"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

27.08.2022

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына 19,8 миллионнан астам қызмет көрсетілді

Жыл басынан бастап 2022 жылдың 1 тамызына Брыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар мен алушыларға 19,8 миллионнан астам қызмет көрсетті. Оның ішінде 13,8 млн-нан астам операция электрондық форматта, 4,5 млн-ы – автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, қазақстандықтар зейнетақы қызметтерінің шамамен 93% қашықтан алды.

БЖЗҚ салымшылары бір-екі батырманы басып-ақ жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме, ЖЗШ-ның бар-жоғы туралы анықтама алып, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы, сондай-ақ, ерікті зейнетақы жарналары бойынша өтініш беріп, төлемге өтініштің мәртебесін қадағалап және т.б. қызмет түрлерін ала алады.

Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу – өтінішсіз қызмет көрсету форматында жүзеге асырылады. Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ болмаған жағдайда, ол алғашқы жарна түскенде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ, МКЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер арқылы сәйкестендіріледі. Салымшының қолданыстағы құжатының деректемелері мен тұрғылықты жері туралы барлық қажетті мәліметті БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Осылайша, Қор салымшыларына 4 миллионнан астам қызмет автоматты түрде көрсетілді.

Кейбір қызметтерді алу үшін (мысалы, мұрагерлік бойынша немесе тұрақты тұруға шетелге кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін рәсімдеу) құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет, оны пошта арқылы немесе жеке өзі не БЖЗҚ кеңсесінде сенім білдірілген адам арқылы ұсынуға болады. Сонымен қатар, Қор мамандарына көзбе-көз жүгінуді әлі күнге дейін жөн көретін салымшылар да бар. Сондықтан жыл басынан бері БЖЗҚ бөлімшелері арқылы Қазақстан бойынша салымшылар мен алушыларға дәстүрлі түрде 882,3 мыңдай қызмет көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік, Қордың жақын жердегі бөлімшесін enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы оңай табуға болады.

Көшпелі қызмет көрсету барысында шамамен 46,3 мың операция жүргізілді. Қордың мұндай қызмет көрсету түрі, ең алдымен, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын (мерзімсіз мүгедектігі бар 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер) салымшыларға (алушылар) арналған.

«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның шалғайдағы елді мекендерде ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде Қор салымшыларына зейнетақы қызметтерін ұсыну жөніндегі бірлескен жобасы аясында 2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 347 пошта бөлімшесінде 6,9 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

БЖЗҚ сапалы кеңес беру қызметтерін ұсынуға және Қор салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамытуға ерекше көңіл бөледі. 2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша салымшылар мен алушылардан түрлі байланыс арналары арқылы түскен 559,3 мыңнан астам өтініш өңделді.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары байланыс орталығына 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) хабарласып, сондай-ақ, enpf.kz корпоративтік сайты, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber мессенджерлеріндегі чат-бот арқылы, БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында ақыл-кеңес ала алады.


Просмотров 4660

Тізімге оралу