"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққу
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Ертіс
  • Казталов
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қапшағай
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Комсомольское
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұр-Сұлтан
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
  • Явленка
 жеке
 кабинет
 өтінішті
 жолдау
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы
Корпоративтік басқару

«БЖЗҚ» АҚ ұйымдық құрылымы

X

Ішкі аудит департаментінің негізгі міндеттері:


1) жүйелерді үнемі жетілдіріп отыруға көмектесу мақсатында Қор қызметінің барлық аспектісі бойынша тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерінің дұрыстығын және тиімділігін тәуелсіз, объективті бағалау;
2) Қордың ішкі қағидалары мен рәсімдерін сақтауды, ішкі және сыртқы аудиторлардың ұсынымдарын, қолданылған шектелген әсер ету шараларының және санкциялардың, сондай-ақ қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға қатысты белгіленген уәкілетті орган талаптарын орындауды бақылау;
3) Қорды тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін жүктелген қызметтер мен міндеттерді Қор бөлімшелері мен қызметкерлерінің орындау жағдайы туралы уақытылы, тәуелсіз, объективті және дұрыс ақпаратпен Қордың Директорлар кеңесін қамтамасыз ету;
4) Қор жұмысын жақсарту бойынша пәрменді әрі тиімді ұсынымдар беру.

X

Қауіпсіздік департаментінің негізгі міндеттері:


1) Қордың қаржы-экономикалық мүддесіне кері ықпалын тигізетін тәуекелдерді анықтау, сәйкестендіру және алдын алу;
2) Қордың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ортақ саясатын, Қор ақпаратын қорғау жүйесі мен қағаз және электрондық тасымалдауыштардағы құжат айналымына қойылатын талаптарды анықтау;
3) Қордың ақпарат жүйесінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуді бақылау;
4) Қордың ақпарат жүйелеріне рұқсат етілмеген кіруден ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету;
5) Қор ғимараттарын, үй-жайларын, жабдықтарын және басқа да материалдық құралдарын күзетпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
6) Қорда өрт-профилактикалық жұмысты жүзеге асыру;
7) Өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, азаматтық қорғаныс талаптарын сақтауды қамтамасыз ету.

X

Қызметкерлерді басқару департаментінің негізгі міндеттері:


1) Қорды білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүйесін ұйымдастыру (қызметкерлерді таңдау, іріктеу, жалдау және бейімдеу), Қор қызметкерлерін аттестациядан өткізу жән қызметін бағалау, қызметкерлерге еңбекақы төлеу мен ынталандырудың тиімді жүйесін құру;
2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және Қордың ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес Қордың тиімді ұйымдық құрылымын және штат кестесін жасау, кадрлық басқаруды ұйымдастыру және жүргізу;
3) қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру, кадрлық резерв құру және сабақтастықты жоспарлау, Қорда корпоративтік дәстүр мен мәдениетті қолдау және дамыту.

X

Жұртшылықпен байланыс департаментінің негізгі міндеттері:


1) «БЖЗҚ» АҚ мақсаттары мен міндеттері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты дұрыс және жедел хабарландыру және цифрлық арналар (әлеуметтік желілер, Қор сайты, шеткі интернет ресурстары және т.б.), коммуникацияның қолжетімді арналарын белсенді қолдану арқылы Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен бірыңғай әкімшінің қызметі және оның барлық қаржылық және ақпараттық ағындарының операторлары туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
2) Қордың материалдық емес активтері – бедел мен имидждің позитив өсімін қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
3) зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы халықтың қаржы-құқықтық сауатының деңгейін көтеру мақсатында іс-шаралар әзірлеу мен іске асыру, халықтың жалпы жүйеге және оның құрамдас бөлшегі ретінде Қорға деген сенімін нығайту.

X

Қашықтан кеңес беру департаментінің негізгі міндеттері:


1) байланыстың телефон желісі арқылы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша халықты ақпараттық-кеңестік қолдаумен қамтамасыз ету;
2) корпоративтік веб-сайттың Кері байланысы арқылы Қорға келіп түскен өтініштеріне жауап ретінде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша халыққа ақпарат беру және кеңес беру, корпоративтік веб-сайттың онлайн-кеңесшісі (чат-бот), WhatsApp мессенджерін пайдалану арқылы Chat2Desk жинақ сервисі, электрондық пошта, сондай-ақ Департаментке бекітілген міндеттерге сай басқа да өтініш беру арналары арқылы түскен өтініштерді өңдеу;
3) байланыстың телефон желісі және интернет желісі арқылы қызмет көрсетудің жаңа нысандарын әзірлеу үдерістерін үйлестіру және ілеспе қызмет көрсету.

X

Өңірлік даму департаментінің негізгі міндеттері:


1) Қордың зейнетақы қызметтерін тұтынушыларды сегменттеу тізбесіне сай Қордың зейнетақы қызметтерін тұтынушыларға қызмет көрсету бойынша өңірлік бөлімшелер қызметін үйлестіру және ілеспе қызмет көрсету, олармен жұмыста ақпараттық конфиденциалдылықтың қажет деңгейін қамтамасыз ету;
2) өңірлік бөлімшелер қызметкерлерінің Қордың ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауына мониторинг жүргізу арқылы Қордың зейнетақы қызметтерін көрсету сапасын арттыру;
3) Қордың өңірлік желісінің операциялық қызметіне әдістемелік ілеспе қызмет көрсету;
4) өңірлік желіні дамыту бойынша туынды стратегияны әзірлеу (өзектендіру), іске асыру жұмысын үйлестіру және ілеспе қызмет көрсету;
5) тиімді қызметтің негізгі көрсеткіштерін және филиалдардың тиімді қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша жоспарлар әзірлеу, өңірлік желі бөлімшелері қызметінің тиімділігін бағалау;
6) есепті кезеңде қызметтерінің тиімділігін бағалау негізінде өңірлік бөлімшелердің қызметкерлерін қосымша материалдық және материалдық емес ынталандыру жүйесіне ұсыныстар әзірлеу, ендіру және жүргізу;
7) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Қордың өңірлік бөлімшелерін ұтымды аймақтық-кеңістіктік орналастыруды ұйымдастыру (ашу, жабу, қайта құру);
8) Қордың өңірлік желісі жұмысының тиімділігі көрсеткіштерін жақсарту үшін Қордың зейнетақы қызметтерін тұтынушыларға ақпараттық-техникалық қызмет көрсетудің заманауи тәсілдерін ендіру.

X

Стратегиялық даму департаментінің негізгі міндеттері:


1) корпоративтік даму стратегиясын әзірлеу, келісу және бекіту бойынша іс-шараларды үйлестіру;
2) Қордың стратегиялық жоспарларын орындау тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау;
3) зейнетақымен қамсыздандыру, зейнетақы қызметтерін көрсету сапасы саласындағы халықаралық тәжірибені зерттеу;
4) жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту және қамтуын кеңейту, Қор қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
5) жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жағдайы мен өлшемдерін актуарлық сараптау;
6) зейнетақы ағындарын үлгілеу және болжау.

X

Тәуекел-менеджмент департаментінің негізгі міндеттері:


1) тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және Қор қызметінің үздіксіздігін басқару жүйелері бойынша саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу және кешенді тәсілін қалыптастыру;
2) Қордың тәжірибелік қызметінде құралатын тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, өлшеу, бақылау және мониторинг жүргізу арқылы тәуекелдер мен қауіпті уақытылы анықтау;;
3) тәуекелдер көрсеткіштерінің ең жоғарғы рұқсат етілетін мәндерін бағалау сапасын дамыту;
4) ішкі бақылау жүйесінің бақылау рәсімдерін ендіру және жетілдіру арқылы тәуекелдерді бақылаудың альтернативтік тетіктерін дамыту;
5) тәуекелдерді барынша азайту және басқару бойынша уақытылы шаралар қолдануды қамтамасыз ету.

X

Бухгалтерлік есепке алу департаментінің негізгі міндеттері:


1) Қордың қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі және шаруашылық үдерістері туралы толық әрі шынайы ақпарат қалыптастыру;
2) қаржылық, статистикалық және салықтық есептілікті уақытылы жасау, ішкі және сыртқы пайдаланушыларға беру;
3) Қордың меншікті активтері бойынша инвестициялар қоржынын дұрыс салықтық есепке алу мен бухгалтерлік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;
4) Қор қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және басқа да төлем түрлері бойынша уақытылы төлемдер жасау.

X

Төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаментінің негізгі міндеттері:


1) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасау және бұзу, салымшылардың (алушылардың) деректемелеріне өзгеріс енгізу, салымшыларды (алушыларды) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарландыру, Қордан зейнетақы төлемдерін және зейнетақы жинақтарын аударуды ұйымдастыру мәселелері бойынша Қор қызметін үйлестіру;
2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және Қордың ішкі нормативтік құжаттарының ережелерін ескеріп, зейнетақы төлемдерін тағайындау және зейнетақы жинақтарын аудару, салымшылардың (алушылардың) деректемелеріне өзгеріс енгізу туралы өтініштерді, салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын біріктіру/ажырату операцияларын кейіннен бақылауды қамтамасыз ету;
3) салымшылардың (алушылардың) деректемелерін Жеке тұлғалардың ортақ тізіміне және (немесе) «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер қорына сәйкестендіру мен ЖСН-сыз ЖЗШ санын азайту бойынша іс-шараларды жүргізу;
4) салымшыларды (алушыларды) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарландыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
5) салымшыларды (алушыларды) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарландырудың электрондық тәсілдерін алға бастыру бойынша Қор жұмысына қатысу;
6) Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасын жетілдіру бойынша Қор жұмысына қатысу.

X

Зейнетақы активтерін есепке алу және есептілік департаментінің негізгі міндеттері:


1) зейнетақы активтерін қоржындық есепке алуды жүргізу, қаржы құралдары бойынша операцияларды дұрыс әрі уақытылы көрсету;
2) Қордың инвестициялық және төлем шоттарындағы ақша қаражатын есепке алуды жүргізу және қозғалысын бақылау;
3) зейнетақы жинақтарын дербес есепке алуды жүргізу, салымшылар (алушылар) ЖЗШ және КБ шоттарында есеп айырысу операцияларын дұрыс әрі уақытылы жүзеге асыру;
4) зейнетақы активтерін және міндеттемелерін бухгалтерлік есепке алуды жүргізу;
5) белгіленген мерзімде зейнетақы активтері мен міндеттемелері бойынша қаржылық, реттеушілік, статистикалық және басқарушылық есептілік жасау және беру.

X

Бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасының негізгі міндеттері:


1) жалпы Қордың, құрылымдық бөлімшелер мен филиалдар шығысының түрлері бөлігінде бюджеттік жоспарлау, сараптау, бақылау мен реттеудің ортақ үдерісін ұйымдастыру және орындау;
2) Даму жоспарын, Бюджетті және инвестициялық жоспарды орындау бөлігінде Қор қызметін қаржы-экономикалық сараптау;
3) Қордың құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігін арттыруға жағдай жасайтын қаржы құралдарын, туынды ресурстарды пайдалануды оңтайландыруға бағытталған Қор қызметін ұйымдастырудың ішкі экономикалық қағидаттары мен нормаларының жүйелерін әзірлеу және ендіру.

X

Сатып алу департаментінің негізгі міндеттері:


1) тиісті қаржы жылына бекітілген сатып алу жоспарына (бұдан әрі – СЖ) сай тауар, жұмыс және қызмет сатып алу бойынша рәсімдерді уақытылы әрі сапалы ұйымдастыру және өткізу, сатып алу рәсімдерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және Қордың ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
2) сатып алу үдерісінің жариялылығын және ашықтығын қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті жеткізушілерге сатып алуға қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
4) тиісті қаржы жылына жиынтық СЖ әзірлеу, келісу және бекітуді қамтамасыз ету;
5) СЖ орындалуына мониторинг жүргізу және бақылау;
6) сатып алуға байланысты мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас орнату және қарым-қатынас жасау.

X

Қызметті қамтамасыз ету департаментінің негізгі міндеттері:


1) жинау, сараптау, бақылау, есептілікті қамтамасыз ету және тауар, жұмыс, қызмет сатып алу рәсімдерін жүзеге асыруға қажет құжаттаманы дайындау;
2) Қорды материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету;
3) Қордың ішкі нормативік құжаттарына сәйкес Қор қызметкерлері мен бөлімшелері арасында тауар-материалдық құндылықтарды тиісінше қабылдау, сақтау және бөлу.

X

Ақпараттық технологиялар департаментінің негізгі міндеттері:


1) ақпараттық технологияларды Қор міндеттеріне, қызметтеріне және өкілеттіктеріне сәйкес дамыту;
2) зейнетақы жинақтарын сапалы әрі дұрыс есепке алуды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені өзгерген заңнамаға уақытылы бейімдей отырып жетілдіру;
3) Қордың орталық аппаратының бөлімшелерінде және филиалдарында ақпараттық жүйелердің, арнайы бағдарламалық құралдардың және АТ инфрақұрылымының жұмысы мен дамуын қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру, үйлестіру және жүзеге асыру;
4) АТ активтерін басқару және жоғары технологиялық басқару жүйелерін қолдану есебінен қаражатты үнемдеу бойынша іс-шаралар жүргізу;
5) технологиялық басқаруды жетілдіру жобаларын әзірлеу және енгізу.

X

Сапаны бақылау басқармасының негізгі міндеттері:


1) Қор көрсететін зейнетақы қызметтерінің сапасын бақылау;
2) халыққа қызмет көрсету бойынша жиналған ақпаратты сараптау негізінде ұсынымдар әзірлеу;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат (инвестициялық табыс ескерілген) беру (мемлекеттік қызмет) сапасын ішкі бақылау;
4) Қордың СМЖ-ын қолдау және үнемі жақсартып отыру.

X

Заң департаментінің негізгі міндеттері:


1) әкімшілік-шаруашылық қызмет саласындағы Қор қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
2) шаруашылық қызмет мәселелері бойынша Қор құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
3) Қордың зейнетақы қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
4) зейнетақы қызметін жүзеге асыру кезінде Қор құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
5) қылмыстық жолмен табылған табысты және ылаңкестікті қаржыландыруды заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы әрекет саласында Қор қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
6) сотқа дейін және (немесе) сот тәртібімен дефолтқа ұшыраған эмитенттермен қарым-қатынас бойынша Қор мүддесін қорғау.

X

Құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің негізгі міндеттері:


1) Қордағы құжаттармен жұмысты ұйымдастыру;
2) Қор қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету бөлігінде Қор бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру және бақылау;
3) Қордың ведомстволық мұрағатының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
4) Қордың құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізуде істерді қалыптастыру мен ресімдеуге әдістемелік басшылық жасау және бақылау;
5) құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару жұмысын қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік тілдегі құжаттарды сараптау жұмысын қамтамасыз ету;
7) қызмет көрсету шартының негізінде басқа ұйымдардың күшімен құжаттарды шет тілдерден және шет тілдерге аударуды қамтамасыз ету;
8) электрондық құжат айналымы жүйесін енгізуге (тестіден өткізу, оқыту), пысықтау бойынша ұсыныстар жинауға қатысу;
9) электрондық мұрағат бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету қорын төлем құжаттарының электрондық образдарының цифрланған ауқымындағы деректермен толтыру.


💼 - бөлімдердің негізгі міндеттері