Филиалды таңдаңыз:
25.08.2020
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2020 жылдың 27 тамызында «Ашық есік күні» шарасын жаңа онлайн пішімде өткізеді. Шараға қатысуға ықылас білдірген кез-келген адам арнайы онлайн платформаның көмегімен өз ниетін үйден шықпай-ақ жүзеге асыра алады.
Шараның тақырыбы – «Алғашқы жарна – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз» деп аталды. Естеріңізге салсақ, 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға түзетулер мен өзгертулер енгізуге байланысты міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне келудің қажеті жоқ. Айта кету керек, 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында 1 миллионнан астам жаңа шот автоматты түрде ашылды. Бұл шоттардың иелері осы шараның мәртебелі қонақтары ретінде өз сауалдарын «БЖЗҚ» АҚ-ның мамандарына жолдай алады. Оларға Қор мамандары Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіні жайлы баяндап, болашақ зейнетақыны есептеуге көмектесіп, жеке зейнетақы шотының жай-күйі жайында ең шұғыл ақпарат алу тәсілдері туралы кеңес беретін болады.
Бұдан бөлек аталған шараның мақсаты зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты барлық мәселелер бойынша салымшыларды кешенді ақпараттандыру болып табылады.
«Ашық есік күні» әр филиал үшін бөлек ұйымдастырылады. Онлайн іс-шараға байланысты сұрақтарға кеңес беруге дайын жауапты қызметкерлердің тізімі.
Біз сіздерді күтеміз!