Филиалды таңдаңыз:
14.07.2020
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік сайтындағы (www.enpf.kz) «Әлемнің зейнетақы жүйелері» бөлімінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі бар елдердің негізгі көрсеткіштеріне шолу жарияланған. Онда «БЖЗҚ» АҚ мамандары Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) мен Қазақстанды салыстырды. Негізге ЭЫДҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) және БЖЗҚ статистикалық деректері алынды.
Шолуда жеті ел ұсынылған, олар – Австралия, Дания, Израиль, Мексика, Чили, Эстония және Қазақстан. Барлық елдердің ІЖӨ көлемі, халық саны, зейнеткерлікке шығу жасы, зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және тағы басқалар әртүрлі сипатқа ие. Алайда олардың барлығын жинақтаушы зейнетақы жүйесі біріктіреді және кез келген адам мынадай сілтеме (https://www.enpf.kz/ru/pension-system/world/obzor-osnovnykh-pokazateley-stran-s-nakopitelnoy-pension...) бойынша өтіп, материалмен толық таныса алады.
Сондай-ақ, корпоративтік сайтта Армения, Норвегия, Малайзия, Сингапур және Швецияның зейнетақы жүйелері бойынша ақпарат ұсынылған. Қор мамандары кестелер мен сызбаларды қолдана отырып, қазақ және орыс тілдерінде ыңғайлы пішімдегі материалдар дайындады. Бұл бөлімді шетелдік мемлекеттер бойынша жасалған жаңа шолулар мен статистикалық деректер үнемі толықтырып отыратын болады.