"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Филиалды таңдаңыз:
10.07.2020
Қазіргі уақытта техникалық қателіктердің орын алуына байланысты корпоративтік сайтта да, ұялы қосымшада да Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Жеке кабинетінде қайта тіркелу үшін бір реттік СМС-пароль жіберілмейді.
БЖЗҚ қызметкерлері осы функцияны қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр және жақын арада қате түзетіледі.
Егер сіздің электрондық поштаңыз БЖЗҚ базасында тіркелген болса, онда бір реттік парольді электрондық поштаға алуға болады.
Бұдан басқа электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы Жеке кабинетке кіріп, қайта тіркеуден өтуге немесе өз деректемелеріңізді өзгертуге болады.