Филиалды таңдаңыз:
11.08.2021
Құрметті азаматтар!
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 2-тармағына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты квазимемлекеттік сектордың субъектілері жұртшылықтың қатысуымен әзірлейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу тәртібі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарымен (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) айқындалған.
Әдістемелік ұсынымдардың 8, 9-тармақтарына сай жұртшылықтың қатысуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың жобасын әзірлеушінің интернет-ресурсында орналастыру және оған ұсыныстар мен ескертулерді жинау арқылы қамтамасыз етіледі.
Осыған байланысты, «БЖЗҚ» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының жобасын қарауды және ұсыныстар мен ескертулер болған жағдайда 2021 жылғы 12 қыркүйекке дейінгі мерзімде enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жолдауларыңызды сұраймыз.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін жіберілген ұсыныстар мен ескертулер қарауға қабылданбайды.
«БЖЗҚ» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының жобасы
Құрметпен, «БЖЗҚ» АҚ