Филиалды таңдаңыз:
Кәсіптік оқыту жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша еңбек нарығындағы қажеттілік ескеріліп, білім беру ұйымдарында не білім беру қызметіне құқығы бар жұмыс берушілердің оқыту орталықтарында Қазақстан Республикасының бюджет қаражаты аясында білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
– қажетті кәсіби біліктіліктің болмауынан ыңғайлы жұмыс табу мүмкін болмаса;
– кәсіби дағдыларына сай жұмыстың болмауына байланысты кәсіпті (мамандықты), жұмыс түрін өзгерту қажет болса;
– өз кәсібі бойынша жұмысты орындау қабілетінен айырылса, кәсіптік оқыту Халықты жұмыспен қамту орталығының бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
1) жұмыс іздеп жүрген тұлғалар;
2) жұмыссыздар;
3) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар үшін жүзеге асырылады.
1) мүгедектерге;
2) мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-анаға, асырап алушыларға, қамқоршыларға (жанашырларға);
3) халықты жұмыспен қамту орталықтың есебінде алты айдан артық уақыт тұрған жұмыссыздарға;
4) бірінші рет жұмыс іздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және біліктілігі жоқ тұлғаларға;
5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлі түрде емделген тұлғаларға беріледі.