"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

30.11.2021

Қазақстандықтардың зейнетақы активтері қайда салынады? 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша ҚҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

Зейнетақы активтерін Қазақстанның Ұлтттық Банкі (ҚРҰБ) мен Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ инвестициялық қызметке 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылған.

Айта кетейік, 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы  зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,2 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13 231,90 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,7 млрд теңгеге жетті.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде еептелген инвестициялық табыстың жалпы көлемі 01.01.2021ж. мен 30.10.2021ж. аралығындағы кезеңде 1,2 трлн теңге болды, оның ішінде: 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2021 жылдың 1 қарашасына ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған 2021 жылға арналған бағыттар шеңберінде ҚҰБ (сенімгерлік басқарушы ретінде) инвестициялауының негізгі бағыттары былайша берілген:

 - ҚР Қаржы министрлігі шығарған, ағымдағы құны 4 943,24 млрд теңгені (бүкіл портфельдің 37,36%) құрайтын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары. Теңгеге номиналданған ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 9,3%, ал АҚШ долларында – жылына 3,4% құрады.

- ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 724,49 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 13,03%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,8%, АҚШ долларымен жылына 5,5%.

- шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары 1 577,93 млрд теңге болды. Олардың портфельдегі үлесі – 11,93%. БЖЗҚ-ның ЗА портфеліндегі есепті күндегі шетелдік мемлекеттердің МБҚ өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 0,6%. 

- 1 039,68 млрд теңгеге (7,86%)  ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары. ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылына 10,0%. 

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісінде қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша берілген:

         - ұлттық валютадағы инвестициялар – 67,88%, АҚШ долларында – 32,05%, Ресей рублінде және басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,06%.

           ҚРҰБ алған, жыл басынан бері есептелген инвестициялық табыстың құрылымы мынадай сипатқа ие:

-     бағалы қағаздар, оның ішінде орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі кірістер 730,36 млрд теңге;

-     бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 191,26 млрд теңге;

-     шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер 39,53 млрд теңге;

-     сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер 111,44 млрд теңге;

-     өзге де кірістер 175,25 млрд теңге.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2021 жылдың басынан бастап 1 247,84 млрд теңге. 2021 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 7,00%  болған кезде 9,93% жетті. Осылайша БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты табыстылық 2,93% көрсетті.

Бұл ретте 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың қазанына дейін) зейнетақы активтерінің кірістілігі 8,90% мөлшеріндегі инфляция кезінде 10,90% құрады. Осылайша БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша соңғы 12 айдағы нақты табыстылық 2,00% көрсетті.

Эмитенттер көрсетілген қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы мен инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында жарияланған.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

Қазақстандық басқарушы компанияларға берілген қаражаттың жалпы көлемі шамамен 5,7 млрд теңге.  

"Jýsan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2,55 млрд теңгені құрады. Оларға ҚРҰБ ноттары (портфельдің 36,24%), Exchange Traded Funds (ETF) пайлары ( 22,90%), ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ (17,73%) сатып алынды, инвестициялық шоттарда ақшалай қаражатта қалған активтер - 23,13%. Портфельдің 53,99% теңгемен, 46,01% АҚШ долларында. 

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2021 жылдың 15 наурызынан бастап 1 қарашасына дейін есептелген инвестициялық табыс мөлшері 95,70 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің табыстылығы – 6,47%.

«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 «Halyk Global Markets» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 1 қарашада 1,56 млрд теңгені құрады. Портфельдің құрылымында ҚРҰБ ноттары (портфельдің 20,59%), ETF пайлары (17,78%), ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (16,10%), ЕДБ облигациялары (10,00%), шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары (9,85%), кері РЕПО операциялары (9,33%), ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары (7,94%), ХҚҰ (7,80%) және шоттардағы ақша қаражаты (0,60%) бар. Портфельдегі ұлттық валютадағы инвестициялар 71,82%, АҚШ долларында 28,18%.  

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 15.03.2021 жылдан бастап 01.11.2021 жылға дейін есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 74,38 млн.теңге болды. Зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,11% жетті.

«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің нақты құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 «BCC Invest» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 1 қарашасындағы жағдай бойынша 1,0 млрд теңгені құрады. Олар пайларға (ETF индекстерге) (29,94%), ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына (19,53%), ҚР ЕДБ облигацияларына (11,47%), кері РЕПО операцияларына (10,97%), ХҚҰ облигацияларына (9,68%), шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (8,78%), ҚР  резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына (8,22%), инвестициялық шоттардағы ақша қаражатына (2,52%) бөлінген. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 60,00%, АҚШ долларында 40,00%  инвестицияланған.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 15.03.2021 жылдан бастап 01.11.2021 жылға дейін есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 47,80 млн.теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің табыстылығы - 5,88%.

«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

2021 жылғы 1 қарашасындағы жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 572,98 млн теңгені құрады. Олар ҚР ҚМ МБҚ-ға (86,68%), ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (13,31%), инвестициялық шоттардағы ақша құралдарына (0,01%) инвестицияланды. Барлық инвестициялар ұлттық валютада жүргізілді.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 01.04.2021 жылдан бастап 01.11.2021 жылға дейін есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 40,69 млн.теңгені құрады. Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде зейнетақы активтерінің кірістілігі 8,45% болды.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

Бұдан бөлек, БЖЗҚ сайтының «Көрсеткіштер» қосымша бетінде «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне қысқаша шолу» бөлімі бар. Онда инвестициялық портфельдің құрылымы бойынша жалпы ақпарат берілген. 


Просмотров 4628

Тізімге оралу