Филиалды таңдаңыз:
02.06.2021
27 және 28 мамырда «Кәсіби актуарийлер қауымдастығы» және «Актуарийлер гильдиясы қауымдастығы» қолдауымен жыл сайын өткізілетін 5-ші Мәскеу «МАФ-2021» актуарлық форумы өтті.
Аталған форумның мақсаты – Ресейдің Қаржы нарығын дамыту стратегиясы аясында актуарий мамандығы мен актуарийлік қызметті дамыту жолдарының бірыңғай түсінігін тұжырымдау.
Биылғы жылы форумға Ресей Банкінің, Ресей Қаржы министрлігінің, Ресей зейнетақы қорының, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары Ұлттық қауымдастығының, Бүкілресейлік сақтандырушылар одағының, Халықаралық актуарийлер қауымдастығының, бейінді қоғамдық ұйымдардың, ресейлік және халықаралық сақтандыру және консалтингтік компаниялардың басшыларымен қатар Қазақстаннан шақырылған спикер ретінде онлайн-форматта «БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ж. Б. Құрманов та қатысты.
Қазақстандық спикер міндетті зейнетақылық сақтандырудың мемлекеттік тарифтік жүйесінің актуарлық негіздемелеріне арналған форум секциясы шеңберінде: «Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі зейнетақы жарналары мен төлемдері: ағымдағы жағдайы және даму келешегі» атты баяндамасын оқып, әдіснама және тәжірибемен бөлісті.
Өз сөзінде ол Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру құрылымы, жаңадан қабылданған заңнамалық өзгерістер және ағымдағы көрсеткіштер туралы айтып берді. Сондай-ақ, жүргізілген ұзақ мерзімді актуарлық зерттеулерді ескере отырып, еліміздің зейнетақы жүйесін дамытудың одан арғы жоспарлары жария етілді, оның ішінде: ең төменгі кепілдіктер жүйесін және зейнетақы төлемдерін есептеу әдіснамасын жетілдіру, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу, зейнетақы аннуитеттері мен ерікті жинақтарды дамыту және т. б.
Баяндама сарапшылар мен басқа қатысушылардың, соның ішінде онлайн аудиторияның қызығушылығын тудырды. Бұған дейін, ағымдағы жылдың 30 наурызында «БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Жанат Құрманов Еуразиялық аймақ елдері үшін Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ХӘҚҚ) вебинары аясында «Экономикалық ауытқу жағдайында жарналардың тарифтік жүйесіне актуарлық негіздемелер» атты тақырыпта онлайн-режимде баяндама жасаған болатын.
Форумның жаңа онлайн-форматтағы трансляциясы толыққанды пікір алмасуға мүмкіндік берді, соның арқасында әрбір қатысушы спикерлерге желіде сұрақтар қойып, дауыстарын беріп отырды.
Форум аясында панельдік пікірталастар, тәжірибелік іс-әрекеттер өткізілді, Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартының жаңа стандарттарын (ҚЕХС 17) қолдану бойынша мамандарға ұсыныстар мен тағы басқа көптеген кеңестер берілді.