Филиалды таңдаңыз:
28.08.2020
2020 жылдың жеті айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 246 356 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 98,2 миллиард теңгеге 1,2 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:
- зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер – 34,9 млрд теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 24,3 млрд теңге;
- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 19,9 млрд теңге;
- мұрагерлік бойынша төлемдер – 16,4 млрд теңге;
- жерлеуге берілетін төлемдер – 1,8 млрд теңге;
- мүгедектік бойынша төлемдер – 908,1 млн теңге.
Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 602 теңгені құрап, ең жоғарғы ай сайынғы төлем сомасы 506 980 теңге болды.