"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

17.08.2021

БЖЗҚ Қоғамдық кеңес алдында 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет нәтижелері туралы есеп берді

Эпидемиологиялық жағдайға және коронавирус (COVID-19) індетіне байланысты БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 17-отырысы онлайн форматта өтті.

Күн тәртібінде бес мәселе қаралды:

1) «БЖЗҚ» АҚ-ның 2021 жылдың 1 жартыжылдығындағы қызметі туралы есеп.

2) «БЖЗҚ» АҚ Зейнетақы активтері бойынша 2016-2020 жылдардағы комиссиялық сыйақының төмендеу барысы.

3) «БЖЗҚ» АҚ-ның 2016-2020 жылдардағы әкімшілік шығыстарының төмендеу барысы.

4)   «БЖЗҚ» АҚ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын талқылау.

5)  екі онжылдық ішіндегі ЖЗЖ: қандай болжамдар жасалды және олар қаншалықты орындалды (актуарлық есептеулер және 1998 жылдан бастап тұрақты түрде зейнетақы жарналарын төлеген және ағымдағы жылы зейнетке шыққан салымшылардың мысалы негізіндегі жарналар мен инвестициялық табыстың арақатынасы).

Бірінші мәселе бойынша «БЖЗҚ» АҚ Стратегиялық даму департаментінің директоры Камиля Фазылова сөз сөйледі. Ол Қордың 2021 жылдың 6 айындағы қызметі туралы есеп берді. Есепке сәйкес, ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарында 12,8 триллион теңге сомаға зейнетақы жинақтары қалыптастырылған. Бір жыл ішінде, яғни 01.07.2020 жылдан 01.07.2021 жылға дейін сома 1 трлн теңгеге немесе 8% дерлік ұлғайды. Зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсімі таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді, ол 2021 жылғы 1 қаңтар мен 1 шілде аралығында 753,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 39% немесе 210 млрд теңгеге артық. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бастап 1 шілдеге 6,1%, ал инфляция 4,6% көрсетті.

Сондай-ақ, салымшылардың жеке зейнетақы шоттары бойынша статистика келтіріліп, салымшылардың белсенділігі талданды, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі, жинақтар сомасы және т. б. құрылымдар назарға ұсынылды.

Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй және емделу үшін мерзімінен бұрын пайдалану, сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға аудару тақырыбына ерекше назар аударылды. Есепке сәйкес, өткен жарты жыл ішінде біржолғы зейнетақы төлемдері мен ИПБ-ға аударымдар жасауға қол жеткізе алатын салымшылар саны 1,2 млн адамнан 1,3 млн адамға дейін өсті, бұл ретте қолжетімді сома 2,8 трлн теңгеден 1,9 трлн теңгеге дейін төмендеді. Сонымен қатар, БЗТ пайдалану қарқынының жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда төмендегені атап өтілді.

БЗТ және ИПБ-ға аударым жасау, БЖЗҚ-ның салымшылар мен алушыларға қызмет көрсетуі, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және т. б. бойынша жүргізген жұмыстарының өзекті статистикасы мен талдауы келтірілді. Баяндама соңында Қ. Фазылова қатысушыларға БЖЗҚ жұмысындағы заңнамалық өзгерістердің іске асырылуы, атап айтқанда: кесте бойынша төлем әдістемесіндегі өзгерістер, талап етілмеген зейнетақы төлемдерін қысқарту, ерікті зейнетақы жинақтарын дамыту, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімнің іске асырылуы туралы баяндап берді.            

БЖЗҚ қоғамдық кеңесінің отырысы барысында ҚР зейнетақы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды. Мысалы, мұрагерлерге төлем жасау рәсімдерін оңтайландыру. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата, ҚРҰБ және БЖЗҚ-ның бірлескен жұмыс кеңесінде 2021-2022 жылдары нотариат туралы заңнамаға, оның ішінде нотариустар «Е-Нотариат» АЖ-ға тіркейтін ақпарат құрамына өзгерістер енгізу туралы келісімге қол жеткізілді. Олар бойынша, БЖЗҚ-да мұрагерлердің ЭЦҚ-сы болған жағдайда оларға төлемдерді электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады. Қазіргі уақытта мәселе ҚРҰБ, ҚНРДА, ЕХӘҚМ, Әділет министрлігі және басқа да мемлекеттік органдар деңгейінде талқылануда.

- Әрине, біздің есеп қарапайым көрінуі мүмкін, бірақ ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы біздің Қор үшін өте белсенді болды. Көптеген міндеттер іске асырылды, мысалы, зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге, емделуге және басқарушы компанияларға аудару. Салымшылар мен алушылардың өтініштерінің саны екі есе өсті, мемлекеттік органдармен және қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүйелер интеграцияланды, біз қызметтердің басым бөлігін онлайн форматқа ауыстырдық, сондықтан қойылған міндеттерді бірлесіп орындадық деп санаймын, - деп түйіндеді «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов.

Екінші мәселе бойынша «БЖЗҚ» АҚ Зейнетақы активтерін есепке алу және есептілік департаментінің директоры Зарина Байғалиева сөз сөйлеп, 2016-2020 жылдардағы комиссиялық сыйақының төмендеу барысы туралы айтып берді.

Жылдар бойынша салыстырмалы кесте ұсынылды, онда комиссиялық сыйақы сомасы 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін қалай төмендегені көрсетілген.

Қоғамдық кеңес мүшелері үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) және т. б. түрлі елдердегі комиссиялық сыйақы бойынша салыстырмалы кесте келтірілді. Қазақстандағы комиссиялар құны басқа елдерге қарағанда айтарлықтай төмен екені атап өтілді

Жанат Құрманов өткен жылдар ішінде БЖЗҚ-ның комиссиялық сыйақысы айтарлықтай төмендегенін және өткен 2020 жылы өзінің ең төменгі деңгейіне жеткенін атап өтті. Бұл ретте заңнамаға өзгерістер енгізілді, оған сәйкес 2021 жылдан бастап БЖЗҚ зейнетақы активтерінен 0,01% мөлшерінде ғана комиссиялық сыйақы алады. Инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақыны Ұлттық Банк сенімгер басқарушы ретінде және инвестициялық портфельді басқарушылар белгіленген мөлшерлемелерге сай алады.

Үшінші мәселе бойынша «БЖЗҚ» АҚ бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасының бастығы Айгүл Жүсіпова сөз сөйледі. Оның баяндамасында Қордың 2016-2020 жылдардағы әкімшілік шығыстарының төмендеу серпіні атап өтілді. Бизнес-процестерді оңтайландыру, цифрлық қызметтерді енгізу, өңірлік желіні қайта қарау нәтижесінде шығыстар осы кезең ішінде 1 292 млн теңгеге немесе 10% қысқарды, оның ішінде қызметкерлерге арналған шығыстар 1 262 млн теңгеге немесе 14% қысқарды.

- Егер кез-келген компанияны қарастыратын болсақ, онда оны қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындар, ең болмағанда, дағдарысқа (тауарлар мен қызметтер бағасының көтерілуі) сай өсуі керек. Сондықтан БЖЗҚ жаңа міндеттер мен тапсырмаларға қол жеткізген кезде, біз оларды шығыстардың механикалық өсуімен емес, электрондық қызметтер мен автоматтандыру сияқты технологиялық шешімдерді енгізу арқылы жабуға тырысамыз. Сондықтан біз сапаны төмендетпей, шығындарды оңтайландыру бойынша үнемі жұмыс жасаймыз. Жағдай ұдайы бақылауымызда, шығыстарымыз алынатын табысымызбен сәйкес және біз қатаң түрде Директорлар кеңесі бекітетін бюджетпен жұмыс істейміз, - деп атап өтті Жанат Құрманов.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселені «БЖЗҚ» АҚ комплаенс және сапаны бақылау басқармасының бас маманы Диляра Мұхамедеева көтерді және талқылау үшін «БЖЗҚ» АҚ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын ұсынды. Ол Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленді және оны Қоғамдық Кеңес мақұлдады.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе - салымшылардың зейнетақы жинақтарының есебін мысалға ала отырып, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жиырма жылдық тарихына шағын шолу жасаған Камила Фазыловаға берілді. Жүргізілген есептеулердің басты нәтижесі-жинақтардың жиынтық сомасы және соның салдары ретінде БЖЗҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері мен ұзақтығы зейнетақы жарналарының толықтығы мен жүйелілігіне байланысты болды.

Отырыс соңында ҚК мүшелері ҚК отырыстарын өткізудің ұйымдастырушылық сәттерін талқылады.

Отырыстың барлық материалдары enpf.kz сайтындағы «Қоғамдық кеңес» - «Отырыстардың хаттамалары, тұсаукесерлер» бөлімінде берілген.


Просмотров 5391

Тізімге оралу