"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

18.05.2022

БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Ерлан Бурабаев қайта сайланды

БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 2022 жылдың 13 мамырындағы 19 отырысы келесідей күн тәртібімен өтті:

1) Ұйымдастыру мәселелері: Қоғамдық кеңес басшылығын қайта сайлау (Кеңес туралы Ереженің 28-тармағына сәйкес).

2) «БЖЗҚ» АҚ 2021 жылғы қызметі және 2017-2021 жылдардағы Корпоративтік даму стратегиясының орындалуы туралы есеп.

3) ҚРҰБ жүзеге асыратын зейнетақы активтерін инвестициялық басқару туралы ақпарат.

Бірінші мәселе бойынша Қоғамдық кеңестің басшылығы бірауыздан қайта сайланды. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының басқарушы директоры Ерлан Бурабаев Кеңес төрағасы, ал журналист Ирина Ледовских төраға орынбасары ретінде қалды.

Екінші мәселе бойынша «БЖЗҚ» АҚ Стратегиялық даму департаментінің директоры Камиля Фазылова сөз сөйледі. Ол Қордың өткен 2021 жылғы және 2017 жылдан бергі бес жылдық кезеңдегі қызметі туралы есеп берді. Есепке сәйкес, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарында 13,1 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптастырылған. 01.01.2021ж. мен 01.01.2022ж. аралығында бір жыл ішінде бұл қаражат 156,6 млрд теңгеге немесе 1% ұлғайды. Қор спикері атап өткендей, тұрғын үй және емделу мақсатында қомақты көлемде БЗТ алынғанына қарамастан, жалпы зейнетақы жинақтары өсімінің оң серпіні сақталды. Біріншіден, бұл кірістің шығыс ағындарынан асып түсуінің арқасында мүмкін болды.

2021 жылдың 12 айында БЖЗҚ салымшылары алдыңғы жылмен салыстырғанда бір жарым есе көп жарна аударды. 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салымшылардың шоттарына 1,3 трлн теңгедей зейнетақы жарналары түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 255,7 млрд теңгеге артық. Салымшылардың жарналарынан басқа, зейнетақы жинақтарының едәуір өсуі таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді, ол 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін 1,4 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 138,2 млрд теңгеге немесе 11% артық. Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік 2021 жылдың басынан бастап инфляция 8,4% болғанда 11,13% құрады.

Бұдан басқа, 2021 жылдың соңында БЖЗҚ өзінің enpf.kz корпоративтік сайтында Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2022-2026 жылдарға арналған Корпоративтік даму Стратегиясын жариялады. Алдыңғы Корпоративтік стратегия 2017 жылы қабылданып, БЖЗҚ-ның 2021 жылға дейінгі кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттері толық орындалды. Стратегия қолданыста болған бес жыл ішінде зейнетақы жинақтарының көлемі 5,3 трлн теңгеге немесе 68% ұлғайды. Зейнетақы жинақтарының орташа жылдық өсімі осы кезеңде ЖІӨ өсімінен асып түсті. Зейнетақы жинақтары, зейнетақы жарналары, инвестициялық табыс, зейнетақы төлемдерінің және т.б. өсуі байқалып, зейнетақы активтерінің 2017-2021 жылдардағы орташа жылдық кірістілігі орташа жылдық инфляция 6,7% болғанда 9,6% құрады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі (ЖЗЖ) енгізілген сәттен бастап жинақталған кірістілік көрсеткіші 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақталған инфляция деңгейінен 1,2 есе асып түсті (тиісінше 681,13% және 546,77%). 2017-2021 жылдар аралығында жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар (МЗЖ бойынша бірегей салымшылар мен алушылар) саны 1,9 млн адамға немесе 20,9% көбейіп, 10,9 млн адамға жетті. 2022 жылдың 1 қаңтарына жарналардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 11,5 млн бірлік болды. ЖЗШ-ның орташа жылдық өсу қарқыны бұл кезеңде 4% көрсетті. БЖЗҚ жұмысына халықаралық ұйымдар да оң баға берді. Атап айтқанда, 2022 жылдың мамырында Еуропа елдері арасындағы халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ХӘҚҚ) «Good Practice Award for Europe 2022» марапаты иегерлерінің бірі «БЖЗҚ» АҚ болды. Қор корпоративтік стратегияны абыроймен жүзеге асырып, тең көлемде қолжетімділікті қамтамасыз ету есебінен жинақтаушы зейнетақы жүйесін кеңейтудегі, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудағы жетістіктері үшін үздік грамотаға ие болды.

Үшінші мәселе бойынша Қазақстан Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Нұржан Нұрғазин сөз алды. Ол 2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерінің құрылымын таныстырды. Жеке зейнетақы қорларын БЖЗҚ-ға шоғырландыру аяқталған сәттен бастап (2014 жылғы сәуір) Қордағы зейнетақы активтерінің портфелі 4,0 трлн теңгеден 12,9 трлн теңгеге дейін; зейнетақы активтерінің валюталық үлесі 17%-дан 32% дейін өсті. Бұдан басқа, активтердің жіктелімі бойынша валюталық портфельді мақсатты бөлу белгіленіп, халықаралық нарықтарда зейнетақы активтерін басқаруға шетелдік компаниялар жұмылдырылды.

Сондай-ақ, ҚР ҰБ өкілінің айтуынша, 2021 жыл мен 2022 жылдың бірінші тоқсанында БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау біржолғы зейнетақы төлемдерінің алынуы салдарынан шектеліп, ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған бағыттар шеңберінде нарықтық жағдайларда жүзеге асырылған. Атап айтқанда, 2021 жылы 318,5 млрд теңгеге орташа алынған кірістілігі жылдық 10,8% болатын ҚР Қаржы министрлігі шығарған ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары, сондай-ақ, 52,1 млрд теңгеге орташа алынған кірістілігі жылдық 12,2% болатын ЕДБ облигациялары сатып алынды. 2022 жылдың алғашқы 4 айында 374,9 млрд теңгеге орташа алынған кірістілігі жылдық 12,3% құрайтын ҚР Қаржы министрлігі шығарған ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды.

Баяндама соңында инвестициялық қызмет көрсеткіштері, атап айтқанда, салымшылар үшін маңызды көрсеткіш – зейнетақы активтерінің табыстылығы туралы түсініктеме берілді. 2014 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің жинақталған табыстылығы инфляция 83,5% болғанда 109,4% құрап, нақты табыстылық 25,9% көрсетті. Зейнетақы активтерінің орташа жылдық кірістілігі бес жыл ішінде орташа жылдық инфляция 6,7% болғанда 9,5% құрап, үш жыл ішінде орташа жылдық инфляция 7,1% болғанда 9,5% жетті. Осылайша, ұзақ мерзімді және орта мерзімді басым бағытта зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі оң сипатқа ие болды.

Жиын соңында Кеңес мүшелері келесі Қоғамдық кеңес отырыстарының тақырыптары мен ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Отырыстың барлық материалдары enpf.kz сайтындағы «Қоғамдық кеңес» – «Отырыстардың хаттамалары, тұсаукесерлері» бөлімінде көрсетілген.


Просмотров 4122

Тізімге оралу