Филиалды таңдаңыз:
08.11.2021
Біздің зейнетақы жинақтарымыз зейнетке шығып, ақшаны өз игілігімізге жұмсай бастаған сәтімізді күтуде.
Зейнетақы жинақтарының жай-күйіне үнемі қызығушылық таныту өте маңызды. Осыған байланысты «БЖЗҚ» АҚ салымшыларды (алушыларды) жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы хабарландыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.
Бұл үшін бірнеше тәсіл бар:
- салымшының (алушы) БЖЗҚ кеңсесіне өзі келген жағдайда;
- пошта байланысы қызметі арқылы;
- электрондық пошта арқылы;
- жеке кабинет арқылы.
Салымшылар мен алушылар арасында ақпарат берудің ең танымал тәсілі – салымшының enpf.kz. сайтындағы жеке кабинеті. Оны 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 6,2 млн. астам ЖЗШ иелері таңдады, бұл ағымдағы жылдың басындағы көрсеткіштен 400 мыңға артық – 5,8 млн.
Өз шоттарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта арқылы 794 479 адам алады. Хат шот иесіне таңдалған кестеге сәйкес: ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын электрондық пошта арқылы келеді.
Шамамен 1,2 миллион адам әлі күнге дейін үзінді көшірмесін дәстүрлі поштамен алуды қалайды. Алайда жылына бір рет үзінді көшірмесі салынған конверт алушылардың саны азайып келеді. Мәселен, 5 жыл бұрын - 2016 жылы – олардың саны 2, 25 миллионнан асып, қазіргі көрсеткішткен екі есе көп болған еді.
Егер салымшы (немесе алушы) ЖЗШ-дан үзінді көшірмені жылына бір рет дәстүрлі пошта арқылы алуды таңдап, бірақ тұрғылықты мекенжайын өзгертсе, ол бұл туралы Қорға хабарлауы қажет екенін естеріңізге саламыз ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында мұны 10 күнтізбелік күн ішінде жасау қажет деп көрсетілген. Әйтпесе, пошта операторы зейнетақы шотынан үзінді көшірмені адресатқа жеткізе алмайды, сондықтан хат Қорға оралады. Келесі жолы БЖЗҚ үзінді көшірмені салымшыға (алушыға) жібермейді, оның хабарландыру мәртебесі «анықталмаған» деп көрсетіледі. Мұндай салымшылар саны қараша айының басында шамамен миллион адам болды.
Шамамен 2,9 млн адам хабарландыру тәсілі ретінде «БЖЗҚ-ға өзі келген кезде» тетігін таңдады. Өткен жылдың қараша айының басында бұл көрсеткіш 3 миллионнан асқан. Айта кетерлік жәйт, негізінен бұл статистиканы жаңадан ашылған шоттардың иелері толықтырады. Бүгінде БЖЗҚ-дағы барлық шоттар алғашқы жарна түскен кезде ашылады. Бұл ретте әдетте «БЖЗҚ-ға жеке өзі келгенде» хабарлау тәсілі таңдалынады. Сондықтан жеке зейнетақы шотын ашқаннан кейін тиісті келісімді тікелей Қор кеңсесінде, не БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен жасай отырып, өзіңізге ыңғайлы әдісті таңдаған дұрыс. Бұл ретте БЖЗҚ сайтында бір ғана тәсілді: «жеке кабинет арқылы» таңдауға болатынын атап өткен жөн.
ЭЦҚ көмегімен зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы мәліметті келісім-шарт жасаспастан-ақ, enpf.kz сайты, мобильді қосымша немесе электрондық үкіметтің веб-порталынан алуға болады.
Хабарландырудың қай тәсілін таңдасаңыз да, БЖЗҚ зейнетақы жарналарының уақытылы аударылуына, әрі болашағыңызды жоспарлауға сенімді болу үшін зейнетақы жинақтарын кез келген ыңғайлы тәсілмен үнемі тексеріп отыру қажеттігін ескертеді.