың бірін қанағаттандырған жағдайда, осы әдістемеге қосымшада көрсетілген түзету коэффициентіне көбейтіледі:
1. мерзімсіз белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектігінің болуы;
2. заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жастың басталуы және жиынтығында кемінде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының болуы.
Мысал келтірейік:
Жеке тұлғаның мерзімсіз белгіленген 1-топтағы мүгедектігі бар:
Зейнетақы жинақтарының сомасы = 6 000 0000 теңге
Бірінші жылдағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы: 6 000 000 * 6,5% = 390 000*1,69 = 659 100 теңге, мұнда 1,69 – 63 жасқа арналған түзету коэффициенті.
Бірінші жылдағы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері: 659 100/12 = 54 925 теңге;
Екінші жылдағы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері: 54 925 * 105% = 57 671,25 теңге.
Өзінің зейнетақы төлемдеріне құқығын 01.01.2018ж. дейін жүзеге асырған адамдар үшін (01.01.2018 ж. дейін БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары және/немесе міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлемге өтініш беріп үлгерген) мыналарды өзгерту құқығы сақталады:
1. зейнетақы төлемдерінің бұрын белгіленген кезеңділігін сақтай отырып, кесте бойынша зейнетақы төлемдерін есептеу мерзімі (мысалы, жыл сайын);
2. зейнетақы төлемдерінің кезеңділігі (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын).
Жоғарыда көрсетілген өлшемдерді өзгерту үшін, зейнетақы төлемдерін алу құқығын 01.01.2018ж. дейін іске асырған адамдарға жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасымен, банктегі шоты туралы мәліметтерімен бірге БЖЗҚ-ға хабарласу қажет.
Бұл ретте 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын іске асырған тұлғалар бойынша 01.01.2021 жылдан бастап зейнетақы төлемдері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының кемінде отыз еселенген мөлшері мөлшерінде жүзеге асырылады.
2018 жылғы 11 қазаннан бастап зейнеткерлік жасқа толуына байланысты бірыңғай өтініш беру бойынша «бір терезе» қағидатын пайдалана отырып, өтініш беру бойынша композиттік қызмет енгізілді, оның аясында зейнеткерлік жасқа толған алушы бірыңғай өтінішпен және құжаттар пакетімен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінеді.
БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, мерзімсіз белгіленген бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдарға зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін төменде көрсетілген құжаттармен БЖЗҚ-ға жүгіну қажет.
БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы төлеміне өтініш берген күн ретінде:
• зейнеткерлік жасқа толған алушылар үшін – Мемлекеттік корпорацияда өтініші тіркелген күн немесе БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне құқығы туындаған күн;
• бірінші және екінші топ мүгедектері болып табылатын алушылар үшін, егер мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалған болса – БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не түскен күн болып табылады.
БЖЗҚ алушылардың зейнетақы төлемдерінің сомасын аударады:
• 1 және 2 топтағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, № 1042 Қағидаларда көзделген құжаттар БЖЗҚ-ға қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
• зейнет жасына жетсе, Мемлекеттік корпорацияға алушылардың зейнетақы төлемдерінің сомасын Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдерінің кестесіне сай аударады.
Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алған зейнетақы төлемдерінің сомасын Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдерінің кестесіне сәйкес алушылардың банктік шотына аударады, бірақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне құқығы туындаған күннен ерте емес.
Заңның 5-бабына сәйкес Мемлекет алушыларға міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының БЖЗҚ-ға нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде зейнетақы жасына жеткен сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып сақталуына кепілдік береді. Мемлекеттік кепілдік төлемінің сомасын есептеуді жүзеге асыру үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгіну қажет.
БЖЗҚ жыл сайын №1042 Қағидаларда көзделген ережелерді ескере отырып, белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеуді өз бетінше жүргізеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БЖЗҚ сенімхатта сенім білдірілген адамның БЖЗҚ-ға зейнетақы қызметтеріне жүгінген кезде оның дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімін міндетті түрде көрсету қажеттігі туралы хабарлайды! Әмбебап сенімхаттың үлгісін қараңыз!
№1042 Қағидаларға сәйкес зейнетақы төлемдерін кесте бойынша алушы өтініш жасаған орнына және тәсіліне қарай төмендегі құжаттар тізбесін ұсынады:
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары төлемдерін алу құқығына ие адамдар |
Құжаттарды беру тәсілі |
Қажетті құжаттар тізбесі |
---|---|---|
Ерлер – 63 жасқа толғанда |
Мемлекеттік корпорацияға өзі келіп өтініш жасағанда |
1) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, және салыстыру үшін түпнұсқасы; |
Сенім білдірілген тұлға/заңды өкіл/(қорғаншы/қамқоршы) арқылы (құжаттар Мемлекеттік корпорацияға сенім білдірілген адам/заңды өкіл өзі өтініш жасаған кезде ғана қабылданады) |
1) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі; |
|
Егер мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалған болса, бірінші және екінші топ мүгедектігі бар тұлғалары |
БЖЗҚ-ға өздері келіп өтініш жасағанда |
1) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, және салыстыру үшін түпнұсқасы; |
Сенім білдірілген тұлға/заңды өкіл/(қорғаншы/қамқоршы) арқылы (құжаттар БЖЗҚ-ға сенім білдірілген адам/заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) өзі өтініш жасаған кезде ғана қабылданады) |
1) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі; |
|
Пошта байланысы арқылы |
1) алушы өз бетімен толтыратын, белгіленген нысанға сай өтініш (өтініш бланкісінің өзекті нысаны БЖЗҚ сайтына – «Қызметтер» - «Алушыларға» - «Бланкілердің үлгілері» бөлімінде орналастырылған), бұл ретте өтініштегі алушы қолы нотариатпен куәландырылады (нотариаттық куәландыру тұрғылықты тұратын мемлекетте жүргізілген жағдайда); |
|
Веб-сервис арқылы |
1) өтініш; |
* Қазақстан Республикасының «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңы 1-бабының ережелеріне сай, шетелдік паспорт шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Тиісінше, егер сенім білдірілген тұлға шетелдік азамат не азаматтығы жоқ тұлға болса, онда БЖЗҚ-ға шетелдік паспорт ұсыну қажет (шетелдіктің, соның ішінде Ресей Федерациясы азаматының ішкі паспорты бар құжаттар пакеті қарауға жатпайды).
Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 326-бабының ережелеріне сәйкес, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері салық салынатын табыс түріне жатады.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде жеке табыс салығын ұстап қалу тәртібі туралы толық ақпарат «Алушыларға» - «Зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібі»