Филиалды таңдаңыз:
12.01.2022
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары мен алушыларын Алматы қаласындағы Шевченко көшесі, 80-ші үйде орналасқан филиалдың және Достық даңғ., 85 мекенжайы бойынша орналасқан Әлеуметтік қызметтер үйінің, сонымен қатар Есік, Қапшағай, Қаскелең, Өтеген батыр, Талғар қалаларындағы және Ұзынағаш ауылындағы Алматы қаласына іргелес қызмет көрсету орталықтарының 2022 жылдың 12 қаңтарынан бастап жұмысы қайта жанданғанын хабардар етеді.
Сондай-ақ, өңірдегі жағдайдың жалпы тұрақтануын ескере отырып, Қызылорда облысындағы қызмет көрсету кеңселері де тікелей қызмет көрсетуге кірісті.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, 2022 жылдың 19 қаңтарына дейін салымшыларға/алушыларға кеңседе қызмет көрсету және байланыс орталығының жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін жүзеге асырылады.
БЖЗҚ қызметтері аймақтардың ғаламторға қосылуына байланысты онлайн форматта қолжетімді.
Зейнетақы жинақтарының сақталуын, қауіпсіздігін және үздіксіз есепке алынуын қамтамасыз ету үшін БЖЗҚ-ның барлық ішкі ресурстары мен инфрақұрылымы штаттық тәртіпте жұмыс істейді.