Филиалды таңдаңыз:
27.05.2022
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 13,0 триллион теңге. Бұл қаражаттың зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.
Зейнетақы жинақтарындағы инвестициялық табыстың үлесі жыл сайын өсіп келеді. Жалпы, барлық зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға біріктірген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен таза инвестициялық табыс 6,2 трлн теңгеге жетті.
2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 мамыры аралығындағы таза инвестициялық табыс шамамен 128,7 млрд теңге болды.
Жыл басынан бері геосаяси ахуалдың нашарлауы салдарынан әлемдік қаржы, тауар нарықтарындағы құбылмалылық өсіп, инфляцияның жоғарылауына, сондай-ақ, зейнетақы активтерінің табыстылық көрсеткіштеріне де кері әсері тиді.
Зейнетақы активтерінің кірістілігі нарықтық және валюталық қаржы құралдарын қайта бағалау нәтижесінде өзгеріп отырады. Ол жыл басынан бері түрлі кезеңдерде оң да, теріс те нәтиже көрсетті.
Зейнетақы жинақтары қаржы құралдарына түрлі валютада инвестицияланды. Инвестициялардың 2/3 теңгемен және 1/3 шетел валютасымен, валюталық инвестициялардың басым бөлігі АҚШ долларымен орналастырылды. Тиісінше, доллар бағамы зейнетақы активтері құрамындағы инвестициялық кіріске әсер етеді: ұлттық валюта нығайған кезде инвестициялық кіріс төмендеп, доллар бағамы өскен кезде жоғарылауы мүмкін. Жалпы алғанда, 2014 жылдан бері зейнетақы активтерінің валюталық үлесі 17%-дан 32% дейін өскенін атап өту керек.
2022 жылдың қаңтары мен наурыздың басы аралығында АҚШ долларына қатысты теңге бағамы әлсіреп, доллар құны 431 теңгеден 495 теңгеге, одан кейін 512 теңгеге жеткен болатын. Осылайша, апта сайын зейнетақы активтерін оң валюталық қайта бағалау қалыптасып, салымшылар өздерінің жеке зейнетақы шоттарында айтарлықтай оң инвестициялық табысты байқады. Одан кейін ұлттық валюта нығайып, сәйкесінше, доллар бағамы түсе бастады. 1 мамырда 1 доллардың бағасы 448,49 теңге болды. Зейнетақы активтерін қайта бағалау апта сайын және айдың соңғы күнінде жүргізілетіндіктен, салымшылар өз үзінді көшірмелерінен өзгерістерді көріп отырады.
Қаржы нарықтарындағы келеңсіз жағдайлар мен активтерді валюталық қайта бағалау инвестициялық кірістілікке әсерін тигізді. Бұл табыстылық соңғы күнтізбелік айда 8,00% құрады.
Зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдау орынды. Қысқа мерзімді деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) – айқын нәтиже көрсетпейді, өйткені, ол нарықтың үнемі құбылмалығына тәуелді.
Мысалы, салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-сына бөлінген 2021 жылғы таза инвестициялық табыс шамамен 1,4 трлн теңгені құрап, бір жыл ішінде түскен жарналардан асып түсті (1,3 трлн теңге). БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік 2021 жылы Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруымен жыл басынан бері инфляция 8,4% болғанда 11,13% (бұл мерзімді банктік депозиттер бойынша табыстылықтан жоғары) жетті.
Атап кету керек, бес жыл ішінде зейнетақы активтерінің орташа жылдық кірістілігі инфляция 6,7% болғанда 9,5%, үш жыл ішінде инфляция 7,1% болғанда 9,5% болды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бері (1998 жыл) инвестициялық кірістілік 2022 жылдың 1 мамырына қарай өсу қорытындысымен барлық кезеңдегі инфляция 593,98% болғанда 688,00% жетті. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданыла бастаған кезден бастап 2022 жылдың 1 мамырына дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің нақты (яғни, инфляциядан асатын) табыстылығы 94,02% құрады.
Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық болып табылады: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайты немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинеттен 24/7 тәртібінде көре алады.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.