"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

29.04.2020

2019 жылы Әзірбайжанның бағалы қағаздарына салынған зейнетақы активтерінің инвестициялары 42,43 млн АҚШ доллары көлеміндегі қорытынды инвестициялық табыспен жабылды

Әзірбайжан Халықаралық Банкінің бағалы қағаздарына салынған зейнетақы активтері инвестициясының тарихын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2019 жылы жалпы БЖЗҚ салымшылары үшін оң нәтижемен аяқтады. Соған қарамастан әлеуметтік желілерде осы тақырыптағы талқылау әлі де жалғасып келеді және көбіне БЖЗҚ салымшыларын жаңылыстыратын қате ақпарат беріледі. Осыған байланысты, сөз болып отырған инвестицияға қатысты толық ақпаратты тағы да назарларыңызға ұсынамыз.

2014 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін Әзірбайжан Халықаралық банкінің (ӘХБ) шамамен 250 млн. АҚШ доллары сомасындағы облигацияларына инвестициялаған болатын.

2016 жылдан бастап Ұлттық Банк ӘХБ облигацияларын мерзімінен бұрын (ішінара немесе толық) өтеу мүмкіндігіне қатысты белсенді жұмыс жүргізді. Алайда Әзірбайжан Халықаралық Банкінің қаржылық мүмкіндігі болмағандықтан ӘХБ тарапынан міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеу немесе сатып алу орын алмады. Сонымен қатар Ұлттық Банкте де өтеуді мерзімінен бұрын талап ету үшін заңды негіздер болған жоқ.

Кейінірек белгілі болғандай, ӘХБ өз міндеттемелерін ерікті түрде қайта құрылымдауға дайындалған екен, ол туралы 2017 жылдың 11 мамырында жарияланды.

2017 жылдың 23 мамырында Лондондағы шетелдік кредиторлармен болған кездесу кезінде ӘХБ борыштың тиісті түрлері үшін қайта құрылымдау нұсқаларын: аға борыш, реттелген борыш және саудалық қаржыландыруды ұсынды. БЖЗҚ инвестициялары тиесілі аға борыш үшін қайта құрылымдау бойынша мынадай 3 опция ұсынылды:

Бірінші опция. ӘХБ-ның БЖЗҚ алдындағы 250 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі ағымдағы міндеттемелерін Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары түріндегі 200 млн. доллар көлеміндегі берешегі түріне 12 жыл (2029 жылға дейін) айналыс мерзімімен және жылдық 5,125% купондық сыйақы мөлшерлемесімен айырбастау.

Екінші опция. ӘХБ-ның БЖЗҚ алдындағы 250 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі ағымдағы міндеттемелерін Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары түріндегі 250 млн. доллар көлеміндегі берешегі түріне 15 жыл (2032 жылға дейін) айналыс мерзімімен және жылдық 3,5% купондық сыйақы мөлшерлемесімен айырбастау.

Үшінші опция. ӘХБ-ның БЖЗҚ алдындағы 250 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі ағымдағы міндеттемелерін Әзірбайжан Халықаралық Банкінің 250 млн. АҚШ долларындағы жаңа шығарылым облигацияларына 7 жыл (2024 жылға дейін) айналыс мерзімімен және жылдық 3,5% купондық сыйақы мөлшерлемесімен айырбастау.  

2017 жылғы 18 шілдеде өткен кредиторлардың жалпы жиналысында ӘХБ-ның сыртқы міндеттемелерін қайта құрылымдау жоспары кредиторлардың 93,9% дауысын жинап мақұлданды. Аға борыш міндеттемелері бойынша дауыс беру нәтижелеріне сәйкес бірінші опцияны кредиторлардың 1,7% – ы, екінші опцияны кредиторлардың 50,2% – ы және үшінші опцияны кредиторлардың 48,1% - ы таңдады.

Қайта құрылымдаудың ұсынылған нұсқаларынан опция таңдауды Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп жүзеге асырды. Таңдалған опция тәуекел тұрғысынан неғұрлым оңтайлы болып табылады, өйткені ол ӘХБ міндеттемелерін Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің ӘХБ-ға қатысты неғұрлым жоғары кредиттік мәртебесі бар егемен борышына номиналды құнын жоғалтпастан айырбастауды көздейді. Бұл ретте міндеттемелері үлкен борышқа жатқызылған шетелдік кредиторлардың көпшілігі қайта құрылымдаудың дәл осы опциясын таңдады.

ӘХБ-ның сыртқы міндеттемелерін қайта құрылымдау үдерісі 2017 жылдың 1 қыркүйегінде аяқталды. ӘХБ-ның осы қайта құрылымдау қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің портфеліне Әзірбайжан Республикасының номиналдық құны 258,3 млн. АҚШ долларындағы мемлекеттік бағалы қағаздары алынды. Оның ішінде 09.04.2017 ж. бастап 31.08.2017 ж. дейінгі кезеңде төленбеген купондық сыйақы үшін өтемақы ретінде есептелген 8,3 млн. доллар өтемақы да бар.

Қолайлы нарықтық конъюнктура қалыптасқанын ескере отырып, 2019 жылдың ақпан айынан сәуір айына дейін Ұлттық банк Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің МБҚ толық көлемде сатуды жүзеге асырды және аталған инвестициядан біржолата шықты.

Жалпы инвестициялау нәтижесі мынадай: ӘХБ облигацияларын сатып алу сомасы 249,95 млн. АҚШ долларын (немесе 45,4 млрд. теңгені) құрады, ал Әзірбайжан Үкіметінің облигацияларын сатудан және купондық сыйақы алудан түскен қорытынды сома 292,38 млн. АҚШ долларына (немесе сату күніндегі ағымдағы бағам бойынша 105,77 млрд. теңгеге) тең.

ӘХБ облигацияларын сатып алған сәттен бастап және Әзірбайжан МБҚ-рын сату күніне дейін АҚШ долларында алынған барлық сыйақыларды ескере отырып, инвестициялардың жиынтық кірістілігі (IRR) жылына 4,1% (теңгеге шаққанда жылына 24,2%) болды. Ал БЖЗҚ-ның осы инвестиция бойынша алған жалпы инвестициялық табысы 42,43 млн. АҚШ долларын (60,37 млрд.теңге) құрады.


Просмотров 4347

Тізімге оралу